Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Есте  сақтау  стратегиясы



Pdf көрінісі
бет40/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

Есте  сақтау  стратегиясы  (Сыныптағы  үш  топқа  үш  түрлі 
сөйлем  ұсынылады.  Мұғалім  таблицаны  тез  жинап  алып, 
оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексереді). 
1. Ақ шашты атаны, ақ жаулықты ананы көрсең – ізет көрсет. 
2.  Ата-анаңа  әдеппен  сөйле,  айтқаның  сөзсіз  орында,  оларды 
әулие тұт. 
3. Қаруың-білімің мен  тілің, сүйенішін, тірегін-ақылын болсын. 
(Оқушылар  дәптерлеріне  жазған  сөйлемдерін  оқиды,  мағынасын 
талдап,синтаксистік талдау жасайды). 
Қоршаған  ортаны  зерделеу  стратегиясы  (Оқушылар  берілген 
мәтіндерді  оқып,  ойдың  негізгі  түйінін  шешеді.  Қарамен  жазылған 
сөйлемдерді талдайды). 
1.  «Жас  жігіт  пен  қыздар!  Біз  сіздерден  күрделі  мәселелерді 
шешуге бел шеше кірісулеріңізді күтеміз. Халқымыздың тағдыры қыл 
үстінде,  ол  ақшаға  ауыстырғалы  тұр,  осындай  жауап  керек  етпейтін 
сұрақтар  алдарыңызға  толып  тұр.  Ол  сұрақтар  бізді  -  кейбір  халық 
зиялыларын  ойландырады,  айтылмаған  шындықты  айтуға  мәжбүр 
етеді. Сол шындықты мектеп қабырғасынан біліп шықпасаңдар, кейін 
білгеніңнің қажеті болмай қалады. » 
2. Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдік
Еттің ащы болғанын тұздан көрдік. 
Жас күнде қыз болды деп налығанмен
Бұл күнде рахатты қыздан көрдік (Шернияз


101 
 
3.«Қазақ  даласында  әлемді  таңдаңдырған  абзал  аналар  мен  үкілі 
қыздар  аз болған жоқ. Әйгілі  Кирдың басын алып,  патшалық құрған 
Тұмар ханым, Шығыс әйелдерінің патшайымы Бөрте ханым, Низами 
ғашық  болып  жыр  арнаған  Қыпшақ  қызы  Аппақ  сұлу,  бүкіл  жүздің 
анасы Домалақ ананың қасиетті есімдерін білмейтін қазақ жоқ... 
Арулар!  Олардың  бір  сыпырасы  қиын  кезенде  ер  азаматтармен 
бірге қолына қару алып, жауға аттанды». 
(Қарамен  жазылған  сөйлемдерді  талдайды.  Мәтіннің  мағынасы 
ашылып, Шығыс әйелдерінің, әсіресе қазақ қыздары мен әйелдерінің 
басқа  ұлттан  өзгешілігі,  өр  тұлғалары  сараналып,  ерлік  істеріне 
сипаттама беріледі). 
Қазақ  тілі  мұғалімі  лексикалық  тақырыпты  грамматикалық 
тақырыппен  байланыстырып,  сабақ  мазмұнына  қысқаша  қорытынды 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет