Жоғарыда айтып кеткен балалар еңбегі мақта жинау саласында көптеп тартылады,
қосымша қазіргі таңда балаларды денсаулықтарына зиян темекі жинау және өсіру саласына
да тартып жатыр.Еңбекшіқазақ ауданындағы зерттеуге қатысқан үш ауыл темекі өсірумен
айналысып жатқаны белгілі болды. Балалар еңбегін темекі өсіруде пайдалану мәселесі –
Қазақстан қоғамында жасырын болуында.Қазақстанның темекі алқаптарында балалар
еңбегін пайдалануға тыйым салынуына қарамастан,2010 жылы «Human Right Watch»
ұйымы Малыбай ауылына жақын жатқан алқапта 18 жасқа толмаған балалардың жұмыс
істеп жүрген 72 оқиғасын тіркеген болатын.[6]Балалар денсаулығына келтірілетін
қауіптер.18 жасқа дейінгі балалардың еңбегін темекі плантацияларында қолдану ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің
еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыс тізіміне енгізілген. Осы мәселеге сілтеме
жасар болсақ, ҚР еңбек кодексінің 179 бабына сілтеме жасасақ, яғни он сегіз жасқа
толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше
зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ олардың орындалуы олардың
денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын
бизнесі,түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін,темекі бұйымдарын,
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру,тасымалдау мен сату ) қолдануға
тыйым салынады.[3,б.60]Темекімен еріксіз жұмыс істейтін балалар жиі ауырады,туғаннан
бастап тыныс алу жетіспеушілігімен зардап шегеді,демікпемен жиі ауырады.Бала
денсаулығына нұқсан келу қаупі темекімен тікелей жұмыс істеумен қатар,баланың
темекінің қасында жүруінің өзі денсаулыққа зиян.Темекімен жұмысты бақылаған кезде
,темекі кептіретін үйлердің айналасындағы ауада темекінің аңқыған иісі тұрады
Балалар еңбегін мақта жинау, темекі жинау саласында пайдаланылатынын білдік.
Бірақ, осы балалар еңбегін көкеніс жинау саласында қолданатынын біріміз білсек, біріміз
білмей жатамыз.Бала еңбегі көкөністерді егуде,отауда, және жинауда пайдалану сонау
кеңес уақытынан келе жатыр.Алайда көкөністегі балалар еңбегінің барлық түрлері еңбектің
ең ауыр түрлеріне жатпайды.Әрине,көкөніс алқаптарындағы жұмыс балалар денсаулығына
зиян тигізеді.Денсаулыққа және еңбектің жағымсыз жағдайларына мыналар жатады:ыстық
ауа райы, күннің көзі,таза ауыз суының,тынығатын және тамақтанатын орынның
болмауы,кесетін құралдармен жұмыс істеу,ауыр заттарды көтеру, жәндіктер мен жыланның
шағып алуы,тыңайтқыштарды қолдану.Мысалы,көкөніс алқабында жұмыс істейтін
балаларда көкөністі өсіру кезінде қолданылатын органикалық және химиялық
тыңайтқыштан,яғни азот,фосфор,калий және басқа да пестицидтерден аллергия болуы
мүмкін.Балалар пестицидтермен ластаған жерді ұстауы мүмкін,ластанған қолдары арқылы
өз ағзаларына улы заттарды қабылдайды.
893
Осы мәселелерді көтере отырып, мынадай ұсыныстарды енгізсек дұрыс болар еді.Олар:
1. Жасөспірімдердің қадағалаусыздық пен қараусыздықтың алдын алу сұрақтарын шешу
бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік
атқарушы өкіметтердің қарым-қатынасын, ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
2. Тұрақты мекен-жайы жоқ балалар, білім мекемелерінде оқымайтын 7-15 жас
аралығындағы
балаларға
статистикалық
есеп
жүргізу.
3. Өмірде қиын жағдайларға душар болған балаларға көмек көрсететін мемлекеттік
әлеуметтік қызметтердің міндеттері ұқсас мекемелер және үкіметтік емес ұйымдармен
ынтымақтастықты
дамыту.
4. Адам құқығын бұзуға, балалар еңбегінің сорақы түріне қарсы көзқарасты қалыптастыру
мақсатында балалар еңбегі проблемалары мен оларды жою әдістері бойынша қоғамды
ақпараттандыруға ықпал жасау.
5. Кедей отбасы мәселесін шешу, оның ішінде үй шаруашылығына шартты әлеуметтік
жәрдемақы төлемдері жүйесі арқылы;
6. Балаларды, сонымен қатар ата-аналарды бала еңбегінің салдарымен таныстыру, насихат
жұмыстарын жүргізу;
7. Ауылдық жерлерде қосымша білім беруді, үйірмелерді, спорт секцияларын, аула
клубтарын, кітапханаларды, спорт алаңдарын, балаларға арналған демалыс орындарын,
жазғы лагерлерді белсенді түрде дамыту;
8. Мемлекеттік деңгейде бала еңбегін ұйымдастыруды реттеу, яғни 14 жастан жоғары
балаларға ҚР еңбек заңнамасын сақтауды қамтамасыз ететін еңбектің жеңіл түрлерін ұсыну
керек және жастардың жұмыспен айналысуын қолдау қажет;
9.Ауыл шаруашылығын механикаландыру (көкөніс пен мақта салаларын).
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
1995 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы( соңғы
өзгерістер мен толықтырулар 2014 жылы енгізілді )
2.
1989 жылы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы Конвенция
3.
2007 жылы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
(соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2014 жылы 3 шілдеде енгізілді)
4.
2002 жылы 8 тамызда қабылдаған "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы" № 345-II ҚР заңы
5.
Еңбек құқығы,Ахметов.А.А-Алматы,2008.
6.
27 қарашаның 2014 жылы жарияланған мақала
http://news.nur.kz/kk/292238.html
УДК 347-61/64(091)
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗІНДЕГІ
ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Ирдышева Фариза
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
Ғылыми жетекшісі:құқық магистрі Каленова Бақыт Ниязқызы
Отбасы және неке.Бұл ұғымдарды қай жағынын алып қарасақ та,атам заманнан бастап
адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Адам болып жаратылғаннан кейін отбасын
құрып, балалы - шағалы болу, ұрпақ қалдыру сынды мақсаттар әрбір адамнын көкейіндегі
894
армандардың бірі болар деп айтсақ қателеспеспіз.Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз –
бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге
де нысандарынан туыдайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға
септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен
байланысқан адамдар тобы.[9,б.12] Қазақстандық құқықтық жүйе романо-германдық
жүйеге жататын болғандықтан заңды басшылыққа алады. Ең жоғарғы заң Конституция
болып табылады. Бәрімізге белгілі отбасы неке қатынастары арнайы заңмен реттеледі,
негізінен ол неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі.( 2011 жылы 26
желтоқсанда қабылданған Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі( cоңғы
өзгерістер мен толықтырулар 2014 жылы енгізілген)Бірақ, әсіресе қазақ халқында,
отбасындағы қатынастардың бәрі құқық жолымен реттеле бермейді.Отбасындағы
қатынастар, негізінен, адамгершлік, ізгілік өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл
өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Болашаққа
қадам баспай тұрып, біз әрқашанда тарихымызды ұмытпау керекпіз. Өткен күндердің бізге
берері де, алары да көп. Қателіктерден сабақ алып, ал игі істерді сақтап қалуға
тырысамыз.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемге танылған тәуелсіз
мемлекеттердің бірі. Ал мұндай мемлекет болу үшін біздің заңдарымыз мызғымастай берік
болу керек.Жоғарыда айтқандай КР конститутциясы, кодекстер, нормативтік құқықтық
актлер бұлардың барлығы дерлік азаматтардың қолайлы қоғамда тұруына бірден бір кепіл.
Тақырыптан ауытқымай айтсақ, неке және отбасы қатынастарын қазақ хандығы кезіндегі
жағдайын және бүгінгі таңдағы ахуалын, саралап, бұрыс, дұрыс жақтарын ажыратып
көрейік. Қазақ хандығы кезіндегі неке және отбасы қатынастары тіпті балалар дүниеге
келмей жатып туындаған. Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып
жүретін.
Болашақ
келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар
дүниеге
келмей
жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден
іздестіретін.
Құда
түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда
жеті
атаға
толмаған
туыстар
арасында
неке
қиюға
қатаң
тыйым
салынатын.
Баланы
үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай
болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің
қалыңдыққа
ұрын
баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсім.[2 б. 54]
Осы жоғарыда айтып кеткен қазақ хандығы кезіндегі неке және отбасы құқығында
некеге тұру жасы келесідегідей болған: Әдеттік құқықта некеге тұру жасы ерлер үшін 15
жас, әйелдер үшін 16 жас деп белгіленді Н.И.Гродеков Қазалы уезінде байлар арасында
балаларын 9-12 жаста үйлендірген жайттың кездесетіндігін айтқан.[3,б. 45] Бала күнінен
айттырып, 12-15 арасында үйлендірген жайттардың жиі кездескенін Құдабай Қостанаев та
өз еңбегіне арқау еткен П.И.Пашиноның жолжазбасында Сыр бойындағы қазақ отбасының
бәрінде дерлік қызбаланы бесікте жатқан кезінде-ақ айттырылып қойылатынын жазған, әрі
бұл әдет-ғұрыптың орын алуын Сыр өңірінде қоқандықтар билігінің орнығуымен
байланыстырады Г.Загряжский ер балаларды 12 жастан үйлендірген, қыз балаларды 10
жасынан айттырып, 16 жасынан ұзатқан жайттарға куә болған Қазақ қоғамының негізі ру
болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасы басында ер адам отырды. Ер адам отбасында
артықшылыққа ие болса әйел адамдардың құқығы шектеулі болды. Ер адам отбасы
мүлкінің иесі саналды және отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Әке баласын еншісіз және
қызын жасаусыз қалдыра алмады. Бұл жағдай әрі міндет, әрі парыз саналды.
Қазақ қоғамында билік әрқашан ер адамның, отағасының қолында болғанда белгілі.Ал
балаларды үйлендіру кезіндегі мұндй артықшылықтар әкенің қолында болуы заңдылық.
Некеге тұру мәселесін ата-аналар (әкесі) шешті. Жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеді.
Неке құда түсу рәсімімен басталады. Құда түсу ата-аналардың балаларын үйлендіру үшін
жасайтын әрекеті. Құда түсу балалардың жас күнінде , тіпті бала туылмай тұрып жасалды.
Құда түскен жақ қалың мал төледі. Қалыңмал төленген қыз қалыңдық деп талды және ол
қалың мал төлеген жігітке тұрмысқа шығуға міндетті болды. Жігіт қайтыс болған жағдай
да қалыңдық жесір атанып, жігіттің туыстарының біріне күйеуге шығуға міндетті болды.
895
Хандар, сұлтандар, билер және байлар қалыңмал төлеп көп әйел ала берді. Бірінші әйел
бәбіше, қалған әйелдері тоқал деп аталған. Бәйбіше артықшылыққа ие болды. Неке қию
рәсімі шариғат жолымен жасалды. Неке қию салтанаты үйленушілердің ата-аналарының, 2-
3 куәнің және көпшіліктің алдында өтті. Жеті атадан аспай қыз алу өлім жазасына кесілген,
егер отбасылары кешірім берсе, бұл үкім жазалаумен, дүре соғумен ауыстырылған (Дүре
- араб сөзі. Дүре соғу айыпты болған адамды жазалаудың бір түрі. Дүре соғуға үш өрім,
сабы жуан, денеге ауыр сызат салатын қамшы немесе таяқ, арнайы жонылған
шыбық қолданылған. Дүре соғуға кесімді биден басқа, әулет иесі, ауыл басқарған беделді
бай да бере алған. Дүре соғу ісін көбіне әскер құрамындағы қолының қарымы күшті адам
атқарған). Г.Загряжскийдің жазып алуы бойынша, дүре қылмыстың айыбының түріне қарай
6 дан 90 ретке дейін соғылған, жеті ата аспай үйленгендерге 72 ден 90 дүреге дейін соғылған
.[3 б. 13]Ал қазіргі кездегі неке және отбас ы қатынастары өзгешелеу,осының ішінде өзгеше
атап өтетіні неке шарты.Қазақ хандығында неке шарты атымен болмаған.Тіпті жеті жарғы
заңына сәйкес жесір қалған әйел елден кетпеген. Соған байланысты халықта мынадай сөз
қалған: Ерден кетсе де, елден кетпейді. Олай болса қазіргі таңдағы неке шарты біздің ата
бабамыздың салып кеткен сара жолын бұзбай емей, немене? Соның салдарынан азаматтық
неке, жалғызбасты ана, жетім бала саны көбейді. Неке шартын да ұлтымызға төнер қауіп
деп білемін. Өйткені ерлі-зайыптылардың көкейінде отбасылық құндылық емес,
материалдық байлық жатады. Бұдан соң өнегелі шаңырақ, тәлімді ұрпақ жайлы қайтіп
әңгіме қозғамақпыз?! «Ажырассам, мына дүние-мүлікті өзіме қалдырып, пайдаға
жаратамын» деген ойдың жетегімен жүретін ата-ана баласына қандай тәрбие беріп, үлгі
көрсетпек? Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, неке шарты дегеніміз – некеге отыратын
азаматтардың немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Олай болса жоғарыда көрсеткендей неке
шарты тек қана мүліктік қатынастарды ғана реттейді.Неке шартын мүлдем заңнан алып
тастасақ көптеген наразылықтар туындайтыны хақ. Осыны негізге ала отырып, неке
шартына кейбір өзгерістер енгізсек. Нақты айтсақ, осы шартқа отбасылық қатынастарды
сақтап қалуға тырысатын кейбір баптар қоссақ.Кімде кім неке шартына отырар болса, онда
сол шартта екі жақтың келісімімен ажырасудың алдын алу шараларын өткізсін. Ажыраспас
бұрын ерлі зайыптылар үш күндік демалысты баларымен бірге өткізсін. Осы бапты енгізе
отырып, мүмкін біз бір шаңырақты болсын аман сақтап қаламыз. Қалай алып қарасақ та
отбасы адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі.Отбасын құрғанан кейін оны сақтап
қалу басты мақсат.Неке шартына келер болсақ расыменде де ол тек мүлікке қатысты
қатынастарды ғана қамтиды және оны заңнан алып тастау мүмкін емес. Сол себепті ұсынған
ұсыныстар расымен де бір отбасыға болсын көмегін тигізеді деген үміттеміз. Сол кезде ғана
құт-берекеге толы шаңырақ, бақытты балалар өсіп- өнер еді. Шарт, мүлік, ақша дегендерді
бір сәтке болсын етсен шығарып, отбасы өміріміздегі ең кұнды байлық екенін ұмытпайық!
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы (соңғы өзгерістер
мен толықтырулар 2014 жылы енгізілді.
2.
2011 жылы 26 желтоқсанда қабылданған Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
Кодексі ( cоңғы өзгерістер мен толықтырулар 2014 жылы енгізілген)
3.
Алтынсарин И. Очерки обычаев при сватовстве и свадеб у киргизов Оренбургского
ведомства // Машинописная рукопись. Отдел рукописей и редких кних Национальной
библиотеки. Оренбург, 1870. 15 лист.
896
УДК 343.4.
ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ
Ермаш А.А.
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Қазақтың байырғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы
орны мен міндетін білдіретін және мүліктік меншікті иеленудегі үлесін білдіретін құқықтық
нормалар жиынтығы. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса,
ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. Отағасы оны сыйлауға міндетті, алайда қанша әйелі
болса да барлығы бірдей бәйбішеге бағынған. Әйелдердің жасауларының араласып кетуіне
жол берілмейді, бұл анасының мүлкі тек балаларына тиесілі болсын деген түсініктен
шыкқан. Дәстүрлі ортаның әйел құны мен құқығы жайлы ұстанымдарында отбасы
мүшелерін материалдық игілікпен қамтамасыз ету ер адамға жүктелгендіктен, әйел адамға
құқықтық, материалдық артық міндеттеме жүктемейді.
Әйел құқығы Казақстан-2050 стратегиясында Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың
маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау. Мемлекет үшін ананы қорғау -
ерекше мәселе. Сіздер - отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер. Еліміздің болашақта
қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей
байланысты.
Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар - болашақ
жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім
алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз
қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра
алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға
жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен
салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің
жолы, қыздың жолы - қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің
қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана - оның ең ардақты тұлғасы болды.
Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз.
Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық
зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген
болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс.
Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа
айрықша қатаң түрде тыйым салуға тиіс. Біздің елімізде толық емес отбасылар көп.
Мемлекет баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз әйелдер үшін
икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз
керек. Заң, мемлекет және мен біздің ханымдарымыздың жағындамыз. Біз бұдан әрі де
елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі
замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек. Әйелдерді мемлекеттік және
қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде.
Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал.
Әйелдерге
қатысты
кемсітудің
барлық
нысандарын
жою
туралы
конвенция. Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1979 жылғы 18 желтоқсанда №34/180 қарарымен қабылданған
және қол қою, ратификациялау және қосылу үшін ашық. Күшіне енуі: 27 (1) бапқа сәйкес
1981 жылғы 3 қыркүйекте. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін «әйелдерге қатысты
кемсіту» ұғымы әйелдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе
кез-келген басқа салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын олардың
отбасылық жағдайына қарамастан, ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде пайдалануын
897
немесе іске асыруын әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа шығаратын жыныс белгісі
бойынша кез келген айырмашылық, қоспай қою немесе шектеу дегенді білдіреді.
Әйел құығы жайлы 1995 жылғы Пекиндік Деклорация. Дүниежүзлік конференцияның
16 шы пленумында 1995 жылы 15 қыркүйекте қабылданды. Біз , Үкімет, әйел қүұқығына
байланысты дүниежүзілік конференцияға қатысып отырмыз. Осы жиналыста,Пекинде 1995
жыл ООН ның бесжылдығында ,Біз өз міндеттерімізді орындай отырып,дүниежүзілік
әйелдердің құқықтарын тең дәрежеде қорғауға және орындалуына кепілдік береміз. Жалпы
айтқанда соңғы онжылдықта әйелдердің жағдайы біршама жақсарды,бірақ ондай прогресс
бірқалыпты болған жоқ,сондықтан қазіргі таңға дейін ерлер мен әйелдер арасындағы
теңсіздік әлі де болса бар. Осыған байланысты бүкіл әлемде кедейшілік , әсіресе әйелдер
мен балалар арасында болып жатыр. Өзіміздің қолжетімділігімізді атай отырып,біз
дүниежүзілік әйелдердің , қазіргі таңда болып жатқан проблемалары мен кедергіліктерге
жол бермеуді және олардың жағдайының жақсаруына ,олардың қолжетімділіктеріне
кепілдік береміз.Осыған орай біз келесі онжылдыққа ешбір кедергісіз өтуге болатындығына
сенеміз. Біздің бейімділігімізді растай отырып: Халықаралық конвенцияларда
көрсетілгіендей: Ерлер мен әйелдер туралы,әйелдер арасындағы дискриминация
туралы,әйелдерді қорлау туралы және даму құқығы туралы деклорация .осылардың
барлығының тең дәрежеде орындалуын қадағалау.
Исламдық ояну – Сауд Арабиясындағы әйелдердің құқықтарына жету үміті. Сауд
Арабиясындағы вахабизмнің үкімет мазхабы ретінде қалыптасуы әйелдердің құқыкларына
жетудің негізгі кедергісі болып табылады. Ваххабизм Исламның атымен әйелдерге
көптеген шектеулер қойып отыр. Бұл ағымның көзқарасы бойынша, Арабстанда әйелдер
төмен етекті болғандықтан заңды құқыларын пайдалана алмай ғылыми, саяси және
әлеуметтік салаларға қатыса алмады.
Жылдар бойы Арабстан әйелдері саудиялық басшылардың олардың құқықтарына
көңіл бөлмеуінен азап шегуде. Әйелдердің құқықтарын тереңдету және оларға көрсетіліп
отырған кемсітушіліктерді жою жолында көптеген жұмыс жасалып жатқан қазіргі әлемде
Арабстандағы әйелдер жағдайын осы саладағы ерекшелік деп атауға болады. Сауд
Арабиясының әйелдері өз құқықтарына жете алмай отыр, Арабстан үкіметін әйелдердің
құқықтары туралы халықаралық заңдарды бұзушы деп атауға болады. Халықаралық
заңдарда әйелдерді кемсіту, айырмашылық қою, олардың құқықтарын бұзу немесе оларға
шектеу қою болып саналады. Нәтижесінде әртүрлі, атап айтқанда саяси, экономика,
әлеумет және мәдениет салаларындағы әйелдердің азаттығына тыйым салынады. Сауд
Арабиясындағы ваххабизімнің үкімет мазхабы ретінде қалыптасуы әйелдердің
құқықтарына жетудің негізгі кедергісі болып табылады. Ваххабизм Исламның атымен
әйелдерге көптеген шектеулер қойып отыр. Бұл ағымның көзқарасы бойынша, Арабстанда
әйелдер екінші сұрып болып саналады, сондықтан заңды құқыларын пайдалана алмай
ғылыми, саяси және әлеуметтік салаларға қатыспайды.
Сондай-ақ
әйелдер сайлауда дауыс бермейді,
автокөлік жүргізбейді,
перзенттеріне қамқоршы бола алмайды,
тіпті оларға ұялы телефон пайдалануға тыйым салынған.
Арабстан заңдары бойынша, әйелдер саяси жұмыстарға қатысу құқықтарынан
айрылған.
Бұл елдегі әйелдерге қарсы кемсітушіліктердің көптігі соншалықты, олар тіпті
көптеген мекендерге қасында адам болмаса кіре алмайды.
Елдегі тыйымдар мен шешімдерді қабылдайтын Шура кеңесі мен король Абдулланың
шешімі арқасында биыл қаңтарда 30 әйел ел тарихында бірінші рет кеңеске мүше болып
қабылданды. Сөйтіп, Арабстандағы әйелдерге қарсы қатаң шектеулер қолдануы Исламның
негізгі үкімдерін іске асыруға қайшы келеді. Олар ваххабизм ағымының туындысы. Бірақ
исламдық ояну және Ислам әлеміндегі өзгерістер ертелі-кеш Арабстан секілді елдердегі
898
күрделі өзгерістерге, атап айтқанда әйелдер құқықтарының орындалуына себеп болады.
Ерекше көзге түсетін мәселе 2001-ші жылға дейін Арабстан әйелдерінде тіпті жеке бас
куәлігі де болмаған, яғни үкімет оларды жеке адам деп санамаған. Өткен мамыр айында 45
жасар әйелдің автокөлік жүргізуі әлемдік және араб ақпарат құралдарының назарын
аударды. Бір апта бойы Риадтың вахабизм полициясынан жасырынын, көлік жүргізген
арабстандық Наджла Харири сот басшылары арқылы тұтқындалды. Ол: "Диктатураның
уақыты аяқталды. Менің және басқа да мыңдаған арабстандық әйелдің көлік жүргізуге еркі
бар,"- дейді. 17-ші шілдеде Арабстанның басқа 40 әйелі Харири ханымның жолын қуып,
келісіп, қаланың көшелеріне көлік мініп шықанда тұтқындалды. Олардың бірі 32 жасар
Менал әл-Шариф жоғары оқу орнын аяқтаған. Ол мыңдаған саудиялық әйелдер секілді қыз
балалардың жоғары оқу орындарына қабылдануындағы дискриминация туралы айтып, оған
наразылығын білдірді. Әл-Шариф мүмкіндігінше әйелдер құқығына қол жеткізбекші
Қоғамда ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін
қамтамасыз ету уақыт талабы. Соның ішінде мемлекет үшін әйел-ананы қорғау ерекше
мәселе. Әрбір әйел-ана отбасының ұйытқысы.
Достарыңызбен бөлісу: |