Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері


қатынастарды реттеп отыратын ювеналды юстиция, яғни, құқықтық тәрбие жүйесі



Pdf көрінісі
бет120/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135

қатынастарды реттеп отыратын ювеналды юстиция, яғни, құқықтық тәрбие жүйесі 

қалыптасып,  кәмелеттік  жасқа  толмағандар  мен  жастардың  құқығын  қорғау, 

балаларға  қатысты  қатаң  шаралар  қолдануды  қысқарту.Кәмелетке  толмағандардың 

құқықтары  мен  мүдделерін  сақтаумен  байланысты  мәселелерді  кешенді  түрде  шешуге, 

кәмелетке  толмағандардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  міндеттерін  толыққанды 

орындауды қамтамасыз ету жолдарын көрсету. 

Өкінішке  орай,  еліміздегі  әрбір  13-ші  қылмысты  жасөспірімдер  жасайды.  Қазіргі 

таңда  Қазақстанда  балалар  мен  жасөспірімдер  қылмысының  белең  алуы  өзекті  мәселеге 

айналуда.  Мысалы  мынандай  қылмыстық  істер  бойынша:  кәмелетке  толмағандармен 

жасалған  қылмыстар  (онша  ауыр  емес,  орташа  және  ауыр  санаттағы),  кәмелетке 

толмағандармен бірге қатысып қылмыс жасаған жеке тұлғаларға қатысты істер, кәмелетке 

толмағандарың  құқықтарын  бұзатын  және  қылмыстық  кодекстің  нақты  баптарымен 

көзделген  қылмыстар  туралы  қылмыстық  істер.  Азаматтық  істер  бойынша  кәмелетке 

толмағандардың  істері  жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық  соттар  баланың 

тұрғылықты  жерін  анықтау  туралы  даулар;  ата-ана  құқықтарынан  айыру  (шектеу)  және 

оларды  қалпына  келтіру  туралы;  бала  асырап  алу  туралы;  кәмелетке  толмағандарды 



885 

 

арнаулы  білім  беру  ұйымдарына  немесе  ерекше  режимде  ұстайтын  ұйымдарға  жіберу 



туралы;  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасына  сәйкес  кәмелетке 

толмағандарға  қорғаншылық  пен  қамқоршылықтан  (патронаттан)  туындайтын  даулар 

жөніндегі  азаматтық  істерді  қарайды.  Әкімшілік  істер  бойынша  келесі  санаттағы  істер 

соттылыққа  жатқызылған:  кәмелетке  толмағандармен  жасалған  істер  16  жасқа  дейінгі 

кәмелетке  толмағандарға  қылмыстық  жаза  қолданылатын  әрекет  белгiлерi  жоқ  есiрткi 

құралдарын,  психотроптық  заттарды  және  прекурсорларды  өткiзу  мақсатынсыз  заңсыз 

түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жіберу.         

        Осындай көптеген заңнамалар қарастырылғанымен, кемшіліктер әлі де болса да бар. 

Атап  айтсам,  қазіргі  кезде  кәмелетке  толмағандардың  сот  ісін  жүргізуде  педагог  пен 

психолог  қызмет  атқарады.  Алайда  оның  міндеті  кәмелетке  толмаған  азамат  немесе 

адамның  құқығы  мен  бас  бостандығын  қорғау  емес,  қылмыстық  сот  ісін  жүргізетін 

органның  мүддесін  қорғау  болып  табылады.  Яғни  бұл  жағдайда  жасөспірім  ешқандай 

моральдық, психологиялық қолдаусыз қалады. Ал бұл өз кезегінде жас жеткіншектің ішкі 

жан  дүниесіне  орны  толмайтын  із  қалдыру  арқылы,  оның  болашағына  балта  шабады. 

Сонымен  қатар  Қазақстандағы  ювенальды  юстицияны  қалыптастырудағы  тағы  бір 

кемшілік-кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын арнайы әлеуметтік қызметкерлердің 

болмауы.  Бүгінгі  таңда  аталған  жүйе  көптеген  дамыған  мемлекеттерде  қолданылады. 

Қызметтің  негізгі  жұмысы:  құқық  бұзушылық  жасаған  жасөспірім  туралы  негізгі 

мағлұматтарды  жинау,  жасөспірім  және  оның  отбасымен  танысу,  әлеуметтік  жағдайын 

ескеру,  психологиялық  жағдайын  тексеріп,  керек  болған  жағдайда  психолог  көмегіне 

жүгіну.  Жасөспірімдер  туралы  мәселенің  тағы  бірі-  кәмелетке  толмаған,  қоғамға  қауіпті 

қылмыс  жасаған,  қылмыстық  жауапкершілік  жасына  жетпеген  адамдар  мен  азаматтарға 

қазіргі  кезде  процессуалдық  емес  жүйе  бойынша  қылмыстық  іс  жүргізіледі.  Мұның 

салдарында  кәмелетке  толмаған  қылмыскер,  жасөспірім  құқық  бұзушыға  қарағанда 

мемлекет тұрғысынан жақсы қорғалған. 

          Менің  бұл  тақырыпты  қозғаудағы  мақсатым,    Ювеналды  юстиция  органдарымен 

байланыс  жасау  барысында,  жасөспірімдерді  қылмыстық  жауапкершілікке  тарту  себебін 

анықтауға, балалар тәрбиесі жөнінде ата-аналармен туындаған келіспеушіліктерді жоюға, 

баланың психологиялық ахуалын анықтауға бағытталған әдістемелік тәжірибе жинақтау. 

Яғни,  жас  жеткіншектерді  қылмыс  жасаудан  сақтап,  оларды  салауатты  өмірге  бейімдеу 

керек.  Менің осы мәселеге ұсынысым, Ювеналды юстиция институтын енгізе отырып: 



-

 

Жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіру; 



-

 

Кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  арасындағы  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа 

қарсы күрес жүргізу; 

-

 

Қауіпті топтар ішіндегі жастарды белсенді қорғау; 



-

 

Жастар мен Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. 

         

Қолданылған  нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:  

Нормативтік құқықтық актілер тізімі :  

1. "Баланың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 ақпан N 223;( 

7.03.2014 N177-5  соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.) 

2. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан 

Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы (ҚР 2010.11.23 № 354-IV соңғы 

өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.) 

3. 1994 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес Қаулысымен № 

77- ХІІ «Бала құқықтары туралы Конвенция» бекітілу туралы. 


886 

 

4. Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 10 наурыздағы № 531 «Балалар 



еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» 

(ҚР 2010.11.23 № 354-IV соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.) 

 

Арнайы әдебиеттер тізімі :  

1.  Қазақстан Республикасының конституциясы 

2.   ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ҚР  Конституциясының  15  жылдығына  арналған 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзі. 27.08.10 ж 

3.«Заң және заман» ғылыми-құқықтық журналы,№ 3 (112) наурыз2010 ж,30б. 

 

УДК: 340.5(075.8) 



 

ҚАЗАҚСТАН МЕН ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНЕ 

САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 

Абдибаева Арайлым 

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті 

 

Аннотация:  Бұл  мақалада  Швейцария  мен  Қазақстанның  зейнетақы  жүйелеріне 

салыстырмалы анализ жасалынады. Ең ұтымды зейнетақы жүйелері қарастырылады. 



Тірек сөздер: зейнетақы жүйесі, зейнетақы жинақтаушы қоры, материалдық дәреже. 

Аннотация:  В  данной  статье  проводится  сравнительный  анализ  пенсионных  систем 

Швейцарии и Казахстана. Также расматриваются самые выгодные пенсионные системы. 



Ключевые слова: пенсионная система, накопительный пенсионный фонд, материальное 

положение. 



Abstract:  In  this  article  are  considered  the  comparative  analysis  of    pension  systems  of 

Switzerland and Kazakhstan. 



Key words: pension system, cumulative pension fund, financial position. 

 

Зейнетақы  –  азаматтарға  белгілі  бір  жасқа  толғанда,  мүгедектігіне  байланысты, 

асыраушысынан  айрылғанда,  арнаулы  қызмет  атқарған  жылдары  үшін,  заңнамада 

көзделген  басқа  да  реттерде  берілетін  тұрақты  ақшалай  төлемақы.  Зейнетақы 

жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді.  

Алғаш  зейнетақы  жүйесі  XV  ғасырдың  екінші  жартысында  XI  Людовиктің 

патшалығында  болған. Ал  алғаш  рет  барлық  жұмыскерге  ортақ   мемлекеттік 

зейнетақыны  ресми  түрде  Германия  канцилері  Отто  фон  Бисмарк  енгізді. Бұл  1889 

жыл  болатын.  Кейіннен,  20  жылдан  соң  зейнетақы  жүйесінен  хабардар  болған  көбі  өз 

мемлекеттеріне енгізіп жатты. Олар: Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары. 

Олар  Германияға  қарағанда  бұл  жүйені  мемлекеттеріне  кеш  енгізді.  Яғни  бұл  елдер  ХХ 

ғасырдың  30  жылдарында  зейнетақы  жүйесін  толық  кіргізді.  Ал  Қазақстанға  зейнетақы 

жүйесі Кеңес Одағы арқылы жетті. Ресейге бұл жүйені әкелген I Петр болатын. Бұрындары 

зейнетақы елге жасаған ерлігі үшін әскери шені бар адамдарға берілсе, кейіннен бұл заңға 

өзгертулер  енгізіліп,  1918  жылдан  бастап  зейнетақы  мүгедек  жандарға  берілетін  болған. 

1923 жылдан бастап кәрі большевиктерге, 1928 жылдан бастап, тау-кен ісі мен тоқымалық 

өнеркәсіпте еңбек ететіндерге беріле бастады. Ал 1937 жылдан бастап, барлық қаладағы 

жұмыскерлер мен қызметкерлердің де қолына тиді. 

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі кез келген мемлекеттің экономикалық және 

әлеуметтік  саясатында  маңызды  орынды  алады.  Көптеген  елдерде  өткен  жүзжылдықтан 


887 

 

бері    орын  алып  келе  жатқан  зейнетақымен  қамсыздандыружүйелерібүгінгі  күні    өз 



мәресіне  жетті,  деуге  болады.  Өйткені,  көптеген  жұмыс  істеушілер  зейнетақы 

жоспарлармен қамтамасыз етілген және толық мөлшерде зейнетақыларын алуға құқықты. 

БҰҮ-ның болжауы бойынша, 2050 жылға қарай дүниежүзінде орташа өмір сүру 74 

жасты  құрайды,  60  жастан  асқан  адамдар  саны  11  пайыздан  22  пайызға  дейін  өседі,  ал 

қарттардың саны, ХХ1 ғасырдың басымен салыстырғанда, 40 жылдан кейін үш есе өседі. 

Осы  тенденциялар  әлемде  қалыптасқанзейнетақымен  қамсыздандыру  жүйелердің 

қаржылық қалпы мен тиімділігі туралы мәселе туғызды.  

Зейнетақы жүйесі мен оған байланысты өзгерістер қазіргі таңда бүкіл әлемде ең қызу 

талқыланып жатқан мәселелердің бірі болып табылады. 900 миллиард доллар активі бар, 

басты  офистары  Бостон  мен  Парижде  орналасқан  Natixis  атты  ең  улкен  инвестициялық 

банктің  жыл  сайын  өткізетін  зерртеулері  бойынша,  Швейцария  мемлекеті  2014  жылдың  

зейнетақы жүйесі ең мықты мемлекет болып танылды. Швейцария мемлекеті бұл орынды 

150 мемлекет ішінен үш жыл қатарынан иемденіп отыр. Зерттеулер негізгі 20 көрсеткішті 

қарастыра отырып жүргізілді. Олар мемлекеттердің зейнетақы жүйелерін қамтамасыз етуге 

әсер ететін: денсаулық, материалдық және өмір сүру дәрежелері. 

Қазақстан тарих сахнасында тәуелсіз мемлекет ретінде саяси және экономикалық аренада 

орнығуна  24  жыл  болған  дамушы  мемлекет.  Сондықтан  мемлекеттің  негізгі  жүйелерін 

дамыту басқа мемлекеттердің жүйелерімен салыстыру мемлекет механизмдерін жаңғырту, 

жақсарту  мақсаттарында  жүргізіліп  отыр.  Қазақстанның  зейнетақы  жүйесі  үшдеңгейлік 

сатылық жүйемен сипатталады: 



Бірінші  деңгей  – Бұл  Қазақстанға КСРО тараған соң, одан мұра боп қалған және 

«ұрпақтар  ынтымақтастығына»  негізделген  ынтымақтастықты  зейнетақы  жүйесі,  онда 

халықтың  жұмыс  жасайтын  бөлігінің  салық  төлемдері  мен  басқа  түсімдер  есебінен 

құралған  мемлекеттік  бюджет  зейнетақы  төлемдерінің  көзі  болып  табылады.  Зейнетақы 

төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Қазіргі уақытта бұл деңгей 

шеңберінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақыға шығу сәтінде еңбек 

өтілі алты айдан кем емес адамдар үшін зейнетақы төлемдері қалыптастырылуда.   

Екінші  деңгей  – бұл  Қазақстан  азаматтары  үшін  ай  сайынғы  кірістен  10  пайыз 

көлеміндегі  міндетті  зейнетақы  жарналары,  Қазақстанда  үнемі  тұратын  шетелдіктер  мен 

азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыстар 

мен  мамандықтар,  өндірістер  тізіміне  енгізілген  жұмыскерлердің  айлық  табысының  5 

пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы  жарналары белгіленген міндетті жинақтаушы 

зейнетақы қоры.    



Үшінші  деңгей  – ерікті  зейнетақы  жарналарына  (ЕЗЖ)  негізделген  жинақтау 

жүйесі. ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен 

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдері бойынша анықталады.  

Осылайша,  Қазақстан  Республикасының  зейнетақы  жүйесіне  қатысы  бар  халқына 

зейнетақыға шыққан соң өз кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет, себебі 

олардың  жеке  зейнетақы  шоттарында  өздері  қалыптастырған  жинақтар  зейнетақы 

төлемдерінің көзіне айналады.    

Әрбір  азаматқа  ерікті  зейнетақы  жарналары  есебінен  өз  жинағын  арттыруға  және  соның 

арқасында  еңбек  жолын  аяқтаған  соң  өзіне  көбірек  кіріс  қамсыздандыру  мүмкіндігі 

беріледі. 

Швейцарияның  зейнетақы  жүйесі  1972  жылы  федералдық  дәрежеле  өткізілген 

референдумнан кейін көпсатылық зейнетақы жүйесіне көшірілді. 

Қазақстандағы  зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесі  мен  Швейцарияның 

зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесін  салыстырсақ,  ол  елдікі  аса  жомарттықпен 

ерекшеленеді.Бір жағынан Қазақстандағы зейнетақы мөлшері елдегі өмір сүру бағасынан 

аса  аз  болмағанымен,шетелдегі  зейнетақы  мөлшерінен  артта  қалып  келеді.Еуропа 

Одағының кодексіне сәйкес зейнетақы мөлшері орташа жалақы мөлшерінің  50 пайызын 

құрауы қажет.Ал ең төменгі зейнетақы стандарт бойынша 30 жыл еңбек өтілі үшін 40 пайыз 



888 

 

және  10  жылдық  еңбек  өтіліне    қарай  30  пайыз  құрайды.Осы  стандартқа  сәйкес 



Швейцарияда зейнетақы орташа жалақының  62 пайызын құраса,Қазақстанда ол 33пайызды 

құрайды.Мұнда,Қазақстан  менШвейцариязейнетақы  жүйесінде  ұқсастықтар  болғанымен, 

бөлінген зейнетақы мөлшері бойынша айырмашылық көп.  

Біздің мемлекетті зейнетақы жүйесінің реформаларына не итеріп жатқанын түсіну 

үшін,  өз  елдеріндегі  қарттардың  өмірін  жеткілікті  деңгейде  қамтамасыз  етіп  отырған 

әлемдегі дамыған мемлекеттердің зейнетақы жүйелеріне назар аудару қажет. 

Зейнетақы  реформасы  –  бұл  Қазақстан  Республикасының  ең  маңызды  ұлттық 

жобасы.  

Бүгінгі  зейнетақы  реформасының  негізгіықпалы  –  модернизация.  Модернизация 

дегеніміз  –  ол  негізгі  зейнетақымен  қамсыздандыру  схемасы  мен  халықты  әлеуметтік 

қорғау  саясатындағы  жаңарту,  қайта  өндіру.  Осы  амал  кез  келген  мемлекеттің,  сонымен 

қатар қазіргі Қазақстанныңда, тез дамып жатқан қоғамдық, саясаттық және экономикалық 

жағдайларында өте қажет. 

ҚазақстанРеспубликасы, БҰҮ-ның көрсетуі бойынша, халқы үлкен жылдамдықпен 

қартайып  келе  жатқан  мемлекеттерге  жатады.  Осыған  орай,  2050  жылға  қарай  мемлекет 

халқының  25  пайызы  қарттар  санын  құрайтын  болады  да,  жұмыс  істейтін  халыққа 

демографиялық  күш  артып  түседі.  Осы  мәселелерді  ескере  отырып,  Қазақстан 

Республикасындағы зейнетақы реформасының мақсаты –жұмыс істеп жүрген әр азаматты 

лайықты зейнетақымен қамсыздандыру, жұмыскердің жалақысы, жұмыс істеген жылдары 

мен болашақ зейнетақы мөлшері арасына тікелей байланыс құру және ол өзінің болашақ 

зейнетақысынөз билігімен толықтырып, зейнетақы жүйесіне өз үлесін қосуға жағдай жасау. 

Толықтыру приципі  жаңа зейнетақы жүйесінің маңызды идеясы болып табылады. 

Қазіргі  замандағы  зейнетақы  жүйесі  күрделі  болып  көрінгенімен,  оның  логикасы  тым 

қарапайым:  келешектемемлекет  сізге  ең  аз  мөлшердегі  зейнетақыға  кепілдік  береді.  Ал, 

егер сіз зейнеткерлік жасқа толу кезіне дейін ақшаны көп құйсаңыз – қартайғанда өміріңізде 

жақсы болады. 

Қазақстандазейнетақы реформасы келесі жағдайларға байланысты: 

-

 



экономикалық дағдарыс 

-

 



жұмыс орындары қысқару 

-

 



халықтың жылдам қартаюы 

-

 



ақша құю мен төлемдер арасында байланыстың жоғы 

-

 



зейнетақы жүйесінің міндетті түрде құлауы және т.б. 

Осыдан  бірнеше  жылдар  бұрын  бірнеше  Батыс  елдерінде,  оның  ішінде  салыстып 

отырған  Швейцарияда,    зейнетке  шығу  жасын  қайта  қарастырып,көтеру  мәселесі 

қозғалды.Оның  біздің  елге  де  ықпалы  болуы  мүмкін,бірақ  бізге  зейнетке  шығу  жасын 

көтеруден гөрі төмендеткен дұрыс болады.Себебі жоғарыда жазылғандай,халықтың көбі әр 

түрлі факторларға байланысты жасқа жетпейді екен.Мұндай мәселені шешуде мемлекеттің 

үлкен  қолдауы  керек.Осындай  қолдау  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесін  ары  қарай 

жетілдіру үшін маңызды болмақ.Осы мәселені шешу жолдары Қазақстан Үкіметінің жыл 

сайын  қабылданатын  ҚР  зейнетақы  жүйесін  ары  қарай  дамыту  бағдарлары  негіз 

болады.Бағдарламаға сай базалық зейнетақыны енгізу,оны жылдан-жылға көбейту сияқты 

шаралар    қарастырылған.Сол  сияқты  зейнетақымен  қамсыздандырудың    3  деңгейлі 

жүйесіне өту аяқталды: 

1)

 

мемлекеттік базалық зейнетақы 



-бөліп тұратын  (ең төменгі мөлшердегі зейнетақыға кепілдік) 

2)ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақымен қамсызданыруға  берілетін зейнетақы 

- толықтыратын (жалақыдан аудару, міндетті түрде) 

3)ерікті және кәсіптік зейнетақы аударымдарының есебінен қосымша төлемдер. 

Сонымен қатар, жаңа реформада өздерін жұмыспен қамтамасыз етіп отырған адамдарды 

кіргізе  отырып,  толықтыру  зейнетақы  жүйесінің  рамкаларын  кеңейту,  әйелдердің 

зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін көтеру, және болашақта өмір сүру ұзақтығы көтерілуіне 


889 

 

байланысты, ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасын 65 жасқа дейін көтеру, зейнетақы 



сақтандыру дамыту (аннуитет енгізу), қамқоршыны жоғалтуға, мүгедектікке байланысты 

зейнетақы сақтандару жүйесін дамыту және басқа да шаралар қарастырылған. 

Ер 

адамдар 


55 

жастан, 


ал 

әйелдер 


50 

жастанбастапөмірініңсоңынадейінзейнетақытөлемдерінзаңжүзіндеалуғамүмкіндікберетін

жалғызқаржықұралын«зейнетақыаннуитеті»депатайды.  

Зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін 55 жастан асқан ер адамдардың жинақтаушы 

зейнетақы қорында 3 миллион 330 мың теңге, ал 50-ден асқан әйелдердің 3 миллион 950 

мың теңге ақшасы болуы шарт. 

 

Ал Швейцарияда да осындай үш деңгейлік  зейнетақы жүйесі іске асқан. Бірақ екі 



елдің сол жүйелерінде біраз айырмашықтар бар. 

1)

 



Міндетті түрде: 

-

 



кәрілікке және қамқоршы қайтыс болған кезде берілетін зейнетақы 

-

 



ағымдағы түсуден 

-

 



зейнетақы мөлшері жылына жобамен 24.000 швейцарлық франктармен шектелу 

-

 



кіріс ақша шектелмеуі 

-

 



инфляциядан кейін компенсация қарастыру 

-

 



мүгедектік 

2)

 



Міндетті түрде: 

-

 



шектелген сақтандыру кіріс ақша мен төлемдер 

-

 



ең аз мөлшерлі төлемдер заңмен қарастырылған 

-

 



жеке резервтер толықтырылады 

-

 



тағайындалған кіріс ақша жоспары 

-

 



кәрілікке, қамқоршыны жоғалтуға, мүгедектікке байланысты зейнетақы 

3)

 



Сақтандару салымы 

-

 



өз еркімен 

-

 



сақтандару кіріс ақшалар салақ салу суммасынан алынады 

-

 



сақтандыру кіріс ақшаларды бір жолғы және жүйелі төлеу – аннуитет 

-

 



аннуитет бір немесе екі адамға 

Әрине  елімізде    жыл  сайын  зейнетақы  көлемі  өсіп  отырғанымен,  оның  мөлшерін 

көбейту  өзектілігі  туындап  отыр.Осыған  байланысты  еліміздегі  зейнетақы  мөлшерін 

арттыруға тырысу керек. Қазақстанның өмір сүру ұзақтығы бойынша Швейцарияны алсақ 

ерлер жобамен 14 жасқа, ал әйелдер 8 жасқа ұзақ. Бірақ  бала туу  көрсеткіші біздің елде 

анағұрлым жоғары көрсеткішке ие.  

Жалпы 

әлеуметтік 



заңнама 

туралы 


сөз 

еткенде, 

заңнамалық 

нормалардыңпрогрессивтік белгілерінің жоқтығы туралы, оның тұрақты өзгеріп тұратын 

елдегі  демографиялық,экономикалық,әлеуметтік  жағдайлардан  бір  қадам  артта 

қалатындығы туралы қорытынды жасауға болады.Бұлзаң шығару саласында стратегиялық 

жоспарлау процесі әлсіз және жүйесіз өтіп жатқандығына байланысты.Сондықтан, біз 50 

мемлекеттің  қатарына  қосылу  үшін  халықтың  өмір  сүру  деңгейін  Батыс  елдерінің 

стандарттарына жеткізуіміз қажет. 

Қазіргі Қазақстандағы зейнеткерлердің  өмір  сүру  жағдайына  табысты  қайта  бөліп 

беру  саясатына  үлкен  көңіл  бөлінеді.  Онда  еңбекақының  адамды  еңбек  еткен  кезіндегі 

жағдайды қамтамасыз етеді дейді, және оны мемлекет қадағалап отырады. Сол үшін үкімет 

зейнетақы  қорын  ашты.  Отандық  ғалымдардың  ойынша,  жұмыссыздық  жағдайында 

қиынырақ,  жұмыссыздарға  арналған  жәрдемақы  жүйесі  адам  кәсіподақта  тұруына 

байланысты болады. 

Қорытындылай келе мынадай ұсыныс жасағым келеді:  

Жалпы  әлеуметтік  жұмыстың  шетелдік  тәжірибелерін  оқып  үйренуге  бірқатар 

әдістерді пайдалануды ұсыну дұрыс деп ойлаймын.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 


890 

 

1)  Алибаева  А.  "Накопительная  пенсионная  система  Казахстана":  цифры,  факты, 



комментарии, Алматы, 2000 год; 

2) "Қазақстан қаржы нарығы" Алматы, Экономика, 2007 год; 

3) "Статистический ежегодник Казахстана",  2004 год 

 

УДК 349.2-053.6 



КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚ 

ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР. 

Жорабек Алтынай Асанқызы  

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер 

Университеті 

 

Аннотация:Бұл  мақалада  кәмілеттік  жасқа  толмаған  тұлғаларды  еңбекке  тарту 

мәселесі  қозғалады.  Соның  ішінде  маусымдық  жұмысқа  тартылған  балалардың  еңбек 

құқық қатынастарын реттеу. 

Тірек  сөздер:  кәмелеттік  жасқа  толмағандар,  маусымық  жұмыс,  еңбек  кодексі, 

мақта және темекі жинау саласы. 



Аннотация: 

В 

этой 



статье 

рассматриваются 

проблемы 

привлечения 

несовершеннолетних к труду. А также правового регулирования прав несовершеннолетних, 

вовлеченных в сезонные работы. 



Ключевые  слова:  несовершеннолетние,  сезонная  работа,  трудовой  кодекс, 

собирающих хлопок и растений. 



Abstract: In this article are considered the problem of attracting minors to work. Аs well 

as the legal regulation of the rights of minors involved in seasonal work. 



Key words: minors, seasonal work, labor code, picking cotton and plants. 

 Кейінгі  жылдары  Қазақстан  Республикасының  түрлі  өңірлерінде  жүргізілген 

зерттеулер  көрсеткендей,  бала  еңбегі    проблемасы  Қазақстан  үшін  де  өзекті.  Дағдарыс 

кезеңінде  қалалық  жерлерде  де,  ауылдық  жерлерде  де  бала  еңбегін  ел  экономикасында 

пайдалану  жайттары  өсті.    Экономикалық  дағдарыс  мақта  және  темекі  жинаумен 

шұғылданатын  балаларға  тіптен  айрықша  әсер  етті,  олар  көп  жағдайда  сапалы 

медициналық  қызметке  қол  жеткізе  алмайды,  нашар  баспана  жағдайынан,  ұдайы 

шаршаудан,  ашқұрсақтықтан  және  т.б.  зардап  шегеді.  Бала  еңбегі  деп  балалардың 

жағдайына  зиян  келтіретін,  оның  білімі,  дамуы  мен  келешек  өміріне  кедергі  келтіретін 

жұмыс аталады. Бала еңбегі  – бұл өзінің табиғатына және/немесе атқарылу тәсіліне қарай 

балаға  зиян  келтіретін,  оған  зорлық-зомбылық  көрсететін  және  қанайтын,  оқу 

мүмкіндігінен  айыратын  жұмыс.№182    конвенцияның  3-ші  бабының  d  тармақшасында 

«балалар еңбегінің ең сорақы түрлеріне» сипаттама берілген. Оларға қауіпсіздіктің , еңбек 

және жұмыс жағдайы  гигиенасының нашар стандарттарының салдарынан денсаулық үшін 

қатерлі  және қолайсыз ахуалындағы жұмыс істеуге байланысты бала қаза табуы немесе 

жарақат  алуы және/немесе ауырып қалуы мүмкін болатын жұмыстар жатады.[2,б.25] Осы 

тақырыпты зерттей отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар арасында сауалнама 

жүргізе отырып, келесідей нәтижеге қол жеткіздік.  

 

“Неге сен жұмыс істейсің?” деген сауалға балалардың берген жауаптары. 



 

891 

 

 



Жас шамасы мен жынысы бойынша жұмыс істейтін балалардың профилі 

 

 

Қазіргі  кезде  жұмыс  берушілер  балалар  еңбегін  мақтау,темекі,көкөніс  жинау  саласында 



пайдаланады.  Қазақстанда  мақта  оңтүстік  өңірлерде  өсіріледі:  Мақтаарал,Сарыағаш, 

Шардара  мен  Ордабасы  аудандарында,  Түркістан,Шымкент,Арыс  өңірлерінде,Бәйдібек 

,Отырар  және  Сайрам  аудандарында.  Мақта  өсірудің  негізгі  аумақтары  Мақтаарал 

ауданында  орналасқан,оның  үлесіне  65-тен  75%  мақта  егістігі  жатады.Мақта  өндірісінде 

негізінен қол еңбегі қолданылады. Мақтаны қолмен де,арнайы мақта жинайтын машинамен 

де  жинауға  болады.Қолмен  жинағанда  мақта  комбайнға  қарағанда  тиянақты 

жиналады.Комбайнмен  жиналған  күннің  өзінде  мақтаның  үзіктері  жерге  түсіп 

қалады,сондықтан  оны  бәрібір  қолмен  жинауға  тура  келеді.  Мақта  егістіктеріндегі 

жұмыстардың  қолайсыз  жағдайларын  ескере  отырып,мақта  егістіктерінде  бала  еңбегін 

қолдануға,он  сегіз  жасқа  толмағандарды  жұмысқа  тартуға  тыйым  салынатын  ҚР  Еңбек 

және 

әлеуметтік 



қорғау 

министрінің 

жұмыстар 

тізіміне 

енгізілді.Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  Кодексінің  179  бабына  сілтеме  жасасақ,  яғни  он  сегіз  жасқа 

толмаған  қызметкерлердің  еңбегін  ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  (ерекше 

зиянды)  және  (немесе)  қауіпті  жұмыстарда,  сондай-ақ  олардың  орындалуы    олардың 

денсаулығы  мен  имандылығының  дамуына  зиян  келтіруі    мүмкін  жұмыстарда  (ойын 

бизнесі,түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін,темекі бұйымдарын, 

есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру,тасымалдау мен сату ) қолдануға 

тыйым  салынады.[3,б.60]Айта  кететін  болсақ ,мақта  өсіру  балалар  денсаулығына  қауіпті 

және 

ауыр 


еңбек 

түрі 


болып 

табылады.Мақта 

өсіруде 

көптеген 

пестицидтер,инсектицидтер,гербицидтер,фунгицидтер  және  басақа  да  улы  заттар 


892 

 

қолданылады.Тыңайтқыштарды  қолдану  егістікте  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің 



денсаулығына зиянды болуы ықтимал.Мақта жинаудағы күнделікті жұмыс уақыты (әдетте 

тәулігіне  12-13  сағ  )  ҚР  Еңбек  кодексі    бойынша  нормадан  асып  тұр.Яғни  осы  кодексе 

сәйкес 16-18 жастағы қызметкерлер үшін аптаасына бар жоғы 36  сағаттан аспайтын еңбек 

уақыты  көрсетілген.[3,б.15]  Егістік  алқабында  жұмыс  істейтің  адамдардың  көбіне 

бастарынан  күн  өтеді,жыландар  мен  жәндіктер  шағып  алу  қаупі  болады.  Мақтаның 

тікінекті түптері қол терісін жарақаттауы мүмкін.Балалар мақта жинау науқанына бірнеше 

себептермен  тартылады.Әдетте  отбасындағы  ересектер  жақын  мандағы  қалаларға  табыс 

табу  үшін  кетеді  де,балалары  үйде  қалады.Ауылда  ересектер  саны  азаяды,ал  балалар 

көп.Енді  мақта  жинау  үшін  жұмыс  қолы  көп  керек  болғандықтан,жұмыс  берушілер 

жұмысқа  балаларды  тартуға  мәжбүр  болады.Екіншіден,ересек  адамдар  үшін  мақтадағы 

төлем  аз,мардымсыз,онымен  қоса  ,жұмыс  берушілердің  пікірінше  ,ересектер  балалардан 

гөрі  жалқаулау,мақтаны  баяу  жинайды  немесе  мақтада  мүлдем  жұмыс  жасағылары 

келмейді,ал  балалар  мақтаны  шапшаң  жинайды,епті,икемді  келеді.Олар  мақта  жинауды 

ойын іспеттес көреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет