«Қай буынды жоғалттым?» Сөздерді буынға дұрыс бөлуге
жаттықтыру.
Жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң табу.
Мысалы: Қа...(лам), мек... (теп), дос... (ым) т.б.
«Сандар әлемі» Сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу
арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын кеңейту.
ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында
сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.
Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, т.б.
«Күрделі сөздер» Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру.
Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы күрделі сөз жасау.
Бел құлақ
Қырық аяқ
Саңырау қазық
Кемпір қазық
Темір қосақ
Тас бақа
«Қ» ойыны Оқушылардың
сөздік
қорын
анықтау,
ізденімпаздылыққа бағыттау. Оңнан солға қарай оқылса да, солдан
оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ»
әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын 7 немесе 5 сөз ойлап жазу.