серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
53
Изучение профессионального казахского языка приобретает исключительную
значимость и является обязательным и неотъемлимым компонентом комплексной
общей профессиональной подготовки специалистов, в основе которой
закладываются психолингвистические основы восприятия полиязычия.
Обучение языкам нацеливает на подготовку конкурентноспособных
специалистов, на привитие обучающихся умения самостоятельно добывать,
анализировать, структуировать и эффективно использовать полученную
информацию для максимальной самореализации.
ЛИТЕРАТУРА
1. Государственная программа функционирования и развития языков на
2001-2010 годы // Юридическая газета. – 21 февраля 2001 года.
2. Кадыралина Ж. Казахский язык – фактор консолидации
многонационального казахстанского общества // Саясат, 2002 г. - № 3-4.
– с. 88-91. С. 90.
3. Мухамедиева Н. К. Кәсіби қазақ тілі. А., 2003 ж.
4. Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка. – М.:
Наука, 1984. – 264 с.
5. Олейникова О.Н. Европейское сотрудничество в области
профессионального образования и обучения. Копенгагенский процесс. М.,
2004. - С. 70.
Түйіндеме
Аталмыш мақалада кәсіби-қазақ тілін оқытудың білім мазмұны
мен оны жетілдірудің тиімді әдістемесі қарастырылады.
Resume
This article considers some problems of methods and contents of
teaching the state language.
ƏӨЖ 81’1:811.512.1
КҮРДЕЛІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ТҮРКІТАНУДАҒЫ
ЗЕРТТЕЛУІ
Б. Қасым
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы қ.
Қазақ халқының өзімен бірге жасасып, өмір сүріп келе жатқан қазынасы
– тілі. Ұлт деген қасиетті ұғымның бір көрінісі – тілі. Сан ғасырлық тарихы
Вестник ПГУ № 3, 2010
54
бар халықтың «тіл – қатынас құралы» болып табылады. Ұлттық тілдің
дамуы ұлттың даму тарихымен тікелей байланысты. Тіл – халық тарихы.
Ол – өркениет пен мәдениеттің даму жолдары. Бұл жайында сөз зергері
Ғ. Мүсіреповтің даналық ойын келтіре кетейік. «Қай халықтың болса да
қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана
тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері,
қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар
бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы – жасаған
сайын жасара беруінде. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе
жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі» (курсив – Б.Қ.). Демек,
халық – өзінің тіл қазынасының иесі ғана емес, оны жасаушы, игілігіне
жаратушы, көзінің қарашығындай сақтаушысы. Тілдің әлеуметтік-қоғамдық
өмірдегі қажетін, сұранысын өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық
құбылыстардың қатарына жататыны, оның осы қырымен сипатталады.
Тіл – адамдардың қатынас құралы және қоғам өмірінің барлық саласына
қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде өткен немесе болып жатқан
өзгеріс, жаңалықтар тілге де әсерін тигізеді, белгілі мөлшерде ізін, таңбасын
қалдырады.
Аналитизмнің тіл дамуында маңызы ерекше. Сөз тіркестерінің
мағыналық даму нәтижесінде атаулық сипат алуы – көнеден келе жатқан
үдеріс. Тіл де қоғамдық үрдістермен бірге дамиды, жетіледі, өзгерістерге
енеді. Оны әр кезеңнің, әр дәуірдің тілдік деректерінен анық көруге болады.
Оған мына тілдік деректерді (фактілерді) келтіруге болады: *балбал →
сынтаг → сын тас (КТб., 16), *он оқ → халық (КТб., 12), *йер-суб → жер-су
(КТб., 20), *елтебер → елбасы (КТб., 53), *көзі-қашы → көзі-қасы (КТб., 50),
*ісіг-күчіг → күш-қуат (КТб., 3), т.б. [1; 174]. Келтірілген тілдік деректердегі
біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалу үлгісі ежелден барын, сөзжасамдық
тәсілдер екені ұғынылады. Бұл тәсілдің тілдің дамуында маңызы зор. Таным
тұрғысынан заттар мен құбылыстарға ұғымдық сипат беруге қолайлы,
ыңғайлы, тиімді жол. Ал оның табиғатын, жасалымын, мән-мазмұнын,
қолданымдық қызметін зерделеу тіл ғылымының ең өзекті мәселелерінің
бірі болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тіл білімі ғылымының алдындағы биік
мақсат-міндет – қазақ тілі байлығының бас арқауы саналатын лексикасының
(дара және күрделі сөздер) құрамы мен құрылысын, мағынасы мен
қолданымсын, тәсілі мен сөзжасам, сөзтудырым заңдылықтарын өмір
талабына сай қайта қарау, саралау. Сонымен қазақ тіліндегі күрделі сөздер
де ғасырлар бойы жасалып, үздіксіз дамып, жетіліп келе жатыр деуімізге
толық негіз бар.
Күрделі сөз – сөз атаулының ең жоғары, дамыған түрі. Қай халық
болмасын өз ойын айшықты, көркем беруге тырысады. Халық атау беруде
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
55
тіршіліктің кілті саналатын заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін
белгі және бағалау тұрғысынан алады. Соның бір белгісі күрделі сөздерден
де байқалады. Соның ізі, таңбасы күрделі сөздерде қалған. Тіл мамандары
күрделі сөз мәселесі туралы айтып та, жазып та келеді. Бірақ күрделі сөздің
анықтамасы, қағидасы, сипаттамасы, межесі тәрізді ұстанымдарын – басқа
күрделі тілдік құбылыстардан аражігін ажырататындай заңдылықты дөп
басып ұстау қиын. Әдетте, не нәрсенің болмасын айқын заңдылығы болмаса,
оның дұрыс шешім табуы оңайға соқпайтыны белгілі. Күрделі сөздің
тарихына көз жүгірткенде, ғалымдар тарапынан айтылған пікірлердің сан
алуандығы осыдан ба деп ойлаймыз. Оның себебі де түсінікті. Расында да,
күрделі сөздің бір қырынан қарағанда, басқа тілдік құбылыстардан пәлендей
айырмашылығы аңғарыла да бермейді. Сол себепті оны анықтау, сыр-
сипатын белгілеу, табиғатын түсіну өте ауыр соғады. Сондықтан да болар
қай кезеңде де күрделі сөз лингвистиканың күн тәртібінен түсер емес.
Күрделі сөз тілде кең қолданымды құбылыс болғандықтан, оны назардан
тыс қалды деуге болмайды. Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер жайлы зерттеу
ісі ХІХ-ХХ ғғ. аралығында, түркі тілдерінің алғашқы грамматикалары жасала
бастаған кезде қолға алына бастады. Сол кездегі әдебиеттерге зер салсақ,
негізінен күрделі сөздерді есепке алу кезеңі басталады. Бұл дәуірге И. Гиганов,
А. Казамбек, И.М. Мелиоранский, В.В. Радлов, Н.И. Ашмарин, т.б. сынды
зерттеушілердің еңбектерін жатқызуға болады. Бұл еңбектерде күрделі сөздің
кейбір құрылымдық тұстары ғана айтылып, жалпы мәлімет тұрғысынан
сипатталған. Ал осы мағлұмат келешек зерттеулерге негіз болды.
Бұл жерде біз, ең алдымен, алғашқы грамматиканы жасаушылардың
бірі болып есептелетін И. Гигановтың есімін атауымызға болады. Ол өзінің
«Татар тілінің грамматикасы» атты еңбегінде сөзқосым мәселесін ғылыми
түрде зерттелмегенімен, тобыл татарлары тіліндегі күрделі сөз жайында
мағлұмат берген И. Гиганов татар тілінде күрделі сөздің аздығын айта келе
мынадай анықтама жасайды: «Сложные слова есть то, которое составлено
из двух или нескольких слов» [2; 45]. Зерттеуші сол дәуірдің қиын міндетін
игеру үшін тілдің табиғатын жетік біліп, түсіне білген әрі жазу таңбасы араб
тілінде болғанына қарамастан, сөзді құрамына қарай жіктеген. Сонымен
қатар, зерттеуші тілдік деректерді келтіріп, олардың күрделі зат есім, күрделі
сын есім және күрделі етістік сияқты тіл құбылыстарын атап көрсеткен.
Әрине, тілшінің деректерінде күрделі сөзге сай келмейтін тұстары бар, бірақ
бұл кемшілік деп саналмай, қайта тілде күрделі құрылым, аналитизмнің бар
екенін көрсетіп, мәлімет бергені үшін құнды болып табылады, әрі оның тілдің
қазіргі дамуы үшін де пайдасы зор.
Ұқсас көзқарастардың ішінде А. Казамбектің күрделі сөз жайындағы
көзқарасын айтуға болады. Ол түркі тілдерінің тілдік байлығын,
құдіреттілігін, бейнелілігін айта келе, тілде бірнеше сөздерді тіркестіріп
Вестник ПГУ № 3, 2010
56
қолданылу әдісі бар екенін айтады. Соның ішінде күрделі сөздің бір түрі
күрделі етістікке (составное слово) тоқталады. Зерттеуші «составное слово»
деген терминді қолдануда сөздердің құралу тәсілін көрсетпек болған сияқты.
Онда сөзжасалымдық қасиет бар екенін анықтап, оны тұтас қалпында бір
сөз ретінде таниды, оған дұрыс анықтама береді. Бұл тұжырымдар тілдің
сол кездегі тұрғысынан қарағанда құнды пікірлер [3; 175-179]. Қазір
түркітанымда «күрделі сөз, сөзқосым» деген ұғымдар әбден тұрақталып,
күрделі сөзге қатысты кеңінен қолданылып келеді.
Түркі тілдеріне байланысты құнды тілдік деректерді жинап, соны пікірлер
айтқан зерттеушілер еңбектерінің тіл ғылымының дамуына өзіндік үлесі бар.
Әсіресе, олардың сөзжасамға қатысты түйіндеген ғылыми қағидаларының
маңызы ерекше. Мұнда олар күрделі сөзге, сөзқосымға қатысты нақтылы
деректер береді.
В.В. Радлов – жалпы түркі тілдері жайында артына мол мұра қалдырған
зерттеуші. Ол «қазақ тілі – түпкілік түркі таза қалпын сақтаған тіл» екенін
баса көрсеткен. Басқа тілден енген сөздердің өзі қазақ тілінің үндестік заңына
бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына енгенін айта келе, оның тазалығын,
табиғилығын тани білген. Сондықтан зерттеуші қазақ тіліне назар аударып,
сөздеріне зер салып, жинағанын атап өтеді. Солардың ішінде зерттеуші
сөзқосымның табиғаты жайында біраз құнды ойлар қалдырған. Әсіресе, бір
ұғымды білдіретін есім мен етістіктің тіркестерін күрделі сөз деп танып,
оларды түркі тілдеріне тән құбылыс екендігін айқындаған. Тілдің әр түрлі
дербес бірліктері дауысты дыбыстардың үндесіп келуінің нәтижесінде
біртұтас болып жымдасады деген батыл тұжырым жасайды. Сонымен,
В.В. Радлов түркі тілдеріндегі сөзқосымның барлығын мойындай отырып,
бір сөздегі дауысты дыбыстардың үйлесімі екінші сөздегі дауыстыларға
сәйкес келіп бағынады деген қорытынды жасайды. Зерттеуші сөзқосымды
фонетикалық заңдылықтар тұрғысынан қарап, оны дыбыстардың
үйлесімдігіне қарай бірнеше топқа жіктеген: есім мен есім, есім мен етістік,
етістік пен етістік (курсив – Б.Қ.).
Сонымен қатар ғалым қос сөздерді оның түрлеріне қатысты зерттеп,
«сложение» терминін, біздіңше, «сөзқосым» мағынасында жұмсаған секілді.
Себебі, айтылған пікірлер мен келтірілген тілдік деректер соған сәйкес келеді.
Қазір бұл термин лингвистикада күрделі сөздердің бір түрінің жасалу тәсілі
ретінде танылады. Ал есім мен етістіктің тіркесін біртұтас ұғымды білдіреді
деуінің жаны бар. Әлі күнге дейін бұл тілдік құбылыс сөзжасам деңгейінде
зерделенсе де, күрделі сөз ретінде ғылыми тұрғыда зерттелуі қалыс келеді.
Тек морфологиялық тұрғыдан қарастырылып келеді. Зерттеушілердің осындай
айтқан пікірлері келешек зерттелімдерге жол ашары анық.
Жоғарыдағы зерттеушілердің көзқарастарын кейініректе жалғастыру-
шы, дамытушы чуваш тілінің маманы Н.И. Ашмарин болды. Ғалым өз
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
57
еңбектерінде күрделі сөз жайында біраз нақты тілдік деректер береді.
Жоғарыдағы атап өткен еңбектерден тілшінің зерттеулері өзгеше. Ол тілдік
деректерінің молдығымен, терең талдауымен ерекшеленеді. Алдыңғы
ізашарлар күрделі сөзді фонетикалық немесе сөз құрамы тұрғысынан
сараласа, Н.И. Ашмарин сөз таптары мен сөз тіркестері тарапынан зерделейді.
Тілші чуваш тілінде алғаш рет «күрделі зат есім» (бөліп көрсеткен – Б.Қ.)
деген терминді қолданады. Сөйтіп, зерттеуші чуваш тіліндегі күрделі зат
есімдер екі сөзден құралып, екінші сыңары еш өзгеріссіз, кейде екінші
сыңарға қосымшалар жалғанатынын айтады. Оған мынадай тілдік деректерді
келтірген: *хйр-арам ‘ женщина ‘ (хер ‘ девица ‘, арам ‘ жена ‘), *езке-зике
‘ угощение ‘, (питье – еда), *сурдм-пус ‘ заря ‘ (сурам ‘ расщелина ‘, пус ‘
голова ‘ – букв. ‘ начало расщелины ‘), *курше-аршд ‘ соседи ‘ т.б. [4]. Автор
зат есімдер қосақталып келіп, қос сөздер жасайды, олар бір күрделі ұғымды
және жинақтық мағынаны білдіреді деген қорытынды жасайды (курсив
– Б.Қ.). Тілші сөзқосымның бірнеше түрін атап өткенімен, күрделі сөз бен
сөз тіркестерінің кейбір тұстарының аражігін толық ашып көрсетпеген.
Ғалымның қолданысында «күрделі сөз», «құранды сөз», «қосарланып біріккен
сөз», «сөз тіркесі», «күрделі ұғым» деген терминдер бір тілдік құбылыстың
төңірегінде қолданылады. Автор негізінен әр түрлі терминді қолданғанымен,
бір ғана мақсат көздеген. Ол – күрделі сөз. Оны автордың ой-түйінінен анық
байқауға болады. Бүгінгі таңда түркітанымда жоғарыда аталған терминдер
тіл ғылымының негізгі ғылыми терминдері болып саналады. Бұл айтылған
пікірлер кейінгі зерттеулерде тілшілер тарапынан жалғасын тапты.
Жалпы алғашқы грамматистердің еңбектерін жинақтай келгенде, зерттеу
күрделі сөздерді есепке алу бағытында жүргізілгенін көреміз. Олар тілде
күрделі құрылым барлығын тани біліп, оның дара сөздерден табиғаты өзгеше
екендігін аңғарған. Дегенмен бұл еңбектің қай-қайсысында да қазақ тілінің
заңдылықтарын орыс тілінің заңдылықтарына сәйкестендіре, үйлестіре
баяндалғаны белгілі. Еңбектің негізгі мақсат-мүддесінің өзі қазақ оқырманы
үшін емес, орыс аудиториясы, соның ішінде орыс тілін үйренушілер үшін
құрал жазу болатын. Сондықтан авторлардың басты көңіл бөлгені сөздердің
құрамы, олардың көбінесе жұрнақтармен жасалу түрі, оның түрлену жүйесі
десек артық айтқандық болмас. Демек, тілтанушылардың негізгі мақсаты
– сөздердің түрленуі мен жаңа сөздердің жасалу (көбінесе, синтетикалық
жолмен жасалу) тәсіліне бағытталды. Ал күрделі сөз тұлғасының лексика-
грамматикалық сыр-сипаттары назардан тыс қалды. Бұл кезде тілдің
тәжірибелік жағына баса мән берілді.
Дегенмен сол кездегі күрделі сөзге, күрделі құрылымдарға қатысты
айтылған ойлар мен деректер бүгінде тіл ғылымында қолданыс тапқаны
белгілі. Яғни, осы алғашқы зерттелімдер келешек ғылыми зерттеулердің
бастау көзі болды деген қорытынды жасауға болады.
Вестник ПГУ № 3, 2010
58
Тіл ғылымының кең тынысты зерттелуі Кеңес дәуірімен байланысты.
Бұл кезеңде әлем лингвистикасындағы теориялық мәселелері, оның дамуы
еліміздегі сан алуан ұлт тілдерінің даму заңдылықтарына мол үлесін қосты.
Тіл білімінің бір үлкен арнасы болып есептелінетін түркітаным да өзіндік
даму жолдарын бастан кешті. Ол күрделі мәселелерді игеруде алдына үлкен
мақсаттар мен міндеттер қойып, оны ғылыми-теориялық тұрғыдан шешуге
өз үлесін қосып келеді. Лингвистика үшін ғылыми-теориялық қағидалардың
даму, қалыптасу іргетасы қалана бастады. Өз кезеңі үшін бұл шаралар мәнді
де маңызды болып саналады. Соның бір көрінісі – күрделі сөздерді ғылыми
тұрғыда зерттеудің басталуы.
Түркітанудың ғылыми нысаналарының бірі – күрделі сөз мәселесі. Тіл
білімінде, соның ішінде, түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан
және арнайы зерттеу нысанасы еткен біраз еңбекті атауға болады. Көбінесе
бұл еңбектерде күрделі сөздер құрылымдық және тәсілге қатысты сөз болды.
Бұл арада түркітанушылардың біразының атын атаған жөн: Н.К. Дмитриев,
А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, А.А. Юлдашев, Б. Орузбаева, С.Н. Муратов,
Ә. Қайдаров, Ғ. Садуақасов, Ф.А. Ганиев, қазақ тіл білімінде басқа мәселелерді
зерттеу барысында күрделі сөзге ерекше мән беріп, оның табиғатын анықтау,
мәртебесін шешу төңірегінде пікір танытқан ғалымдар А. Ысқақов,
К. Аханов, Н. Оралбаева, В.А. Исенгалиева, т.б. тәрізді тіл мамандарының
еңбектерін атаған жөн.
Біз осы өзекті мәселенің төңірегінде мәселе көтеріп, сырын ашуға
атсалысқан тілші мамандардың бірі профессор Н.К. Дмитриевтің атын
атағанды жөн деп санаймыз. Ғалым «Құмық тілінің грамматикасы» (1940)
мен «Башқұрт тілінің грамматикасы» (1948) атты еңбектерінде күрделі
сөз деген терминді қолданбайды. Мәселен, құмық тіліндегі сөздерді «қос
сөзтіркестері» (парные словосочетание) сөзжасамның бір түрі деп қарайды.
Автордың түйіндеуінде сөздердің тіркесіп келуінде сөзжасамдық мән
барлығы, оның сөйлеу тіліндегі сөз қолданыстарынан түрлі айырмашылығы
сипатталады. Зерттеуші қайталауды (курсивтер – Б.Қ.) жазба ескерткіш
тілдерінде қолданылуына қарағанда, оны көне тәсілдердің бірі деп санаған.
Тілшінің «сөзтіркестері» деген терминді қолданысына қарағанда, оны
синтаксистің нысаны деп танығанын аңғаруға болады. Оған мынадай тілдік
деректер келтіреді: бара-бара, қап-қара, т.б. Ал келтірген деректермен қос
сөзтіркестері деген термин бір-бірімен сәйкес келмейді. Дегенмен ғалым
қайталама қос сөздердің грамматикалық мағына беретінін байқаған. Келесі
бір тұста тілшінің қос сөздердің мағынасы жайында айтылған нақты пікірлері,
ойлары бар.
Қарақалпақ тілінің грамматикалық құрылысын зерттеген профессор
Н.А. Баскаков сөзжасамның үш тәсілі барын айта келе, зат есімнің
синтаксистік тәсілмен жасалатындығына тоқталады. Автор сөзжасамның
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
59
бұл түрін былай сипаттайды: «сочетанием двух или нескольких слов в одно
лексическое целое» [6; 170]. Осы тәсілмен жасалған зат есімдерді біріккен
(составной): кара қъус, къурбакъа, джанывар (< джаны бар ‘животное ‘ букв.
‘имеющий душу ‘) және күрделі (сложный ): ойын-ойын ‘игрушки’, төбе-
төбе ‘горы, холмы ‘ т.б. күрделі зат есімдер деп бөледі. Демек, біріккен
зат есімдер генезисі жағынан анықтайтын және анықталатын сөздердің
тіркесуінен жасалады. Олардың еркін сөз тіркесінен айырмашылығы – бір
ғана ұғымды білдіреді деген қорытынды жасауға болады. Тілші осы тәсілмен
қалыптасқан күрделі сөздер лексикалық жақтан тұтасып жатады, іштей
мағыналы бөлшектерге бөлуге, я ажыратуға келмейді деп пайымдайды.
Күрделі зат есімдердің бір түріне қос сөздерді жатқызады. Сонымен қатар
лексикалық тәсілмен жасалған зат есімдерге темир джол (железная дорога), ай
балта (секира), қъарагъай агъаш (сосна), алтын сагъат (золотые часы) сияқты
күрделі сөздерді жатқызады. Біріншіден, тілші сөз тіркестері мен күрделі
сөздердің аражігін ашпаған, екіншіден, лексикалық тәсіл мен аналитикалық
тәсілдің де қызметтері айқындалмаған, үшіншіден, келтірілген деректер
айтылған тәсілдерге сай келмейді. Ғалымның күрделі сөзді бір лексикалық
ұғымды білдіретін бірліктер деп тануын қуаттаймыз да, ал, қос сөздердің
кейбір түрін лексикалық бірлік деп тануымен келісу қиын. Сол сияқты
кейбір тұста күрделі зат есімдер мен сөз тіркестері араласып кеткен, оны
жоғарыда келтірілген деректерден көруге болады: алтын сағат, қарағай ағаш
сөз тіркестері. Автордың термин қолданысында да өзгешелік бар. Ғалымның
түсінігінде күрделі сөз деген ұғым составное слово деген термин-ұғыммен
берілген. Қазір лингвистикада бұл ұғым-термин біріккен сөз деген ұғымды
білдіру мақсатында қолданылады.
Жоғарыда айтқанымыздай, түркітануда күрделі сөздің терминдері
жөнінде пікір тұтастығы бір жерден шыға бермейді. «Күрделі сөз» деген
термин өз мәнінде жұмсалмай, нақты құбылыстың толық мазмұнын
көрсете алмай келеді. Әдетте, терминге қойылар талап бойынша олардың
мағынасы дара, айқын болуға тиіс, яғни екіұшты мәні болмауы керек.
Мұндай ұстанымдар кез келген күрделі сөзге қатысты мәселеде зерттеушілер
тарапынан толық ескеріле бермеген. Тіпті бұл ұстанымдар түркі тілдерінің
бәрінде де жеке-жеке сараланбаған. Оған жоғарыда күрделі сөздерге қатысты
зерттеушілердің еңбектерін талдаудың барысында көз жеткізілді. Осындай
ала-құлалық тіл байлығының қомақты бөлігін алып жатқан және елеулі үлесін
қосып жатқан күрделі сөздерге нұқсанын тигізері сөзсіз. Осындай пікірлердің
болуына қарамастан, көптеген түркітанушылар «күрделі сөз» деген ұғым сол
лексикалық бірліктің табиғатын ашатынын аңғартады және осы терминмен
атап жүр. Біз де зерттеу жұмысымызда осы терминді басшылыққа алдық.
Академик А.Н. Кононов «Қазіргі түрік әдеби тілі грамматикасы»
мен «Қазіргі өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбектерінде күрделі
Вестник ПГУ № 3, 2010
60
сөздерге қатысты жеке грамматикаларда айтылып жүрген пікірлерді
кеңейте түсті. Автор күрделі сөзді өз ішінде біріккен сөздер, нағыз күрделі
сөздер деп бірнеше топқа бөліп, мәселенің түйінді жеріне назар аударды.
Біріншіден, автор күрделі сөзге мынадай анықтама береді: «соединение двух
или реже трех слов, дающих в синтезе новую лексическую единицу» және
сөзжасам жүйесінде «синтаксико-морфологический тип словообразования» деп
[7] сөзқосымның түрлі типтеріне сәйкес табиғаты грамматиканың екі саласы:
морфология және синтаксиспен ұштасып жататындығын тілге тиек етеді.
А.Н. Кононов күрделі зат есімнің бірнеше жасалу типтерін көрсетеді. Екіншіден,
күрделі сөзді таза лексикалық бірлік деп таниды. Үшіншіден, күрделі сөздердің
қалыптасу типтерін анықтаған. Ғалым күрделі сөздердің жасалу типтерін
қарастырғанда синтаксистік қатынастарға қатысты анықтайды. Ал лексикалық
бірлік жасалып, сөзжасам тұрғысынан қарастырған уақытта синтаксистік қатынас
өз қызметін тоқтатады. Сондықтан, автордың бұл пікірімен келісу қиын.
Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандарының күрделі сөздердің барлық
түрлеріне қатысты айтылған құнды пікірлері бар. Демек, күрделі сөз тілдің
түрлі деңгейінде қарастырылса да, соған қатысты түрлі деректер бар.
Түркітанушылардың күрделі сөзге үнемі көңіл бөліп отырғанын байқау
қиын емес.
Күрделі сөз құбылысының түркі тілдеріндегі көрінісіне, зерттелу
жайына назар аударылатын болса, белгілі түркітанушы А.А. Юлдашев
күрделі сөздерге түркі тілдері өте бай екенін және ерекше орын алатынын
айта келіп: «Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер молдығына қарамастан,
олар не термин тұрғысынан, не бірлік тұрғысынан грамматикаларда да,
сөздіктерде де толық сипаттама алған емес», – дейді [8]. Автордың күрделі
сөздер құбылысының табиғатын ашатын зерттеулер әлі күнге ғылыми
тұрғыда жеткілікті дәрежеде жүйеленген де, зерттелген де емес деуінің әбден
жаны бар. Ғалым осы салада арнайы зерттелу жұмыстарының аздығын,
бұл проблема әлі де күн тәртібінде тұрғандығын, өз деңгейінде шешімін
таппай келе жатқандығын тілге тиек етеді. А.А. Юлдашев түркі тілдерінің
күрделі сөз құбылысының жалпы табиғатын, құрылысын ашатын қомақты
ғылыми еңбектің жоқтығын айтып өтеді. Ғалым күрделі сөзді лексикалық
ұғым ретінде тануды міндет етіп қойды: «...сложное слово предполагает
такое отношение между компонентами, которое способствует своеобразной
реализации их лексических значений и которое приводит к возникновению
новой лексической единицы. Необходимым условием для возникновения новой
единицы является возможность осуществления значений компонентов в новой
семантической сфере, которая сопровождается нарушением синтаксических
отношений между компонентами» (курсив – Б.Қ.) [9; 9]. Бұл келтірілген
тұжырымдамадан ғалымның күрделі сөз жаңа сипаттағы лексикалық бірлік
және оның қалыптасуына сыңарлар мағынасының семантикалық өрісі
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
61
негізгі шарты болады деген ойы аңғарылады. Автордың пікірінше, күрделі
сөздің басты қасиеті құрамындағы сыңарлардың сапасында. Күрделі сөздер
лексикалық мағынасы бар дара сөз сияқты жеке бірлік ретінде танылып,
солармен бір деңгейде есептеліну керектігін айтады.
1971 жылы шыққан «Структура и история тюркских языков» деген
ғылыми жинақта В.Г. Егоровтың «Словосложение в тюркских языках»
атты мақаласында күрделі сөз сөзжасамның бір тәсілімен қалыптасқаны,
лексикалық бірлік ретінде танылғаны, оның тілде жеке сөздердің қандай
қасиеті болса, күрделі сөздердің де мағынасы және қызметі жағынан
олармен бірдей, пара-пар деген дәлелді тұжырымдамасы көрініс табады [10].
Мұнда ғалым В.Г. Егоров түркі тілдерінде сөзқосымның қосарлау, біріктіру,
тіркестіру арқылы жасалған түрлері бар екенін, оның сөз таптарына қатысын
біршама талдап, саралап көрсетеді. Солардың ішінде қос сөздердің түркі
тілдерінің тарихында алатын орны ерекше екенін және оларды сөздік қорды
молайтудың қайнар көзі деп түйіндейді.
Сөзқосымның келесі түрін күрделі сөз дейді. Түркі тілдеріндегі күрделі
сөздердің әр түрлі болатындығын айта келе, тілші күрделі сөзді «лексикалық
бірлік», «нақты ұғым», «бір екпін», «біртұтас түрлену жүйесі» деген сияқты
ұстанымдарды негізге алған. Сонымен қатар ғалымның термин қолданысында
өзгешелік бар. Оны мақаланың аты да айтып тұр. Сөзқосымның түрлерін:
қосарлану, біріктіру, тіркестіру деп бөліп көрсетеді. Өйткені, тілші күрделі
сөзді сөзқосымның бір түрі деп қараған. Әрине, сөзқосым күрделі сөзді
жасаудың бір тәсілі, сондықтан күрделі «түр» деп, сөзқосымды – күрделі сөз
деген ғалымның тұжырымдамасымен және солай саралап тануымен келісу
қиын. Бұның өзі күрделі сөздің термин мәселесінің де нақты шешілмегендігін
аңғартады. Ал ғалымның лексикалық бірлік пен нақты ұғымды білдіреді деген
пікірімен толық келісуге болады.
Қазіргі татар тілінің грамматикасын зерттеуші ғалымдар да күрделі
сөздерді әрбір сөз табымен байланыстыра сөз етіп, күрделі сөздерді татар
тілінің мамандары төрт түрге бөледі: күрделі сөз, қос сөз, құрама сөз,
қысқарған сөз.
Әзербайжан тілін зерттеуші ғалымдар да күрделі сөздерді сөз таптарына
қатысты қарастырады. Мәселен зат есім аналитикалық тәсілмен жасалады
дей келе, құрылысы мен құрамындағы сөздердің бір-біріне қатысы жағынан
оны үшке бөледі: нағыз күрделі зат есімдер, қос сөзді зат есім, қысқарған
зат есімдер. Мәселен, тілші М.И. Әділов оларды жасалу тәсіліне қатысты:
«...екі я бірнеше сөз өзара байланысқа түсу нәтижесінде тұтасып, ақыры бүтін
бір мағына білдіретін сөз пайда болады», – деп тұжырымдаса, екінші бір
тұсында күрделі сөздердің қалыптасуындағы негізгі заңдылығы ретінде тілдің
ішкі дамуынан, құрылуынан және ұлттық сипатынан шығатынын ескертеді
[11; 5] (курсив – Б.Қ.). Зерттеушінің күрделі сөзді айқындаудағы тілдің
Вестник ПГУ № 3, 2010
62
ішкі даму ерекшелігі мен ұлттық сипатын ескерткен тұсы құптарлық жайт.
Себебі, қай-қай тіл болмасын оның лексикасында ұлттық сипаты, жасалу
ерекшелігі болатыны ақиқат. Жалпы жаңа мағыналы лексема я күрделі сөздің
қалыптасуында ішкі даму – күрделі сөзді құрастырушы сыңарлардың ішкі
мағыналық құрылымының дамуын көрсетеді және ол уәжділік дәрежелерімен
сәйкес келеді. Сондықтан сөздің мағыналық дамуы үнемі болып отыратын
тілдік құбылыс, сол арқылы жаңадан лексема жасалып отырады деген түйін
жасауға болады. Оны тіл деректері де дәлелдей түседі.
Күрделі сөздерге берілген анықтамаға жетер жолда күрделі сөз
құбылысы әлемдік лингвистика ғылымында және жеке тіл білімінде ұзақ
зерттелу кезеңдерінен өтті. Біріншіден, жалпы тіл-тілде күрделі сөз құбылысы
бар ма; екіншіден, күрделі сөздер басқа тілдік құбылыстардан несімен
ерекшеленеді; үшіншіден, күрделі сөз құбылысы әлем тілдерінің барлығына
тән, ортақ құбылыс па; төртіншіден, күрделі сөздердің шығу тарихы,
жасалу жолдары, тілде алатын мәртебесі, т.б. тәрізді сан қилы сауалдар,
мәселелер төңірегінде ғылыми зерттеулер, даулы мәселелері жөнінде әр
қилы пікірталастар, пікірсайыстар жүргізіліп келеді. Осындай ғылыми
ізденістер нәтижесінде күрделі сөздер туралы мәселелердің біразы, атап
айтсақ, құрылымдық жағынан, құрамы жөнінде өз шешімін тапқанымен, әлі
де басы ашылмаған қыры-сыры мол, анықтайтын мәселелері, әсіресе, күрделі
сөзді аталым тұрғысынан қарастыру, олардың қалыптасуындағы уәжділік
заңдылықтарының басын ашу, айқындау және оны сол заңдылықтармен
үйлестіру, т.б. сияқты мәселелері бар тілдік құбылыс.
Күрделі сөздердің күрделі құбылыс екені басы ашық нәрсе.
Тіл ғылымында сөз атаулының белгілі сипаттары бірін екіншісіне
жақындастыратын болса, екінші бір қасиеті бірі екіншісінен ажыратылып
жатады. Бірнеше ортақ белгілер оларды өзара байланыстырып, бір тілдік
жүйеде өмір сүруіне жағдай жасаса, екінші белгілері дербестік барлығын
көрсетеді. Тіл біліміндегі бұл заңдылықтар қатар жүріп отырады. Сөздердің
осындай белгілерін топтастырғанда олардың лексикалық мағынасы,
құрылымдық (морфологиялық) белгісі мен түрлену жүйесі және синтаксистік
қызметі есепке алынып отырады. Міне, тіл білімінде күрделі сөздерді
анықтайтын осы үш белгі, негізгі ұстаным ретінде алынады.
Демек, тіл білімінде көп зерттеліп, жан-жақты қаралып жүрген осы
мәселе жөнінде ғалымдардың пікірі бір арнада тоғыса бермейді. Осыған
байланысты көптеген түркітанушылардың айтуы бойынша күрделі сөздердің
құрамында тілдің басқа да құбылыстары бірге қаралып жүр деген пікірлер
бар. Мұндай көзқарас тіліміздегі күрделі сөздерге де елеулі нұқсанын
тигізетіндігі төмендегі ғалымдардың еңбектерінде сөз болады.
Түркі тілдерінің төл өкілі, белгілі лингвист, сөзжасам маманы
Ф.А. Ганиев тұңғыш рет ғылыми тұрғыда татар тіліндегі күрделі сөздерге
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
63
талдау жасады. Ғалым түркітанымда тілші мамандардың көпшілігінің
ойынан шығатын бір көзқарасты алға қойды. Ол зерттеушілердің көбі
тілдің синтетикалық жағына көбірек мән бөлетіндігін айта отырып, тілдегі
аналитизмді жоққа шығарушылардың барлығын, мамандар тарапынан
аналитизмге зер салынбай келе жатқандығын ескерте кетеді. Сөзіміз дәлелді
болу үшін автордың өз ойын келтірейік: «Другое свойство тюркских языков,
их аналитизм, не учитывался абсолютно большинством языковедов. Однако
аналитизм, как показывают факты, в системе и структуре языка играет
не меньшую роль, чем агглютинативность. Аналитизм тюркских языков
пронизывает всю их грамматическую и словообразовательную систему.
Без учета аналитичности строя тюркских языков была бы весьма неполной,
и многое в их строе невозможно было бы понять» (курсив – Б.Қ.) [15; 11].
Осы мәселе төңірегіндегі біздің пікіріміз де осы тұжырыммен ұштасып
жатыр. Зерттеу барысында күрделі сөздің негізгі қасиеттерін анықтау десек,
оны Ф.А. Ганиевтің мына пікірі айқындай түсетін секілді: «Атап айтқанда,
сөзқосым мен күрделі сөздің теориялық саралануының тіл білімінде ұзақ
тарихы барын көрсетеді. Соған қарамастан, бір қалыпқа түскен сөзқосым
туралы зерттеулердің теориялық нақтылы ұстанымы мен бірыңғай өлшемі
және күрделі сөзді жіктеудің біртұтастығы жоқ», – деп санайды [15; 15].
Тіл білімінде, соның ішінде түркітанымда күрделі сөздің қалыптасқан
теориясын табу қиындығын жоғарыдағы пікірлерден анық көруге болады.
Күрделі сөздің көптеген аспектісі даулы, құрылымдық жағынан талас
тудырып, теориялық тұрғыдан шешілмеген қырлары бар екені даусыз.
Сондықтан да зерттеушілердің басты бөлігі синтетикалық сөздің құрылымына
көбірек көңіл бөлді де, аналитикалық тәсілмен жасалған туындылар көп
жағдайда көлеңкеде қалып отырды.
Ф.А. Ганиевтің еңбегі жаңа бағыттағы зерттеулердің бірі екендігі
түркітанымда белгілі. Аналитизмнің тілдің лексикалық құрылысы үшін де,
грамматикалық құрылысы үшін де мәні зор. Зерттеушінің құнды пікірі деп
аналитизмді (күрделі сөзді) тіл жүйесінде ғылыми түрде сөзжасам деңгейіне
көтеруі болып саналады. Автордың пікірінше, күрделі сөздің жасалу
тәсілінің бірі – сөзқосымды бұрыннан бар әдіс, ал екінші – күрделі сөз сөз
тіркесінің лексикалану (конверсия) жолымен жасалатындығына әлі де көңіл
бөлінбей келеді деген ойын құптай отырып, осы мәселенің жаңаша зерделену
қажеттігімен түсіндіреміз.
Жоғарыдағы қарастырылған тұжырымдардың негізінде мынадай
қорытынды жасауға болады: күрделі сөз – күрделі лексикалық бірлік ретінде
кем дегенде екі сөзден жасалатын туынды сөздер, құрамы тұрақты, жаңа
мағынаға ие болған, семантикалық бірлікте жұмсалатын дербес ұғымды
білдіретін лексемалар.
Вестник ПГУ № 3, 2010
64
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші // Ана тілі. 1995.– Алматы.
2. Гиганов И. Грамматика татарского языка. – СПб., 1801.
3. Казамбек А. Общая грамматика турецко-татарского языка. – Казань,
1846.
4. Ашмарин Н.И. Материалы для исследования чувашского языка.
–Казань, 1898, 1903 гг.
5. Оралбаева Н. Күрделі сөздер // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет
сериясы. – № 2. – 1999.
6. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. II Фонетика и Морфология.
– М.: Наука, 1952.
7. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекской литературного
языка. – М.-Л.: Наука, 1960.
8. Юлдашев А.А. К характеристике тюркских сложных слов. – ВЯ.,
1969. – №5.
9. Юлдашев А.А. Аналитические формы глагола в тюркских языках.
–М.: Наука, 1965.
10. Егоров В.Г. Словосложение в тюркских языках // Структура и история
тюркских языков. – М., 1971.
11. Адилов М.И. Сложные слова в современном азербайджанском языке:
Автореф. ... канд. филол. наук. – Баку, 1958.
12. Жирмунский В.М. О границах слова // Морфологическая струкгура
слова в языках различных типов. – М-Л., 1963.
13. Смирницкий А.И. К вопросу о слове // Вопросы теории и истории
языка. – М., 1952.
14. Кумахов М.А. К вопросу о границах слова в адыгейских языках //
Морфологическая структура в языках различных типов. – М-Л., 1963.
15. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. – М.:
Наука, 1982.
16. Улуханов И.С. О степенях словообразовательной мотивиро-ванности
слов // Вопросы языкознания. – М., 1992. – № 5.
Резюме
В статье затрагиваются проблемы и роль аналитизма в
развитии языка. Так же рассматриваются моменты исторического
происхождения номинативного значения в результате семантического
развития словосочетаний.
Resume
In the article is observed the role of analytism in the development of
languages. As a result of meaningful development of word combinations
the nominatives has been originated from the past times.
Достарыңызбен бөлісу: |