Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет1/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
4636

 

Сулейман Демирель атындағы университет 



Университет имени Сулеймана Демиреля 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» атты  

студенттердің IV ЖОО аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының  



ЕҢБЕКТЕРІ 

 

 

 

 

 

ТРУДЫ  

IV межвузовской традиционной конференции  



«Развитие и перспективы Казахстана шлазами молодежи» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаскелең, 2015 

 

 



УДК 001 (063) 

ББК 72.4 (5 қаз) 

Қ 18 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан  ғылымының  дамуы  мен  келешегі  жастар  көзімен»  (Развитие  и 

перспективы  Казахстана  шлазами  молодежи)  атты  студенттердің  IV  ЖОО  аралық  дәстүрлі 

ғылыми  конференциясының  еңбектері.  -Қаскелең,  2015  ж.  -  1035  бет  –  қазақша,  түрікше, 

ағылшынша. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Бұл  жинаққа  «Қазақстан  ғылымының  дамуы  мен  келешегі  жастар  көзімен»  атты 



студенттердің  IV  ЖОО  аралық  дәстүрлі  ғылыми  конференциясында  (филология,  экономика, 

педагогика, ақпараттық технология салаларына қатысты) жасалған баяндамалар енгізіліп отыр. 

Ғылыми жинақ ізденушілер, магистранттар мен студенттерге арналған. 

 

 



 

 

 



УДК 001 (063) 

ББК 72.4 (5 қаз) 

Қ 18 

 

 



 

 

 



 

ISBN 978-601-7537-06-7      

     

 

 

 

 

 

 

     SDU, 2015 

 

 



 

 



 

 

 

 

 

Ұйымдастыру алқасы: 

 

 

Сейітқұлов Н.А. – п.ғ.д., проф., Ғылыми істер жөніндегі проректор 

Мусабеков М.Н. – PhD, Ғылым департаментінің директоры м.а. 

Гувержин С. – PhD, Инженер және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы  

Сатылмыш Х. - пед.ғ.к., Құқық және әлеуметтік-гуманиарлық ғылымдар  факультетінің деканы  

Алиев Г. - ф.- м.ғ.к., Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің деканы  

Гаипов Д. - п.ғ.к., Филология және педагогикалық мамандықтар факультетінің деканы  

Нурашева А.А. – МА, Ғылым департаментінің бас маманы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

УДК 657(574) 



 

ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН 

ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Асқарбеков Тұмар Мұсаханұлы  

Ғылыми жетекші: Мазбаева Куралай Оразбековна 

 

Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ-нің «Есеп және аудит» мамандығының  4-курс студенті 

 

Аннотация:Автор мақалада ұйымның қаржыландыру көздері меншікті капитал мен қарыз 

капиталы  екенін  айта  келе,  олардың  құрамы  мен  құрылымына  тоқталады.Мұнда 

меншікті капиталдың негізгі құрамдары  -  жарғылық  капитал,  қосымша  капитал,  резервтік 

капитал,  әлеуметтік  сақтандыру  қоры,  мақсатты  түсім,  мақсатты  қаржыландыру,  бөлінбеген 

пайда  және  қарыз  капиталының  құрамдары  -  банктердегі  несиелер,  тауарлық  және 

коммерциялық  несиелер  туралытолығырақ  баяндайды.  Сонымен  қатар  ұйым  қызметін 

қаржыландырудың  жаңа  түрлері-  ипотекалық  несие  және  қаржы  лизингінің  өзіндік 

ерекшеліктері жайлы айтады. Мақалада ұйымдар арасындағы шаруашылық байланыстар және 

олардыңөзара  бірін-бірі  қаржыландырыпотыратындығы  жайлыда  тоқталып  өтеді.  Автор 



мақаласында  айналымдағы  қаражатты  қалыптастырудың  көздері  мен  көлемі  және 

айналымдағы  қаражатты  тиімді  пайдаланудың  деңгейін  көтеруге  елеулі  ықпал  ететін 

факторлар туралы баяндайды. 

Негізгі  сөздер:ұйымның  қаржыландыру  көздері,  меншікті  капитал,  жарғылық  капитал, 

қосымша  капитал,  резервтік  капитал,  әлеуметтік  сақтандыру  қоры,  мақсатты  түсім,  мақсатты 

қаржыландыру,  бөлінбеген  пайда,қарыз  капиталы,  банктердегі  несиелер,  тауарлық  және 

коммерциялық  несиелер,  ипотекалық  несие,  қаржы  лизингі,  айналымдағы  қаражат,  өзін-өзі 

қаржыландыру. 

Ұйым мүлкінің қайнар көзі болып меншікті қаржы мен қарыз капиталы болып табылады. 

Меншікті  капитал  –  өзін-өзі  қаржыландыру,  ұйым  басшыларының  иелігіндегі,  өндіріс 

барысына 

қатысушы 

және 


әр 

түрлі 


жолдармен 

пайда 


алып 

келу. 


Меншікті капиталдың негізгі құрамдары  мыналар  болып  табылады:  жарғылық  капитал, 

қосымша  капитал,  резервтік  капитал,  әлеуметтік  сақтандыру  қоры,  мақсатты  түсім,  мақсатты 

қаржыландыру және бөлінбеген пайда. 

Жарғылық  капитал  –    мүліктік  құқық  болып  табылатын  және  де  ақшамен  бағаланатын, 

активтерге  салынған  жиынтық  қаражат.  Жарғылық  капитал  ұйымдық-құқықтық  нысанға 

байланысты әр түрлі қалыпта болуы мүмкін: 

-

 

жинақталған капитал – толық серіктестікте және сенімдегі серіктестікте



-

 

үлестік жарна қоры -  өндірістік кооперативте; 



-

 

жарғылық  капитал  –  акционерлік  қоғамда,  жауапкершілігі  шектеулі  және  қосымша 



жауапкершілігі бар қоғамдарда. 

Ұйымдық-құқықтық  нысандарының  ең  дамыған  түрі  болып  акционерлік  қоғам  болып 

табылады. Акционерлік қоғамның жарғылық капитал құрамы акциялардың атаулы құны, ашық 

қоғамда ол жалақының ең төменгі мөлшері 1 мыңнан, ал жабық қоғамда жалақының ең төменгі 

мөлшерінен  100  мыңнан  кем  болмауы  тиіс.  Мекемелердегі  акционерлік  қоғамдардың 

акцияларың құны олардың тіркелген уақытынан бастап 50% дан төмен болмауы керек, қалған 

бөлігі – олардың тіркелгеннен кейінгі жыл бойына төленеді.  

Қосымша  капитал  –  мүліктің  қайта  бағалағандағы  құнының  өскендігін  көрсетеді,  әрі 

эмиссиялық  табыс (құнды  қағаздың,  акцияның  сату  бағасы  мен  атаулы  құны  арасындағы 

айырма);  өндіріс  мақсаттары  үшін  тегін  алынған  құндылықтар  (қаржылық  және 


 

материалдық); күрделі қаржы жұмсауды қалыптастыруға бюджеттен қаржы бөлу; айналым 



қаражаттарын толықтыруға түсімдер және т.б. 

Резервтік қор капиталы – шығындардың орнын толтыруға, қоғамның құнды қағаздарын 

өтеуге  және  басқа  түсімдер  болмаған  жағдайда  оның  акцияларын  сатып  алуға  арналған. 

Резервтік  капитал  жасау  қаржы  жұмысының  бір  бөлігі,  әрі  тұрақты  жұмыс  істейтін 

өнеркәсіптің мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамда резервтік 

қор капиталы міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ, кейбір қатерлі қызмет түрлерін жүзеге 

асыруда, мысалы, сыртқы экономика. Акционерлік қоғам резервтік  қор  капиталын қоғамның 

уставына  сәйкес  құрады,  бірақ  ол  уставтық  капитал  бойынша  15%  -дан  кем  болмауы  тиіс. 

Резервтік қор капиталы қоғам бекіткен уставқа сәйкес өз деңгейіне жеткенше міндетті жыл 

сайынғы бөлінетін қаржыдан қалыптасады. Жыл сайынғы бөлінетін қаржы таза кірістің 5% 

-нан кем болмауы тиіс./1/ 

Бөлінбеген кіріс және басқа резервтік қорлар – болатын шығындарды өтеуге жұмсалады, 

ұйым мынадай резервтік қорларын құруына болады: 

1)

 



материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге арналған резервтік қорлар; 

2)

 



құнды қағаздарға қаржы бөлуге арналған резервтік қорлар; 

3)

 



бекітілген  келісімшарт  бойынша  уақытында  төленбеген,  және  тиісті  кепілдікті 

сақтамаған күмәнді борыштарға – мекеменің дебиторлық берешектеріне арналған резервтік 

қорлар. Қаржылық жинақ есебінен құрылады. 

Қарыз  капиталы  –  қарыз  қаражаттарының  жиынтығы,  олар  несие  және  қарыз 

келісімшарттар  түрінде  рәсімделуі  мүмкін.  Бұларға  банктердегі  несиелер,  тауарлық  және 

коммерциялық несиелер жатады. 

Қарыздық қаражаттар дұрыс экономикалық жағдайда өндірістің нәтижелілігін өсіруге, 

өз қаражаттарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 

Ұйым  қызметін  қаржыландырудың  негізгі  көздері:  өзін-өзі  қаржыландыру,  нарық 

капиталы тетіктері арқылы қаржыландыру, банктік несие беру, бюджеттік несие беру және 

шаруашылық жүргізуші субьектімен өзара қаржыландыру. 

Өзін-өзі қаржыландырудың коэфиценті жөніңде маңызды ұсыныс – 50%-дан жоғары. 

 Өзін-өзі  қаржыландыру  тиімділігінің  деңгейі  мүлікті  қалыптастырудың  жалпы 

көздерінің  құрылымына,  қаржыландыру  ресурстарының  меншік  көзінің  үлесіне  тәуелді. 

Олардың үлесі  қаржыландырудың  жалпы көлемінен 60%-дан артық болуы тиіс. 

Мысалы: Мекеменің ішкі есеп беру көрсеткіштері бойынша таза пайданың көлемі 500 мың 

теңге,  амортизациялық  қаржы  бөлу  120  мың  теңге.  Келесі  жылға  қаржы  қажеттілігі: 

өндірістік  әлеуетті  дамытуға  –  580  мың  теңге,  тутынуға  –  345  мың  теңге,  әлеуметтік 

бағдарламаларды шешуге 240 мың теңге қажет. Өзін-өзі қаржыландырудың маңызы мынаған 

тең: 

К=(500 + 120) : (580+345+240) = 0,53 

Мекеме қажеттіліктерін ақшалай қаражатпен өз қаражат көздері есебінен тек қана 53%-ға 

өтей алады. 

Қызметті  өз  қаражат  көздерінен  қаржыландыруға  ылғи  мүмкіндік  туа  бермейді  және 

мақсатқа сәйкес келмейді. Сондықтан, бизнесті дамытуға қосымша қаржы көздерін тарту қажет. 

Мұндай  қаржы  көздері  капитал  нарығы  болып  саналады.  Қаржы  қорын  жұмылдырудың 

нұсқалары: 

-

 



үлестік  (ұйым  акцияларды  қосымша  сатуды  жүзеге  асырады,  сол  арқылы  меншік 

иелерінің санын арттырады немесе меншік иелері қосымша қаржы салады); 

-

 

үлестік  қаржыландыру  (ұйым  құнды  қағаздарды  (облигация)  тез  арада  сатады,  олар 



меншік  иелеріне  жыл  бойына  ағымдағы  пайданы  және  осы  құнды  қағаз  талаптарына  сейкес 

берілген капиталды қайтаруға құқық береді). 



 

Ұйым  қызметінің  осы  қаражат  көздері  мекеменің  инвестициялық  талаптарын  жеткілікті 



үлкен  көлемде  қанағаттандырады,  егер,  инвесторлар  салынған  капиталдан  қалаған  пайдасын 

көре  алған  жағдайда.  Ұйым  ұзақ  мерзімді  жоспар  бойынша  инвесторларға  тартымды  болуы 

керек. 

Қаржыландырудың  мұндай  көздері  қызметті  жүзеге  асыруда  жиі  қиындық  алып  келеді 



және шағын және орта бизнес үшін әрдайым қол жетімді емес. 

Банкінің  несие  беруі  қызметті  қаржыландырудың  ең  қолжетімді  түрі  болып  саналады. 

Банкіден несие алу, түптеп келгенде, қарыз алушы-ұйымның өндірісінің көлеміне байланысты 

емес,  негізінде,  ұйымның  банкіні  де  ұйымды  да  қанағаттандыра  алатын  шарттарын  орындап, 

несие  алу  қажеттігін  негіздей  білуі.  Қазіргі  кезде  ұйымдар  қаржыландырудың  банк 

қызметтерінің ішінен факторинг (делдалдық қызмет) түрін пайдаланады. Факторинг ұйымдардан 

олардың тұтынушыларының тапсырыстарын сатып алатын арнайы бірлестік немесе банк болып 

табылады. Іс жүзінде банктер дебиторлық берешектерді сатып алады. Банк тапсырыстардың 70-

80%  аванс  ретінде  2-3  күн  ішінде  төлейді.  Қалғанын  банк  ұйымға  қаражат  түскеннен  кейін 

төлейді.  Факторинг қызмет құны ұйымның айналымының көлеміне және алушылардың төлеуге 

шамасы келуіне байланысты және ол есептегі құннан 0,5-дан 2%-ға дейін ауытқиды. Факторинг 

ұйымдарға қызметті қаржыландыруды төлеу мерзімін күтпей ақ бірден төлеуге мүмкіндік береді; 

ұйымның  барлық  төлемдерді  алуына  жүз  пайыздық  кепілдеме  береді,  сол  арқылы  қаржы 

тәуекелін  азайтады  және  т.б.  Факторинг  нарықтағы  сатылымдарын  тұрақты  түрде  арттырып 

отырған  ұйымға  айрықша  тиімді,  сонымен  қатар  шаруашылықтағы  айналымды  тұрақты 

қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, ұйымның өсіп-өркендеуіне ықпал етеді. /2/ 

Бюджеттік  қаржыландыру  арқылы  ұйым  әртүлі  деңгейдегі  бюджеттерден  қаражат  ала 

алады. Бұл қаражат көздері едәуір арзан болып саналады. Соңғы кездері бұл қаражат көздеріне 

қолжетімділік аясы тарылып келеді. 

Ұйымдардың жұмыс істеу барысында көптеген шаруашылық байланыстар бар, олар бір-

біріне  шикізат,  материалдар,  төлем  мерзімі  ұзартылған  өнімдер,  сонымен  олар  бір-бірін 

қаржыландырып  отырады.  Өзара  қаржыландыру  ағымдағы  қызметті  қысқа  мерзімде 

қаржыландыруды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Ұйымдар  коммерциялық  несиені  кеңінен 

пайдаланады.  Бұл  несие  туралы  келісім  ұйым-сатыпалушымен  және  өз  затының  (қызметінің) 

төлем  мерзімін  ұзартып  беретін  жеткізушімен,  ал  ұйым-сатыпалушы  кредиторға  (несие 

берушіге)  қарыз  куәгерлігі  және  төлем  міндеттемесі  ретінде  вексель  береді.  Коммерциялық 

несиенің орташа құны осы уақыт кезеңіндегі банк пайызының орташа мөлшерлемесінен әрдайым 

төмен болады, заңды рәсімдеу кезінде бұл несиенің төлеміне тауардың құны кіреді. 

Соңғы жылдары ұйым қызметін қаржыландырудың жаңа түрлері пайда болды. Сонымен, 

мысалы, шаруашылық жүргізуші субьектілерінің экономикалық әлеуетін арттыру үшін мынадай 

тәсілдерді пайдаланады: ипотекалық несие, қаржы лизингі. 

Ипотекалық несие – банк жылжымайтын мүлік кепілдігімен беретін ақшалай несие, бұл 



ірі  күрделі  шығындарды  өтеу  мақсатында  алынады,  әсіресе  жаңа  құрылысқа  несие  алу  аса 

тиімді, ол әрине кепілдікке алынатын нысан болады; 

Қаржы  лизингі  –  ұйым  лизинг  берушіден  белгілі  бір  уақытқа  нақты  бір  мүлікті  сатып 

алады, және ол заттың толық амортизациялық мерзімінің ұзақтығымен өлшенеді немесе одан 

асады. Жабдықтарды лизингпен алу арқылы ұйым бірнеше пайдаға ие болады:  

-

 



алғашқы күрделі  қаржы жұмсалымын салмай техникалық құралдандыруды іске асыру 

мүмкіндігі; 

-

 



жабдықтарды  сатып  алумен  салыстырғанда  шығынды  азайтуға  болады,  себебі 

төлемдер өндірістің дамуына арналған қаражаттан емес, ол жалгердің салық салуға дейінгі 

пайдасынан біртіндеп тең бөліп төленеді;  

-

 



лизингтік төлемдер өнімнің пайдасына емес өзіндік құнына қарасты болады; 

 

-



 

пайдаланылатын  жабдықтардың  амортизациясы  (өтемпұлы)  кәдімгі  сатып  алудан 

әлдеқайда тез болады; 

-

 



лизинг шарты біткеннен кейін жалгер жабдықтарды қалдықтық құнымен өз балансына 

(теңгеріміне) аударады АҚШ-та дәстүрлі түрде – 1 доллар; 

-

 



тұрақты  төлемдер  инфляцияның  жағымсыз  әсері  мен  ұзақ  мерзімді  ссуданың 

(қарыздың) банктік пайыздарының өсуін азайтуға, мүлікті жалдаушы лизинг берушіден сатып 

алуға құқық береді. 

Бәсекелестік  жағдайда  лизинг  ауыр  қаржылық  қиындықтары  бар  және  айналымдағы 

қаражат тапшылығын көріп отырған ұйымдарға тығырықтан шығуға мүмкіндік береді. 

Ұйымның айналымдағы қаражатын қалыптастырудың қайнар көздері: 

-

 



меншікті  айналма  қаржылар  –  айналымдағы  активті  өтеу  үшін  пайдаланатын 

меншікті капиталдың бір бөлігі; 

-

 



қысқа мерзімді банк несиелері мен қарыздары; 

-

 



жабдықты  жеткізуші  және  мердігерге,  жұмысшыларға,  бюджетке  кредиторлық 

берешек; 

-

 



қосымша  тартылған  қаражаттар  –  ұйым  жұмысшыларының  инвестициялық 

салымдары, облигациялық қарыздар және т.б. 

Айналымдағы  қаражатты  қалыптастырудың  көздері  мен  көлемі  айналымдағы 

қаражатты тиімді пайдаланудың деңгейін көтеруге елеулі ықпал етеді. Айналымдағы капитал 

тапшылығы өндірістің даму  барысына кедергі болады, ұйымның шаруашылықтағы қаражат 

айналымының  қарқынын  баяулатады.  Және  керісінше,  оның  /қаражаттың/  артылуы  ұйым 

капиталының  бір  бөлігі  қозғалысқа  түспейді  әрі  ол  пайда  әкелмейді  деген  сөз.  Айналма 

қаражатқа  ең  төменгі  қажеттілік  меншікті  айналма  қаржылар  есебінен  өтеледі,  оның  ең 

төменгі  мөлшері  айналымдағы  активтің  10%-ды  құрауы  керек.  Ұсынылатын  мағынасы  – 

айналымдағы  актив  көлемінен  50-70%  -ы.  Айналма  қаражатқа  қосымша  қажеттілік  қарыз 

қаражатын тарту есебінен өтеледі, мұндай қалыптастыру көздері ақылы болады, пайданың 

азаюына әкеледі, сондықтан ұйымның қаржылық нәтижесіне әсерін ескеру өте маңызды. /3/ 

Мүлікті қалыптастыру көздерін таңдау ұйым активтерінің құрамына өте байланысты. 

Оларды үш топқа бөліп көрсетуге болады: 

-

 



негізгі капитал немесе айналымнан тыс активтер; 

-

 



айналымдағы активтердің тұрақты бөлігі – өзгермейтін бөлігі, ол маусымға және басқа 

да операциялық әрекеттердің ауытқуына тәуелді емес; 

-

 



айналма  активтердің  өзгертілмелі  бөлігі  негізгі  қызмет  көлемінің  маусымдық 

ауытқуларымен байланысты; 

Осыған  орай  активтерді  қаржыландырудың  әртүрлі  тәсілдері  бар:  консерваторлық 

(сақтанымпаз), біркелкі, агрессиялық (басқыншылық). 

Консерваторлық тәсіл бойынша негізгі капитал - айналымнан тыс активтер меншіктегі 

және ұзақ мерзімді қарыз капиталынан  қаржыландыруы тиіс. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 



1. Васильева Л.С. Финансовый анализ: Учебник / Л.С.Васильева, М.В.Петровская.- 3-е 

изд.,стер. М.: Изд-во «КНОРУС», 2008.- 816 с. 

2. Джаншанло Р. Е. Анализ финансового положения организации [Текст]: учебное 

пособие. - Алматы : ТОО Издательство ЛЕМ, 2010. - 76 с. 

3. Дыбаль С.В. Финансовый анализ: теория и практика: учебное пособие.- СПб: 

Издательский дом «Бизнес пресса», 2009.- 336 с. – Изд. 3-е, доп. и перераб.  

 

 


 

ӘОЖ  657.1 



 

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС 

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ 

Билеталиева Н.Б. 

Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті «Есеп және аудит» 

мамандығы 2 курс студенті 

Ғылыми жетекшісі э.ғ.м., аға оқытушы Евескина Ж.Т. 

 

Бұл мақала қаржылық есептегі ақша қаражаттарының құрамы мен қозғалысы Халықаралық 

Қаржылық  Есептілік  Стандарттары  (ХҚЕС)  бойынша  зерттеліп,  7-ші  «Ақша  қаражаттарының 

қозғалысы»  ХҚЕС-ның  (IAS  7)  басқа    Халықаралық  Қаржылық  Есептілік  Стандарттарымен 

байланысы анықталады. 

В статье изучены состав и движение денежных средств в соответствий с МСФО, выявлены 

связи  МСФО  7  «Движение  денежных  средств»  с  другими  международными  стандартами 

финансовой отчетности. 

In the article studied composition and cash flow in accordances with IFRS, connections of IFRS 

7 "Statements of cash flows" with other International Standards of the Financial Reporting. 



Түйін  сөздер:

  ақша  қаражаттары,  ақша  қаражаттарының баламалары, овердрафт,  операциялық 

қызмет, инвестициялық қызмет,  қаржылық  қызмет. 

 

Мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметтері барысында үзіліссіз өзара есеп айырысу 

қарым-қатынастары пайда болады, яғни:  

-

 



жабдықтаушылармен олардан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін; 

-

 



сатып алушылармен оларға жөнелтілген тауарлы-материалдық қорлар үшін; 

-

 



көлік мекемелерімен тауарлық-материалдық қорларды жеткізгені үшін; 

-

 



басқа  да  мекемелер,  кәсіпорындар,  ұйым  және  тұлғалармен  әртүрлі  шаруашылық 

операциялар үшін; 

-

 

жұмыскерлермен және қызметкерлермен еңбекақы және т.б. бойынша.  



Ақша  қаражаттарына ұйымның  кассасындағы  және  ағымдағы  шотындағы  ақша  кіреді. 

Ақшалай есеп айрысулар екі жолмен жүргізіледі. Негізінде, банк мекемелері арқылы олардың 

бақылауымен  ақшалай  қаражаттарды  төлеушінің  шотынан  алушының  шотына  қолма-қол 

ақшасыз  төлемдер  түрінде  аудару  жолымен  жүргізіледі.  Бұдан  басқа,  халық  тұтынатын 

тауарларды сатып алу - сату бойынша бөлшек сауда кәсіпорындары мен жеке азаматтар (сатып 

алушылар) арасындағы есеп айырысу операцияларында үлкен мөлшерде салт ақшалар қатысады 

да,  олар  сауда  мекемесінің  кассасына  тауарларды  сатудан  түскен  ақшалай  түсімдер  түрінде 

түседі, кейін банкке өткізіледі.  

Қатал  есеп  айырысу-төлем  тәртібін,  ақшалай  қаражаттарды  олардың  белгілі  мақсатқа 

сәйкес пайдалануды жүйелі түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарт ақшалай 

және  есеп  айырысу  операцияларының  бухгалтерлік  есебін  дұрыс  және  ұтымды  ұйымдастыру 

болып табылады да, ақшалай қаражаттардың сақталуы және мақсатты пайдалануына, кассалық 

және есеп айырысу тәртібінің сақтауына қатал бақылау жасауды қамтамасыз ету оның негізгі 

мақсаты. 

Осы мақсаттарға жету көп жағдайда бухгалтерияның аппаратына байланысты, сондықтан 

ақшалай қаражаттарды есепке алу келесі негізгі міндеттерді орындауға қажет: 

-

 

мекемелер  мен  кәсіпорындардың  кассасына  түскен  түсімдерін  уақытында  және  толық 



кіріске алуды күнделікті қатал бақылау

 

-



 

кәсіпорындардағы  салт  ақшалардың  дұрыс  сақталуы  мен  қозғалысына  тұрақты  қатал 

бақылауды қамтамасыз ету; 

-

 



ақшалай  қаражаттармен  жүргізілетін  шаруашылық  операциялардың  құжаттық 

рәсімделуінің белгіленген тәртібін, заңдылығын және мақсатқа сәйкестігін қатал сақтау, сондай-

ақ олардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақытында және дұрыс көрсету; 

-

 



ақшалай қаражаттарды банк мекемесіне уақытында және толық өткізуді, түсімдерден салт 

ақшаларды жұмсау мөлшерлерін қатал сақтауды бақылауды жүзеге асыру; 

-

 

кассадағы,  ағымдағы  банктік  шотындағы  және  банктегі  басқа  да  шоттардағы  ақшалай 



қаражаттарды түгендеуді уақытында өткізу, салт ақшалардың анықталған жетіспеушіліктері мен 

ұрлықтан болған сомаларын толық және уақытында өтеу, оның нәтижелерін бухгалтерлік есеп 

шоттарында  көрсету  және  қаржылық  есептіліктің  тиісті  баптарының  толық  нақтылығын 

қамтамасыз ету /1, 9б./.  

Ақша  қаражаттарының  қозғалысы -  ақша  қаражаттары  мен  олардың  баламаларының 

түсімдері  және  төлемдері.  Қазіргі  таңда  ақшалар  қозғалысын  басқару  қаржы  нарығының 

күрделілігіне  байланысты  маңызды  мәселе  болып  саналып  отыр.  Бәсеке  қабілеттілігі  - 

кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті 

құралдармен  қамтамасыз  етілуін  талап  етеді.  Ақшалар  мен  оның  баламаларын  (эквивалентін) 

дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. 

Ақша  қаражаттарының баламалары -  алдын  ала  белгілі  ақша  қаражаттары  сомасына  тез 

айналатын және олардың құны шамалы тәуекелдікке ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді 

салымдар. 

Ақша  қаражаттарының  баламалары  инвестициялар  және  басқа  да  мақсаттардан  гөрі,  ең 

алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары 

ретінде жіктелуі үшін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айналуына 

және құн өзгерісінің болмашы тәуекелдігіне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша 

қаражаттарының  баламасы  ретінде,  оның  қысқа  мерзімі,  айталық,  үш  ай  немесе  сатып  алу 

күнінен  бастап  одан  аз  өтеу  мерзімі  болған  кезде  ғана  жіктеледі.  Сондықтан  оларды  

инвестициялар қатарында емес, ақша қаражаттарының қатарында есепке алған дұрыс. Меншікті 

капиталға  салынған  инвестициялар,  егер  олар,  негізінен,  ақша  қаражаттарының  баламалары 

болып  табылмағанда  ғана,  мысалы,  оларды  өтеу  күніне  дейін  көп  ұзамастан  сатып  алынған 

артықшылықты  акциялары  болған  және  сатып  алудың  нақты  күні  көрсетілген  жағдайда  ақша 

қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.

 

Кейбір  елдерде  талап  ету  бойынша  өтелетін  банктік  овердрафттар  (банк  берешектері) 



ұйымның  ақша  қаражаттарын  басқарудың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Овердрафт 

дегеніміз кәсіпорын иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем 

төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Мұндай жағдайларда банктік овердрафттар 

ақша  қаражаттары  мен  баламаларының  құрамдас  бөліктері  ретінде  енгізіледі.  Банктегі  шот 

бойынша сальдоның оң сипатынан теріс сипатына жиі ретте өзгеріп тұруы банктермен осындай 

келісімдердің  өзіне  тән  белгісі  болып  табылады.  Нақтырақ  айтар  болсақ  банктік  овердрафт 

кезінде банктік ағымдағы шотта пайда болатын теріс қалдық, ұйымның банкке қарыз екендігін 

білдіреді.  Бұл  сома  банктік  шотқа  ақша  түскен  кезде  автоматты  түрде  жабылып  кететін 

болғандықтан, оларды жеке бөліп алып қаржылық міндеттеме ретінде қарастырудың қажеттігі 

болмайды, сондықтан да овердрафт сомалары ақша қаражаттарының құрамында есепке алынады 

/2,91б./.

 

Ақша  қаражаттарының  қозғалысына  баптар,  ақша  қаражаттарының  немесе  ақша 



қаражаттары баламаларының құрамдас бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл 

құрамдас  бөліктер  операциялық,  инвестициялық  қызмет  пен  қаржы  қызметінің  бөлігі  емес, 

ұйымның ақша операцияларын бақылаудың  және реттеудің бір бөлігі  болып табылады. Ақша 


10 

 

операцияларын  бақылауға  және  реттеуге  ақша  қаражаттарының  баламаларына  артық  ақша 



қаражаттарын инвестициялау жатады.

 

Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепте  кезең  ішіндегі  ақша  қаражаттарының 



қозғалысы туралы деректер оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі 

бойынша жіктей отырып ұсынылады. 

Операциялық қызмет - ұйымның кіріс келтіретін негізгі қызметі мен инвестициялық және 

қаржы  қызметінен  айырмашылығы  бар  басқа  қызмет.  Операциялық  қызметтен  түсетін  ақша 

қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері ұйым операциялары несиелерді өтеу, 

операциялық  мүмкіндіктерді  сақтау,  дивидендттер  төлеу  және  қаржыландырудың  сыртқы 

көздеріне  жүгінбестен  жаңа  инвестицияларды  жүзеге  асыруға  жеткілікті  болатын  ақша 

қаражаттарының  түсімін  қамтамасыз  ететін  дәрежедегі  басты  индикатор  болып 

табылады.   Операциялық  қызметтен  түсетін  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  ұйымның  кіріс 

келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және 

шығынды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. 

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып 

табылады:

 

-



 

тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден түскен ақшалай түcімдер; 

-

 

қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және табыстың басқа да түрі; 



-

 

тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер; 



-

 

қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер; 



-

 

сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар 



және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері; 

-

 



егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, 

ақшалай  төлемдер  немесе  пайдаға  салынатын  салық  төлемі  немесе  пайдаға  салынатын  салық 

үшін өтемақы;  

-

 



коммерциялық  немесе  сауда  мақсатында  жасалатын  келісімшарттар  бойынша  ақшалай 

түсімдер мен төлемдер. 

Инвестициялық  қызмет -  ақша  қаражаттарының  баламаларына  жатпайтын  ұзақ  мерзімді 

активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату. Инвестициялық қызметтен түсетін 

ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол 

болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатына 

арналған  шығыстарды  айғақтайды.  Танылған активке  ықпал  ететін шығындар  ғана  қаржылық 

жағдай  есебінде  инвестициялық  қызмет  ретінде  жіктеле  алады.  Инвестициялық  қызметтен 

түсетін ақша қаражаттарының мысалдары мыналар болып табылады: 

-

 



жылжымайтын  мүлік,  үйлер  мен  жабдықтар,  материалдық  емес  және  басқа  да  ұзақ 

мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу 

шығындарына  және  меншікті  өндірістің  негізгі  құрал-жабдықтарына  байланысты  төлемдер 

жатады; 


-

 

жылжымайтын  мүлік,  үйлер  мен  жабдықтар,  материалдық  емес  және  басқа  да  ұзақ 



мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер; 

-

 



басқа ұйымдардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу 

үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде 

қарастырылатын  осы  құралдар  үшін  және  коммерциялық  немесе  сауда  мақсатына  арналған 

төлемдерден басқалары); 

-

 

басқа ұйымдардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу 



үлестерін  сатудан  алған  ақшалай  түсімдер  (ақша  қаражаттарының  баламалары  ретінде 

қарастырылатын  осы  құралдар  үшін  және  коммерциялық  немесе  сауда  мақсатына  арналған 

ақшалай түсімдерден басқалары); 


11 

 

-



 

басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен қарыздар (қаржы ұйымдары 

берген аванстық төлемдер мен қарыздардан басқалары); 

-

 



басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай 

түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары); 

-

 

фьючерстік  келісімшарт,  форвардтық  келісімшарт,  опциондар  мен  «своп» 



келісімшарттар  бойынша  болған  ақша  төлемдері  келісімшарт  коммерциялық  немесе  сауда 

мақсаттарында жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде топтастырылатын жағдайынан 

басқа. 

Қаржы  қызметі -  ұйымның  меншік  капиталы  мен  қарыз  қаражаттарының  мөлшері  және 



құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.

 

Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор 



маңызы бар, өйткені бұл ақпарат ұйымға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының 

болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен түсетін ақша 

қаражаттары ағындарының мысалдары мыналар болып табылады: 

-

 



акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақша түсімдері; 

-

 



ұйымның  акцияларын  сатып  алу  немесе  өтеу  үшін  акция  иеленушілеріне  ақшалай 

төлемдер; 

-

 

қамтамасыз  етілмеген  облигациялардан,  қарыздардан,  вексельдерден,  қамтамасыз 



етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден 

ақшалай түсімдер; 

-

 

кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; 



-

 

қаржылық  жалдау  бойынша  берешекті  азайту  үшін  жалға  алушының  ақшалай 



төлемдері /3, 7б./. 

7-ші  Халықаралық  Қаржылық  Есептіліктің  Стандартының  (IAS  7)  басқа  ХҚЕС-мен 

байланысын қарастырайық.  

-

 



Бір өндірістік нысанды сату сияқты кейбір операциялар танылған пайда немесе залалға 

қосылған  пайданың  немесе  залалдың  туындауына  әкеп  соқтыруы  мүмкін.  Мұндай  ақша 

қаражаттарының қозғалысымен байланысты операциялар инвестициялық операциялардағы ақша 

қаражаттарының  қозғалысынан  болады.  Алайда,  16 «Негізгі  құралдар» ХҚЕС-ның  (IAS)  68А 

тармағына  сәйкес  басқаларға  жалға  беруге  және  әрі  қарай  сатуға  арналған  активтерді  өндіру 

немесе сатып алу үшін ақша төлемдері операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының 

қозғалысы болып табылады. Жалға беруден және осындай активтердің одан кейінгі сатылулары 

да ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. 

-

 

Шетел валютасындағы ақша қаражаттарының ағындары есептерде 21 «Валюталық бағам 



өзгерісінің әсері» Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартына (IAS) сәйкес беріледі. Бұл 

валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді. 

Мысалы,  кезең  ішіндегі  орташа  алынған  айырбас  бағамы  шетел  валютасымен  жүргізілетін 

операцияларды  жазу  немесе  шетелдік  еншілес  ұйымның  ақша  қаражаттарының  түсімдері  мен 

төлемдерін қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда, 21 ХҚЕС (IAS) шетелдік еншілес 

ұйымдардың ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу кезінде есепті күнгі 

жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді. 

-

 



Кезең  ішінде  төленген  пайыздардың  жалпы  сомасы,  оның  пайда  мен  шығын  туралы 

есепте 


шығыс 

ретінде 


танылғаны 

не 


танылмағанына 

немесе 


23 

«Қарыздар 

бойынша шығындар» ХҚЕС-қа  (IAS) сәйкес  рұқсат  етілетін  баламалы  әдісіне  сәйкес 

капиталдандырылғаны  не  капиталдандырылмағанына  қарамастан,  ақша  қаражаттарының 

қозғалысы туралы есепте ашылады. 

-

 



Басты  ұйымның  кейіннен  еншілес  ұйымның  үлестік  құралын  сатып  алу  немесе  сату 

сияқты бақылауды жоғалтуға алып келмейтін еншілес ұйым үлесіндегі өзгерістер меншікті үлес 

операциялары деп есептеледі (10 ХҚЕС (IFRS)), инвестициялық ұйыммен бақыланатын еншілес 


12 

 

компанияға  пайда  мен  залал  арқылы  әділ  құнмен  өлшеу  талап  қойылмаса.  Соның 



нәтижесінде 17-тармақта көрсетілген ақша қаражаттарының қозғалысы иеленушілерге қатысты 

басқа да қызметтер сияқты жүйеленеді. 

-

 

Әлемнің  әртүрлі  елдеріндегі  ақша  қаражаттарын  басқару  практикасының  және  банк 



ережелерінің  сан  алуандығын  ескере  отырып  және  1 «Қаржы  есептілігін  ұсыну» ХҚЕС-ын 

(IAS) сақтау үшін ұйым ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамын 

анықтау үшін қабылданған әдісті ашып көрсетеді. 

-

 



Ақша  қаражаттарының  және  ақша  қаражаттары  баламаларының  құрамдас  бөліктерін 

анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын ұйымның инвестициялық портфелінің 

бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8 «Есеп 

саясаты,  бухгалтерлік  есеп  бағалауларындағы  болатын  өзгерістер  мен  қателер» ХҚЕС-ына 

(IAS) сәйкес беріледі /4, 105б. /. 

Сонымен қорытындылай келе айтарымыз ақша қаражаттарының қозғалысын дұрыс реттеу 

мақсатында орындалу керек: 

-

 



Ақша қаражаттарын 7 ХҚЕС  талаптарына сәйкес дұрыс тану; 

-

 



Ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу  үшін ақша  ағымы мен ақша ағыны 

болатын қызмет түрлерін дәл анықтау; 

-

 

Дұрыс анықталған қызмет түрлерінің нәтижесінде ұйымның қаржылық есептілігін 



сауатты құрастыру. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет