146
Алайда, орыс сыныптарында тілді үйрету мәселесінде ойын әдісін
қолданудың өте тиімді екенін бұрынғы тәжірибеден де жақсы білеміз.
Әрбір ұстаздың басты міндеті - оқушыларға өз пәнінен жоғары
деңгейде білім бере отырып, олардың сабаққа деген қызығушылығын
тудыра білу. Ал, қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің міндеті –
ойын элементтерін кіріктіре отырып, шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру
Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы
әдептілікке, достыққа, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
[ 1 ]
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар,
денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын
элементерін орыс сыныптарында қазақ тілінен қолданудың
тиімділігі өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын
дамытып қана қоймай, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын
арттырады. Тіпті енжар, ықыласы төмен балалардың өздері де ойын
элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны
анық. [ 1 ]
Сондықтан кез – келген сабақты өткізу үшін дидактикалық
ойындар қолдана білгені жөн.
Ойын түрлерін қолданудың әдістемелік маңызы қандай?-деген
сұраққа келетін болсақ, біріншіден, ойын – жағымды эмоция
сыйлайды, екіншіден, өзара психологиялық ахуал тудырады,
үшіншіден, тіл үйренуге қызығушылық артады, төртіншіден, мұғалім
мен оқушы арасында сенімділік пен әдемі қарым-қатынас орнайды.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім
беру бағдарламасы — заман талабына орай келешек ұрпақтың
сұранысын қанағаттандыратын жаңа мазмұнды бағдарлама. [ 5 ]
Осыған байланысты ойын түрлерін де жаңаша әдістермен байытып
қолдану қажеттігі туындайды
Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты -
оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті
қарым – қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Жаңартылған білім беру
мазмұны бойынша оқушы білімін практикалық түрде өзі қолдану,
пайдалануына мүмкіндік беру. [3] Сондықтан ойын түрлері де осыған
бағытталған болуы тиіс.Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген
тақырып бар. «
Күз айларын суретте » ойынын топ бойынша постер
әдісі арқылы өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың есте сақтау
қабілетін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: