Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық. - Алматы: 2011. - 255 бет;
2. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. - Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ,
2009. 568 бет.
3. «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» 7 (IAS) Қаржылық есептіліктің
халықаралық стандарты (2013 ж.).
4. Проскурина В.П. Бухгалтерлік есеп «басынан бастап» балансқа дейін (көмекші құрал) -
Қазақ тіліне бірінші рет аударылған/Аудар. М.К.Акишев. - Алматы: ЖШС «LEM баспасы», 2010.
- 374 б.
ӘОЖ 657.1
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
СТАНДАРТТАРЫНА САЙ ЖҮРГІЗУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Екпінова Ғалия
Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті «Есеп және аудит»
мамандығы 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі э.ғ.м., аға оқытушы Евескина Ж.Т.
Мақалада негізгі құралдар түсінігі, олардың жіктелуі, амортизация есептеу мен бағалауда
кездесетін мәселелер ХҚЕС сәйкес қарастырылған.
В статье расмотрены понятие основных средств, их классификация, проблемы оценки и
начисления амортизации в соответствий с МСФО.
In the article considered fixed assets their classification, problems of estimation and charging
amortization in accordances with
IFRS.
Түйін сөздер:негізгі құралдар, амортизация, ХҚЕС, бағалау, тану.
13
Қаржылық еесптіліктің 16 «Негiзгi құралдар» деп аталатын халықаралық стандарттарына
сәйкес негiзгi құралдар дегенiмiз – кәсiпорында өнiм өндiру, тауарларды тасымалдау немесе
қызмет көрсету үшiн, басқа кәсiпорынға жалға беру үшiн немесе әкiмшiлiк мақсаттар үшiн
пайдаланылатын және бiр кезеңнен (бiр жылдан) артық мерзiм iшiнде пайдаланылады деп
болжанатын материалдық активтер/1, 5б./.
Негiзгi құралдарға қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш
тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу
машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлiк тасымалдау
құралдары, аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, шаруашылықтың iшкi
жолы, тағы да басқалар жатқызылады.
Негiзгi құралдардың есебiн дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жiктеу болып
табылады. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
Сурет 1. Негізгі құралдардың жіктелуі
Өндiрiс процесiне қатысу сипатына байланысты негiзгi құралдар өндiрiстiк және өндiрiстiк
емес болып екiге бөлiнедi.
Негiзгi өндiрiс құралдарына өндiрiс процесiне тiкелей қатысатын обьектiлер жатады,
олардың көмегiмен өнiмдi әзiрлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-
саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндiрiстi жүргiзу үшiн қажет материалдық
жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткiзгiш қондырғылар). Негiзгi өндiрiстiк
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткiш – қор қайтарымы
болып табылады, ол негiзгi құралдардың бiр өлшемiне шаққандағы өндiрiлетiн заттай немесе
ақшалай түрiндегi өнiмдi көрсетедi.
Өндiрiстiк емес негiзгi құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар
ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық
сақтау мүлкi, т.б.) қажеттiлiктерiн ұзақ мерзiм бойы өтеуге арналған.
Иелiгiне қарай негiзгi құралдар: меншiктi және жалға алынған болып бөлiнедi. Меншiктi
дегенiмiз – субьектiге тиесiлi және оның балансында көрiнiс табатын негiзгi құралдар.
Белгiленген мерзiмге шарт бойынша басқа субьектiден алынған негiзгi құралдар, жалға алынған
құралдар болып саналады. Операциондық жал кезінде олар жалға берушiнiң балансында есепте
тұрады, жалға алушы 001-шi «Жалға алынған негiзгi құралдар» баланстан тыс шотында есепке
Негізгі құралдар
Өндіріс процесіне
қатысу сипатына қарай
Өндірісті
к
Өндірісті
к емес
Иелік
етуіне қарай
Меншікті
Жалға
алынған
Заттық құрамына
қарай
Мүлiктiк
Мүліктік
емес
14
алады. Ал жал келісімшарты қаржылық жалдың шарттарын қанағаттандыратын болса негізгі
құралдар жалға берушінің балансынан шығарылады және ол негізгі құралдар жалға алушының
балансында есепке алынады. Жалға алу мерзiмi аяқталған соң ғана олар меншікті негізгі
құралдар қатарына өтуі тиіс.
Заттық құрамына қарай негiзгi құралдар: мүлiктiк және мүлiктiк емес болып бөлiнедi.
Мүлiктiкке (заттай) көрiнiсi бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар,
машиналар, жабдықтар) жатады. Мүлiктiк еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су
ресурстары (ғимараттардан басқа күрделi қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар
(жер учаскелерiн, егiстiк үшiн пайдаланылатын жердi өңдеу, жалға алынған негiзгi құралдарға
күрделi қаржы жұмсау, т.б.) жатады /2, 296б./.
Негізгі құралдар актив ретінде танылу үшін келесідей екі шарт орындалуы керек:
1.
кәсіпорын болашақта осы активпен байланысты экономикалық пайда алу мүмкіндігіне
ие болуы керек.
2.
активтердің өзіндік құндары сенімді бағалану керек.
Экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар объектісі келесідей операциялар жүргізу
барысында пайдаланылады:
-
ұйым сататын тауарларды өндіруде және қызмет көрсетуде
-
сатылады немесе басқа активке айырбасталады
-
міндеттемелер бойынша есеп айырысу кезінде қолданылады
-
ұйымның меншік иелері арасында бөлінеді.
Активтердің құнын сенімді бағалау дегеніміз - активті сатып алуға жұмсалған
шығындарды сенімді бағалау болып табылады. Қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын
сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.
16 «Негізгі құралдар» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес кәсіпорынға
пайда әкелмейтін негізгі құралдар баланстан тыс шоттарда есепке алынады.
Осы стандартқа сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға жұмсалған
барлық нақты шығындарды қамтитын нақты құны бойынша бағаланады. Бұл шығындарға
жататындар:
-
сатып алу бағасы
-
импорттық баж салықтары
-
негізгі құралдарды пайдалану орнына жеткізіп, қолдану жағдайына жеткізгенге дейінгі
барлық шығындар
-
сатып алу бағасын айқындаған кезде берілген кез келген жеңілдіктер шегеріледі.
Төменде аталған шығындар негізгі құралдардың өзіндік құнына қосылмайды, олар пайда
болған кезеңнің шығыстары ретінде танылады:
1) жаңа өндірістік қуаттарды ашумен байланысты шығындар;
2) нарыққа жаңа тауарларды немесе қызметтерді шығарумен байланысты шығындар;
3) жаңа жердегі немесе клиенттердің жаңа түрімен бизнесті жүргізумен байланысты
шығындар;
4) әкімшілік және басқа да үстеме шығындар /3, /.
Жер мен ғимарат бірге сатып алынса да, бөлек активтер болғандықтан жеке –жеке есепке
алынады.
Негізгі құралдар бойынша келесідей проводкалар беріледі:
1.
негізгі құралдарды ақшаға сатып алған кезде
Дт 2410
Кт 1030
2. негізгі құралдарды несиеге сатып алу
Дт 2410
Кт 3310
15
Ал егерде негізгі құралдарды сатып алуға банктен несие алынатын болса, онда төленген
пайыздық сыйақылар негізгі құралдардың құнына қосылмайды бұл шығындар кезең
шығындарына жатқызылады.
2.
негізгі құралдарды басқа да активтерге айырбастау арқылы алуымыз мүмкін.
Айырбастаған кезде айырбасталған активтердің құндары:
а) сәйкес келуі мүмкін
б) сәйкес келмеуі мүмкін
Айырбастау кезінде алынған активтердің құны берілген активтердің құнына түзету
жүргізе отырып бағаланады. Мысалы, кәсіпорынның құрал жабдығы құны 10950 теңге дәл
сондай станокқа айырбасталады. Айырбастау кезінде 9000 қосымша төленеді.
Жабдық 10950
Жаңа станок 19950
Қосымша 9000
Дт
Станок (жаңа) 19950
Кт
құрал-жабдық (ескі) 10950
Кт
Ақша қаражаттары 9000
3.
негізгі құралдар тегін алынған кезде
Дт 2410
Кт 6220
Негізгі құралдарды салу арқылы кіріске алған кезде 2930 шот «Аяқталмаған құрылыс
шоты» пайдаланылады. Негізгі құралдар салынып жатқан кезде жұмсалған барлық шығындар
2930 шот «Аяқталмаған құрылыс шотына» жиналады.
Дт 2930
Кт 1310, 3350, 3150 т.с.с.
Құрылыс аяқталғаннан кейін негізгі құралдар кіріске алынады.
Дт 2410
Кт 2930
Кіріске алынған әрбір негізгі құрал объектісі кәсіпорын басшысы тағайындаған
комиссияның тексерілуі мен, қабылдау актісін толтыру арқылы кіріске алынады.
Негізгі құралдар бастапқы бағалаудан кейін әр түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Қайта
бағалау: негізгі құралдардың баланстық құндары әділетті құннан азайып қалмауы үшін жыл
сайын қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалаудан алынған айырмашылықты меншікті
капиталдар құрамында 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» шотында есепке
аламыз.
Қайта бағалау кезінде негізгі құралдардың құнының өсуін келесідей бухгалтерлік жазумен
көрсетеміз. Мысалы: ғимараттың бастапқы құны 1000 ш.к., қайта бағалау коэффициенті 1.2,
сонда қайта бағалаудан кейінгі құны 1200 ш.к.; осы кезге дейін есептелген тозу құны 600
Дт 2410 200
Кт 5420 200
Негізгі құралдарды қайта бағалаған кезде оларға есептелген жиынтық тозу сомасы тура
пропорционалды көбейеді (600*1.2=)
Дт 5420 120
Кт 2420 120
Негізгі құралдарды модернизациялау келесідей мысалмен көрініс табады:
1.
Қуаттылығын жоғарылатумен қоса оның пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартатын негізгі
құралдар түрін түрлендіру.
2.
Шығарылатын өнімнің сапасын едәуір жақсартуға қол жеткізу үшін машинаның
бөлшектері мен торабтарын жетілдіру.
16
3.
Бұрын есептелген өндірістік шығындарды едәуір азайтуды қамтамасыз ететін жаңа
өндірістік процестерді ендіру болып табылады.
Негізгі құралдар келесідей әдістер бойынша есептен шығарылады:
-
жойылу нәтижесінде
-
сатып өткізілу нәтижесінде
-
айырбас нәтижесінде
Негізгі құралдар есептен шығарылған кезде оның баланстық құны және осы кезге дейін
жинақталған тозу құндары есептен шығарылады.
Негізгі құралдар есептен шығарылған кезде 7410 «Активтерді есептен шығару бойынша
шығыстар» шоты және олардың жинақталған тозу құны 2420 шоты дебеттеліп, 2410 «Негізгі
құралдар» шоты кредиттеледі /4, 144б./.
Негізгі құралдарды сатып өткізген кезде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін:
1.
негізгі құралдар баланстық құны бойынша сатылса
2.
негізгі құралдар баланстық құннан төмен бағамен сатылған кезде
3.
негізгі құралдар баланстық құннан артық бағаға сатылса. Онда пайданы танимыз.
Осылайша негізгі құралдардың есебінде көңіл аударатын жағдайлар:
-
сатып алынған кездегі активтердің алғашқы тіркеу сомасы;
-
активтердің құнын алдағы мерзімдерге бөліп-тарату үшін қолданылатын тозу ставкасы;
-
активті бастапқы есепке алғаннан кейінгі құндарының өзгерісі, яғни кейінгі шығындар;
-
активтердің шығыс етілуін тіркеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ХҚЕC 16 «Негізгі құралдар» ҚР Қаржы министрлігінің арнайы аудармасы, 2010ж.
2. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. - Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ,
2009. 568 бет.
3. Е.О.Нұрcейітов «Ұйымдардағы бухгалтерлік еcеп»/ Оқу құралы. – Алматы,
«Издательcтво ЛЕМ» ЖШC, 2009ж. 429 бет.
4. Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық. - Алматы: 2011. - 255 бет;
УДК 00.17
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Нурмаханбетов Рашид Дауренович
Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ «Қаржы» мамандығының ҒПМ 2 курс магистранты
Аннотация. Әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы ғылымның дамуы мен
инновациялық белсенділікке байланысты.
Кілт сөздер: Инновация, бизнес,экономика, қаржы, технология, стратегия, кластер.
Аннотация.Увелечение конкурентоспособности на мировомрынке связано сразвитием
науки и с активной инновационной деятельностью.
Ключевые слова: Инновация, бизнес, экономика, финансы, технология, стратегия,
кластер.
Annotation. Development of science increase competitiveness on world market I contacted with
innovative by activity.
Key is words: Innovation, business, economy, finances, technology, strategy, cluster.
17
Әлемде технологиялық өзгерістердің жылдамдығы көз ілеспейтіндей жағдайда
болғандықтан, тұрақты қалыпта және жаңа тармақтардан орын алу үшін жаңа бағыттарда даму
қажет. Елбасымыздың 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан
жолы– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» шеңберінде екінші және келесі бесжылдықтарға
мобильді және мультимедиялық, нано- және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік
инженерия, болашақ энергиясын ашу және іздеуге лайықты ғылыми негізделген экономиканы
құру мен жаңа салаларды дамыту тапсырмасы қойылған.
⦋1⦌
Үдемелі ндустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу
барысында салалардың кең ауқымын қаржыландырды. Бұл секторға қолдау көрсету шаралары
мен жобалардың бір бөлімін қаржыландыру кезінде құралдардың жетіспеушілігіне тірелді.
Сонымен қатар, қаржыландырудың жетіспеушілігі көбінесе ұзақ мерзімді инвестициялар мен
«ұзын» ақшалар қорының құрылуы қажет болған отандық нарықтық қаржылық
инфрақұрлымның жетілмегендігімен байланысты. Коммерциялық қаржылық институттар
тарапынан қаржыландырудың болмауы кезінде, қазақстандық нарықта бұл қуысты ұлттық
холдингтер мен даму институттарының жүйесі арқылы мемлекеттің толтыруына тура келді.
Отандық ғылыми зерттеулер өндірістен бөлек жүргізіледі. Сондықтан, көптеген ғылыми
зерттемелер нарыққа шығуға дайын емес, бұл олардың бизнестегі сұранысын төмендетеді.
2050 Стратегиясы жаңа саясаттағы инновация дамуының маңызды элементі ретінде
Қазақстанның ірі халықаралық ғылыми зерттеу жобаларына қатысу анықталып қойды. Мұндай
амал, заманауи ғылым халықаралық өзгешелікпен ерекшеленетін болғандықтан, ол жеке елде
оңаша дами алмайтындығын ескереді. Сондықтан Қазақстан ғылымының дамуы үшін оның
әлемдік ғылыми кеңістікке бірігуі маңызды орын алады. Қазақстанның Біріккен экономикалық
кеңістік шеңберінде ғылыми серіктес болуының келешегі бар және тиімділігі жоғары. Бұл
елдерді олардың ұқсас мәселелері мен өткендері біріктіреді. Бүгінде бұл елдердің әрқайсысы
болса да ғылыми бағытта бәсекеге түсе алмайды. Ғылыми жұмыстың беделінің төмендегені,
құрылғылардың ескіріп, жаңа зерттеулер мен технологияларды қабылдамау байқалуда. Ұлттық
экономиканы тұрақтандыруға ұмтылу, салалардың техникалық базасын жетілдіру, әлемдік
қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде әлемдік нарыққа сәтті шығуы, бұл елдердің тиімді
әрі келешегі зор серіктес бола алуы, келісілген ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық саясатты
жүзеге асырушы сынды ерекшеліктерінің болуы бұл елдерге көп жақты нысандағы ғылыми-
техникалық ынтымақтастыққа қатысуға мүмкіндік береді.
Ғарыш аясындағы іскерлілік, экология мен транзиттік әлеуетті қолдану осы жолдағы
маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ғарышты меңгерудің ерекше маңызы бар, өйткені
ол ғылыми және техникалық прогресті белсенді ынталандырып, ғылыми зерттеулердің кеңінен
қолданылуына мүмкіндік туғызады, экономиканың барлық саласында келешегі зор және жаңа
технологиялардың тууына мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық нарықта ең жылдам
дамитын сегмент әлем бойынша ғарыштық техника мен қызмет болып саналады. Ғарыштық
қызметтегі өсу жылдамдығы мен ғарыштық қоғамдастыққа көптеген елдердің тартылуы әлемдегі
тұрақты үдеріске айналды. Осы ғарыш саласындағы қызметке қатысы бар әлемде жүз отыз ел
болса, ғарышты белсенді игеретін мемлекеттер саны жиырма. Осы үдеріске қосылу үшін
Қазақстанның да көптеген мүмкіндіктері бар. Бір жағынан, мұнда сәйкес әлеуеттер бар, олар, ең
алдымен, бірегей инфрақұрылымдары мен зерттеу базалары бар. Екінші жағынан, ғарыштық
кеңістікті зерттеу мен қолдануға деген сұраныс өте үлкен. Мұндай елдердің ерекшеліктері, яғни
жерлерінің кеңдігі мен байлығы, бірақ табиғи ресурстарының зерттелмеуі, шекараның ұзаққа
созылуы ғарышты қолдануға қажеттілік тудырады, ал ол өз кезегінде жоғарыдағы мәселелердің
шешіміне апарады. Қазақстан ғылымының халықаралық интеграциядағы басым бағыты Біріккен
экономикалық кеңістік (БЭК) аясында мынадай болу керек:
- БЭК-ке қатысушы елдер ғылымының экономика, әлеуметтік және рухани жылжуын
дамытудың жан-жақты бірлескен әрекеті, келешегі зор және маңызы жоғары ғылыми
18
зерттеулердің жүзеге асырылуы, БЭК елдерінің бірігуі үшін ғылыми-инновациялық қызметті
жандандыру; БЭК елдерінің экономикалық бірігуінің сапалық параметрлерін жақсартуға
жәрдемдесу, яғни, ол ең алдымен ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін бірігіп
қолдануды реттеу, БЭК елдерінің экономикалық өсуі мен гүлденуінің басты қозғалтқышы
ретінде өндірістік жоғары технологияны меңгеру мен коммерциялау жүйесін құру қажеттілігі;
- ортақ ғылыми-техникалық кеңістіктің қайта құрылуына жәрдемдесу, ғылым мен
технология саласындағы ықпалдастықты дамытуды БЭК елдерінің экономикалық
ынтымақтастығының маңызды басымдылығы ретінде қарастыру, ортақ ғылыми-техникалық
кеңістіктің нормативтік-құқықтық базалық негізін дайындау;
- ғылыми-техникалық кеңістікте мемлекетаралық бағдарлама мен жобаларды дайындау
мен қабылдауға қатысу;
- ортақ ғылыми-техникалық кеңістікте инфрақұрылымды қалыртастыруға жағдай жасау,
сондай-ақ БЭК елдері аумағындағы бірегей ғылыми нысандар мен ғимараттарды тиімді қолдану.
- 2050 Стратегиясы ғылым мен бизнестің қауымдасуының ауқымды міндеттерін жүктейді
Отандық инновациялық саясат тәжірибеден алынған көптеген бағыттады қамтиды. Алайда
қабылданған шаралардың көпшілігінің лайықты қайтарымы жоқ, өйткені инновациялық
қызметке жеке бизнесті қызықтыру сәтті болмады. Ең қиыны – зерттеу мен инновацияға
демеудің қажет екендігін ұлттық бизнеске сезіндіру. Президент Жолдауында жаңа
инновациялық саясаттың маңызды құрушысы ретінде мемлекет пен жеке шаруашылықтар
әріптестігін көрсетті. Инновациялық саладағы мемлекеттік-жеке әріптестігін мемлекет пен жеке
құрылымдардың теңдігінен анықтауға болады. Мемлекет инновацияның негізгі көзі болып
табылатын білім және ғылым саласына қолдау көрсетеді, ыңғайлы құқықтық жағдай жасап,
инновациялық өнеркәсіптерді ынталандыратын инновациялық инфрақұрылым жасайды. Ал
өнеркәсіптік сектор өз мойнына нарықтағы негізгі қаржылық тәуекелді және табыстың үлкен
бөлігін алады. Ал мемлекет өзінің үлес ақысын салық түсімдерін өсіру арқылы, әлеуметтік
мәселелерді шешу және өнімділік көлемін көтеру арқылы алады. Осылайша мемлекет өнім
бәсекелестігін және әлемдік нарықтағы қызметтерді көтереді. Мұндай әріптестік екі жақтың да
мақсатына толығымен жауап береді.
Мемлекет жүйелік және салалық қолдау шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етуі
керек. «Бәйтерек» және «КазАгро» ұлттық холдингтары қаржыландырудың жаңа әдістерін
енгізіп, бағдарламаны қаржыландыру үшін жеке меншік қаржы институттарын белсенді тарту
қажет.
⦋2⦌
Банктік инфрақұрылым мен жеке меншік лизингтік компанияларды пайдалану арқылы
кәсіпорындарға қаржылық ресурстарға қол жеткізу керек. Пайыздық қойылымды субсидиялау
мен несиелерді кепілдеу жалғасады. Қаржылай көмек басым сектордағы кәсіпорындарға да
(бөлінетін қаржының 80%-ы), сондай-ақ өндірісті өңдейтін басқа да секторларға (бөлінетін
қаржының 20%-ы) көрсетіледі. Көмек көрсетудің негізгі критерийлері мыналар болады: еңбектің
өнімділігі, экспортқа бағытталу және ресурсты тиімді пайдалану.
Берілген салалардың даму ядросы – ұлттық инновациялық кластерлер Назарбаев
Университеті және инновациялық технологиялар Паркі болып табылады.
Ғылыми негізделген салалардың құрылуын отандық ғылымның дамуынсыз шешу мүмкін
емес. Осыған байланысты, Назарбаев Университетінің рөлі: өмір, медицина, гендік инженерия,
жаңа материалдар өндірісіне арналған материалтану, қуатты үнемдейтін технологиялар,
биотехнологиялар туралы ғылым облыстарындағы іргелі ғылымдарды дамытуда орын алады.
Бұл үшін жаңа құзыретті орталықтар құрылып, шетелден әлем бойынша ең мықты ғалымдар
шақырылады.
Қазақстанда абсолютті инновациялардың пайда болуы үшін іргелі ғылымдардың сапасын
жақсартып, Назарбаев университетінің құзырындағы сәйкес орталықтарды дамытып, ЖОО-дың
19
зерттеу жұмыстарын күшейтілдіру керек. Бұл бағыт білім және ғылым Министрлігінің қызметін
жетілдіруді талап етеді.
Даму басымдығы негізгі екі инновациялық кластерлер Назарбаев Университеті және
инновациялық технологиялар Паркіне жүктеледі. Іргелі және қолданбалы ғылымдардың
дамуымен Назарбаев университеті айналысады. Озық технологиялар трансферін шешу, сонымен
қатар, зерттеу қорытындыларын өндіріске енгізу инновациялық технологиялар Паркіне
жүктеледі. Бұл үшін Автономды кластерлі қор, қатысушыларға шарттарын көрсетуді басқарудың
ерекше тәртібін қадағалау туралы бөлек заң қабылдау қажет.
Үндістанның тәжірибесінен де үлгі алуға тұрарлықтай, өйткені, жоғары технологиялық
қызмет экспортының арқасында бұл ел 2050 жылы ЖІӨ көлемі бойынша әлемнің озық үштігіне
кіруге ұмтылуда. Әрине, прогрессивті технологияға ие болу, өндіріске жоғары үстемелі бағада
шетелдік инвестицияны тарту оңай жұмыс емес. Әлемде олар үшін өткір бәсекелестік бар. Қазір
айтарлықтай дамыған нарыққа – Бразилия, Ресей, Индия және Қытай елдері шығып, барлық
назар соларға ауды. Олардың жанындағы біздің негізгі артықшылығымыз – ресурстарымыз бен
арзан жұмыс күші – соншалықты ақиқат болып көрінбейді. Сондықтан шикізат емес секторының
жоғары технологиялы корпорациясын біздің елге тарту үшін қолайлы шарт қалыптастыруымыз
қажет. Мықты салық жүйесі мен өзге де жеңілдіктер ынталандыру үшін қажет. Технологияларды
алу – күрделі үдеріс, тіпті сөзсіз табысқа кепілдік бермейді. Ол өздігінен автоматты түрде
болмайды, өйткені, айтарлықтай әрекетті талап етеді. Шетелдік технологиялардың түсімін
ынталандыра отырып, бір мезетте шетелдік серіктеске дайын өнімге «шектеу» талабын ұсынған
жөн, сәйкесінше дайын өнімдегі негізгі ұлттық және қосымша өндірістің прогрессивті
кеңейтілген үлес салмағын қарастырып, осы талаптарды технологияларды алу келісім-шартына
қосу керек. Келісім-шарттың тіркеуі технологиялардың импортын бақылауда негізгі әдіс болуы
тиіс. Келісім-шартта шетелдік серіктестердің жергілікті ғылыми-зерттеу ұйымдарымен
ынтымақтастықта болу қажеттігін атап көрсеткен жөн.
Коммерциялық
трансферт
технологиясы
шетелдік
инвестицияға
негізделетін
болғандықтан, осы арнаны тиімді қолдану үшін инвестициялық, салықтық және сыртқы
саудалық реттеудің арнайы тетіктері қажет. Мұндай тетік шетелден ғылыми-техникалық жаңа
жабдықтарды алуға таңдаулы жолды қамтамасыз етіп, шетелдік капиталдың қосымша салаларын
реттеп, оның ғылыми салаға тартылуын қолдап, жергілікті жағдайларға шетелдік
технологиялардың тезірек бейімделуіне септігін тигізуі керек. Сондай-ақ, республика
экономикасы қалпына келмейтін ресурстардың сарқылуынан, қоршаған ортаға қауіп төндіретін
технологиядан сақтануы тиіс. Ал, егер де индустриалды дамыған елдердің өздерінің маңынан лас
өндіріс пен «төменгі қабаттағы» өнеркәсіпті шығарудағы ұмтылысын ескерсек, мұндай қауіптің
бары рас. Ұсынылған Стратегиядағы негізгі талаптың шешімі тиімді болу үшін сырттан кірген
технологияны меңгеріп кететін дайын кадрлардың болуы қажет. Бұл Президент Жолдауында
ерекше айтылып өткен. Осыған байланысты айта кету керек, шетелдік технологияның кіруі
ғылыми-техникалық әлеуетті төмендетпейді. Технологияны алу – бұл тек шетелдік ғылыми-
техникалық тәжірибені тартудың бастапқы сатысы. Алған технологиядан әлеуетті артықшылық
шығару үшін ол бейімделуі қажет, яғни оны меңгеріп, жетілдірсе, ол ұлттық ғылыми-техникалық
әлеуеттің дамыған деңгейге қол жеткізгендігімен тікелей анықталады.Осы белгі бойынша
технологияның реципиент-елдері үш топқа бөлінеді: қазіргі технологияны тиімді пайдалану мен
меңгеруге қабілетсіз; заманауи импорттық технологияларды қабылдай алатын елдер, әлемдік
деңгейге жету үшін оны дұрыс қолдана білу, озық технологияларды қолдануға қабілеттілікпен
қоса, сапасы мен бағасы, еңбек өнімділігін «түпнұсқадан» асырып түсіріп, аяқтап істейтін елдер.
Қабілеттіліктің соңғы кезеңі технологияны «жапондық» үлгімен меңгеруге бағытталған,
таңдаудың негізінде иеленген «ноу-хаудың» бейімделуіне иек артатын түрлі себептерге
байланысты қабылдау кезеңіне жетпегендерді де қосқанда, оның дамуын ынталандыру үшін
ғылыми-техникалықбазаны қосуды аяқтау болмақ.
⦋3⦌
20
Мемлекеттің инновациясына сұраныстың құралуы реттеуші және ынталандырушы
шаралардың есебінен болады. Инновация облысындағы орта және кіші бизнесті дамыту үшін
салықтық ынталандыру керек. Бұл бағытта заңнамалық шектеулер және салалық кәсіпорындарда
қуатты үнемдеу нормативтарын енгізу қажет. Техникалық және экологиялық стандарттар
жүйелерін Кеден Одағы мен Еуропалық Кеңес стандарттар жүйесімен гармонизациялау
мұқтаждығы туындайды.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының іске асуынан бастап жүргізілген
реформалар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 4 %-дан 7,6 %-ға дейін
өсті. Технологиялық инновацияларға кәсіпорындардың шығындары 5 еседен көп өсті (61-ден
326 млрд. теңгеге дейін), инновациялық өнімнің көлемі 4 еседен көп өсті (82-ден 379 млрд.
теңгеге дейін). 2012 жылы ғылымды қаржыландыру екі есе көбейтілген 47 млрд. теңгені құрап
0,22 % жалпы ішкі өнімге жетті. Қаржыландырудың жаңа механизмдері енгізілді: базалық,
арнайы бағдарламалық-мақсаттық және гранттық. Ғылымның бағыттары бойынша әлеуметтік-
экономикалық дамудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестер құрылды,
олардың құрамына ғалымдар, бизнестің белді өкілдері және шетелдік сарапшылар кіреді.
Технопарктердің, салалық құрастырушы бюролардың, коммерциалау орталықтарының,
технологияны трансферттеу орталықтар қызметінің тиімділігінің артуы арқылы инновациялық
инфрақұрылымның рөлі күшейтілді. Базалық инновациялық жүйелердің құрылу шеңберінде
соңғы 5 жылда елімізде 9 коммерциалау офистері, 8 аймақтық технопарктері, 4 салалық
құрастырушы бюролар, 2 технологияны трансферттеу орталықтары, инновациялық кластерлер
«Алатау» инновациялық технологиялар паркі және Назарбаев Университеті ашылды. Сонымен
қатар, қаржыландыруды көбейту үшін 4 отандық венчурлық қор ұйымдастырылды. 2010 жылдан
2013 жыл аралығында бюджеттен жалпы сомасы 12 млрд теңгені құрайтын инновациялық
грантбөлінді. «Парасат» және АҚ «КазАгроИнновация» ғылыми-технологиялық холдингтері
құрылды. Жаңа инновациялық импульсті кіші инновациялық кәсіпорындар да алды. Егер 2003-
2009 жылдар аралығында 180 инновациялық жобаларға қолдау көрсетілсе, 2010-2012 жылдарда
400-ден астам жобаларға қолдау көрсетілді.
⦋4⦌
Инновациялық технологияларға бизнестің ұғымдылығы жақсы қарқын алуда, бірақ төмен
дәрежеде. 2012 жылы инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі өндірістің
кәсіпорындарының жалпы санынан 7,6% құрады. Германияда бұл көрсеткіш 73 %, Ирландияда
61%, Бельгияда 58 %, Чехияда 41 %, демек еліміздің инновациялық белсенділігішетелдермен
салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Мұндай артта қалушылық бәсекеге қабілетті инновацияларды сапалы таңдау жүйесінің
дамымағандығы мен коммерциалаудың жоқтығымен сипатталады. Мәселе кәсіпкерлер үшін
салықтық, қаржылық және техникалық шаралардың нақты және ыңғайлы ынталандырушы
сипатының жоқтығымен тереңдей түседі. Осыған байланысты инноваторларды қолдаудың жаңа
аспаптарын енгізу, процедураларды көрсетуді оңтайландыру, халықтың максималды
ақпараттандырылуы сияқты жұмыстарды күшейту қажет.
Алғашқы даму институттарының жүйесі индустриалды-инновациялық дамудың
қажеттіліктеріне толықтырылып бағытталған болатын. Индустриалды-инновациялық дамуды
қолдаудың түрлі аспаптары сыналған: пайыздық қойылымын қаражаттандыру, шығындарды
өтеу мен инновациялар мен технологияларды енгізуге гранттар беру, экспортты өрлету,
несиелерді кепілдеу және т.б.Қазақстанда жасалған жоғары технологиялық өнімдерді алуға
ынталандыру үшін сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізу қажет.
Халықаралық стандарттар сапасына сәйкес инновациялық өнімдер мен қызметтерді орта-
ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өндіретін инновациялық компанияларға
басымдықты қолдау керек. Бұл үшін, тауарды жеткізу мен жаңа өндірісті игеруге технологиялық
меморандумдар негізінде енгізілетін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау механизмін
ұйымдастыру керек.
21
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының сәтті жүзеге асуы үшін мемлекеттік
қаржыландырудың теңдестірілген үлгісі дайындалуы керек. Тікелей инвестициялар мен
несиелердің мемлекеттік және жеке меншік қаржыландыру көздерінің теңдігі сақталынады.
Тікелей инвестицияларды тарту мен ұзақ мерзімді және арзан несие ресурстарымен қамтамасыз
ету жағдайында мемлекеттің рөлі сыни тұрғыда тұр. Бағдарламаны қаржыландыру қаржы-
несиелік жүйелерінің сауығуы, қаржы нарығының дамуы мен инвестициялық климаттың
жақсаруына тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |