«Жұбыңды тап» Әр оқушыға қиықшада жазылған сөздер
беріледі. Бір оқушыға қазақша сөз, екінші оқушыға орысша баламасы
беріледі. Сөздерді дауыстап айту арқылы бірін-бірі табулары керек.
Мысалы: Нан – хлеб Қалам – ручка Балық – рыба Жүргізуші –
водитель Белгілі – известно т.б.
«Кім тапқыр» білімдерін
тексеру
пысықтау.
Ойынға алдын ала сұрақтар дайындайды. Оқушылар тақтаға шығып,
сұрақтарға “иә” не “жоқ” деп жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап
берсе, бір ұпай қосылады, соңына қарай ұпай саны көп оқушы жеңіп
шығады.
«Сөз жарысы» Сөздік
қорды
тексеру,
молайту.
2 топтан екі оқушы шығып тақтада берілген сөздердің аудармасын
тауып жарысады. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңімпаз атанады.
«Адаспақ» Сөздері орнымен ауыстырылған кеспе қағазадар
беріледі. Сөздердің орнын тауып, дұрыс сөйлем құрау керек.
([ ])
Мысалы: Мектептен, келе жатыр, балалар.Болып тұр, күн, жылы. т.б.
Бұл ойындарды арнайы дискриптор құру арқылы орындатқан
дұрыс. Мен өз тәжірбиемде қолданған ойын – тапсырмаларды
орындату шарттарын үсындым, Әр шебер ұстаз бүл тапсырмаларды
өз деңгейінде ыңғайына қарай қолданады, бұрыннан тәжірбиеде бар
бұл ойын түріндегі тапсырмаларды тек қазіргі жаңаша мазмұнда
түрлендіріп қолданса, өз нәтижесін берері сөзсіз.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін
әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. [ 9 ] Қазіргі
таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, қарым - қатынас тілі – орыс тілі
және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан - жақты қолданып, жаңаша оқытудың
тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып
отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс - тәсілдерін
үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді
қолдана білу міндеті тұр.
[5 ]
Білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау
жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қорыта айтқанда, ойын - тіл үйренушінің сабаққа деген
қызығушылығы мен ынтасын, белсенділігін арттырумен бірге
олардың
танымдық
қабілетін
жетілдіріп,
шығармашылық
белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады.