Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет61/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.

 



М. Ж. Көпеев. Таңдамалы. Екі томдық. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1990. – 273 б 

2.

 



М.  Жұмабаев.  Шығармалары.  1-том:  Өлеңдер,  дастандар\Құраст.  С.  Жұбаниязов.  –  Алматы: 

Жазушы, 2013. – 376 б. 

3.

 

Абай. Қалығ елім қазағым: Шығармалары. – Алматы: «Жалын», 1995. – 384 б 



4.

 

Шәкәрім. Иманым. – Алматы: «Арыс», 2000. – 321 б 



5.

 

А.Байтұрсынұлы. Шығармалар жинағы.  



 

 

 

УДК  821 (091) 

 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫПТАРЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ МЕН 

АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВИЧ ПУШКИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПРОТОТИПТІК 

ОБРАЗДАР 

 

Базарқұл Торғын 

Ғылыми жетекшісі: PhD  Абиыр Ақбота 

 

Абай Құнанбайұлы (1845-1904). Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби 



тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді 

исламға  таяна  отырып,  орыс  және  еуропа  мәдениетімен  жақындасу  арқылы  қазақ  мәдениетін 

жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, 

қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ол орыс тілін тамаша меңгерді.  Абай орыстың 

ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.   А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» 

дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды.  Абайдың Татьяна хатының 

сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды. 

 

Амал жоқ – қайттым білдірмей, 



Япырмау, қайтіп айтамын? 

Қоймады дертің күйдірмей, 

Не салсаң да тартамын. 

Талапсыз, бақсыз мен сорлы 

Еріксіз аттап ұяттан, 

Қорлыққа көндім бұл құрлы, 

Байқалар халім бұл хаттан. 

Әлімше мен де ұялып, 

Білдірмен дедім өлсем де, 

Шыдар ем күйіп мен жанып, 

Айында бірер көрсем де. 


478 

 

Болмады көріп қалуға, 



Есітіп біраз сөзіңді. 

Шыдар ем бір ай жатуға 

Ұзақ түн жұмбай көзімді. 

Қызықтан қашып бұл жерге 

Көңілсіз суып келіпсіз. 

Мәнісін сұрап білуге 

Тілдесе алмаймын еріксіз. 

Келмесең егер сен бізге, 

Сау болмас па ем, әлбетте? 

Болмасам ашна мен сізге, 

Түспесем мұндай бейнетке. 

Асау жүрек қайнамай, 

Жуасыр ма еді кезінде? 

Елден бір жақсы сайламай

Бармас па ем ерге өзім де? /6,3/ 

 

Александр  Сергеевич  Пушкин  (1799  —1837)  —  Ресей  ақыны,  классикалық  орыс 



әдебиетінің негізін салушы. 

 

Поэтикалық  образ  қаншалықты  субьективті  болса  да,  әр  тілдің  этникалық  көрінісіне 



бейім. Әр поэтикалық мәтіннің өзінің прототиптік образы болады. Сол прототиптік образдардың 

түрлерін  айыра  білу  үшін  Абай  Құнанбайұлы  мен  А.С.Пушкиннің  өлеңдерін  мысалға  алып 

қарастырып көрейік. 

Абай шығармаларында Пушкиннің поэзиясына тән ақындық амал, тәсіл ұқсастықтары да 

мол  табылады.  Оның  төрт  түрлі  жыл  мезгіліне  байланысты  табиғат  көріністерін  тамаша 

суреттейтін көркем  өлеңдері  өте  мол.    Әр  ұлттың  дәстүрлік  мәдениеті  өлең  шумақтарда  адам 

жасына байланысты. Мысалы, қыс – ол міндетті түрде шал немесе кемпір  (орыс поэзиясында 

«Морозко»).    

Немесе қазақ ақынының атақты «Қыс» өлеңіндегі атақты образ: 

 

 



Ақ киімді денелі, ақ сақалды, 

 

 



Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 

 

 



. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  

 

 



Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды. 

 

Пушкинде  бұндай  жыл  мезгілі  туралы  теңеулер  аз  кездеседі  және  кәрі  кемпірмен 



салыстырылады: 

 

 



...иной в нас мысли нет; 

 

 



И жаль зимы-старухи. 

 

Көбінесе  орыс  ақынында  теңеу  жолдары  дәстүрлік  прототипі    алмастырылған:  күз  – 



«нелюбимое  дитя»    немесе  «чахоточная  дева».  Екінші  мағынасында  «чахоточная  дева»  сөзінің 

семасы  «близкая  смерть»,  яғни  кәріліктің  белгісі.  Күз  мезгілі    Пушкинге  қатты  ұнаған  секілді. 

Себебі: 

 

 



И с каждой осенью я расцветаю вновь. 

 

 



. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 

 

 



Я снова счастлив, молод, 

 

 



Я снова жизни полн – деп жастық шақпен салыстырылады.  

Абай өлеңдерінде күз қайыршы шал-кемпірлермен салыстырылады:  



479 

 

 



 

Қайыршы, шал-кемпір түсі кетіп 

 

 

Жапырағынан айрылған ағаш-қурай. 



 

Қос  ақында  да  табиғатқа  мінездеме  беру  абстрактілі  түрде  қолданылмаған.  Пушкинде 

қыстың  образы  орыс  елінің  тұрмысы  суреттеледі  (крестьянин,  дровни,  кибитка,  ямщик,  на 

облучке, в тулупе, в красном кушаке, дворовый мальчик, салазки). Ал Абайда қазақтың тұрмысы:  

 

 

Шиден мен тон қабаттап киген малшы 



 

 

Бет қарауға шыдамай сырт айналды. 



Пушкин  шығармаларында  жылқы  тек  көлік  құралы  ретінде  бейнеленсе,  Абай 

шығармаларында  ол  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігінің  ажырамас  бір  бөлігі  ретінде 

қарастырылады: 

Пушкин: 


 

 

 



 

 

... мы встаем , и тотчас на коня, 



И рысью по полю при  первом свете дня.  

Друг   милый, передадимся бегу 

Нетерпеливого коня. 

Қар тепкенге қажымас, қайран жылқы, 

Тыйтығы құруына тез тақалды. 

Тойғаны ма, білмеймін, тоңғаны ма  

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 

 

Абай: 



 

Енді өте қатты ұқсайтын образдарды қарастырайық. 

Пушкин: 

 

 



С своей волчихою голодной 

 

 



Выходит на дорогу волк. 

Абайда: 


 

 

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр. 



Пушкинде:  

 

 



...Гусей крикливых караван 

 

 



Тянулся к югу... 

Абайда: 


Қаз, тырна қатарланып, қайтса бермен. 

Пушкинде:  

 

 

Шалун уж заморозил пальчик, 



 

 

Ему и больно и смешно. 



Абайда:  

Әуес көріп жүгірген жас балалар, 

 

 

Беті- қолы домбығып үсік шалды. /4,7/ 



Өмір, адам деген тақырып Пушкиннің де , Абайдың да бірдей қызығатын, сүйетін 

тақырыбы.  Екеуі  де  шын  көңілмен  жарқын  өмір,  бақытты,ерікті  адам  үшін  күреседі. 

екеуінің шығармаларында да халықтың, еңбекшң адамның үміті мен арман-тілегі атой беріп 

тұрады. Онда ерлік, сүйіспеншілік, достық, адалдық, адамгершілік, еңбекке, білімге деген 

құштарлық,  Отанға  деген  ыстық  сезімм  отша  жалындап  тұрады.  Міне,  ұлы  ақындардың 

ұстаған  ортақ  туы  осы.  Әрине,  екі  елдің  екі  түрлі  тарихи  жағдайында  өмір  сүрген 

ақындардың  идеясында,  тақырыбында,  эстетикалық  мәдениетінде,  сарынында 

айырмашылық  болмауы  мүмкін  емес.  Абай  Пушкин  сықылды  қыруар  қиындықтың, 



480 

 

қайшылықтың ортасында өзінің қаяусыз ақындық қасиетін таза сақтайды, көркем сөзімен 



адамгершілікке, әділдікке шақырып, жарық болашақ туралы ой салады, үміт туғызады./5/ 

Ерекше  дарынды,  кемел  ойлы  Абай  жаңа  мәдениетті  ақыл  сарабынан  өткізе,  өз 

бойына  сіңіре  білді.  Өзінің идеялық  жәнетворчестволық  байлығының  асылына  келгенде, 

Пушкин  сиякты  Абай  да  қалың  жұртқа  ортақ,  анық  ұлттық,  халықтық  ақын.  Абай  орыс 

мәдениетінің шыңына құлаш ұра, жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл 

ұлттық  қазына  жасайды.  Оның  Пушкинді  аударушы  және  ағартушылық  қызметі, 

адамгершілік  қасиеті  жоғары  адамның  маңызы  мен  ұлылығы  жайлы  еңбектері  айрықша 

қазына.  

Поэзияның екі алыбы Абай мен Пушкин бізге таңғажайып тұлға, олар өз халқының 

тарихында  тау  шыңындай  асқақ  тұр.Поэзияның  екі  алыбы  Абай  мен  Пушкин  бізге 

таңғажайып тұлға, олар өз халқының тарихында тау шыңындай асқақ тұр. Екі шайыр екі 

ғасырда өмір сүрсе де, екеуінің тағдыры поэзия әлемінде тоғысқан. 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Таңдамалық шығармалар. А.С.Пушкин. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1975ж. 370 



б. 

2.

 



Ел. Абай: қара сөз, поэмалар. – «Алматы» баспасы, 1993ж. 270 б. 

3.

 



Абай Құнанбаев өлеңдері. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1987ж. 159 б. 

4.

 



Русский язык и литература в казахской школе. – Алматы: 6/2006 

5.

 



Русский язык и литература в казахской школе. – Алматы: 1/99 

6.

 



Мұса С. Абай мен Пушкин // Егемен Қазақстан.- 2006.- 1 сәуір. 

7.

 



 Бейсембаев М. Пушкин және Абай // Лениншіл жас.- 1979.-6 маусым. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

481 

 

УДК 398;801.8 



 

"ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ" ЖЫРЫНЫҢ ӘДЕБИ-ГЕНЕАЛОГИЯЛЫҚ 

БҰТАҚТАРЫ 

Дуйсенов Куатбек Конысбайулы 

Сулейман Демирель атындағы университет 

 

Мақалада  қазақ  ауыз  әдебиетінің  бірегей  туындысы  "Қырымның  қырық  батыры" 



жырының мәтінін талдау негізінде жырдың әдеби генеалогиясы қарастырған. 

 

В  статье  на  основе  анализа  текста  уникального  казахского  фольклорного  произведения 



"Қырымның  қырық  батыры"  (Сорок  богатырей  степи)  рассмотривается  его  литературная 

генеалогия. 

 

On the basis of analysis of the text of the unique Kazakh folklore work "Қyrymnyң kyryk batyrs" 



(Forty-steppe warriors) considered carefully his literary genealogy. 

 

Кілт сөздер: Қырымның қырық батыры, әдеби генеалогия,  



Қырымның қырық батыры құрылымы жағынан күрделі әдеби-тарихи туынды. Қырымның 

қырық батыры өзара бір-бірімен байланысқан 36 жырдан тұрады. Жырлар шартты түрде үш 

үлкен тараудан тұрады. "Ала тайлы Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары", "Қарадөң батыр 

және оның ұрпақтары", "Жеке батырлар". "Аңшыбай батырдың ұрпақтары" бөліміне кіретін 

жырлар: Аңшыбай батыр; Парпария; Құттықия; Едіге; Нұрадын; Мұса; Орақ-Мамай; Қарасай-

Қази. "Қарадөң батырдың ұрпақтары" бөліміне кіретін жырлар: Қарадөң; Жұбаныш; Сүйініш; 

Ер  Бегіс;  Тегіс,Көгіс;  Тама;  Тана;  Нәрік;  Шора.  "Жеке  батырлар"  бөліміне  кіретін  жырлар: 

Асанқайғы,  Тоған,  Абат;  Қарғабойлы,  Қазтуған;  Қыдырбайұлы  Қобыланды;  Көкше  батыр; 

Көкшенің ұлы Ер Қосай; Ақжонасұлы Ер Кеңес; Манашы; Манашыұлы Тұяқбай; Жаңбыршы; 

Жаңбыршыұлы Телағыс; Айсаның ұлы Ахмет; Алау батыр; Әмет батыр; Шынтас; Шынтасұлы 

Төрехан; Сұлтанкерім; Қарт Қожақ; Құлыншақ. [1, 19 б.]. Әр жыр генеалогиялық, иерархиялық 

тәртіп бойынша өзінен алдыңғы және өзінен кейінгі немесе Қырымның қырық батыры басқа 

бөліміне кіретін жырлармен байланысады. 

Қырымның қырық батыры 41 бас батыр кейіпкердің ерлігі жырланады, Олар: 1) Аңшыбай 

батыр, 2) Парпария, 3) Құттықия, 4) Едіге, 5) Нұрадын, 6) Мұса, 7) Орақ, 8) Мамай, 9) Қарасай, 

10) Қази, 11) Қарадөң, 12) Жұбаныш, 13) Сүйініш, 14) Ер Бегіс, 15) Тегіс, 16) Көгіс, 17) Тама, 

18)  Тана,  19)  Нәрік,  20)  Шора,  21)  Асанқайғы,  22)  Тоған,  23)  Абат,  24)  Қарғабойлы,  25) 

Қазтуған, 26) Қыдырбайұлы Қобыланды, 27) Көкше батыр, 28) Көкшенің ұлы Ер Қосай, 29) 

Ақжонасұлы  Ер  Кеңес,  30)  Манашы,  31)  Манашыұлы  Тұяқбай,  32)  Жаңбыршы,  33) 

Жаңбыршыұлы  Телағыс,  34)  Айсаның  ұлы  Ахмет,  35)  Алау  батыр,  36)  Әмет  батыр,  37) 

Шынтас,  38)  Шынтасұлы  Төрехан,  39)  Сұлтанкерім,  40)  Қарт  Қожақ,  41)  Құлыншақ.  Бұл 

кейіпкерлер бірінен соң бірі жалғасып әдеби-генеалогиялық шежіре құрады. 

Қырымның қырық батыры эпопеясы алып әдеби-генеалогиялық шежіре құрады. Аталмыш 

шежіре өзара бір-бірімен байланысады. Сонымен қатар шежіре мүшелері көбіне өзге әдеби-

генеалогиялық шежіре мүшелерімен белгілі  дәрежеде шектеулі  байланыс құрады. Аталмыш 

құбылыс түгел жырдың қабырғасын құрып, жыр құрылымын реттеуде рөлі зор болып келеді. 

Қырымның  қырық  батыры  жыры  мәтінін  талдай  отырып  екі  ірі  және  тоғыз  кіші  әдеби-

генеалогиялық  бұтақ,  үш  генеалогиялық  байланыстылығы  келтірілмеген  жалғыз  батырлар 

барын анықтадық (1 кестені қараңыз). 


482 

 

"Аңшыбай батырдың ұрпақтары" бірінші ірі әдеби-генеалогиялық бұтақ. "Аңшыбайдың" 



ұрпақтары 9 ата шежірені қамтиды: Аңшыбай батыр → Баба түкті Шашты Әзиз → Парпария 

→ Құттықия → Едіге → Нұрадын → Мұса → Орақ, Мамай → Қарасай, Қази. Шежіренің 8 

және  9  ұрпақтарында  Аңшыбай  батырдың  екі-екі  ұрпақтары  (Орақ-Мамай,  Қарасай-Қази) 

келтірілген.  8  ұрпақта  Орақтан  Қарасай  мен  Қази  тарайды,  Мамайдың  ұрпақтары 

келтірілмеген. Қарасай, Қазимен Аңшыбай батырдың ұрпақтары циклі аяқталады. Бұл жерде 

ескере кететін бір жайт бар. Атап айтқанда Аңшыбай батыр ұрпақтарында Баба Түкті Шашты 

Әзизге  жыр  арналмаған,  дегенмен  ол  Қырымның  қырық  батыры    "Парпария"  жырында 

Аңшыбайдың ұлы, Парпарияның әкесі екені: 

"Парпарияның әкесі Баба түкті Шашты Әзиз әулие болған екен." [1. 51 б.];  

 

"Сонда Аңшыбай сөйледі, 



Сөйлегенде бүй деді: 

-

 



Баба түкті Шашты Әзизден 

Туған жалғыз ұл едің. 

... 

Парпария сонда сөйлейді: 



-

 

Батыр ата, бата бер, 



Жауға аттанып барамын. [1. 51-52 б.] 

көрсетілгендіктен, әдеби генеалогияның толық мүшесі ретінде қабылдаймыз. 

Екінші әрі ең ірі генеалогиялық бұтақтың негізін "Қарадөң батырдың ұрпақтары" құрайды. 

Қарадөң батыр ұрпақтарының өзі 9 ата: Қарадөң → Жұбаныш → Сүйініш → Ер Бегіс → Көгіс 

→  Тама  →  Тана  →  Нәрік  →  Шора;  бірақ  Қарадөңнің  әкесі  "Бек"  Қыдырбайдың  ұлы 

Қобыландымен  тума  болғанын  ескеріп  қосатын  болсақ,  шежіре  11 ата  болады  және  шежіре 

басында екі тармаққа бөлініп кетеді. Бірінші тармақ: Қыдырбай → Қобыланды; Екінші тармақ: 

Қыдырбай → Бек → Қарадөң → Жұбаныш → Сүйініш → Ер Бегіс → Көгіс → Тама → Тана → 

Нәрік  →  Шора.  Ал  Қарадөң  жалпы  шежіре  бойынша  үшінші  батыр  болып  шығады.  Бұлай 

пайымдауымыздың  жауабын  жыр  мәтіндерінен  табуға  болады.  "Қыдырбайұлы  Қобыланды" 

жырында: 

"Бек деген бір құл бар еді

Ақ сақалды жан еді. 

Елуге келген шал еді, 

Ақылы көп дана еді. 

Сонда (Қыдырбай – авт.) Қобыландыны Бекке ертіп жылқының арасына қоя береді. 

"Ағаңмен бірге бар. Жылқыға көзің сал, таңдап біреуін ал", - дейді." [1. 272 б.] 

"Қарадөң батыр" жырында: 

"Әкемнің аты Бек еді, 

Аруақты ер еді." [1. 145 б.], - дейді. 

Қырымның  қырық  батыры  "Қарадөң  батырдың  ұрпақтарында"  Қарадөңнің  ұрпағына 

жатпайтын, бірақ құрылымы бойынша сол бұтаққа кіріп, Көгіс батырмен қатар аталатын батыр 

бар. Ол – Тегіс. "Тегіс, Көгіс" жырында: 

 


483 

 

Сұлтанкерім



Ахмет

Әмет


Көкше

Қосай


Қази

Қарасай


Мамай

Орақ


Телағыс

Жаңбыршы


Мұса

Айсаның 


інісі

Алау


Нұрадын

Едіге


Баба Түкті

Құттықия


Парпария

Аңшыбай


Тоған

Асанқайғы

Құлыншақ

Шора


Нәрік

Тана


Тама

Тегіс


Көгіс

Бегіс


Сүйініш

Жұбаныш


Қыдырбай

Қарадөң


Бек

Қобыланды

Манашы

Ақжонас


Кеңес

Қазтуған


Шынтас

Төрехан


Абат

Қарт Қожақ

Тұяқбай

Айса


Бегістің 

досы


Қарғабойлы

Асылзат 


(қызы)

Қарақұс


Шартты белгілер:

Әкеден балаға

Ағайынды 

Қандық байланыс жоқ 

Қырық батырға кірмейді

Қ. қ. б. жырының әдеби генеалогиясы

4) Асанқайғы

5) Қазтуған

6) Көкше

11) Тегіс

10) Шынтас

9) Ақжонас

8) Манашы

7) Жаңбыршы

3) Айса мен інісі

2) Қыдырбай-Қарадөң 

1) Аңшыбай батыр

 

1. кесте. Қырымның қырық батыры жырының әдеби-генеалогиялық бұтақтары. 



484 

 

 



"Ер Бегістің досының 

Әйелі тапқан ұлының 

Елі, халқы жиылып, 

Атын Тегіс қойған-ды. [1. 193 б.], - деп келтіреді. Ал Көгіс пен Тегістің арасындағы 

қатынасты келесі жыр жолында былай келтірген: 

"Атасы Бегіс екеуін 

Қияметтік дос қылды." [1. 193 б.].  

Аталмыш  әдеби-генеалогиялық  бұтақтың  ерекшеліктерін  ескеріп,  Қыдырбай-Қарадөң 

бұтағы деп шартты түрде ат қойдық. 

Үшінші  бұтақ  –  Айса  мен  інісінің  бұтағы.  Бұл  бұтақтың  ұйытқысы  мен  бастауы  Айса 

болып  келеді.  Айсаның  інісінің  аты  аталмайды,  ол  жайлы  мәлімет  те  берілмеген.  Дегенмен 

қандық  байланыс  арқылы  Айса  Алау  және  Әмет  батырмен  байланысады.  "Алау  батыр" 

жырында: "Айсаның інісінің баласы – Алау. Сол Есен, Сүйін деген қалмаққа аттанады" [1. 401 

б.], - деген. "Әмет батыр" жырында: 

"Ер Алаудың інісі

Атымды Әмет дер екен, 

Біз де ноғай баласы." [1. 411 б.],- деп Әмет батыр өзін таныстырады. 

Айса  →  Ахмет;  Айсаның  інісі  →  Алау,  Әмет.  Бұтақ  екі  тармаққа,  екі  атаға  таралады. 

Бірінші тармақ: Айса → Ахмет; екінші тармақ: Айсаның інісі → Алау батыр және інісі Әмет 

батыр. 


Төртінші  бұтақ  –  шартты  түрде  Асанқайғы  бұтағы.  Бұл  бұтаққа  Асанқайғы  –  Тоған; → 

Абат кіреді. Тоған – Асанқайғының інісі, Абат – Асанқайғының ұлы. Асанқайғы бұл бұтақта 

туыстардың ұйытқысы, қимыл-әрекет бастауы және ядросы. 

Бесінші бұтақ – Қазтуған бұтағы. Аталмыш бұтақта Қарғабойлы – Қазтуған → Асылзат 

бар (Қазтуғанның қызы). Жырда Қарғабойлы мен Қазтуған арасындағы туысқандық қатынас 

нақты көрсетілмеген. Дегенмен жыр жолдарында Қазтуғанның әйелі қызына: 

"Ал перзентім, жасыма, 

Қарғабойлы ағаңа 

Барып, жауап айт деді" [1. 312 б.]; 

 

Сосын Қазтуғанның қызының аузынан: 



" – Айналайын, жан аға! 

Сөзіме құлақ сал, аға! 

Елді есіз қалдырма, 

Тілімді менің ал, аға!" [1. 314 б.], – деген сөздер шығады. 

Сонымен қатар жырда Қазтуғанның ұлы жоқ екені сөз етіледі: 

"Қазтуғанның ұлы жоқ, 

Жалғыз қызы бар еді, 

Жасы он бесте болса да, 

Ақылға зерек дана еді." [1. 311 б.]. 

Тағы жыр жолдарында Қазтуғанның қызының Қарғабойлымен диалогында: 

"Өлсем жаным садаға, -  

Деп Асылзат тіледі.",- деп, Қазтуғанның қызының есімі аталады. 

Осы  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  мынадай  қорытынды  жасаймыз.  Қарғабойлы  мен 

Қазтуған  ағайынды  батырлар  (Қарғабойлысы  үлкені  болу  керек),  ал  Асылзат  Қазтуғанның 

қызы. 


485 

 

Алтыншысы – Көкше батыр бұтағы. Көкше → Қосай. Бұл екі батырға Қырымның қырық 



батыры жеке-жеке жыр арналған. Бірақ "Қарасай, Қази" жырында Көкшенің әкесі "Қарақұс" 

делінген:  

"Көкшенің мінгені тарлан ат 

Анасы еді Сүйін бике, 

Атасы еді Қарақұс," [1. 125 б.]. 

Осы  жайттарды  ескеретін  болсақ  аталмыш  бұтақ  былайша  көрініс  табады:  Қарақұс  → 

Көкше → Қосай. 

Жетінші  бұтақ  –  Жаңбыршы  бұтағы.  Әкесі  Жаңбыршы  мен  Жаңбыршыұлы  Телағыс. 

Жаңбыршы  →  Телағыс.  Аталған  батырлар  бір-бірінің  жырларында  кездескенімен,  белсенді 

рөл ойнамайды. 

Сегізінші бұтақ – Манашы бұтағы. әкелі-балалы Манашы мен Манашыұлы Тұяқбай кіреді. 

Манашы → Тұяқбай. Әкесіне де, баласына да Қырымның қырық батыры жеке жыр арналған. 

Тоғызыншы бұтақ – Ақжонас бұтағы. Ақжонас хан мен ұлы Ер Кеңес кіреді. Ақжонас → 

Кеңес.  "Ақжонасұлы  Ер  Кеңес"  жырында  бас  қаһарман  Ер  Кеңестің  қайраткерлігінде  әкесі 

Ақжонастың маңызды орны байқалады. 

Оныншы бұтақ – Шынтас бұтағы. Шынтас хан мен Шынтасұлы Төрехан кіреді. Шынтас 

→ Төрехан. "Шынтасұлы Төрехан" жырында әкелі-балалы батырлардың байланысына назар 

аударылған. 

Он бірінші бұтақ – Қарадөң батырдың ұрпағына кіретін "Тегіс, Көгіс" жырындағы Тегіс 

бұтағы деп шартты түрде алдық. Ер Бегістің досы (жырда Тегістің әкесінің аты аталмаған) → 

Тегіс.  Жоғарыда  "Қарадөң  батырдың"  ұрпақтарын  қарастырғанда  атап  өткендей,  аталмыш 

әкелі-балалы  батыр  "Қарадөң  батыр  және  оның  ұрпақтарында"  болғанымен,  Қарадөң 

батырдың  ұрпағына  жатпайтын,  бірақ  аталмыш  бұтақпен  байланысты  дара  әдеби-

генеалогиялық ұрпақ саналады. 

Қ.қ.б. құрамында генеалогиялық тұрғыдан таралмайтын жеке батырларға "Қарт Қожақ", 

"Сұлтанкерім"  және  "Құлыншақ".  Бұған  себеп  аталмыш  үш  жырдан  тек  үзінділер  ғана 

жазылып  алынған.  Бірақ  бұл  жерде  бірнеше  ескеретін  жайт  бар.  "Қарт  Қожақ"  жырына 

байланысты  өзге  фольклорлық  туындыларда,  дәлірек  айтқанда  "Ер  Тарғын"  жырында 

"Қоянақұлы  Қарт  Қожақ"  деген  кейіпкер  кездеседі.  Алайда  Қ.қ.б.  қаһармандарының  өзге 

фольклорлық  туындыларда  кездесуі  және  байланыстылығы  еңбегіміздің  зерттеу  аясына 

кірмейтіндіктен,  аталмыш  деректі  тек  қосымша  пайдалы  ақпарат  ретінде  келтіріп  отырмыз. 

"Құлыншақ" жырынан тек кішкене үзінді жеткенімен, "Қарадөң батыр және оның ұрпақтары" 

бұтағына  кіретін  "Нәрік",  "Шора"  жырында  Құлыншақ  батыр  белсенді  әрі  маңызды 

кейіпкерлердің бірі және Шора батырмен өте тығыз байланыста. 

Сонымен  әдеби-генеалогиялық  зерттеуімізді  қорытындыласақ  ең  үлкен  шежірелік  цикл 

Қыдырбай-Қарадөң ұрпақтарына тиесілі (11 ата), одан кейін Аңшыбай батыр бұтағы (9 ата) 

және    Көкше  батыр  мен  Ер  Қосай  бұтағы  (3  ата).  Ағайынды  және  әкелі-балалы  шежірелік 

циклге Айса, оның ұлы Ахмет, Айсаның інісі мен оның ұлдары Алау, Әмет; Асанқайғы, оның 

інісі  Тоған,  Асанқайғының  ұлы  Абат;  Қарғабойлы,  оның  інісі  (ағасы  да  болуы  мүмкін) 

Қазтуған,  Қазтуғанның  қызы  Асылзат  кіреді.  Әкелі-балалы  батырларға  Жаңбыршы  мен 

Жаңбыршыұлы  Телағыс;  Манашы  мен  Манашыұлы  Тұяқбай;  осы  аталғандардың  әкесі  де, 

баласы  да  Қырымның  қырық  батырына  кіреді.  Ал  келесі  көрсетілген  әкелі-балалы 

батырлардың  тек  балалары  ғана  қырық  батыр  құрамына  кірген.  Олар:  Қыдырбай  және 

Қыдырбайұлы Қобыланды; Ақжонас және Ақжонасұлы Ер Кеңес; Шынтас және Шынтасұлы 

Төрехан;  Бегістің  досы  және  Ер  Тегіс.  Еш  генеалогия  жалғастығы  жоқ  Қырымның  қырық 

батырына Сұлтанкерім, Қарт Қожақ, Құлыншақ кіреді. Оған үш жырдың қысқа үзінді түрінде 

жетуі себеп болу керек. 


486 

 

Жырда ағайынды батырлар бар. Аңшыбай батыр ұрпағынан Орақ пен Мамай; Қарасай мен 



Қази ағайынды болып келеді. Алау мен Әмет, Асанқайғы мен Тоған, Қарғабойлы мен Қазтуған 

ағайынды батырлар. 

Қырымның қықық батыры – қазақ ауыз әдебиетінің бірегей туындысы және осы туындыны 

болашақта  жан-жақты  зерттеп,  әртүрлі  аспектілерден  талдау,  қазақ  әдебиеттану  ғылымына 

қосқан алып үлес болар. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет