Литература
1. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире // Казахстанская правда. — №
33(25278). — 2007. — 1 марта. с.- 2-5.
2. Языковая политика в Казахстане [Электронный ресурс]. - Свободная
энциклопедия
Википедия.
–
М.:
2010.
С.–3-4.
Режим
доступа:
http://ru.wikipedia.org/wiki/Языковая _политика _в_Казахстане, свободный.
3. Новый Казахстан в новом мире. Послание Президента Н.А.Назарбаева народу
Казахстана. – с. 52-55. [Электронный ресурс]. - Архив за 2007 год. – М.: Астана, 2007. –
Режим доступа: http://www.kazak hemb.org.il/?CategoryID=250&ArticleID=551&Page=1,
свободный.
4. Государственная программа функционирования и развития языков на 2011-
2020 годы. Указ. источ. – с. 36-37. [Электронный ресурс]. – Режим доступа:
http://www.geokz.tv/article.php?aid=11278, свободный.
5. Идея триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать
развитию страны - мнение американского ученого [Электронный ресурс]. -
Информационная система Параграф. - М.: Национальное информационное агентство
«КазИнформ», 2008. –c. 24. Режим доступа: http://www.zakon.kz/111622-ideja-
triedinstva-jazykov-v-kazakhstane.html, свободный.
6. Светловская Н. Об интеграции как методическом явлении и её возможностях
в начальном обучении // Начальная школа. – 1990. - № 5. – с. 57 – 60.
7. Назарбаев Н.А. Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к
Обществу Всеобщего Труда // Казахстанская правда. — 2012. — № 218-219. — 10
июля. c.-3.
8. Мельник Я.Л. Исаева Л.А. Интегрированные уроки при изучении природы.
//Начальная школа. 1998. - № 5. - с. 74 - 76.
9. Бабарыга А. Интегрированные курсы в английской школе // Народное
образование. – 1989. - № 5. – с. 92 – 93.
10.История педагогики и образования. От зарождения воспитания в
первобытном обществе до конца ХХ в.: Учебное пособие для педагогических учебных
заведений / Под ред. академика РАО Л.И. Пискунова. – 2-е изд. испр. и дополн. – М.:
ТИ Сфера, 2001. –c. 203-206.
11. Современный словарь иностранных слов. Ок. 20000 слов. С-Петербург: Дуэт,
1994. – с. 732 .
ӘОЖ 371.13
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК
28
М. Ерланқызы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-225 тобының
студенті
Ғылыми жетекшісі: Ш. Дүйсембекова – Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к.
Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру
кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді.
Қазіргі ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде білім берудегі
құзыреттілік мәселелері жан-жақты талқылануда.Бұл мәселелер У.Б.Жексенбаева,
М.Х.Балтабаев, М.В.Семенова тағы басқа көптеген шет елдік және отандық
ғылымдардың еңбектерінде зерттелуде. Отандық білім беру саласындағы құзыреттілік
бағыт Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында және 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
кеңінен талқыланған. Кейінірек Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарында жан-жақты қарастырылып жоғары оқу орындарын бітіруші
жас мамандардың білімділік деңгейлеріне байланысты қойылатын талаптар ретінде:
1.
Жалпы білімділіктеріне қойылатын талаптар.
2.
Әлеуметтік – этикалық құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар.
3.
Кәсіби құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар.
4.
Өзгермелікпен
белгісіздіктің
кең
таралуы
жағдайында
әлеуметтік,
экономикалық кәсіби рөлдерді ауыстыра алу даярлығына географиялық және
әлеуметтік мобильдігіне қойылатын талаптар.
5.
Оқу пәндерінің негізгі циклдері бойынша білімділіктеріне қойылатын талаптар
анықталған.[1]
Құзыреттілік – оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен
анықталатын білім беру нәтижесі. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында
Н.Хомский енгізген. Алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін
қажет қабілеттіктер ұғымын берген. Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті
қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың
зерттеу нысаны болып келеді.
Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына мынадай анықтама
береді: «кәсіби құзыреттілік-бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен
жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны
жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы
шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі».
Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына
үлкен мән береді. Оның пікірінше, әлеуметтік құзыреттілік - адамның әлеуметтік
шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік
білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік технологияны жүзеге
асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері. [2]
Ш.Таубаева жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттардың
құзыреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзыреттілік ұғымының
мазмұнын ашуда оның 3 түсініктемесін атап көрсетеді:
1.өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілеті мен ынталылығы ( мотивациялық
аспект);
2.табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің
білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект) ;
29
3.Өз іс-әрекет нәтижелерін әлеуметтік маңыздылығын және жеке жауапкершілігін
түсінуі ( құндылық аспект) .
Н.Д.Хмель педагогтың кәсіби құзыреттілігін мынадай элементтермен ажыратып
қарастырады:
1. Оқытатын пән материалын еркін меңгеру, және оның мазмұнын аудитория
ерекшелігіне бейімделе отырып, толық жеткізе алу;
2. оқушыларда білім, білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін
оқыту әдістерін пайдаланудағы әдістемелік құзыреттілік
3. Оқыту процесін және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру
саласындағы психологиялық – педагогикалық құзыреттілік;
4. оқушыларды танымдық іс – әректеке ынталандыру, қабілеттіліктері мен
тұлғалық бағыттылықтарын қалыптастыру барысында іске асатын дифференциалдық
психологиялық құзыреттілік;
5.
Педагогикалық іс –әрекетті рефлексия немесе аутопсихологиялық
құзыреттілік
Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби
құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.
1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде
қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны
тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби
қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен
сипатталады.
3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін,
кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған
маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды,
проблеманы көруді енгізеді.
4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін,
кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы
қасиеттерін меңгерумен сипатталады.
Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа
білім, білікті игеру және де оны тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды.
Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін педагогтың кәсібилігін бағалау
міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз.
Педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделі қызығушылық туындатып
отыр, онда әр келесі блок келесі компоненттердің «өсуіне» арналған платформа» құра
отырып, алдыңғысына сүйенеді. Блоктың құрамдас моделі педагогикалық
құзыреттіліктің алты түрін ұсынады: білімдік, қызметтік, қарым-қатынастық,
эмоционалдық, жеке, шығармашылық. Педагогты оқыту процесінде оның
құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше
мәні атап көрсетіледі. Мәтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кәсіби
құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кәсіби құзыреттілік мәселесі бойынша зерттеулерді
талдауды
ескере
отырып,
педагогикалық
бейіндегі
мамандарға
қатысты
қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың
кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пәндік
сала және педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі
енгізіледі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін
және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық
бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас
30
стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын)
енгізген көп факторлы құбылыс.
Педагогтың
кәсіби
құзыреттілігінің
келесі
компоненттерін
бөлеміз:
мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.
Мотивациялық-еріктік (мотивация – себептер жүйесі) компонентке мотивтер
(себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта
тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың
болуын білдіреді.
Функционалдық (лат. functio – орындау) қандай да бір педагогикалық
технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда
педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico – байланыстырамын,
қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу,
көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және
эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер
әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың
озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
Рефлексиялық (лат. reflexio – артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және
өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен;
креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік
талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен
анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен
қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби
өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және
жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады[70; 28-29бб].
Құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне
қарамастан оның шешімінің аяқталу айналымы «ойлау – әрекет жасау – ойлау»
үштігіне тоқталады және педагогикалық қызметтің компоненттерімен және соларға сай
білімдермен сәйкес келеді. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделі оның
теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде орындалады. Бұл жерде
педагогикалық біліктер төрт топқа біріктірілген.
1. Тәрбиенің объективті процесінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге
«аудара» білуі: жеке тұлғаны және ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге
дайындығының деңгейін анықтау үшін зерттеу және осы негізде ұжымның және жеке
оқушылардың дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері
кешендерін анықтау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау.
2. Логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құра білу және қозғалысқа келтіру:
білім-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау; білім процесі мазмұнының негізделген
таңдауы; оны ұйымдастыру түрі, әдістері және құралдарының дұрыс таңдауы.
3. Тәрбие компоненттері мен факторлары арасында өзара байланыстарды анықтай
білу және орнату, оларды әрекетке келтіру: қажетті жағдайларды тудыру (материалдық,
моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.); оқушы
тұлғасын белсендендіру, оны объектіден тәрбие субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін
дамыту; біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту; мектептің ортамен
байланысын қамтамасыз ету, бағдарлауға келмейтін сыртқы әсерлерді жүйеге келтіру.
4. Педагогикалық қызметтің нәтижесін есепке ала білу және бағалау: мұғалім
қызметінің нәтижесін және білім процесін талдау және өзін-өзі талдау, басым және
бағынышты педагогикалық міндеттердің жаңа кешенін анықтау.[3]
Қорыта келе, жоғарыда келтірілген кәсіби құзыреттіліктер құрылымдық
компоненттерін жоғары деңгейде қалыптасуы үшін білім беру ортасы және қызмет
31
мазмұны мен бағыты оның дамуын қамтамасыз ету керек, сонымен бірге әр педагог өз
әрекеті мен кәсіби жетілуін саралап, бағалау керек. Кәсіби құзыреттілік маманның
тұлғалық және іскерлік қасиеттерінің интегралдық сипаттамасы. Бұл қасиеттер
маманның кәсіби іс-әрекеттің мақсаттарына қол жеткізуге қажетті білім, іскерлік,
тәжірибелерінің деңгейімен қатар оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымының
көрсеткіштері. Кәсіби құзыреттілігіне байланысты маман кәсіби іс-әрекет
мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуын, күрделі мәселелер
жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігін, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға
даярлығын көрсете алады.
Әдебиет
1.
Берікханова А.Е. “ Педагогикалық мамандыққа кіріспе”:оқу құралы.- Алматы:
2009ж. -240 б.
2.
Бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
кәсіби-дидактикалық
құзыреттілігін
қалыптастырудың әдіснамасы, теориясы және технологиясы: Монография. -
Алматы: «Әрекет-Print». -2009. - 310 бет.
3.
Каримов А.Н. «Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері»,
оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2010.-225б.
4.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасының кепілі // «Бәсекеге қабілетті
маман дайындаудың өзекті мәселелері»: облыстық ғылыми – практикалық
конференция материалдары. - Атырау, 2007. - Б.7-11.
ӘОЖ
37.01
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ
МАҢЫЗЫ
А. Жеңісханова
Семей көп салалы колледжінің БС – 41 топ студенті
Ғылыми жетекші: А.Ж. Мамаева, Семей көп салалы колледжі, педагогика пәнінің
оқытушысы
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында
сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бұл жоғары оқу орындарында
білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру арқылы ғана
жүзеге асады. Осы ретте еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламалары белгілі
дәрежеде халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім берудің мемлекеттік
стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне бағытталып жасалынуда.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы еліміздің индустриалдық – инновациялық даму
аясында білім беру саласына жаңа тұрпаттағы міндеттерді жүктеп көрсеткен [1, 4-б.].
Соның бірі жалпы орта мектептің он екі жылдық білім беруге көшудегі оқушы
тұлғасының құзіреттілік қасиеттерін қалыптастыруды меңзесе, кәсіби бастауыш,
арнайы орта және жоғары оқу орындарында маманды дайындаудың оқу үрдісіне тән
білім алушыға теориялық білім беру мен практикалық іскерлікті қалыптастыруды
ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үрдісін іс-әрекеттік және құзіреттілік
тұрғыда алмастыра қарастыру анықталған.
Болон процесіне ену нәтижесінде жоғары білім беру жүйесіндегі реформаларға
сәйкес қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының
32
өз беттерімен шешуіне мүмкіндік жасауда. Жоғары оқу орнын бітірушілердің
біліктілігін жоспарлау, тұжырымдау және бағалауға қойылатын талаптар да өзгеруде.
Бүгінгі маманның біліктілігі, оның білімінің нәтижесі құзіреттіліктер болып танылуда.
Педагогика ғылымында құзіреттіліктерді анықтау және жіктеу әдіснамасы
қалыптасты. Осы әдіснамаға сүйене отырып, құзіреттілік тұрғысынан білім беру
үрдісінің студентке бағытталу сипаты айқындалды. Осыған орай, білім беру
технологияларына, ұйымдастыру формаларына, оқытушылар мен студенттерге,
олардың жетістіктерін бағалауға жаңа талаптар қойылуда. Білім берудің мазмұнын
жобалау және құзіреттіліктерді белгілеу мәселесі академиялық топтар, қызмет
ұсынушылар мен бітірушілердің бірігіп әрекет етуін қажет етіп отыр.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін мемлекет
тарапынан көп шаралар жасалуда. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ең маңызды орын алады. Бұл
тұжырымдамада жоғары білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
жағдайларда алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай
білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл
мақсатта алға қойылған міндеттер: студенттердің сапалы білім алуы, оқытушының
біліктілігі мен педагогикалық шеберлігінің ұдайы арттырылуы [1, 8-б.].
«Құзірет» және «құзіреттілік» ұғымдарын педагогикалық үрдіске енгізу
бағытында ғалымдар зерттеу жұмыстарын арнап, әдіснамалық мәнін ашып, өздерінің
әртүрлі түсініктемелерімен сипаттауда. Аталған ұғымдардың табиғи мәніне жетуге
байланысты Е.В.Бондаревская, А.А.Деркач, И.А.Зимняя, А.К.Маркова сынды ғалымдар
оқытудың түпкілікті нәтижесін баяндау және маманның білім алу үрдісінде
қалыптасқан тұлғалық әртүрлі қасиеттері түрінде қолдану десе, И.Н.Алмазова құзірет –
адамның іс-әрекеті саласындағы білімі мен іскерлігі, ал құзіреттілік – маман құзырлық
қасиеттерін сапалы қолдана алуы тұрғысында пайымдайды.
К.В.Шапошников: «Кәсіби құзіреттілік категориясын: қоршаған ортамен өзара
әрекет етуінде адамның кәсіби іс – әрекетін жобалау және жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін тұлғалық қасиеттері, білімі, іскерлігі және тәжірибесінің біріккен жиынтығы »,-
деген.
Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және
практикалық қырларын Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ
мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік
құзыреттілігі),
Б.Қасқатаева
(болашақ
математика
мұғалімінің
әдістемелік
құзырлылығы), М.В.Семёнова (жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың
кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру), С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде
электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар
зерттеген.
Маманның кәсіби кұзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми
педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен
әдістерінде,гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді
түрде зерттелуде.
Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін
белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім
түрінде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі бір
мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы
түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген белсенді іс-әрекеттен көрінеді.
33
Осы ретте еліміздің кәсіби білім беру жүйесі алдында, оның ішінде болашақ
педагог даярлауда ең алдымен педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндеті
тұр. Кәсіби құзыреттілік ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар: адамның стандартқа сәйкес
әрекет ету қабілеті; жеке тұлғаның жұмыста нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін
сапалары. Адам туралы ғылымдар саласында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға үлес
қосатын, табыс үшін қажетті құзіреттіліктер – проблемалар мен өзіндік менеджментін
шешу құзіреттілігі, яғни адамның проблемаларды шешуге және инновациялық
технологияларды пайдалануға дайындығы; ақпараттық құзіреттілік, яғни өздігінен
білім алуға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы; коммуникативтік
құзіреттілік, яғни әлеуметтік және интерактивті өзара іс-әрекетке дайындығынан
танылады.
Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің халықаралық білімдік кеңістікке
интеграциялану тетіктерінің бірі – оқытудың кредиттік жүйесі. Бұл жүйенің мәні
студенттердің өз бетімен білім алуына басымдық беріліп, маманға «өмір бойы» оқу
дағдысын қалыптастыруда. Республикадағы жетекші университеттердің білім беру
үрдісін ұйымдастырудағы дәстүрлі және жаңаша көзқарастарын салыстырмалы талдау
негізінде кредиттік жүйенің көптеген тиімді жақтары негізделіп отыр.
Жалпы алғанда, кредиттік жүйе негізінде білімдік үрдісті ұйымдастыру үздіксіз
оқу - ізденіс, үнемі өзін-өзі жетілдіру және зерттеушілік жұмысқа жоғары мотивацияны
қамтамасыз ету арқылы білім алушыларда құзіреттіліктерді дамыту міндетіне сәйкес
келеді [3,7-б.].
Құзіреттілік тұрғыдан келу қазіргі үздіксіз білім беру, соның ішінде кәсіби білім
беруде, білімді дамытудың төмендегідей бағыттарын айқындап отыр.
Біріншіден, үздіксіз білім берудің жалпы жүйесінде өздігінен білім алу
кезеңдерінің мәнділігі. Сондықтан білім берудің қазіргі кезеңінде білім алушылардың
өзбетіндік, танымдық және практикалық іс- әрекет дағдысын қалыптастыру міндеті
ерекше өзекті.
Екіншіден, өздігінен білім алуды дамыту жағдайында оқыту құралдарының рөлі
артады. Қазіргі кезеңдегі оқыту технологиясында оқытудың ақпараттық технологиясы
құралдарының орны ерекше.
Үшіншіден, білім беруді жүзеге асырудың даралап оқыту ұстанымының рөлін
күшейтеді, әрбір білім алушы үшін оқу үрдісін даралауды жүзеге асыруды көздейді.
Төртіншіден, білім беруде пәндік-бағдарлық жүйеден жобалау жүйесіне көшуге
бағдарлайды.
Сонымен, құзіреттіліктің маңыздылығы жөнінде айтатын болсақ, құзіреттіліктер
мен дағдыларды дамыту білім берудің студентке бағдарланған парадигмасына сәйкес
келеді. Бұл парадигмада студент, яғни білім алушы басты назарда болады да, ал
оқытушының рөлі өзгереді [5, 34- б.].
Мұндай өзгерісті оқытушының бағыт беруші рөліне өтуі ретінде қарастыруға
болады. Оқытушы – нақты, айқын қойылған міндеттерге жету жолындағы көмекші,
бағыт сілтеуші. Бәсекеге қабілетті білім беру қызметі және оқытуды ұйымдастыруда
студент қол жеткізуі тиіс нәтижеге бағыт алатын болып өзгеруі тиіс.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың
бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта
білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзіреттіліктерді: проблеманың
шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастырып
дамыту көзделіп отыр.
В.А.Сластенин еңбегінде кәсіби құзіреттілік жеке тұлғаның кәсіби қызметтік
функциясын жүзеге асыру қабілеті мен теориялық, практикалық дайындықтың бірлігі
ретінде қарастырылады.
34
Жоғары педагогикалық оқу орнын бітірген жас мұғалім іргелі білім мен кәсіби
икемділікті игеруі тиіс. Сонымен қатар, ізденімпаздықпен жұмыс жасайтын жас
мұғалім шығармашылық, зерттеушілік, іс-тәжірибелерімен қаруланып, болашақта
қандай да болмасын педагогикалық немесе пәндік проблеманы шешуде өзіндік жолын
таңдап, жүзеге асыра алуы қажет. Ал, мұғалім бойында кәсіби құзіреттілік базалық
дайындық, әдіснамалық мәдениет, педагогикалық шеберлік пен креативтілік бағыттары
бойынша қалыптасады.
Кәсіптік білім беру үрдісінің тиімді жүргізілуіне жаңа білімдік орта мен
студенттердің оқу бағдарламаларының өзгермелі жағдайында бағдарлау қабілетінің
төмен болуы арасындағы қарама-қайшылық әсер етіп отыр. Бұл қарама-қайшылық
тұлғалық-бағдарлық оқыту технологиясы бойынша іс-әрекеттік тәсілді пайдаланып,
студенттердің оқу, зерттеу және өзіндік жұмысын кешенді оздырудың алғышарты
болып табылады. Мұны шешу үшін мынадай оқыту тәсілдері қолданылады. Оқыту
тәсілдері: жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл- вариативтік және сараланған
бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың, студенттердің
жеке білім кеңістігін құру мәселелерін шешудің түрлі нысандарын пайдалану арқылы
қол жеткізіледі. Іс-әрекеттік тәсіл – студенттің дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру
жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттерін неғұрлым толық көрсету мен
дамытуға бағытталған. Құзіреттілік тәсілі – студенттердің тұлғалық сапаларының
кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде білім, икемділік пен
дағдыға негізделген құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықтың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде студенттердің басқа оқу орындарында оқу пәндерін таңдап оқуы және
олардың кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі зор. Өйткені, студент сыни
тұрғыдан өз білімін бақылайды, бөгде ортада өз шеберлігін айқын көрсетеді және
оқыту орталарын салыстырады [7,137-б.].
Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде
болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын
салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтайды. Білім берудің күрделі
мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі қағидаттарын
жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара
байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Сондықтан,
қазіргі кездегі жоғары білім беру жүйесінде студенттер мен оқытушылардың
жұмыстарының сапасына ерекше назар аудару қажет.
Педагогикалық білім беру жүйесінің сапасын арттыруда кәсіби құзіретті маман
даярлау іс-әрекеттік тәсілмен қоғам дамуында өзіндік үйлесім табу керек. Ол үшін
«студент-студент», «студент-оқытушы», «оқытушы-студент» байланыстары үзілмеуі
керек.
Біздің еңбегіміздің жемісі – бірлікте, демек, бірлесіп жасаған жұмыс әрқашан
жеңіл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |