Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет54/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86
 
 
 
 
 
 
 
 


130 
 
ӘОЖ 796. 01 
 
ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ 
ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Исмагулов К.И., Байенов А.Ш. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, дене тәрбиесі оқу әдістемесі мен теориясы 
кафедрасы  
 
Қазіргі  кездегі  жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстанның  білім  беру 
мекемелеріндегі  жеткіншек  ұрпақтарды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
олардың  бойында  жеке  тұлғалық  қасиеттерінің  жан-жақты 
қалыптасуымен  тығыз  байланысты.  Бұл  мәселе  дүниежүзілік 
қауымдастықта  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени  және  рухани 
дамудың басты факторы ретінде жариялануда. 
Президентіміз  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  халқына  жолдаған 
«Қазақстан-  2050»  бағдарламасында  біздің  еліміздің  азаматтарының 
дендері  сау  болу  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін  жасауымыз  керек, 
сонда  ғана  дұрыс  қоғам  құрамыз»  деп  айтқанындай  қазіргі  оқу 
орындарының  аса  маңызды  міндеттерінің  бірі  −  оқушы  жастардың 
тұлғасын  жан-жақты  дамыту,  әсіресе  олардың  денсаулығын  нығайту 
[1]. 
Оқу орындары барлық кезде де оқушы жастардың салауатты өмір 
сүру  дағдысының  негіздерін,  оның  мөлшері  мен  заңдылықтарын 
сақтау  туралы  сезімдерін  дарытып  және  дамытып  келеді.  Себебі 
оқушы жастардың әр түрлі аурулармен ауырмауын қадағалауда және 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  оқу  орындарының  орны 
ерекше. 
Денсаулық сақтауға байланысты ресми құжаттардың мәліметтері 
оқушы  жастарының  науқастануының  көрсеткіштері  жоғары  екенін 
көрсетіп отыр. Оқушылар арасында жүйке жүйесі, өкпе, қан және қан 
өндіру 
ағзаларының, 
жүрек, 
тыныс 
органдарының, 
жарақаттанушылық  пен  уланулар,  асқорыту  ағзаларының,  басқа  да 
аурулар  кең тараған [2]. 
 Бірсыпыра  авторлар  әлеуметтік-биологиялық  проблеманың 
медициналық  аспектілерін  қарастыра  отырып,  құбылыстар  мен 
факторлардың  үш  тобын  анықтады:  біріншісі  -  әлеуметтік 
факторлардың адам  биологиясына әсері  (адам қорғанышсыз  қалатын 
техногендік  факторлар),  екіншісі  -  әлеуметтік  факторлардың  жанама 
әсері (акселерация, аллергизация және жүйкеге салмақ түсуі), үшінші 


131 
 
тобы - әлеуметтіліктің биологиялық мазмұнының факторлары (темекі 
тарту,  ішімдік  ішу,  нашақорлық,  уытты  заттарды  пайдалану, 
жыныстық бей-берекет қатынастар, аумалы-төкпелі мінез-құлық және 
т.б.).  Осы  аталған  факторлардың  ең  соңғысы  ғана  адамның  өмір 
салтын анықтайды (денсаулығы жақсы немесе денсаулығы нашар). 
Демек,  оқу  орындарында  осы  туындаған  мәселені  шешуге 
бағытталған жұмыс формаларының, әдіс- тәсілдерінің, инновациялық 
технологияларының қажеттілігі туындайды. 
Салауатты 
өмір 
салты, 
сауықтыру 
аспектілері 
жайлы 
Қазақстанның 
бірқатар 
жетекші 
ғалымдарының 
Т.К.Бөлеев, 
Д.Ф.Ақбердиева,    А.Қ.  Қаплиева,  Г.Д.  Алимжанова,  т.б.  жүргізген 
зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады.  
Жалпы,  салауатты  өмір  салты  мәселелерін  педагогика 
заңдылықтарымен ұштастыра отырып зерттеген О.С. Салимбаев , Ж. 
Оңалбек,  Б.А.  Тойлыбаев,  Ж.  Асанов,    т.б.    еңбектерін  тұлғаны 
қалыптастырудағы  оқу  мен  тәрбиенің  сабақтастығы  мәселесі 
тұрғысында атап өтуге болады. 
Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  мен  ел  тұрғындарының 
ауруын  ескерту  және  денсаулығын  нығайтуға  байланысты  біршама 
құжаттар  қабылданды.  Атап  айтсақ,  «Қазақстанның  2050  жылға 
дейінгі  даму  стратегиясымен»  анықталған  басты  міндеттерді  жүзеге 
асыру  үшін  ҚР  Үкіметінің  «Салауатты  өмір  салты  мен  дұрыс 
тамақтану  концепциясы»,  «Салауатты  өмір  салтының  кешенді 
бағдарламасы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір 
салтын  қалыптастыруды  жетілдіру  бойынша  іс  –  шаралар  туралы» 
бұйрығы,  «Республикада  денсаулықты  нығайтудың  аудандық 
(қалалық)  орталықтарын  құру  туралы»,  «Салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру  бойынша  мамандар  дайындау  туралы»  және 
«Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  бойынша  мамандар 
дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы», құжаттар қабылданған.  
Адам  организмі  өзін-өзі  реттеу  заңдары  бойынша  қызмет 
атқарады. Бұл орайда оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер 
етеді.  Олардың  көпшілігі  адам  денсаулығына  кері  әсерін  тигізеді. 
Балалық  және  жеткіншектік  жаста  кездесетін  кері  әсерлер:  күн 
тәртібіндегі  гигиеналық  талаптардың  бұзылуы,  тамақтану  тәртібінің, 
оқу процесінің ауытқуы, зиянды әрекеттер әсері мен қимыл-қозғалыс  
белсенділігінің төмендеуі т.б.  
Осыған  байланысты  бірқатар  зерттеушілер:  И.И.Брехман, 
В.В.Колбанов,  Г.К.Зайцев,  С.В.Попов  т.б.  салауатты  өмір  салтының 
төмендегі факторларын белгілейді: 
- денсаулықты  бұзатын  заттардан  (темекі,  ішімдік,  есірткі)  бас 
тарту; 


132 
 
- күн тәртібін дұрыс ұстану
- тамақтану ережелерін орындау; 
- шынығу; 
- жағымды эмоциялар; 
- қозғалыс белсенділігі. 
Атап  айтатын  жәйт,  әлемнің  көптеген  аймақтарында    ұзақ  өмір 
сүрушілерді  геронтологтардың  эмпирикалық  бақылауы  салауатты 
өмір салты факторларының тізіміне жеке тұлғаның  қарым-қатынасы 
мен  мінез-құлқы  мәдениетін  қосудың  пайдасы  бар  екенін 
куәландырады. 
Қ.Ж.Қожахметова 
өзінің 
«Қазақ 
этнопедагогикасы: 
методологиясы, теориясы, практикасы» (1998) атты монографиясында 
«Қазақ халқы барлық уақытта жетілген адамды өзіне пір санады және 
өзінің тәрбиелік тәжірибесінде  осы мақсатқа қол жеткізуге ұмтылды» 
деп  айқын  көрсетеді  [3,  147  б.].  Біздің  жұмысымыз  үшін  Қ.Ж. 
Қожахметова  мәлімдеген  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ұрпақтан-
ұрпаққа  берілген  қазақ  халқы  тәрбиесінің  сипаты,  сыртқы  пішіні, 
этикеті,  құндылықтары  туралы  қазақ  халқының  құндылықтары 
ерекше  қызығушылық  тудырды.  Өйткені,  қазақтардың  өмірі  мен  әл-
ауқаты  олардың  шыдамдылығына,  күш-жігеріне,  ептілігіне  қатысты 
болды,  олар  балаларды  салауатты  өмір  салтына  дүниеге  келген 
сәтінен  бастап  тәрбиелеуге  тырысты,  бұл  жөнінде  қазақ  халқының 
баланың  тууы  мен  дамуына  байланысты  әдет  -  ғұрпы,  салт  -  санасы 
куә.  
 Оқу 
орындарында 
қолданылып 
жүрген 
инновациялық  
технологиялардың  түрлері  қазіргі  жағдайда    оқу-тәрбие  процесінде 
қолдануға  неғұрлым  тиімді,  әрі  тәрбиенің  бұрыннан  қалыптасқан 
әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Енді  осы  технологияларды  оқушы  жастардың    салауатты  өмір 
сүру дағдысын қалыптастырудағы орнын қарастырсақ. 
Тақырыпқа  байланысты  тәжірибе  жұмысында  «Салауатты  өмір 
салты бұрыштары» ұйымдастырылып, оқушыларға СПИД, жыныстық 
мәдениет,  темекі  тарту,  спиртті  ішімдіктер  туралы  брошюралар 
таратылып  берілді,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  ісінде 
мектептердің  мысалында  атқарған  жұмыстарының  экспозициялары 
дайындалды,  ал  спорттың  әр  түрімен,  ұлттық  ойындармен 
айналысушы спортшылар мысалында адамның физикалық мүмкіндігі 
тек  салауатты  өмір  салтын  ұстанғанда  немесе  оның  негізгі 
қағидаларын сақтағанда зор болатынын көрсетілді. 
Батыс Қазақстан облысындағы оқу орындарында «Темекі – ағзаға 
әсері»,  «СПИД-пен  күресте  жеңеміз  бе?»  «Өз  өкпелеріңізбен 
тәуекелге бармаңыз»,  «Дұрыс  тамақтану, үнемді  уақыт»  атты тәрбие 


133 
 
сағаттар  мен  сыныптан  тыс  сабақтар  жүгізілді.  Оқу  орындарында 
«Олимпиадалық  ойындар»,  спорттық  жарыстар  өткізіліп,  онда 
оқушылар  баскетбол,  волейбол,  футбол,  карате,  гимнастика  сияқты 
спорттың  әр  түрінен  жарысады.  Ұйымдастырылған  сыныптан  тыс 
сабақтарды  өткізген  соң  оқушылар  салауатты  өмір  салтын 
насихаттайтын  плакаттарды  рәсімдеп,  суретшілердің  жетекшілігімен 
олар туралы мектеп холында көрмелер жасайды, содан кейін суреттер 
жөнінде  әнгіме,  интервью  алынуы,  соңында,  ән,  күй,  би,  тақпақ 
орындау  арқылы  және  әртүрлі  спорт  түрімен  жарыса  отырып 
оқушылар  спорт  пен  салауатты  өмір  салтының  табынушылары 
болады. 
Мұнда  сабақтардың  әдістемелік  нұсқаулары  инновациялық 
технологиялардың  әр  түрлерін,  сол  сияқты  лекция,  диспут,  дебат, 
тақырыптық  кездесулер  нақты  өмірдегі  оқиғаларды  талдау,  рөлдік 
және  қызметтік  ойындар,  психогимнастика  мен  актерлік  тренингтер 
т.с.с. қолданылды. 
Дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарында  оқушылардың  дене 
мүшелерінің  бір-біріне  үйлесімді  орналасуы,  яғни  дененің  қалпы, 
жаттығуларды орындау тәсілінде зор роль атқарады: 
1) дұрыс  алынған  негізгі  тұрыс  жаттығуларды  орындауда  ең 
тиімді жағдай жасауға және белгілі бір  анатомиялық, физиологиялық 
әсерге жетуге;  
2) қозғалыс процесі кезінде керек дене қалпын сақтауға
3) жаттығуды 
аяқтағандағы  керек  дене  қалпын  сақтауға 
көмектеседі. 
Дұрыс  тамақтану.  Диетологтардың  айтуынша:  адам  –  не  жесе, 
соның  көрінісі  болады.  Бұл  әзілде  үлкен  шындық  жатыр.  Адамның 
денсаулығы  көбінесе  оның  немен  және  қалай  тамақтануына 
байланысты. 
Жеке  бас  гигиенасы.  Адамның  жеке  басының  гигиенасы, 
алдымен,  дене  тазалығына  қамқорлықты  қарастырады.  Дененiң  
тазалығы  адам  үшiн  сыртқы  әдемiлiктi,  әсемдiктi  ұстап  тұру  үшiн 
ғана  маңызды  емес,  сол  сияқты  денеге  деген  жеткiлiксiз  қамқорлық, 
немқұрайлылық көптеген аурулардың пайда болуына себеп болады.  
Зиянды әдеттер. Салауатты өмiр салты зиянды әдеттермен қатар 
жүрмейдi.  Iшiмдiк,  наркотик  заттар,  шылым  шегу  сияқты  зиянды 
әдетте  демалуды  үйлесiмдi  бағыттауға,  дене  еңбегiмен  айналысуға, 
үйлестiрiлген түрде тамақтануға және салауатты өмiр салтының тағы 
да  басқа  жақтарын  қолдануға  кедергi  келтiредi.  Зиянды  әдеттер 
көптеген ауруларды туғызатын маңызды факторлар болып табылады, 
адам  өмiрiне  қауiп  төндiредi.  Зиянды  әдеттердi  қою  бiздiң 
республикамыздың  өзектi  меселелерiнiң  бiрi,  өйткенi  iшiмдiкке 


134 
 
салыну,  шылым  шегу,  наркотик  заттарды  қолдану  жастардың 
арасында көптеп кездеседi. 
Осы  қарастырылған  белсенділігі,  шынығу,  жеке  бас  гигиенасы, 
дұрыс  тамақтану,  психологиялық  тепе-теңдік,  зиянды  әдеттерден 
сақтану оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын сипаттайтын 
негізгі  белгілерді  білімділік,  ептілік  пен  дағдылар,  іс-әрекеттер 
тұрғысында көрсете білуі керек. 
Мысалы,  бұл  жүйеліліктің  барынша  көрінетін  жері  мектеп 
оқушыларын  әлеуметтік  жат  әдеттерден  арылту  мақсатында 
ұйымдастырылатын  сабақтан  тыс  кезеңдегі  тәрбие  сағаттары  деп 
айтуға  болады.  Олар,  “Денім  сау  болсын  десеңіз”,  “Тазалық 
денсаулық кепілі”, Денсаулықты бұзушылармен күрес”,  “Денсаулық 
және салауатты өмір салты”, “СПИД ғасыр дерті”,  “Темекінің ағзаға 
әсері”.  Мұндай  әдістерден  соң  арнайы  факультативтік  сабақтар 
жүргізу, апталық өткізу де біз айтып отырған жат әдеттерден арылту 
әдістері болып табылады.  
Бұл  мектепте  салауатты  өмір  салтын  тәрбиелеу  бойынша 
«Денсаулықты  бұзушылармен  күрес»,  «Темекі  тартуға  жол  жоқ», 
«Денім  сау  болсын  десеңіз»,  сияқты  жалпымектептік  іс-шаралар 
өткізілді.  Бұл  күндері  әрбір  оқушы  жұмысқа  тартылады-қабырға 
газеттері  мен  плакаттар  шығарады,  спорттық  және  ұлттық  ойындар, 
туристік  жорықтар,  эстафеталар  өткізеді.  Жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  сыныптан  тыс  қызметтердің  аталған  түрлері  мен 
әдістері  оқушылардың  салауатты  өмір  салтына  деген  оңды 
қатынастарын  нығайтуға  бағытталған,  сондай-ақ  оқущылардың 
өмірден дұрыс жол табуына көмектеседі. 
Бұл  орайда  оқушылардың  салауатты  өмір  салты  жүйесіне 
араласуына төмендегідей алғышарттар тиімді болмақ, егер: 
- оқушыны  жеке  қалыптастыру  үшін  қажетті  болатын,  сонымен 
бірге, оқушының жеке тұлғалық белсенділігін туындататын жағдайлар 
жасалса; 
- әрбір  оқушының  өзін  тани  білуіне,  өз  қабілетін  көрсете  білуіне 
және  оның    табысты    болуына    мүмкіндік    беретін    осы  жұмыстың 
әртүрлі формалары мен түрлері қолданылса; 
- барлық оқушылардың әртүрлі қызмет түрлеріне, салауатты өмір 
салтының    дене,  интеллектуалдық,  әлеуметтік,  жеке  тұлғалык, 
эмоционалдық, 
рухани 
аспектілеріне 
жүйелі 
қатыстырылуы 
қамтамасыз етілсе.                                                                                                                                                                                                                                                                              
Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде мынадай ұсыныстар беруімізге 
болады: 


135 
 
- оқушылардың  салауатты  өмір  сүру  дағдысын  қалыптастыру 
үдерісі  олардың  жергілікті  жерін,  әсіресе  ауылдық  жерлерде 
тұратынын ескере отырып жүргізілуі тиіс; 
- оқу  орындарындағы    оқушы  жастардың  салауатты  өмір  сүру 
дағдысын  қалыптастыру  бойынша  ұйымдастырылатын  оқу  және 
тәрбиелік  жұмыстар  дәстүрлі  емес  инновациялық  технологиялар 
арқылы жетілдірілуі қажет;  
- ұсынылып  отырған  инновациялық  технологиялар  мен  әдіс-
тәсілдерді  мұғалімдердің  білімімін  көтеру  институтында,  әр  түрлі 
курстарда пайдалануға боладыҢ  
- өсіп  келе  жатқан  мектеп  қабырғасындағы  оқушыларда 
«салауатты  өмір  салтын»  емес  «салауатты  өмір  сүру  дағдысын» 
қалыптастыру, жетілдіру т.б. деп атауға ұсынылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет