Аудан спортын дамытуға орталық стадионды жөндеуге қаржы қаралды. Аудандық бюджеттен



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#1522
1   2   3

Мәделхан  НӘЛІБАЕВ,

 Қазақстан Республикасына

         еңбек сіңірген гидротехник,                                                                                                      

«Сырдария ауданының 

Құрметті азаматы»

Көргендерім мен 

Көңілге түйгендерім

І.   Егін  шаруашылығы сала-

сында үздік көрсеткішке жеткен 

жауапкершілігі шектеулі серіктестер 

арасындағы «Аудан жеңімпаздары»

1.Егін  шаруашылығында  күріш  өндірісін 

дамытуда  оның  ішінде  жоғары  репродукция-

лы  тұқым  өндіру,  техника  паркін  жаңалауда 

жоғарғы 

көрсеткішке 

жеткен, 

облыс 


жеңімпазы  «Алтын  дән-2016»  мерекесінде  

озат егін  шаруашылығы  номинациясы  бойын-

ша,  III-дәрежелі    дипломмен  марапатталған, 

ауданның    ауыл  шаруашылығы    сала-

сын  дамытуға  зор    үлес  қосып  келе  жатқан 

«Мағжан  және  К»  ЖШС  і  дәрежелі  диплом-

мен марапатталды. Шаруашылық  2102  гек-

тар күріштің әр  гектарынан 65,0 центнерден 

өнім жинаған, төрағасы Дархан Ералиев.

2.Ауданда  егін  шаруашылығы  саласын-

да    озат  шаруашылық    номинациясы  бой-

ынша  II  дәрежелі  дипломмен  «Шаған  Жер» 

ЖШС  марапатталды.  Шаруашылық  2067  гек-

тар күріштіктің әр гектарынан 58 центнерден 

өнім жинаған, төрағасы Қадыров Бердібек. 

3.Ауданда  егін  шаруашылығы  саласын-

да озат шаруашылық номинациясы бойынша 

II  дәрежелі  дипломмен  «Мәді-Қажы»  ЖШС 

марапатталды.  Шаруашылық  2287  гектар 

күріштіктің әр гектарынан 50 центнерден өнім 

жинаған,    төрағасы  Аббас Камалатдин.

4.Ауданда  егін  шаруашылығы  сала-

сын  әртараптандыруда  II  дәрежелі  диплом-

мен  «Жамбыл-2030»  ЖШС  марапатталды. 

Шаруашылық  900  гектар  күріштіктің  әр  гек-

тарынан  45,0  центнерден  өнім  жинаған, 

төрағасы Болат Рүстемов.

     


 IІ. Егін және мал шаруашылығы 

өнімдерін өндіруде шаруа қожалықтары 

арасында «Аудан жеңімпаздары» 

      

1.Ауданда  егін  шаруашылығы  саласында 

озат  шаруа  қожалығы  номинациясы  бойын-

ша і дәрежелі дипломмен «Қызылдихан»  ша-

руа  қожалығы  марапатталады.  Шаруашылық 

850    гектар  көлемде  күріш  егіп,  күріштің  әр 

гектарынан  82.5  центнерден  өнім  жинаған, 

төрағасы  Алданберген Құлбаев.        

2.Ауданда 

егін 


шаруашылығының 

өнімдерін  қайта  өңдеу  номинациясы  бойын-

ша  II дәрежелі дипломмен «Ақжарма және К»  

шаруа қожалығы марапатталды. Шаруашылық 

1000  гектар  көлемде  күріш  егіп,  күріштің  әр 

гектарынан  73.0  центнерден  өнім  жинаған, 

өз  зауытында  4320  тонна    күріш  ақтаған. 

Шаруашылық төрағасы Қайрат нұрсейтов. 

3.Ауданда  егін  шаруашылығы  саласында 

озат шаруа қожалығы номинациясы бойынша 

II  дәрежелі  дипломмен  «Ақжарма-2»  шаруа 

қожалығы  марапатталды.  Шаруашылық  876 

гектар күріштің әр гектарынан 73,0 центнер-

ден өнім жинаған, төрағасы Марат Бисенов.

4.  Мал  шаруашылығы    өнімдерін 

өндіруде    жоғарғы    көрсеткіштерге  жеткен 

«Ысамаддин  шаруа  қожалығының  басшысы 

Жанарбек нұрымбетов I дәрежелі дипломмен   

марапатталды. Шаруа қожалығы  900 бас мал 

бордақылап, 270 тонна ет өндірген. 



ІІІ. Ауылшаруашылығы саласын-

да жоғары көрсеткішке жеткен «Аудан 

жеңімпаздары»

1.«Озат  инженер-механик»    номинация-

сы бойынша егілген егінді ысырапсыз төкпей 

-шашпай,  техникалардың    жүріп  тұруын 

қамтамасыз еткені үшін «Шаған Жер» ЖШС-

нің бас инженер – механигі Жұмабек Омаров  

марапатталды.

2.«Озат  гидротехник»  номинациясы  бой-

ынша егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын  

аяқ сумен қамтамасыз етіп, мол өнім алуына 

үлес қосқаны үшін «Мағжан және К» ЖШС-нің  

гидротехнигі әсет нұрмаханов марапатталды. 

3.«Озат  агроном»  номинациясы  бойынша 

егілген егінді агротехникалық шараларға сай 

күтіп баптап, мол өнім өндіргені үшін «Мәді-

Қажы» ЖШС-нің  агрономы Спанов Мешітбай 

марапатталды. 

4.Ауданның   ауыл    шаруашылық    са-

ласына  мол үлес қосқаны  үшін «Жан–Арай»    

ЖШС директорының орынбасары Қуат  Шаки-

задаев  марапатталды. 

5.«Үздік    бақша  өсіруші»  номинациясы-

мен 100 гектар жерге бақша егіп, әр гектар-

дан  277,0  центнер  өнім  алып,  ауыл  халқын  

қауын-қарбыз өнімдерімен қамтамасыз еткені 

үшін Айдарлы ауыл округінің бақша өсірушісі  

Мейірбек Тасболатов марапатталды. 

 6. «Үздік  көкөніс өсіруші» номинациясы-

мен өзіне бекітілген 1,0 гектар жерге көкөніс 

егіп, әр гектардан 300,0 центнерден өнім алып, 

ауыл халқын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз 

еткені үшін іңкәрдария ауыл округінің  көкөніс 

өсірушісі нұрбек Есдаулетов марапатталды.

7.«Үздік  картоп  өсіруші»  номинациясы-

мен өзіне бекітілген 2,3 гектар жерге картоп 

дақылын  егіп,  әр  гектардан  225,0  центнер 

өнім алғаны үшін Аманкелді ауылының картоп 

өсірушісі нәрікбай Алтынбеков марапатталды.

8.«Үздік  жоңышқа  өсіруші»  номинация-

сымен  өзіне  бекітілген  200  гектар  жоңышқа 

дақылын егіп, әр гектардан 61,0 центнерден 

өнім  алғаны  үшін  «Жамбыл-2030»  ЖШС-нің  

жоңышқа өсірушісі Жұмабек уәлиев марапат-

талды.


9.«Үздік астық тасымалдаушы» номинация 

-сымен  «Ақжарма-2»  шаруа  қожалығының 

күріш тасу науқанында ХТз-150 тракторымен 

23560 центнер күріш тасығаны үшін Мұратбай 

Оспанов марапатталды. 

10.«Үздік    жатка  машинисі»  номинация-

сымен «Шаған Жер» ЖШС-нің астық орушы-

сы  Маликов  Өмірзақ  марапатталды.  Күріш 

ору  науқанында  «Джон  Дир»  маркалы  жат-

касымен  800  гектар  күріш  орып,  маусымдық 

межесін 2,0 есеге  орындаған. 

11.«Үздік  комбайнер»  номинациясымен 

«Мәді  Қажы»  ЖШС-нің  комбайнері  Сейілхан 

Спанов марапатталды. «Джон Дир» маркалы 

комбайнымен  57000  центнер  астық  бастыру-

ды қамтамасыз еткен. 

12.«Үздік  бидай  өсірушісі»  номинация-

сымен  «Мағжан  және  К»  ЖШС-нің  би-

дай  өсірушісі  Алпысбай  Тәжібеков  марапат-

талды.  Өзіне  бекітілген  80  гектар  бидайды 

агротехникалық  шараларға  сай  күтіп  бап-

тап, оның әр гектарынан 34 центнерден өнім 

жинаған.  

13.«Үздік 

күрішші» 

номинациясымен 

«Қызылдихан» шаруа қожалығының күрішшісі 

Смайлов  Жанкелді    марапатталды.    Өзіне 

бекітілген  35  гектар  күріштің  әр  гектарынан 

108,6 центнерден өнім жинаған.  

14 «Үздік өндіріс бригадирі» номинациясы-

мен «Ақжарма және К» фермер қожалығының 

бригадирі Ахан Тобжанов марапатталды.Өзіне 

бекітілген 350 гектар күріштің әр гектарынан 

77 центнерден өнім жинаған. 

ІV. Аудан әкімінің «Алғыс хаты»

1.  «Озат 

комбайнер» 

номинация-

сы  бойынша  «С.Сейфуллин  Жер»  ЖШС-нің  

комбайнері  Қасымов  Болатбек  Балтабайұлы  

марапатталды.  «Енисей-1200»  комбайнымен 

16800 центнер астық бастыруды қамтамасыз 

еткен. 

2.  «Озат    астық  тасымалдаушы»  номи-



нациясы  бойынша  «А.Тоқмағанбетов  лТД»  

ЖШС-нің  күріш  тасу  науқанында  ХТз-172 

тракторымен  18000  центнер  күріш  тасығаны  

үшін Жасағанбергенов Бағдат марапатталды. 

3.  «Озат  жаткист»  номинациясы  бой-

ынша  «Құндыздымай»  шаруа  қожалығының 

жаткисті  Кәрімжан Руслан Баржақсыұлы  ма-

рапатталды. Күріш ору науқанында «Макдон» 

жаткасымен  700  гектар  күріш  орып,  межесін 

140,0 пайызға орындаған. 

4.    «Озат күріш  өсіруші» номинациясы 

бойынша  «БАҚ»  шаруа  қожалығының  күріш 

өсірушісі Мықбаев әлібек марапатталды. Өзіне 

бекітілген 36 гектар  күрішті агротехникалық 

шараларға сай күтіп баптап, оның әр гектары-

нан 93,5 центнерден өнім жинаған.

5.   «Озат су маманы» номинациясы бой-

ынша  ауданда  егілген    ауыл  шаруашылығы 

дақылдарын  аяқ  сумен  қамтамасыз  еткені 

үшін  «Сырдариясушар»  өндірістік  учаскесінің 

су  пайдалану  бөлімінің  басшысы    Мырзахме-

тов Бауыржан Мұқтарұлы марапатталды. 

6.    «Озат  ауыл  шаруашылығы  мама-

ны»  номинациясы  бойынша  ауданның    ауыл 

шаруашылығы  саласының    өркендеп,  өсуіне  

өз үлесін қосып  келе жатқан аудандық ауыл 

шаруашылығы  бөлімінің  бас  маманы  Альше-

ров Қалмахан Рахметоллаұлы марапатталды. 

7.    Ауданның  ауыл  шаруашылығы 

саласының  өркендеп, өсуіне  өз үлесін қосып  

келе  жатқан  Сырдария  аудандық  статистика  

басқармасының  басшысы Төлегенов Сейілхан 

Қалмағанбетұлы марапатталды. 

8.  Республикалық  «Егемен  Қазақстан»  

газетінің меншікті тілшісі Ержан Байтілес ма-

рапатталды. 

9.  Облыстық  «Кызылординские вести» 

газетінің  тілшісі  Титенюк  игорь  марапаттал-

ды. 

10.  «Айқын»  газетінің  тілшісі  Миуа  Бай-



назар марапатталды. 

11.  «Қоғам  ТВ»    Қызылорда  облыстық 

телерадиокомпаниясының 

телеоператоры  

Сәдуов Айбол  марапатталды. 

12.  Облыстық    «Сыр  бойы»  газетінің 

тілшісі Дәуренбеков нұрбек марапатталды. 

13.  «Қызылорда-Қазақстан»  облыстық 

телерадиокомпаниясының  тілшісі  Молжанова 

Алтынай  марапатталды. 

14.  Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 

фототілшісі Беркінбаев Ердос марапатталды.  



ҚР ТӘуЕЛСІзДІгІНІң 25 ЖыЛДығы АяСыНДА СыРДАРия АуДАНыНДА 

АуыЛ шАРуАшыЛығы САЛАСыН ҚоРыТыНДыЛАуДың «АЛТыН ДӘН – 2016»  

МЕРЕКЕСІНДЕ МАРАпАТТАЛғАНДАР ТІзІМІ

3

құқық


№85 (8493) 1 қараша, 2016 жыл

САТЫЛАДЫ

№8 бекетіндегі фазенда үйі, мал, жер телімі, глубиной насосы, қора-жайымен бірге сатылады. Электр желісі 

жүргізілген.  Тел: 8-705-787-25-26, 8-702-884-78-06.

- Бүгінгі семинар-кеңесте қаралатын екі мәселе де адам өмірі, 

тұрмысы  үшін  өзекті.  Мал  ұрлығы  және  есірткі  қылмысына 

қарсы  күрес  құқық  қорғау  органдарымен  қатар  мемлекеттік 

мекемелердің,  жалпы  жұртшылықтың  бірлескен  іс-қимылын 

қажет етеді. Сондықтан халықпен етене араласып, олардың ара-

сында  түсінік  жұмыстарын  жүргізудің  мәні  ерекше.  Қандай 

қылмыс түріне де көп болып қана тосқауыл қоя аламыз,-деді Ас-

хат Бисенбайұлы.

Бірінші мәселе мал ұрлығы бойынша аудан прокурорының 

орынбасары Т.Орақбаев хабарлама жасады.

-«Мал тұяғы қазына» дейді дана халқымыз. Заманымыздың 

қай  кезеңі  болмасын,  халқымыздың  күнделікті  тұрмыс-

тіршілігімен  байланысты  негізгі  күнкөріс  көзі  саналатын  бар 

байлығы  төрт  түлік  малы.  Әлеуметтік  тұрақтылықты  нығайту 

мақсатында аудандық прокуратурамен құқық бұзушылықтармен 

қылмыстарды  жасаудың  себептері  мен  жағдайлары  үнемі  тал-

данып,  азаматтардың  мүдделері  мен  мүліктік  құқықтарын 

қорғау бағытында тиісті шаралар қолданылуда. Статистикалық 

мәліметтерге сәйкес аудан көлемінде барлығы 76 мыңнан астам 

төрт  түлік  мал  тіркелген.  Олардың  33  мыңнан  астамы  мүйізді 

ірі қара, 10 мыңнан астамы жылқы, 1 мыңға жуығы түйе және 

32  мыңға  жуығы  қой-ешкі  уақ  малдар.  2015  жылдың  9  айын-

да  тіркелген  мал  ұрлығы  қылмыстарының  саны  77-ні  құраса, 

өткен кезеңмен салыстырғанда биылғы 9 айда мал ұрлығы 75-і 

құрап  отыр.  Айырмашылық  көп  емес.  Мал  ұрлығы  қылмысын 

ашу төмен деңгейде. 2015 жылдың 9 айында 77 мал ұрлығының 

9-ы  ғана  ашылып,  11,6  пайызды  құрады.  Ал  биылғы  жылы  ол 

24  пайызды  құрап  отыр.  Мал  ұрлығының  басым  көпшілігі, 

яғни 75 деректің 50-і өрістерден орын алса, қалған 25-і меншік 

иелерінің  аулаларында  қолды  болған.  Өрісте  орын  алған  50 

мал ұрлығының 6-ы ғана ашылса, меншік иелерінің аулаларын-

да  орын  алған  25  мал  ұрлығының  12-і  әшкереленді.  Аталған 

санаттағы  қылмыстарды  зерттеу  барысында  көбінесе  елді-

мекен  тұрғындары  малдарының  қай  уақыттта,  қай  жайылымда 

жоғалғандығын немесе қашан қолды болғанын нақты білмей жа-

тады. Ол туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар-

ламауына  байланысты  қылмыстың  ізі  суып,  оны  әшкерелеуде 

қиындықтар  туындауда.  Облыс  төңірегінде  ауыл  шаруашылық 

құқық бұзушылықтар профилактикасының жүйелі және кешенді 

болуын, сондай-ақ мал ұрлығын жасауға ықпал ететін себептер 

мен жағдайларды жоюға шаралар қолдану қажет болғандықтан 

құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен 

жоба  әзірленді.  Сондықтан  жоба  бойынша  облыс  әкімдігімен 

жасалған  іс-шаралар  жоспарында  айқындалған  әрбір  іс-

шаралардың орындалуына жауапкершілікпен қарап, мал ұрлығы 

қылмыстарын тиюға бірлесе отырып атсалысуымыз қажет,-деді 

аудан прокурорының орынбасары.

Осы  мәселеге  орай  аудан  әкімінің  орынбасары  Б.Лекеров, 

аудандық  ішкі  істер  бөлімі  басшысының  орынбасары 

А.Сүлейменов,  жергілікті  полиция  басшысы  Қ.Сүлейменовтер 

өз  пікірлерін  білдіріп,  мал  ұрлығына  қарсы  жүргізіліп  жатқан 

шаралар жөнінде әңгімеледі. 

Екінші  мәселе  есірткіге  қатысты  аудан  прокуроры 

А.Б.Тәженов хабарлама жасады. 

-Еліміз  географиялық  орналасу  ерекшелігіне  байланысты 

есірткі бизнесінің заңсыз айналымына халықаралық қылмыстық 

ұйымдары үшін қолайлы жағдай тудыруда.

Күннен күнге көптеген адамдар есірткіге тәуелді болуда. Бұл 

тәуелділік кейіннен адам үшін, оның отбасы мен балалары үшін, 

сондай-ақ қоғам үшін үлкен қасыретке айналуда,-деді ауданның 

бас құқық қорғаушысы. 

Сырдария  ауданы  климаттық  және  географиялық 

ерекшелігіне  және  облыс  орталығының  жақын  орналасуы-

на  байланысты  қылмыскерлерге  есірткі  өсімдіктерін  заңсыз 

егіп-өсіруге және қаладан келіп-кетуге немесе еккен өнімдерін 

жеткізуге қолайлылық тудыруда.

Осыған  орай,  соңғы  жылдары  есірткінің  заңсыз  айна-

лымы  қылмыстары,  оның  ішінде,  құрамында  есірткі  затта-

ры бар өсімдіктерді егіп-өсіру қылмыстары санының күрт өсуі 

алаңдатуда.

Аудандық прокуратурамен соңғы 5 жылда есірткінің заңсыз 

айналымына байланысты қылмыстарына талдау жасалды.

Жылдарға бөліп қарайтын болсақ:

2012 – 5, 2013 – 12, 2014 – 11, 2015 – 26, 2016 – 35.

Дегенмен, 2015 жылдың 1-ші қаңтар айынан бастап бұрынғы 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы жаңа 

Қылмыстық  кодексінің  296-бабының  2-бөлігіне  теріс  қылық 

қылмыстық құқық бұзушылық есебіне өтуіне байланысты жал-

пы  аталған  санаттағы  қылмыстың  өсу  көрсеткішіне  септігін 

тигізген.

2015 жылы аталған санатта тіркелген 26 қылмыстық құқық 

бұзушылықтың 14-і (ҚК-тің 296-бабының 2-бөлігі) теріс қылық 

қылмыстарын құраған.   

2016 жылы аталға санатта 6 қылмыстық теріс қылық құқық 

бұзушылығы тіркелген.

Аталған  қылымыс  санатының  ішінде  әсіресе  құрамында 

есірткі  заттары  бар  өсімдіктерді  заңсыз  егіп-өсіру 

қылмыстарының саны артқан.

2012 – 2, 2013 – 2, 2014 – 5, 2015 – 10, 2016 – 18.

Яғни, есірткінің заңсыз егіп-

өсіру қылмыстарының саны күрт 

өскендігі байқалады.

2016  жылы  өткен  мерзімі 

аралығында  анықталған  есірткі 

алқаптарынан  шырша  секілді 

өсетін,  бойлары  шамамен  1,5 

метрден  2,30  м.  дейін  жететін, 

барлығы 27 925 түп есірткі заты 

алынған.


Олардың  салмағын  орта 

есеппен 0,8 кг. көбейткен өзінде 

22  332  кг.,  яғни  жалпы  есеп-

пен  22  тоннадан  астам  есірткі 

затының көзі жойылды. 

Анықталған  көлемді  қара 

нарықтағы  бағаммен  есепте-

ген  кезде  15  млн.  астам  АҚШ 

доллары  немесе  4,5  млрд.  теңге 

қылмыстық  жолмен  келетін 

қаражат айналымының жолы кесілді.     

Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес аталған қылмыс 

түрі ауыр қылмыс санатына жатқызылған. 

Бұл  ретте,  есірткінің  заңсыз  айналымына  байланысты 

қылмысының ашылуы өте төмен деңгейде қалуда.

Оған дәлел, 2015 жылы тіркелген есірткінің заңсыз айналы-

мы қылмыстарының 3-і немесе бар болғаны 30%-ы ғана ашылған.

2016  жылы  тіркелген  есірткі  заңсыз  егіп-өсіру  

қылмыстарының 18-нен 6-ы немесе 33%-ы ғана ашылған.

Талдау  көрсеткендей,  құрамында  есірткі  заттары  бар 

өсімдіктерді егіп-өсіру қылмыстарының басым бөлігі елді мекен-

дерден  шалғай  далалық  жерлерде,  ну  орманды  жыңғылдардың 

арасында немесе суармалы өзен, көл, каналдардың бойларында 

егілетіні байқалады.

Жекелеген  деректер  елді  мекендердің  айналасындағы  су-

армалы  өзен  көлдердің  маңайында  немесе  кейбір  ауылдардың 

тұрғын  үй  ауласындағы  бақша  қораларында  егіп-өсіргендері 

анықталған.

Баршаға  белгілі,  аталған  санатта  тіркелген  қылмыстардың 

70%-дан астам бөлігі ІІМ-нің өкілдерінің ұйымдастыруымен тік 

ұшақтың көмегімен анықталған деректер.

Тік ұшақтың көмегі 5-10 күнге дейін созылған тек бір ғана 

рейдтік шараларда қолданылуда. Оның өзі есірткі заттары өсіп 

пісіп,  жетілген  мезгілінде  жүргізіліп,  жол  берілген  деректерді 

анықтаумен ғана шектелуде.

Ал, есірткі заттарын заңсыз егіп өсіру қылмыстарын алдын 

алу, болдырмау және жолын кесу мақсатында жүйелі әрі тиімді  

профилактикалық шаралар тиісінше жүргізілмеуде.

Есірткі  заттарын  егіп-өсіру  қылмыстары  ауданның  Айдар-

лы, Аманкелді, А.Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов, Шаған, Іңкәрдария 

және  Ақжарма  елді  мекендерінің  аймақтарында  орын  алған. 

Соңғы дерек, өздеріңіз білетін Тереңөзек кенті мен Қалжан Ахун 

арасындағы  мал  жайылымында  бір  топ  осы  кент  тұрғындары, 

шамамен 25-30 жастағы жас жігіттердің есірткі өсімдіктерін егу 

дерегі орын алған.     

Осы  өзекті  мәселеге  қатысты  ауданның  бас  құқық 

қорғаушысы  былайша  мәлімдеме  жасады.-  Елді-мекендердегі 

учаскелік  полиция  инспекторлары  өз  аумақтарында  есірткі 

егістерінің  бар  екендігінен  бейхабар.  Сырттан  келетін  адам-

дарды, көліктерді тұрғындардан, жайылымдарда тұратын  мал-

шылардан  сұрастыру  қиын  ба?  Әлі  де  тағы  да  жабайы  есірткі 

алқаптарын тексерту үшін Астанадан генерал,  тікұшақ шақырту 

мақсат па?-деп жергілікті жерде есірткі егісіне қарсы жүргізіліп 

жатқан шаралардың аздығын айтып, жұмысты белсенді жүргізу 

қажеттігін талап етті.

Осы  мәселеге  қатысты  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиал  төрағасының  бірінші  орынбасары  М.Омаров-Есірткі 

елдің  есін  алатын  қасірет.  Сондықтан  оны  егу,  тарату  ауыр 

қылмысқа  жатады.  Кентке  жақын  ауылдардың  бір  топ  жаста-

ры осындай қылмыспен тергелуде. Бұл үлкен трагедия. Жаста-

рымыз есірткіден аулақ жүруі керек. Есірткі жүрген жер ылаң, 

көрінбейтін  соғыстар  ошағы  екендігін  Колумбия,  Ауғанстан 

мемлекеттерінен  мысал  келтірген  аудандық  мәслихат  хатшы-

сы  Е.Әжікенов  бүкіл  депутаттар  корпусы,  сайлаушылар  бо-

лып,  қылмыс  атаулыға  қарсы  тұрудың  жоспары  жасалып 

жатқандығын айтты.



Ш.НҰРСЕЙІТОВ

Семинар

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік 

басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23 

қаңтардағы  Қазақстан                                  Республикасы  Заңының 

31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы»                Қазақстан 

Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңының                                 

6-бабының  4-тармағының  8-1) тармақшасына  сәйкес Сырда-

рия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1.    «2016  жылға    мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуға 

мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы 

қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту ту-

ралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы     1 наурыздағы 

№ 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 

тіркеу тізілімінде №5443 болып тіркелген, 2016 жылы 13 ма-

мырда №36 (8444) «Тіршілік тынысы» газетінде жарияланған) 

төмендегідей өзгеріс енгізілсін:  

көрсетілген  қаулының  2-қосымшасы  осы  қаулының 

қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2.  «Сырдария  аудандық  білім  бөлімі»  коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесі  (Б.Сүюбаева)  заңнамада  белгіленген 

тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің иде-

ология жөніндегі орынбасарына жүктелсін. 

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 

қолданысқа енгізіледі. 

Аудан әкімі    

Ғ. Қазантаев

Сырдария ауданы әкімдігінің 

   2016 жылғы «___»_________ 

№____ қаулысына  қосымша



2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру 

мөлшері

Жоба

«2016 жылға  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру 

тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы 

төлеу мөлшерін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 

наурыздағы № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы  

Аудан атауы



Бір тәрбиеленушіге айына 

жұмсалатын шығын (теңге)

1

Сырдария ауданы



Балабақша 

(мемлекеттік/жеке 

меншік)

Шағын 


орталық

24240


18371

В  соответствии  с  пунктом  2  статьи  31  Закона  Республики 

Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном 

управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпун-

ктом 8-1) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 

июля 2007 года «Об образовании», акимат Сырдарьинского райо-

на ПОСТАНОВЛЯЕТ: 

1.Внести в постановление  акимата Сырдарьинского района от 

1 марта 2016 года №65 «Об утверждении государственного обра-

зовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, раз-

мера подушевого финансирования и родительской платы на 2016 

год»  (зарегистрировано  в  реестре  государственной  регистрации 

нормативных правовых актов под №5443, опубликованно 13 мая 

2016 года за №36 (8444)  в газете «Тіршілік тынысы») следующее 

изменение.

приложение 2 к указанному постановлению изложить в новой 

редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

2.Коммунальное  государственное  учреждение  «Сырдарьин-

ский районный отдел образования» (Суюбаева Б.) в установлен-

ном  законодательством  порядке  принять  меры,  вытекающие  из 

настоящего постановления. 

3.Контроль за исполнением настоящего постановления возло-

жить на заместителя акима района по идеологии. 

4.Настоящее постановление вводится в действие со дня перво-

го официального опубликования. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет