Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет124/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   135

4.Правопреемство государств; 

"Правопреемством  государств  принято  называть  переход,  с  учетом  основных 

принципов  международного  права  и  норм  о  правопреемстве,  определенных  прав  и 

обязательств от одного государства – субъекта международного права – к другому"[18] . 

Данные  вопросы  регулируются  Венской  конвенцией  о  правопреемстве  государств  в 

отношении  договоров  1978г.  и  Венской  конвенцией  о  правопреемстве  государств  в 

отношении государственной собственности, государственных архивов и государственных 

долгов  1973г.  Согласно  теории  универсального  правопреемства,  получившей  развитие  в 



911 

 

XVII-XIXвв.  и  ярко  проявившейся  в  трудах  Г.Гроция,  государство-преемник  полностью 



наследует  международную  личность  государства-предшественника.  Эта  теория 

основывалась  на  доктрине  континуитета,  исходившей  из  того,  что  все  международные 

права  и  обязанности  старого  государства,  в  том  числе  все  существующие  договоры, 

переходят к наследнику. Негативная теория была выдвинута в начале XXв. и наибольшее 

обоснование получила в работах английского юриста А.Кейтса. Ее сторонники полагали, 

что  континуитет  международной  правосубъектности  государства  отсутствует.  В  связи  с 

этим,  когда  власть  одного  государства  сменяется  властью  другого  государства, 

международные  договоры  и  обязательства  предшественника  отбрасываются.  Эта  теория 

основывается  на  концепции  tabularasa,  в  соответствии  с  которой  новое  государство 

начинает свои договорные связи "с чистого листа". Вообще говоря, вопросы непрерывности 

и  правопреемства  государств  на  практике  чрезвычайно  сложны  и  нередко  решаются  в 

зависимости  от  политической  ситуации.  Например,  непонятно,  может  ли  современная 

Германия  считаться  правопреемником  гитлеровского  рейха,  в  отношении  Союзной 

республики Югославия (современная Сербия и Черногория) возник вопрос касательно ее 

правопреемства  как  члена  ООН  после  Социалистической  федеративной  республики 

Югославия.  



5.Правосубъектность международных организаций; 

 Правосубъектность  международных  организаций,  в  отличие  от  аналогичного 

свойства  государств,  не  проистекает  из  суверенитета.  Компетенция  международной 

организации  основывается  на  международном  договоре,  обычно  именуемом  уставом 

(напр., Устав ООН). Субъектом международного права является не любая международная 

организация, а только та, которая государствами-участниками наделена международными 

правами  и  обязанностями.  Международные  организации,  как  и  государства,  обязаны 

придерживаться принципов невмешательства во внутренние дела государств, суверенного 

равенства  членов,  добросовестного  выполнения  международных  обязательств.  В  связи  с 

этим  международное  право  признает  и  ответственность  международных  организаций  в 

случае  нарушения  ими  общепризнанных  принципов  и  норм  международного  права, 

международных  договоров,  в  том  числе  положений  их  учредительных  актов.  Вообще 

говоря, если проводить параллели с национальным правом, государства можно сравнить с 

физическими лицами, а международные организации – с юридическими лицами.  



 

Заключение 

Таким образом, субъекты международного права  - это  участники международных 

отношений,  которые  способны  иметь  международные  права,  нести  обязанности, 

непосредственно  вытекающие  из  международного  правопорядка,  и  обеспечивать  защиту 

своих субъективных прав через обращение в международные институты. 

В  зависимости  от  своей  правовой  природы  и  происхождения  субъекты 

международного  права  подразделяются  на  две  категории:  первичные  (суверенные)  и 

производные (вторичные). 

В  международном  праве  государства  остаются  основным  субъектом,  но  вместе  с 

ними в современном международном праве действуют и иные субъекты - народы и нации, 

которые самостоятельно участвуют в международных отношениях и находятся в борьбе за 

свое  национальное  освобождение,  международные  межправительственные  организации, 

государствоподобные  образования,  т.  е.  особые  исторически  сложившиеся  политико-

религиозные  или  политико-территориальные  единицы  с  относительно  самостоятельным 

статусом. 

Правовое  положение  различных  субъектов  международного  права  неодинаково, 

поскольку  различен  объем  распространяющихся  на  них  международных  норм  и 

соответственно круг международно-правовых отношений, в которых они участвуют. 



 

Список используемых источников и цитируемой литературы 

912 

 

 

1. Международное право: Учебное пособие / под ред. П.Н. Бирюкова. - М.: Юристъ, 2003г., 

- 416с.; 

2. Международное право: Учебник для вузов / Отв. ред. Г.В. Игнатенко и проф.О.И. Тиунов. 

- М.: Издательство НОРМА (Издательская группа НОРМА - ИНФРА М), 2006г. - 592с.; 

3.  Международное  право:  Учебник  /  Отв.  ред.  Ю.М.  Колосов,  Э.С.  Кривчикова.  --  М.: 

Междунар. отношения, 2005г. - 450с. 

 

ӘОЖ 33:930; 33:93/94 



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ 

МӘРТЕБЕСІ  

 

Аяна Спабек   

Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ 

Ғылыми жетекшісі з.ғ.м.,аға оқытушысы Жапаков С.М. 

 

Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық 

мәртебесі қарастырылған. 

Кілт сөздер: кеден, заң, құқық, кодекс, конституция. 

Аннотация:

 

В данной статье рассматривается правовое положение таможенных 



органов Республики Казахстан. 

Ключевые слова: таможня, закон, право, кодекс,конституция. 

Abstract:

In 


this 

article 


the 

considers 

thе 

legal  position  of  custom  authorities  of  Republic  of Kazakhstan is examined in this article.   



Keywords:

 

custom, law, right, code, constitution. 



 

Қазіргі  таңда  Кеден  органдарының  заңға  сүйенген  мәртебесін  анықтауда, 

Қазақстанның егеменді дамуында көптеген өзгерістердің болғаны анық. Соңғы жылдары 

кеден  органдарының  мәртебесінде  кейбір  қызықты  өзгерістертер  беріліп  отыр,  осы 

өзгерістерді  анықтау  үшін  қазіргі  салада  не  болып  жатқанын  білу  арқылы 

талданады."Мәртебе" сөзі латынша жұмыстың жай-күйі, жағдайы деген мағынаны береді 

/1, 471 б/. 

Заңды мәртебе - бұл қоғамда заң жүзінде бекітілген субъектінің жағдайы. Ол тұлғаның 

мәртебесін  нақты  (әлеуметтік)  бекітіп,  оның  қоғамдағы  табиғи  жағдайын  көрсетеді. 

Субъекттердің міндеттерін және құқықтық жиынтығын және Конституциямен белгіленген 

құқықтық  мәртебесін,  сонымен  қатар  лауазымды  тұлғалардың  және  мемлекеттік 

органдардың өкілеттіліктерінің әлеуметтік функцияларын орындайды /2, 119 б./. Тап осы 

құқық  және  міндеттер  заңға  сүйенген  мәртебенің  өзегін  құрайды.  Құрылымда  осындай 

элементтер соңғы ерекшеленіп жатыр: 

1)

 

Құқықтары мен міндеттері; 



2)

 

Заңға қызығушылығы; 



3)

 

Құқықты иеленуі; 



4)

 

Азаматтығы; 



5)

 

Заңдық жауапкершілігі; 



6)

 

Заңға сүйенген қағидалар және т.б. 



Қазақстанның  заң  әдебиетінде  Республиканың  кеден  органдарының  қалыптасу 

тұрғысы  ашылды.  Солай,  В.Емнің  дисертациясында  тақырып  «Қазақстан  Республикасы 

кеден ісінің заңдық негіздемесін басқаруы» кеден органдарының генезисі анық: «Кедендік 

комитет  1991  жыл  12  желтоқсанда  құрылған»  СССР-дің  шартты  барында.  1992  жыл  12 

ақпанда  ол Үкіметтер қаулысымен одақтық республикаға айналды. Бұл қаулымен Кеден 


913 

 

комитетінің  жағдайы,  оның  шешімдерін,  функцияларын,  құзырды,  құрылымды  реттеді. 



Өзінің  құрылуынан  бастап  республикалық  кедендік  қызмет  келесі  ұйымдастырулардан 

өтті: 1992 жылы қарашада Қаржы Министрлігіндегі басты кедендік басқаруы, 1995 жылы 

сәуірде Қаржы Министрлігінің кедендік комитеті алдында, 1995 жылы қазанда Қазақстан 

Республикасы  кеден  комитеті  (Үкіметтің  құрамы  және  шықпайтын  орталық  органның 

мәртебесі,  бірақ  оның  қол  астындағы),  1997  жылдың  қаңтарынан  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  кедендік  комитеті,  1994  жылдың  қазанынан  Қаржы 

Министрлігіндегі  кедендік  комитет,  1998  жылдың  қазанынан  мемлекеттік  кіріс 

министрлігіндегі  кедендік  комитет».  Бұған  Қазақстан  Республикасының  кеден  бақылау 

агенттігі болып өзінің 2002 жылдың қыркүйегінде кезекті қайта ұйымдастыру мәртебесін 

айтып  кетуге  болады  /3,  63  б./.  2008  жылдан  бастап  Қазақстан  Респубикасы  Қаржы 

министрлігінің кедендік бақылау комитеті жұмыс істеп жатыр.  

Ең  бірінші  құжат  Қазақстан  Республикасының  Президенті  кезеңінде  Кедендік 

комитеттің  білім  алуы  12.12.1991  жылда  Қазақстан  Республикасының  Прездентінің 

шығарған бұйрығы болып табылады. 1991 жылда республиканың кеден органдарында адам 

саны 150 болған /4, 9 б./. 

Кедендік  қызмет  мемлекеттік  қызметтің  бір  бөлігі  және  нақтылы  ерекше  сипат 

алады.Кеден  ісі  туралы  жаңа  кодекстің  5  бабында  кеден  органдарының  құқық  қорғау 

қызметтерін енгізген:  

 1.      «Кеден  органдары  контрабанданы  анықтау  органы  болып  табылады,  кедендік 

төлемдерді,  салықтарды,  Қазақстан  Республикасы  Заңдары  бойынша  кеден  органдары 

шығаратын өндірістерді жатқызуға болады. 

2.      Кеден  органдары  тұлғаны  айқындау  мақсатында  жедел  қызметті, 

дайындалушыларды,  құқыққа  қарсы  істейтін  немесе  істелген  әрекет,  Қазақстан 

Республикасы  Қылмыстық  Кодексімен  негізделген  қылмыспен,  кеден  органдарына 

қатысты  шешіміне  өндіріс,  халықаралық  кедендік  ұйымның  сауалдарды  орындауы, 

халықаралық келісімдерге негізделген шет  мемлекеттердің басқа құзырлы және кедендік 

органдары жүзеге асырады. 

Осылай,  Қазақстанның  атақты  ғалым-құқық  зерттеушілерінің  бірі,  кеден 

құқықтарының  облыстарына  бейімделген  С.Т.Алибеков  "еліміздің  экономикалық 

қауіпсіздігін 

қамтамасыз 

ету 


үшін 

кеден 


органдарының 

лауазымды 

тұлғаларыныңмәртебесін  жоғарылатып,  тапсырылған  құқық  қорғау  органдарының 

қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын теңестіру керек" /5, 16 б./. 

Кеден қызметтерінің қағидалары- ерекше көңіл бөлінетін сұрақ, мемлекеттік қызмет 

аясында  ұлттық  саясатты  көрсететін,  Қазақстанның  анықталған  басты  басқарушысына 

сәйкес келетін және негізделуі керек қызметтің өту ретіне қатысты, кедендік заңға қатысты 

блокка негізделген. 

Қазақстан  Республикасының  кеден  ісі  туралы  кодексінде  осы  екі  лауазымды 

тұлғалардың мәртебесі санаттарға нақты бөлініп қарастырылмаған.  

Жалпылама, 

мәселеге 

кеңінен 

қарайтын 

болсақ, 

қазақстандық 

ғалым 

С.Ж.Айдарбаевтың  кеден  органдары  барлық  қызметкерлерін  екі  санатқа  бөлу  пікірімен 



келісуге болады: 

1) кеден органдары лауазымды тұлғалары;  

2) кеден қызметкерлері  

Осындай топтастыру кезінде бірінші топқа билік өкілі болып табылатын барлық кеден 

органдары  қызметкерлерін,  ал  екінші  топқа  басқа  кеден  органдары  қызметкерлеріне 

қарағанда  ұйымдастырушылық-басқару  және  әкімшілік-шаруашылық  фугкцияларды 

жүзеге асырумен сипатталатын лауазымды тұлғаларын топтастыруға болады.

 

Бұл бірыңғай 



құқық және мемлекеттік қызметкердің  міндеттерін, сонымен қатар оларды жүзеге асыру 

түрлерін көптеген ғалымдар белгілеуде. Ю.Н.Старилов осылай деп жазған:  

«мемлекеттік-қызметтік  қызметке  маңызды  тұрғы    болып  қызметтік  құқық  болып 

табылады,  оның  іске  асуы  мемлекеттік  қызметтің  функционалдылығы  туралы  айтуға 



914 

 

мүмкіндік  береді.  Қызметтік  құқық  қызметтік  міндетті  орындаумен  тікелей  байланысты; 



кейде мемлекеттік қызметтердің құқығы заң шығарылған міндетті қызметтік тұрғыда іске 

асады» /6, 321-322 б./. 

Сонымен  қатар  әдебиетте    қызметшілердің  құқықтар  және  міндеттерінің  негізінде 

қарама  қарсылықтар  талпыныстар  кездесуде.    Осылайша  О.В.Волохов,    мемлекеттік 

қызметшілердің құқықтар  екі тобын классификациялап, бірінші топта „міндетті қызметті 

тікелей атқару құқығы “ деп бөлді, /7, 19 б./,  оған кіретіндер: 

1)

 

Өзінің  құзіреттік    шектеріне  қатысуға  және  олардың    шешіміне,  олардың 



орындалуын талап етуге құқылы; 

2)

 



 Қызметтік  міндетті  орындауға  қажетті  лауазымды  міндеттер  орындау  үшін 

мағлұмат пен материал алуға құқылы. 

Біздің ойымызша, егер бір екілік бірыңғайлылық құқыққа арқа сүйейтін болсақ және 

мемлекеттік  қызметтің  міндеттері,  онда  олардың  құқығы  әспеттес  міндеті  де  болып 

табылады, сондай-ақ олардың міндеттері біруақытта құқықтары да болып табылады.  

Біз  қарастырған  жіктеулерден    қазақстанның  ғалымдарының  қолданатын 

жіктеулерден  айырмашылығы  бар.  Мысалы  С.  Т.  Алибеков  кеден  органдарының 

функцияларын 3 түрге бөліп көрсеткен: бақылаулық,  фискалдық , құқық қорғаушылық /8, 

85  б./.  Бұл  классификация  кеден  органдарының  барлық  функцияларын  қамти  алмайды.  

Атып  айтқанда  құқықтық  нормативтік  актілер,  кеден  кодекстері  және  басқа  құқықтық 

нормативті актілер шығаруды қамти алмайды. Көрсетілген функциялар бақылаулыққа да, 

фискалдыққа  да  және  Құқық  қорғушылық    функциясына  да  жатқызуға  болмайды.  Осы 

жағдайды ескере отырып біз классикалық топтың шеңберін  ұлғайту керек деп ұсынамыз, 

кедендік  органдарының  фунцичсын  жаулап,  осы  топтың  ішінде  халықаралық  және 

құқықтық-өнерілік функциясын дамыту. Жалпы алғанда біздің ойымызша, бұл сұрақ бөлек 

ғылыми оқуды талап етеді. 

Осылайша, ҚР кеден Кодексіндегі заңнамалар ары қарай дамуға жол ашады, кедендік 

органдарының  қызметке  қатыстылығын  кедендік  заңнаманың  позитивті  және  дамушы 

бағытта ары қарайғы дамуын және жетілуін  мақұлдаған жөн.  

Жалпы, біздің ойымызша, кеден органдарда қызметтер өту реті жеке заң шығарушы 

акт  арқылы  реттеу  керек,  ҚР-ның  Кеден  Кодексіндегі  барлық  маңызды  тұрғыдағы 

мәселелерді шешу мүмкін еместігін, ескере отырған жөн.  Бұл қатынасқа үлгі ретінде ҚР-

ның  арнайы  «Дипломатиялық  қызмет  туралы»  заңын  алынады,  неемесе  Ресей 

Федерациясының  «Ресей  Федерациясының  кеден  ісінің  қызметі»  туралы  заңы  бағалы 

болып  есептеледі.  Кедендік  қызметтің  өзінің  ерекшеліктері  алып,  сондықтан  біздің 

ойымызша, жеке ретеулерге лайық болып табылады. 

   

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1.



 

Словарь иностранных слов – 27 –е издание. – М., 2011 

2.

 

Ибраева А.С. Теория  государства и права: Учебное  пособие. – Алматы,  2010. –284 



с/ 

3.

 



Умурзаков  Е.Р.  Правовой  статус  должностных  лиц  таможенных  органов 

Республики Казахстан.  Дисс…канд.юрид.наук 12.00.02 – Алматы, 2005 

4.

 

Нукенов  М.О.  Правовой  аспект  таможенной  деятельности.  Материалы  научно-



практической  конференции  «Роль  и  место  таможенных  органов  в  становлении 

Независимого Казахстана». – Астана, 2012 

5.

 

Алибеков  С.Т.  Таможенное  право  Республики  Казахстан:  теория  и  практика. 



Автореф….канд.юрид.наук; 12.00.02 – Алматы, 1998. – 20 с. 

6.

 



Воробьев  В.А.  Советская  государственная  служба  (административно-правовые 

аспекты). Издательство Ростовского университета, 2010. – 128 с. 

7.

 

Старилов Ю.Н. Служебное право. – М., Издательство БЕК, 2009. – 698 с. 



8.

 

Алибеков С.Т. Казахстанское таможенное право. – Алматы, 2011. 228 с. 



915 

 

УДК 347.9 



АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ 

 

Мейрамбекова Ж.М.  

Ғылыми жетекшісі з.ғ.м., аға оқытушы Мырзатаев Н.Д.  

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 

 

Аннотация 

Образование  одно  из  важных  преимуществ  Стратегического  плана  развития 

Республики Казахстан до 2020 года. Общая цель реформ образования - приспособить эту 

систему  в  новую  социально-экономическую  среду.  Новый  закон  «об  Образовании» 

Республики  Казахстан  направлен  на  формирование  конкурентноспособной  системы 

отечественного  образования.  Он  обосновался  соответственно  концептуальной  идее  по 

созданию  республиканской  улучшенной  новой  образовательной  среды.  Служба 

образования  систематизировалась  изнутри,  все  ее  аспекты  подчиняются  формулировке, 

согласно обоснованной взаимосвязи проявляющей в содержании закона

Ключевые слова: Закон, образование, право 

 

Аbstract. Education is one of the important advantages of the Strategic Plan of the Republic 

of Kazakhstan until 2020. The overall goal of education reform - to adapt the system to the new 

socio-economic environment. The new law of "Education" of the Republic of Kazakhstan aims to 

create a competitive system of national education. It settled accordingly conceptual idea to create 

a new republican improved educational environment. Service education systematized within, all 

aspects of it are subject to the formulation, according to the reasonable relationship appears in the 

content of the law. 

Keywords: Law, education, right 

 

Білім  беру  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 

жоспарының  маңызды  басымдықтарының  бірі.  Білім  беру  реформаларының  жалпы 

мақсаты  –  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  ортаға  осы  жүйені  бейімдеу.  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  жаңа  Заңы  бәсекеге  қабілетті  отандық  білім  беру 

жүйесін  қалыптастыруға  бағытталған.  Ол  республикадағы  жетілдірілген   жаңа  білім 

беру  ортасын  қалыптастырудың  концептуалдық  идеясына  сәйкес  құрылған.  Білім  беру 

қызметі   іштей  жүйелендіріліп,  оның  барлық  аспектілері  құрылымға  бағындырылған, 

қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан.  

Кілт сөздер: Заң, білім, құқық 

 

Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында  жетекшi  роль 

атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде 

оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім 

алуға  құқықты  қамтамасыз  ету  саласындағы  өзекті  проблемалар  бүгінгі  күні  адам 

құқықтары саласындағы білім беруді  дамыту, ауылдық  жердегі білім беруге қол жеткізу 

және кемтар балаларды білім берудің қолданыстағы жүйесіне біріктіру болып табылады. 

Бүгінгі дәуірде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығудың жолы білім мен білікте қалды. 

Сонау  ғасырларда  «Мен  –  білім  десе,  таңдайы  кепкен  саяхатшы  секілдімін»  депті  Әл-

Хорезми. Шынында, еліміздегі білім алу деңгейі қазір жоғары деуге болады.  

Азаматтардың  жеке  құқықтары  мен  бостандықтары  өмір  сүру  (15-бап);  жеке  бас 

бостандығы  (16-бап);  адамның  қадір  қасиетіне  қол  сұқпау  (17-бап);  жеке  өміріне  қол 

сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болуы, ар намысы мен абыройын қорғау (18-

бап);  өзінің  қай  ұлтқа,  қай  дінге  жататынын  анықтау  және  оны  көрсетпеу,  ана  тілі  мен 

шығармашылық тілін еркін таңдап алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген 

тәсілмен  еркін  ақпарат  алу  және  тарату,  т.б.  Конституциялық  құқықтар  жатады.  Соның 



916 

 

ішінде,  білім  алуға  құқықтылық  (30-бап).  Қазақстан  Республикасында  білім  алудың 



бірнеше жолы бар. Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім 

алуына кепілдік беріледі. Ол дегеніміз жасөспірім балалардың орта білім алуға міндеттілігі. 

Екіншіден, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары 

білім алуға құқығы бар. Ал жеке меншік оқу орнында ақылы білім алу заңмен белгіленген 

негіздермен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің 

жалпыға міндетті нормаларын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға 

сай болуы керек [1]. 

Білім  алу  құқығын  әлеуметтік  және  мәдени  құқық  ретінде  қарастыруды  жөн  көріп 

отырмыз.  Әлеуметтік  құқық  сияқты  білім  алу  құқығы  да,  мемлекеттің  әр  адамды  осы 

құқықпен  қамтамасыз  ету  міндеті  болып  табылады.  Білім  алу  құқығының  міндеті  әр 

адамның  білім  алуының  мемлекеттік  кепілдіктер  жүйесін  құруда.  Дегенмен,  білім  алу 

құқығы  тек  мемлекетпен  берілетін  әлеуметтік  кепілдіктермен  ғана  шектелмейді,  оның 

айтарлықтай  мәдени  маңыздылығы  бар.  Мәдени  құқық  ретінде  білім  алу  құқығы  -  әрі 

құқық, әрі бостандық болып саналады. Мәдени құқықтардың ерекшелігі, ол мемлекетпен 

қамтамасыз  етілуге  тиісті  емес.  Бірақ,  мемлекет  оның  жүзеге  асырылуына  еш  кедергі 

жасамауы  қажет,  дегенмен,  мемлекет  пен  азаматтардың  мүддесінде  бұл  бостандыққа 

шектеу орнатуы тиіс. 

Әлеуметтік  тұрғыдан  қарастырғанда,  білім  алу  құқығы  -  бұл  білім  саласындағы 

адамның  заңды  міндеттері  мен  бостандықтары,  сонымен  қатар  мемлекеттің  әр  адамның 

білім алу құқығын қамтамасыз ететін қарсы міндеті мен субъективті құқықтарын қамтитын 

әлеуметтік феномен. 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бастап білім қатынастарын реттейтін 

заңнамасы, республиканың басқа заңнамалары сияқты, даму мен қалыптасу кезеңдерінен 

өтті.  Білім  саласындағы  заңнамасын  реформалаудың  бастапқы  кезеңі  Қазақстан 

Республикасының 1992 жылғы «Білім туралы» және 1993 жылғы «Жоғары білім туралы» 

Заңдарының қабылдануымен байланысты. Бұл кезеңде білім саласындағы кейбір сұрақтар 

бұрынғы  СССР  заңнамасымен  реттелгенін  атап  өту  қажет.  Қоғамдық  қатынастарының 

қарқынды жаңаруы мен нарықтық механизмдердің енгізілуі білім саласындағы қоғамдық 

қатынастарды реттеу жолдарының өзгеруін талап етті. Сонымен қатар, қолданыста болған 

заңнама 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес болуы қажет 

еді. Аталған заңдарды қолдану тәжірибелерінің жинақтауын ескере отырып, сонымен қатар 

Қазақстан  Республикасының  әлемдік  білім  кеңістігіне  қосылуының  халықаралық 

міндеттерінен  туындайын  (1997  жылы  Еуропалық  өңірдегі  жоғары  білімге  жататын 

біліктіліктерді тану туралы Конвенциясын ратификациялады; ТМД аясында бірыңғай білім 

кеңістігін құру және оның қызмет етуі туралы келісімінен бастау алатын белгілі міндеттер 

және т.б.) 1999 жылы білім қатынастары заңнама базасынының реформалау мен дамуының 

жаңа  кезеңін  ашқан,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  әзірленіп, 

қабылданды. 

Қазақстан 

Республикасы 

«Бала 

құқықтары 



туралы» 

Конвенциясын 

ратификациялаумен  байланысты  2002  жылы  «Бала  құқықтары  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңы қабылданды. Дүниежүзілік бала құқықтарын қорғауға бағытталған 

заңнама  базасын  дамыту  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Парламентімен  «Отбасы 

типтегі ауылдар мен жасөспірімдер үйлері туралы»,  «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды 

әлеуметтік  және  дәрігерлік-педагогикалық  түзетуге  жәрдем  көрсету  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңдары қабылданды. 

Білім  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  жеке  нормалар  Қазақстан 

Республикасының  мынадай  заңнама  актілеріне  енгізілген:  «Білім  туралы»,  «Неке  және 

отбасы туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет туралы», «Қазақстан 

Республикасындағы 

мүгедектердің 

әлеуметтік 

қорғалуы 

туралы», 

«Қазақстан 

Республикасында  ауыл,  село  және  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  артықшылықтары 

туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» және басқалары Заңдары. 


917 

 

Қазақстан  Респуликасы  Президентінің  нормативтік  құқықтық  актілері  білім 



саласындағы  заңнама  жүйесінде  айтарлықтай  маңызды  рөл  атқарады.  Қазақстан 

Респуликасы  Президентінің  нұсқаулары  мен  өкімдермен  білім  саласындағы  мемлекеттік 

саясатын  анықтайтын  «Білім»  Мемлекеттік  бағдарламасы;  Орта  білім  жүйесін 

информатизациялау  бағдарламасы;  Оқушы  жастарға  құқықтық  білім  беру,  этномәдени 

білім және мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамалары сияқты құжаттар бекітілді 

[2]. 


Қазақстан 

Республикасының 

Білім 

беру 


туралы 

Заңының 


47-бабында 

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары,  міндеттері  мен  жауапкершілігі 

қарастырылған.  Баптың  бірінші  тармағында  «Қазақстан  Республикасы  азаматтарының, 

Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ 

адамдардың  қабылдау  талаптарына  сәйкес  білім  беру  ұйымдарын  және  білім  алу 

нысандарын таңдауға құқығы бар» делінген. Аталған заңның ІІ тарауының 4-бабына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты 

әзірлейді және іске асырады [3]. 

Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  1995  жылы  21  маусымда 

№2347  қаулысымен  Қазақстан  Республикасындағы  жалпыға  бiрдей  құқықтық  бiлiм беру 

туралы ереже бекітілген. Ереженің І бөлімінің 3-тармағында: «Жалпыға бiрдей құқықтық 

оқудың  мақсаты  -  азаматтардың  құқықтық  мәдениетiн  көтеру  және  заңды  құрметтеу 

дәстүрiн  қалыптастыру»  деп  көрсетілген.  Ал  ІІ  бөлімнің  4-тармағында:  «Қазақстан 

Республикасының  облыстарында,  қалалары  мен  аудандарында  базалық  кәсiпорындар, 

мектептер,  училищелер,  техникумдар,  кiтапханалар,  клубтар  айқындалады,  құқықтық 

тақырыптарға арналған бұрыштар мен стендiлер ұйымдастырылады» делінген [4]. 

Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы 

ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік 

білуімізден  жауапкершілігіміз  туындайды.  Әрине,  барлық  адамның  заң  баптарын 

жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-

заңдық  сауаттылығының  тым  төмен  болуы  оны  талай  бас  ауыртар  мәселемен  бетпе-бет 

жүздестіруі  мүмкін. Құқықтық  білімнің керек емес жері  жоқ. Қайда  барсаң да  алдыңнан 

құқық  саласына  қатысты  мәселе  көлденең  шығады.  Халықты  құжаттандыруда  да, 

жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу немесе зияткерлік меншік құқығын қорғауда да 

осы заңдар аясында жұмыстар атқарылады [5]. 

Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогреске бірнеше факторлар: мүгедек 

оқушыларға  қатысты  үміттің  аздығы;  балаларды  оқытуды  жүзеге  асырушы  кадр 

персоналының әлсіздігі;  арнаулы білім беру  жөніндегі  ұлттық стандарттардың жоқтығы; 

инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде. Адам құқықтары 

жөнінде  білім  беру  саласындағы  проблемаларды  шешу  шаралар  кешенін  қабылдауды, 

атқарылудағы  қызметті  жүйелеуді,  барлық  мүдделі  тараптардың  қатысуын  қажет  етеді. 

Ауылдық  мектептердің  проблемасы  педагогикалық  кадрлар  санының  жетіспеушілігімен 

шиеленіседі: педагогикалық мамандық студенттері қала мектептерінде білім алғаннан кейін 

ауылдық  өңірлерге  қайтуға  ниет  білдірмейді.  Сонымен  қатар  мүгедек  балалардың 

құқықтарын  жүйелі  түрде  бұзу  мысалдарының  бірі  білім  беру  саласында  қалыптасқан 

жағдай  болып  табылады.  Жалпыға  бірдей  Адам  құқықтары  декларациясы  дене  немесе 

психикалық  ерекшеліктеріне  қарамастан,  әр  адамның  білім  алуға  құқығын  жариялады. 

Халықаралық  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  пакт  білімнің 

тұлғаның толық дамуына, оның артықшылығын сезінуге және адам құқықтары мен негізгі 

бостандықтарына  құрметпен  қарауға  шешуші  әсері  туралы  баяндады.  Ерекше  білім  алу 

қажеттіліктері  бар  балалар  үшін  кіріктірілген  білім  беру  институтын  енгізу  қажеттігі 

туралы  Ерекше  қажеттіліктері  бар  адамдарға  білім  беру  жөніндегі  Саламанка 

декларациясы, Мүгедектер үшін тең құқықтарды қамтамасыз етудің стандартты ережелері 

туралы пікірлерін айтты [6]. 



918 

 

Әлеуметтік-мәдени  даму  Комитетінің  төрайымы  Динар  Нукетаева,  Мәжілісте  өткен 



«Білім туралы Заңға тузетулер енгізу» атты Домалақ үстелде былай деді: “Отандық білім 

беру  жүйесінің  алдында  тұрған  басты  міндет  білім  беру  сапасын  халықаралық  деңгейге 

көтеру, сапасын арттырып отыр. Жас ұрпақты қалыптастырушы жоғары оқу орындарына 

талапты заманның өзі қояды. XXІ ғасыр білімнің, ақпараттың, жаңа технологияның өрістеу 

ғасыры. Ендеше, мамандарға қойылатын заман талабы – кәсіби жоғары білім, түрлі күрделі 

жағдайлардан шығып кетудің ойлы жолын таңдап ала білу. Осыған байланысты жоғары оқу 

орындары алдындағы міндет тек білім берумен ғана шектелмейді. Әрбір жас ұрпақ жоғарғы 

оқу орнының қабырғасынан ұлтжандылық, отансүйгіштік, тағы да басқа адами қасиеттерді 

бойына сіңіріп, заман талабына сай жұмыс істей білудің әдістемесін игеріп шығуы қажет. 

Осыған орай, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  мақсатында  ҚР  Үкіметі,  «Нұр  Отан»  ҰДП  «Қазақстандық 

білімнің  әлемдік  стандарттарға  жақындауы»  атты  бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында 

ұйымдастырылған заң жобасын қабылдады. 

Халықтың  білім  деңгейіне  мемлекеттің   мәдени,  әлеуметтік  —  экономикалық 

дамуын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалу да тәуелді. 

2007  жылдың  7  шілде  айында  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  Заңы  білім  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттей  отырып,  Қазақстан 

Республикасы  азаматтарының  білім  алуға  конституциялық  құқықтарын  іске  асыруды 

қамтамасыз  етеді.  Бұл  Заң  ұлттық  және  жалпы  адамдық  құндылықтар,  ғылым  мен 

тәжірибедегі  жетістіктер  негізінде  тұлғаның  кәсіби  қалыптасуы,  дамуына  қажетті 

жағдайларды жасаудың құқықтық негізін қалады. 

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық, саяси және мәдени бағыттардағы үдемелі даму 

«Білім  туралы»  Заңға  тиісті  түзетулер  енгізу  қажеттілігін  туғызады.  Осыған  орай, 

ұсынылған  заң  жобасының  оң  жақтарын  атап  өту  қажет:  «Тұңғыш  Президенттің  20 

интеллектуалды  мектептері»  атты  жобасын  жүзеге  асыру  мақсатында  құқықтық  базаны 

бекіту;  білім  алушылардың  мемлекеттік  шәкіртақысы  мөлшері  мен  оған  қосылатын 

үстемелерді  бекітетін  сұрақтарды,  мемлекеттік  білім  беру  мекемелерінің  жұмыстағы 

жоғары көрсеткіштері үшін ие болған гранттарын қолдану тәртіптері, сонымен қатар білім 

алу  үшін  әлеуметтік  көмек  алатын  азаматтар  санатының  тізімін  бекітуді  реттейтін  жеке 

нормаларын енгізу” [7]. 

Қорыта келгенде, адамның білім алу құқығы табиғи құқық болып табылады. Әр бір 

адам азаматтығына қарамастан бұл құқықтарын еш кедергісіз жүзеге асыруға құқылы. Ал, 

мемлекет, өз тарапынан барлық адамдарға бұл құқықтарын жүзеге асыруға тиісті жағдайлар 

жасауы  тиіс.  Дегенмен,  өз  мүддесі  мен  азаматтардың  да  мүддесінде  кейбір  шекетулер 

жасауы қажет. 

Жаңа  замандағы  әлеуметтік-эконмикалық  және  техникалық  қайта  жаңарулар  оңай 

емес  міндеттерді  алға  қояды,  олардың  көбісі  білім  институтын  қалыптастырумен 

байланысты.  Осыған  орай,  қазіргі  заманғы  қоғамдық  дамудағы  білім,  бүкіл  мемлекеттің 

және әрбір адамның бәсекелесуге қабілеттігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып 

табылады. 

Ұлттық  білім  беру  жүйелері  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  ықпалдаусыз  дами 

алмайды. 

Қазақстан білімге негізделген қоғамды құрудағы ең тиімді әлемдік тәжірибелерді өз 

білім жүйесінде қолдануда. 

Елбасымыз 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаев 

айтқандай, 

білім 


реформасы  «мемлекетіміздің әрбір азаматы, тиісті білім және біліктілікті алғаннан кейін, 

әлемнің кез келген мемлекеттерінде талап етілетін маман бола алатындай» деңгейге жетуі 

тиіс [8]. 

Орыс педагогі  К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі  заман талабына сай, әр мұғалім, өз 

білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 



919 

 

қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» 



Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев 

жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман 

талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең 

ететін  –  білім».  Сондықтан  да,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту 

үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі  технологиялары 

сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, орта білім беру мен жоғары 

мектеп  өміріне енуде. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет