Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет14/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
болса» депті ғой жалқаулау бір атамыз» (292 б.). «Бірақ «Ұлық болсаң, 
кішік  бол»  деген  халық  мақалын  ұмытпа!»  (117  б.).  «Келіннің  өзі 
келгендей,  ұлдың  өзі  туғандай»  дейтін  халық  мақалының  мәні  әркім 
ержетіп,  «кемеліне  келгесін»  бәріне  де  өз  ақылым,  өз  күшіммен 
жеттім деп кеудесін қағады» (149 б.). «Ат болатын тай саяққа, адам 
болатын  бала  қонаққа  үйір»  деген»  (245  б.).  Өз  басым  жазушы 
шығармасынан  бұрын  білмейтін  көптеген  мақал-мәтелдерді  көріп, 


27 
 
өзіме  көп  нәрсені  аштым.  Жазушы  тіліндегі  мақал-мәтелдер  өз 
орнында және молынан қолданылуымен ерекшеленеді. 
Жазушы  тілінде  фразеологизмдер  өз  орнымен,  кейде  түйдектеле 
қолданылады.  Мысалы:  «  -  Тай-құнандай  тебісіп,  бірге  өстіңдер. 
Құрдасына  тілін  алдыра  алмады  деген  не  масқара?  Оны  айдалада 
жалғыз  қалдыру  деген  сөз  өліммен  тең  емес  пе?»  (22  б.).  «-  Сүлеке, 
қырқына  шыдап,  қырық  біріне  шыдамауымыз  дұрыс  па?»  (21  б.). 
Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдерді  зерттеген  академик  І.  Кеңесбаев 
былай  дейді:  «Тілдің  сол  бөлшектерінен  түбірлі  айырмасын,  бас 
белгілерін  (релеванттық  қасиетін)  бір-ақ  ауыз  сөзбен  түйгенде 
мынадай жайт  аңғарылады:  1)  мағына тұтастығы (белгілі  бір  ФЕ-нің 
ішіндегі  сөздер  бастапқы  мағынасынан  түгел  немесе  ішінара 
жартылай айрылып қалады да, шоғыр тіркес біртұтас мағына береді); 
2)  тіркес  тиянақтылығы  (белгілі  бір  ФЕ-нің  ішіндегі  сөздер  бір-
бірімен  жымдаса  байланысады,  олардың  орын  тәртібі  нық  келеді, 
барлық  жағдайда  дерлік  бір  шоқ  тіркесу  өз  қалпын  сақтайды);            
3)  қолдану  тиянақтылығы  (белгілі  бір  ФЕ  әрдайым  айна-қатесіз, 
өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады)» [5, 231 
б.].  Осы  өлшемдерге  салсақ,  жазушы  тіліндегі  тұрақты  тіркестерді 
топтауға  болады.  Мәселен,  мағына  тұтастығын  сақтаған  тіркестер: 
«Оның  жалғыз  қалуы  сенің  жаныңа  қанша  батса,  маған  да  тап 
сондай»  (25  б.)  .  «Хамит  жаратылысында  шыншыл,  әділ  жігіт 
болатын, бұл – оған сүтпен еніп, сүйегіне сіңген мінез» (42 б.). «Бүкіл 
бөкейліктен онан оқымысты да, өнерлі де, ел десе, ішкен асын жерге 
қоятын, еміренген жылы жүректі де, қандай істе болсын табанды да 
жігіт табу  қиын»  (44  б.).  «Ұстаз-ағасымен  кездесулердің  талай  түрін 
қиялына  келтірсе  де,  оны  тап  мынандай  жағдайда  кездестіру  – 
Андреевтің үш ұйықтаса да түсіне енген емес-ті» (65 б.). 
Тағы  бір  ерекшелік,  Қажым  Жұмалиев  кеңес  кезеңінде  өз 
шығармасын  жазғанымен,  қазақтың  ру  атауларын  қолданудан 
қашпайды. Оларды үрікпей-ақ, қолдана береді. Мысалы:  «Ым,  - деді 
Хамит,  -  мынау  Аталықтың,  не  сонымен  іргелес  бір  елдің  баласы 
болды. Не Қаратөбе, не Жымпитының бірінен ғой» (10 б.).  
«- Қаратөбеден. Алашамыз. 
- Жымпитыдан. Байбақты - Ақберліміз
-  Қызылқоғадан.  Тоғызбаймыз.  Берішпіз»  (17  б.).  «Орынбор 
қолтығын мекендейтін  Кердерілердің етке бергісіз, кәдімгі  құлақасқа 
шайы  келді»  (270  б.).  Жазушы  өз  шығармасында  топонимикалық 
атауларды  жиі  қолданып,  сол  кездегі  жер-су  атауларын  сол  күйінде 
қолданады. Мысалы: «Қаратөбеден Орынборға Тұзтөбе арқылы тура 
тартатын ұзын қара жолмен келеді» (14 б.). Әсіресе, оларға Аққұмнан 


28 
 
өту  қиынға  соқты»  (14  б.).  «Жайықтың  Қабылты  жақ  жағасындағы 
қалың  ағаштың  арасына  түйелерін  доғарып,  көлеңкесі  молырақ, 
жауын-шашын бола қалса пана боларлық, қыжырлау бір кәрі ағаштың 
түбіне  ірге  тепті»  (16  б.).    Бұл  шығармадағы  тағы  бір  ерекшелік 
риторикалық  сұраулардың  көптеп  кездесуі  деуге  болады.  Мысалы: 
«Өлім  ит  кімді  қуантқан»  (73  б.)  «Адал  жар,  жас  нәрестесін 
бақытсыздыққа  кездескендердің  қатын-баласының  көз  жасымен 
асырайды.  Не  деген  арсыздық!»  (105  б.).  «О,  ізетті,  асыл  жан!  Сен 
ұлық  болған  сайын  кішіксің-ау!»  (111  б.).  «Өмірде  мезгілден  ұры  не 
бар?»  (221  б.).  Қорыта  айтқанда,  «Жайсаң  жандар»  шығармасының 
тіліндегі  тілдік  бірліктер  көптеп  қолданылады.  Оларды  зерттеу 
арқылы академик-жазушының қырлары аша беретініміз анық. 
Бұдан  басқа  академик-жазушы  Қ.  Жұмалиевтің  біздің  қазақ 
филологиясына қосқан жаңалықтарын айтып кеткім келеді. Біріншісі, 
үлкен  жүректілікке  барып,  «Әдебиет  теориясын»  жазуы.  Ол  туралы 
ол  былай  дейді:  «Шынын  айтқанда,  мен  өз  өмірімде  осы  оқулықты 
жазғандағыдай  еңбектенген  емеспін.  Бұл  менің  бірінші  ғылыми 
жұмысым  ғой,  әлде  содан  ба?»  (287  б.).  Екіншісі,  эпостарды  сүйіп, 
жатқа  біліп,  үлкен  махаббатпен  зерттеуі.  Оның  үстіне,  тарихи 
жырларды  «Кенесары-Наурызбай»  сияқты  жырларды  ұлттық 
тұрғыдан  ғылыми  айналымға  қосуы.  Үшінші,  әдебиеттің  алыптарын 
зерттеуі. Төртінші, қазақтың маңдайына біткен тұлғаларын еске алып, 
олардың  ішкі  жан-дүниесін  өзінше  жазуы.  Бесінші,  Махамбет 
жырларын 
1962 
жылы 
шығарғандағы 
жинағында 
жазған 
түсініктемесінде  сөздердің  мағынасын  аша  білуі.  Мысалы:, 
Қ.Жұмалиев  былай  дейді:  «Әрәйна  –  бұрынғы  кездегі  бір  батырдың 
аты. Ескі ақындардың көп өлеңі соның атымен басталады. Бір жорық 
соғыста ерлік көрсеткен батыр өліп, соның ескерткіші ретінде, кейінгі 
ақындар өлеңін соның атынан  бастасын деген екен дейді, ел  аңызы» 
[28 б.]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет