Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет69/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135

 

  Біз  осы  мақалаға  негіз  болып  отырған  «Қазан»  концептісінің    ұғымдық, бейнелі-

ассоциативті,  бағалауыштық  мағыналарына  нақты  мысалдар  негізінде    семантикалық 

талдау жасауды басты нысан етіп алдық. 

«Қазан»    сөзінің    тілдік  мағынасы  –  ошақтың    (ол  тасошақ,  жерошақ    т.б  болуы 

мүмкін) үстіне қойылатын, астына от жағылатын, беті қақпақпен жабылатын, түбі қара күйе 

ас  пісіруге  арналған  ыдыс.  Осындағы  қазан  ұғымын  көз  алдымызға  келтіру  үшін  қажет 

болған ақпараттарға мыналарды жатқызамыз: ошақ, ошақтың үсті, отқа қойылатын, беті 



жабылатын, қақпағы бар,  түбі  қара күйе, ыдыс. Осы реттелген ақпараттар жүйесі арқылы 

біз  заттың (қазан) бейнесін жасаймыз. 

«Қазан»  сөзінің  ұйытқы  болуымен  жасалған  қазақ  тіліндегі  сөздерді  былайша 

топтауға болады[13]:  



 

Белгі 

Қалыптасқан жаңа сөздер мен мағыналары 

Заттық 

Қазан-аяқ – аяқ-табақ, барлық ыдыс; 

Қазандап – жерден шұңқыр қазып, оның үстінен доп домалатып 

ойнайтын балалар ойыны; 

Қазандық – қазан орнатуға арналып  жасалған ошақ, қазанаспа; 

Қазанжақ – ауызүй; 

 Қазанжаппа  –  қазанға  жабыстырылып,  шоққа  көміп  пісірілетін 



нан, ұлттық тағам, төңкерме; 

Қазанқап    -  көшкенде  төңірегін  күйелемес  үшін  қазанға  



кигізілетін қап; 

Қазан-ошақ – тамақ пісіруге қажетті қазан, ошақ, ыдыс, т.б керек-



жарақтың жалпы атауы;  

Қазанпеш – от жағып, үй жылытатын, қазан асып, тамақ пісіретін 



пеш; 

Қазанпышақ – қазанның түбін қыруға арналған жұқа, кішкентай 



пышақ;  

Сындық 

Қазанбұзар - бұзық, бұзақы, сотқар, содыр;   

Қазанжаппадай – қазанжаппа нандай; 

Қазандай-қазандай – тым үлкен; 

Қара қазандай – үлкен; 

Қазанпышақтай – қазанпышық сияқты жұқа, кішкентай; 

Бөркі қара қазандай – мәз болды, мастанды, есірді;  


541 

 

Өкпесі қара қазандай – қатты өкпеледі, көңілі қалды;   



Қазан-қазан – бірнеше қазан толған, көп, мол; 

Қазансыз  –  қазаны  жоқ,  қазаны  болмайтын,  қазан  ұстамайтын, 



қазан көтермейтін. 

Қарғыс(сиыр 

малына 

байланысты) 

Қазандатқыр  –  қазанға  түскір,сойылғыр,  ет  болғыр  деген    сиыр 



малына айтылатын сөз

Ырымға 

қатысты 

Қазантой  –  әйелдер  босанар  алдында  беретін  ырым  тамақ; 

Қазанұшық – босанатын әйелдің толғағы басталғанда жасалатын 

ұғым; 

Дене 

мүшеге 

байланысты 

Қазантолмас – көкірек пен қарынның  түйіскен жері, жүрек тұсы; 



Кәсіпке 

қатысты 

Қазаншы – қазан жасайтын шебер; 



Географиялық 

атауға 

байланысты 

Қазаншұңқыр – жер бетінің ойыс келген жері, ойдым; 



 

«Қазан» сөзіне семантикалық талдау:  



архисема – ыдыс атауы; 

дифференциалды  сема:дөңгелек,  үлкен  қап-қара,  мыс,  шойын,  қоладан  істелетін  тамақ 

жасалатын ыдыс;  



потенциалды  сема,  бұл  сема  «қазан»  сөзінің  басқа  сөздермен  тіркесі  негізінде 

актуалданады:  



 

Қазанға қатысты тіркестер 

 

Мағыналары 



Қазаны басқа  

бөлек үй, отбасы 

Қазаны оттан түспеді, қазаны майланды 



молшылық, табысты, ішіп – жемі мол 

Қара қазан 



киелі, қасиетті 

Қу қазан  



сараң 

Қазаны басқа 



жеке бастың қамы 

Қазан құлағын ұстады 



билікке ие болу 

Ортақ қазан 



ортақтық 

Қазан аумағындай көрінді 



шағын 

Қазан бас, қазан құйрық қой 



үлкен 

Еңбек қазаны қайнады 



қызу еңбек 

Ешкімнің қазанын сындырған жоқ 



бүлік салмау 

Жабулы қазан жабулы 



сыр бермеу 

Қазан асты, қазан көтерді 



тамақ жасау 

Қазан аузынан бөліп ішті 



тату - тәтті 

 

Қазан сөзінің қатысуымен жасалған қазақ тілінде мынандай тұрақты тіркестер бар: 



қазан аузы – жоғары; қазанға не салсаң, шөмішке сол ілінер; қазаннан қақпақ кетсе, иттен 

ұят  кетеді;қазаннан  қара  нәрсе  жоқ  –  ассаң,  қарның  тояды;  қардан  аппақ  нәрсе  жоқ, 

ұстасаң қолың тоңады;   қазаншының өз еркінде, қайдан құлақ шығарса; қазанына қарай 

шөміші, ағашына қарай жемісі; екі үйге бір қазан астырды; ешкімнің қазанын сындырған 

жоқ; жабулы қазан жабулы; қазан асты, қазан көтерді; Қазан аузынан бөліп ішті; қазан 

аумағындай көрінді; қазан бас; қазан құйрық қой; қазан құлағын ұстады;  қазан көбігіндей 

үйірілді; қазанның қақпағындай; қазанның түп күйесіндей; қазан суыту; қазан үстінен күн 

көру;  қазаны майланды;қазаны  басқа,  қазаны оттан  түспеді;  қайнаған  қазан  бауырына 

542 

 

төгілгір қарғыс; қара қазан; қара қазан бай; қу қазан; қара қазанның қайғысы; қара қазан, 



сары  бала;  қара  қазан,  сары  баланың    қамы;  қырық  қазанның  құлағын  тістеді;  ортақ 

қазан; қазан үстінен тамаққа шақырды; қазанның құлағын қағып қойған ат; қазаныңды 

асып, отыныңды шығармай отырғанда  және т.б. Осы тіркестерге талдау жүргізе отырып, 

біз,  ең  алдымен,  «қазан»  сөзі  арқылы  жасалған  тіркестер  беретін  мағынаның  құрамында 

бірде  негізгі,  ал  бірде  қосымша  сема  ретінде  көрінетін  бағалауыштық  мағынасын  және 

сонымен  тікелей  байланысты  бейнелеуіштік-ассоциативтік  бөлікті  былайша  көрсетуге 

болады:  жағымды  бағалауыштық  мағынаны  беретін  бірліктер:  бөркі  қара  қазандай 

болды  –  мәзболды,  мастанды;  қазан-аяғы  бір  –  бір  үйден  тамақ    ішетін  тату-тәтті; 

қазан-қазан  –  көп,  мол;  он  екі  қарыс  қазандай  –  үлкен  қазан  сияқты;  жағымсыз 

бағалауыштық  мағынаны  беретін  бірліктер:  қазандай  қайнады  –  қатты  ширықты, 

ашуланды;  өкпесі    қара    қазандай    болды  –  қаттыөкпеледі,  көңілі    қалды;  қарғыс: 

қазандатқыр қызыл пәле (қазанға түскір, ойылғыр, ет болғыр); қазанбұзар - бұзық, бұзақы, 

сотқар; басы қара қазандай болды – көп ойланып басы қатту. 

«Қазан»  сөзінің  бойындағы  мәдени  семаларға  келетін  болсақ,  ол:  «қазан»  сөзінің 

негізгі  мағынасымен  тікелей  байланысты  беретін  мағынасы    –  халықтың    молшылық, 

қонақжайлылық,  қауымдастық,  ынтымақтастық  пен  тұтастық    нышаны;  отбасы;  тіршілік 

қамы.«Қазан»  концептісінің  бейнелі-ассоциациялық  және  бағалауыштық  мағынасы  бір-

бірімен астасып, ыдыс атауы, бөлек үй, молшылық, киелі, қасиетті, сараң, ортақтық, сыр 

бермеу  және  т.б.  мағыналарнегізінде  сараланып,  «қазан»  концептісінің  болмыс-бітімі 

айқындалды. 



Әдебиеттер:  

1.

 



Сейдімбек А. Күңгір-күңгір күмбездар. –Алматы: Жалын, 1981. – 240 б. 

2.

 



Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық түсіндірме сөздік.  8 том,  Алматы: Арыс, 2007. – 

744 б. 


3.

 

Абақан Е. Тілдің мәдени философиясы. - Алматы: Айкос, 2000. -184 б. 



4.

 

Жапақов С.И. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. Фил. ғыл. канд... 



дис.: -Алматы: А.Байтұрсынұлы ат-ғы Тіл білімі иниституты, 2003. -117 б. 

5.

 



Кубрякова Е.С. Роль словообразования в формировании  языковой картины мира // Роль 

человеческого фактора в языке.  -М., 1988.    

6.

 

Телия 



В.Н. 

Русская 


фразеология. 

Семантический, 

прагматический 

и 

лингвокультурологический аспекты. -М., 1996.    



7.

 

Қалиұлы Б. Танымдық қазақ тілі. –Алматы, 2009. – 131 б. 



8.

 

Пименова М.В. Введение  когнитивную лингвистику. – выпуск 4.  – Кемерово: Наука, 



2004. 

9.

 



Карасик В.И.Языковой круг: личность, концепты, дискурс. – Москва: Гнозис, 2004. 

10.


 

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. А.: Ғылым, 1969. 

11.

 

Будагов  Л.З.  Сравнительный  словарь  турецко-татарских  наречий,  І  том    СТБ.:  Наука, 



1869 

12.


 

Ақнұр  Өтебекова  «Қазақ  және  Орта  Азия  түркі  тілдеріндегі  әлеуметтік  тұрмысқа 

байланысты  терминдердің  салыстырмалы  ерекшеліктері  (қазан  термині  негізінде)» 

мақала 


13.

 

Қазақстан  ұлттық  энциклопедия  Vтом  К-Қ,    «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 



редакциясы Алматы, 2003. 

 

 



 

 

 



543 

 

ӘОЖ 81.42:811.512.122 



 

                                «БАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ 

 

Қанағат Асылбекқызы  

Ғылыми жетекшісі: Әділова А.С, ф.ғ.д., профессор 

                                     Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды  

 

Мақалада  «бақыт»  концептісінің  ақпараттық  ерекшеліктері  анықталып,  аталған 

концептіге  жататын  тіл  бірліктерінің  этнолингвистикалық,  әлеуметтік  және  танымдық 

қырлары  танылады.  «Бақыт»  ұғымы  адам  баласының  рухани  құндылықтарының  бірі 

болғандықтан оның рухани мәдениеттегі рөлі, мәні неде екені талданып, ақын-жазушылар 

шығармашылығынан мысалдар беріледі.  

В статье рассматриваются вопросы трактовки термина «концепт» в лингвистической 

науке;  струкутра  концепта  а  также  дается  информационные  особенности  концепта 

«счастье».  Обьектом  исследование  является  роль  концепта  «счастье»  в  общественном  и 

культурном сфере. 

The article deals with the interpretation of the term "concept" in linguistic science; structure 

concept and provides information especially the concept of "happiness". Object of study is the role 

of the concept of "happiness" in the social and cultural sphere. 

Кілт сөздер: концепт, бақыт, қуаныш, махаббат т.б. 

   Адамзат  тіршілігінің  ең  басты  құралы  деп  танылатын  тіл  болмысына  зер  салу,  сөз 

мағынасын  халықтық  таным  тұңғиығынан  өрбіту,  тіл  тарихын  адамның  қабылдау, 

пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның 

қозғалмалы  табиғатымен  үйлестіру,  сол  арқылы  барша  жұртқа  ортақ  ұстанымдарға  қол 

жеткізу  қазақ  тілінің  өрісін  кеңейтуге,  өркениетті  мемлекеттің  қоғамдық-әлеуметтік 

мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ.                                                          

   Когнитивті  лингвистика  –  ХХ  ғасырда  философия,  психология  және  тіл  білімінің 

тоғысуынан  пайда  болған,  таным  мен  білімді  қолдану  мәселелерін  зерттеу  бағытының 

кешені. Когнитивтік тіл білімінде бүкіл әлем бейнесінің адам санасында бейнелену мәселесі 

маңызды  орынға  ие.  Бұл  әртүрлі  халық  өкілдерінің,  әр  адамның  концептуалдық  әлем 

бейнесі әр түрлі болуымен байланысты. Когнитивті лингвистиканың басты категориясы – 

концептілер. Олар концептілік құрылымды ұйымдастырушы ұғымдардан тұрады. Концепт 

табиғатын түсіну үшін жасалған әрекеттердің қай-қайсысы да бір-бірінен шектес бірқатар 

ұғымдар мен терминдердің бар екенін аңғартады. Концепт ең алдымен ұғым мен мағынадан 

тұрады. Концептіні лингвистикалық тұрғыдан зерттегенде негізінен үш тәсіл анықталған. 

Біріншіден,  кең  мағынада  концептілердің  қатарына  мағынасы  ұлттық  тілдік  сананың 

мазмұнын  құрайтын  және  тіл  өкілі  дүниесінің  қарапайым  бейнесін  қалыптастыратын 

лексемалар кіреді. Осындай концептілердің жиынтығы ұлт мәдениеті шоғырланатын тілдің 

концептілік  өрісін  құрайды.  Екіншіден,  тар  мағынада  концептілердің  қатарына  тілдік 

мәдени ерекшелігімен белгіленген немесе белгілі этномәдениеттің өкілдерін сипаттайтын 

семантикалық білім кіреді. Үшіншіден, концепт тікелей адам санасымен байланысты. Адам 

ақпаратты  алушы,  сақтаушы,  өңдеуші  жүйе  ретінде  қарастырылады,  сондықтан  барлық 

үдерістер  адамның  миында  тілдің  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Концептілерді  зерттеу 

халықтың  дүниетанымын  жақсы  түсінуге,  рухына  еніп  сол  ұлттың әлемдік  бейнесін  осы 

ұлттың көзімен көруге мүмкіндік жасайды.  

Концепт термині латын тілінен енген conceptus – «ой», «түсінік», «ұғым» деген мағынаны 

білдіреді. Концепт арқылы тіл мен адам ойының арасындағы байланыс жүзеге асырылады. 

Концептілерді  зерттеу  әлемдік  лингвистикада  бірінші  болып  аталатыны  С.А.Аскольдов-



544 

 

Алексеев болды. В.А. Маслова еңбегінде оның  «Концепт – ойдағы құрылым, яғни белгілі 



бір затты ойлау кезінде оны сол тектес басқа бір заттармен ауыстырады»  - деген, пікірін 

келтіреді және концептінің танымдық әдіс ретінде негізгі қызметі орынбасушылық қызмет 

екенін көрсеткенін айтады[1, 269 б]. 

   Ресей тіл білімінде концепт термині алғаш рет ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған 

орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселесін зерттеуге байланысты пайда болды. 

Концепт  терминінің  теориялық  негіздері:  Д.С.Лихачев,  Н.Д.  Артюнова,  Е.С.  Кубрякова, 

А.Н.  Мороховский,  В.  Рябцев,  В.А.  Маслова,  А.  Вежбицкая  сынды  ғалымдардың 

еңбектерінде әр қырынан қарастырылады. Профессор В. Маслова көптеген анықтамаларды 

қарастыра  келе,  концептіге  мынадай  анықтама  береді:  «Это  семантическое  образование, 

отмеченное  лингвокультурной  спецификой  и  тем  или  иным  образом  характеризующие 

носителей  определенной  этнокультуры.  Концепт,  отражая  этническое  мировозрение, 

маркирует  этническую  картину  мира  и  является  кирпичиком  для  сроительства  «дома 

бытья» [2, с. 36]. Ал Ю.Степанов: «концепт – мәдениеттің жиынтығы, құрамы өте күрделі, 

оған  бір  жағынан,  ұғымды  құрайтын  белгілердің  бәрі  тән,  екінші  жағынан,  концептінің 

мазмұнының негізгі белгілеріне, қазіргі кездегі бағалау және қабылдау кіреді. Концепт  – 

адамның менталды әлеміндегі мәдениеттің негізгі бөлігі (ұясы)» - дейді [3, 41 б]. Отандық 

зерттеуші ғалымдар: М. Күштаеваның «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен 

лингвомәдени  мазмұны»,  А.  Смайловтың  «Әйел»  концептісін  қалыптастыратын  тұрақты 

тіркестердің  лингвомәдени  сипаты»,  М.  Абдрахмановтың  «Көз»  концепті:  лингвомәдени 

және  танымдық  парадигмасы»,  А.Байғұтованың  «Қазақ  әйелі»  концептісінің  этномәдени 

сипаты»,  Ж.  Қошанованың  «Қазақ  тіліндегі  байлық-кедейлік»  концептісі:  танымдық 

сипаты  мен  қызметі»,  Ж.  Жампейісованың  «Ақ-қара»  концептісі:  оппозициясы  мен 

қызметі» атты еңбектері – осының дәлелі. 

   Адамның мәдени тәжірибесі қаншалықты аз болса, оның тілі, сөздік қорының концептілік 

өрісі соншалықты жұтаң болады. Концепт сөз мағынасын ауыстырып қана қоймайды, ол 

сонымен қатар сөз мағынасын түсінудегі айырмашылық пен келіспеушілікті жойып, қарым-

қатынасты жеңілдетеді және мағынаны кеңейтіп, ойлауды жалғастыруға, қиялдауға және 

сөздің  эмоционалдық  аурасын  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Концепт  адамның  жеке 

тәжірибесінде  қалыптаспайды  және  барлық  адамдар  тең  дәрежеде  ұлттық  тілдің 

концептілік  өрісін  байытуға  қабілеті  жоқ.  Сондықтан  концепт  жасауда  халық  ауыз 

әдебиетінің  түрлі  салалары  (мақал-мәтелдер,  фразеологизмдер,  шешендік  сөздер, 

жұмбақтар, т.б) мен өкілдерінің жазушылар мен ақындардың белсенділігі айрықша.  

   Концептіні  анықтау  үшін  дүниенің  кейбір  ерекшеліктері  мен  заттық  құндылықтары, 

олардың обьектілермен қатынасы, олардың қызметі мен оларға берілген ұлттық сананың 

сипаты әрі бағасы айқындалуы қажет. Концептілік ұғымға ие болу үшін белгілі бір ұлттың 

қолданысындағы  сөздер  сол  ұлттың  ғасырлар  бойы  мәдениетімен,  дәстүрімен,  дінімен, 

тілімен тығыз байланыста қолданылып,  белгілі  бір ұлттық-мәдени дәрежеге жетуі  керек. 

Ұлт  мәдениеті,  діні,  салт-дәстүрі  және  тілімен  біте  қайнасып,  ұлттың  болмысын  бойына 

сіңірген  танымдық  түсінік  беретін  сөздер  тілімізде  өте  көп.  Солардың  бірі    -  бақыт 

концептісі.  Аталған  концепт  –  кез  келген  этноста  қалыптасқан  универсалды,  дерексіз 

күрделі құбылыс.  

   Қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы «бақыт» ұғымы концептілік қасиетке ие.  

   Қазақ  халқының  дүинетанымында,  болмысы  мен  тіршілігінде,  оның  «ғаламдық 

бейнесінде»  бақыт  ұғымы  іргелі  концептілер  қатарына  жатады.  Бақыт  –  ұлттың 

концептуалды дүниетаным әлемін қалыптастыратын маңызды категориялардың бірі. Бақыт 

өзінің адами мақсатының жүзеге асырылуына, өз өмірінің толықтығы мен лайықтылығына, 

өз болмысының іштей мейлінше ризашылығына сәйкес келетін адам жағдайын білдіретін 

моральдық сананың түсінігін білдіреді.  

Поляк зерттеушісі В. Татаркевич бақыт ұғымының төрт негізгі мағынасын бөліп көрсетеді:  

1) тағдырдың берген ырыздығы, «қолға қонған құс», сәттілік, өмірде жолы болушылық; 2) 



545 

 

қуаныш, ләззат , рахат; 3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық; 4) өмірден өз орнын табу, 



толыққанды тұлғаға айналу [4, с. 156]. 

   «Бақыт» концептісінің мағынасы қазақ халқының дүниетанымында жақсылыққа кенелу, 

шат-шадыман өмір сүру, мерейі үстем болу, ырысты болу, дәуірі жүру, тасы өрге домалау 

т.б. ізгі қасиеттерді адам баласының басынан өткеруі деген түсінікпен береді. Адам баласы 

өмір бойы бақытта болмауы мүмкін, бірақ оның бақытты сәттері көп болуы мүмкін. Тіпті 

болымсыз, кішкентай нәрселер немесе сәттер бақытты білдіруі мүмкін. 

   В.А. Маслова өзінің еңбегіндегі эмоционалды концептілер деген тарауында эмоциналдық 

пен  эмотивтік  туралы  айтқан  өзге  ғалымдардың  пікірін  талдай  келе:  «Мы  понимаем 

эмоциональность  как  психологическую  характеристику  личности,  состояние  и  уровень 

развития ее эмоциональной сферы. Эмотивность же – это лингвистическая характеристика 

слова,  предложения,  способная  произвести  эмоциогенный  эффект,  вызвать  у  языковой 

личности  соответствующие  эмоции»  -  деп,  осы  бағыттағы  концептілерге  бақыт  пен 

қуанышты жатқызады [5, с. 227]. 

   Өнердің  кәусар  туындысы  халық  өмірінің  терең  және  мөлдір  қайнарынан  шымырлап 

шығады  да  сол  халықтың  өзінің  рухани  сусынына  айналады.  Ақын  шығармаларындағы 

концептілік  мәнде  жұмсалатын  ұғымдар  ақиқат  дүниенің  сәулесін,  ол  туралы  түсінік, 

ұғымды  санада  тұрақты  таңбаланып  қалыптасқан  тілдік  құралдардан  басқа  эстетикалық 

мақсаттарда қолданылатын бейнелі құралдармен де таныту ерекше орын алған.  

   Кез келген ақын өмір, тағдыр, сүйіспеншілік, махаббат, туған жер, сезім, бақыт, мұң т.б 

ұғымдарды  өзгеше  өзіндік  стилімен  жырлайды.  Тақырыбымыздың  өзегі  –  «бақыт» 

концептісі  болғандықтан,  оның  концептілік  өрісінің  жиілігі  Мұқағали  Мақатаев,  Мұхтар 

Шаханов,  Есенғали  Раушанов,  Гүлнәр  Салықбай  сынды  ақындардың  шығармаларында 

көрініс тапқан.  

   «Ғасыр  ақыны»  атанған  Мұқағали  өлеңдері  –  өзінің  мазмұны,  тақырыбы,  көтерген 

мәселелері жағынан өміршең туындылар. Қара өлеңді халқына табиғатын сақтай отырып 

ұсыну – кез келген ақынның шеберлігімен берілетіні ақиқат. Сол сияқты Мұқағали да өз 

өлеңдерінде  халқының  дүинетанымын,  оның  ұлттық  ерекшелігін,  қайғысы  мен  мұңын, 

қуанышы мен арман-тілегін жырлай отырып, осы мәселелерді халықтық деңгейге көтереді. 

Ақынның: «Тілек», «Шеше, сен бақыттысың», «Бақыт іздеп несіне шаршағанмын», «Бақыт 

деген»,  «Басыма  менің  бақ  қондың»  т.б.  өлеңдері  жатады.  Ақын  «Тілек»  деген  өлеңінде 

«ақпай жатып су алғаннан», «уайымсыз, қайғысыз шаттанудан» сақта дей келіп, «басыма 

бақытты үйіп-төгіп берме», «жарты бақыт» қана жетеді дейді: 



    Басыма бақыт берме үйіп-төгіп, 

    Жерірмін емін-еркін сүйіп-көріп. 

    Біреулерден тұрғаным биік болып, 

    Жармасады жаныма күйік болып. 

    Жарты бақыт, жартылай уайымменен, 

    Жарты ғасыр ғұмырға шыдайын мен. 

    Осынау там-тұм ғана шырайыммен 

    Шыға алатын тауыма шығайын мен [6, 156 б]. 

Ақын өлеңіндегі  «Басыма берме бақыт үйіп-төгіп»,  «жарты бақыт»,  «үйіп-төгіп бақытты 

берме маған» тіркестері арқылы адам бойында көп кездесе бермейтін қанағатшылдық деген 

жақсы  қасиетті  өзінің  бақыты  санап  тұр.  «Үйіп-төгілген  бақыттан»  бас  тартып, 

Жаратқаннан «жарты ғана бақытты» сұрай отырып, соған қанағат етеді.  

   Сондай-ақ, баршамызға белгілі Алаштың әйгілі ақыны Мұхтар Шаханов өлеңдерінде де 

«бақыт» концептісі ерекше атауға ие болып, көрсетіледі. «Жаңа қазақ» деген өлеңінде: 

   Жинасаң да әлемнің бар алтынын, 

   Адамдығын көрсетпесе жарқылын, 

   Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн. 

   Ешкім рух байлығынан бөлініп, 


546 

 

   Шын  бақытқа  жеткен  емес,  жарқыным!  [7,  47  б].  Ақын  адам  бойындағы  рухани 

құндылықтарды жоғары қояды. Бақыттың мәні байлықта емес екендігін, жан баласы рухани 

терең түйсіктен ада болса, шынайы бақытқа қол жеткізе алмайтындығын айтады. Келесі бір 

«Бақыт геометриясы» деп аталатын өлеңінде:  

   «Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене, 

   Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?» 

    Деп қиялдап әр биіктен көрсетіппіз бекер бой, 

   Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой. 

   Егер бүгін аласарса мекеніңнің шоқтығы, 

   Оған  себеп  –  қанағатсыз  адамдардың  көптігі...  [7,  88  б].  Ақын  осы  бір  бақыт  дегенді 

«заңғар шың ба», «мен мінбеген кеме ме?»,  «сұлулық па», «билік пенен мансап па деп» не 

екенін  түсінбегенін  жырлай  келіп,  «шындық»  келіп,  тіл  қатқанда  ғана  бақыттың  мәні 

қанағатшылдықта, тәубешілікте, татулықта екенін түсінеді.  

   Шығармалары қазақ поэзиясының алтын қазынасы деуге болатын, өлеңдері арқылы нәзік 

лиризм  мен  терең  психологизмге  толы  суреткерлік  мектебін  қалыптастырған  келесі  бір 

ақын - Есенғали Раушанов. Ақынның «Жеке бақыт» өлеңінде: 

   Жеке бақыт болған емес, 



   жеке мұң, 

   Бірдей сүйіп мына туған мекенін

   Өзбек біткен сезінеді күн сайын 

   Бұл Ташкеннің өзінікі екенін [8, 215 б]. Кез келген адам өзіне ғана бақыт тілеп, өзі ғана 

шаттыққа бөленіп, жеке дара бөліп-жарып қарамайды. Бәрін бірдей құрметтеп, өзіне тілеген 

бақытты  өзгеге  де  тілейді.  Ақынның  бұл  өлеңінің  түбінде  астарлы  саяси  мән  жатқанын 

байқаймыз. Сонымен қатар, «Жігіт пен үміт» атты балладасында:  



   Жинайды жарау атын, жақсы ақынын, 

   Сыйлайды жолындағы ақ шатырын. 

   Қаншама қайыр пида жасады ол 

   Бақыт боп бітуі үшін мақсатының [8, 34 б]. Қаламгер бұл шығармасында әрбір жанды 

әрдайым алға жетелейтін үміт, арман, мақсат екенін көрсеткісі келеді. Сол бір «Ақ боз үй 

жабығынан  жасырынған»,  «ақ  маңдай  қызды»  күтіп,  арудың  жолында  барлығына  даяр 

екенін  айтады.  Яғни,  өзінің  арман-тілектерінің  орындалып,  ақырында  бақытқа  кенелгісі 

келген жігіттің зор үмітпен қараған арманы жатыр.  

   Қорыта  келе,  «Бақыт»  концептісінің  қазақ  халқының  мәдениетін,  танымын,  рухани 

құндылықтарын беруде қайталанбас тілдік бірлік екендігі айғақталады.  

   «Бақыт»  концептісінің  когнитивтік  мазмұны  қазақ  дүниетанымында  қалыптасып,  тілде 

қатталған этномәдени арқылы ашылады. Аталған концепт көпқатпарлы ұғым болғандықтан 

макроконцепт  болып  танылады.  «Бақыт»  концептісіне  жататын  тіл  бірліктері  – 

этнолингвистикалық  қабаттардың  нысаны.  Сол  себепті  оларды  талдауда  «бақыт» 

концептісінің  әлеуметтік  және  танымдық  қырлары  да  тілдік  деректер  арқылы  көрініс 

тапқан.  

   Сайып  келгенде,  «бақыт»  концептісі  –  қазақ  дүниетанымының  қалыптасу  жолдарын 

дәлелдей алатын, өзіндік даму тарихы, күрделі құрылымы бар кең ауқымды концепт.    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет