«Мұғалім қай жерде қателесті?»Мұғалім тақтаға бірнеше
жұрнақ жазады, ал оқушылар жұрнақ болмай тұрған сөздерді табады.
Бұл ойында мұғалімнің қатесін табу оларға өте қызық болып көрінеді.
Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б.
Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал оқушылар
жалғау болмай тұрған сөзді табады.
«Синонимін табайық» Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан
меңгергенде қорытындылауда сабақ соңында өткізіледі. Білімдерін
тексеруде, жылдам ой қорытуға баулып, сөздік қорын байытады.
Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар түзу
тапсырылады. Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер
құралады.