Аудандық «Сырым елі» газетіне 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Газетке жазылу бағасы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#5987
1   2   3

есенжол  қыСтАУБАев,  

«Орал  өңірі»

(“Орал өңірі” газеті,

№137, 29 қазан)

«Әкемді   білетіндер  

бар  ма  екен?..»

Сонау  қызылордадан  қоңырау  шалынды.  Арғы   

жақтан   даусы  егде   жастағы  адамға   келіңкірейтін   

кейуана  өзін  әсия  Дәулетиярқызы  әбішева  деп  

таныстырды.  Сөйлесе  келе,  түп  жұрты,  атақонысы  

Сырым  елі  екен.  Бірақ,  өзі  қызылорда  жағында   

дүние  есігін  ашыпты.  енді  әсия  анамыз  Ақ  

Жайық  өңірінен,  Сырым  жұртынан ағайын-

тумаларын  іздейді.  Алыстан  жолданған  сәлемге  зер  

салшы,  оқырман!

Дәулетиярдың балалары әсия мен нариман


4

5 қараша 2015 жыл

Ауыл-АймАҚ

 

ресми статистика 

барлық елдердің қоғам 

және үкіметі үшін 

шешуші рөл атқарады. 

қазіргі кезде жоғары 

сапалы статистикалық 

деректер ұлттық, өңірлік 

және әлемдік деңгейде 

қолжетімді. Олар ашық 

пікір-сайыстарда, саяси 

шешімдерді және бизнес-

шешімдерді қабылдағанда 

қолданылады. ресми 

статистиканы жинау және 

таратумен айналысатын 

ұлттық статистикалық 

қызметтер аса маңызды 

ұлттық институттарға 

айналды. Жыл сайын 

80-ге жуық мемлекет өз 

елдерінде статистика күнін 

мерекелейді. 

Қазақстанның 

орталықтанды-

рылған 


бірыңғай 

статистика 

органының  құрылған  күні  1920 

жылдың 


8-қарашасы 

болып 


қабылданған  екен.  Міне,  биыл 

95  жыл  тарихы  бар  орган  болып 

табылады.

Сырым  ауданында  алғашқы 

статистика  бөлімі  1921  жылы 

құрылған. Жыл бойына мемлекеттік 

статистикалық  есептеме  жинаумен, 

бір  мезгілдік  жұмыс  зерттеу 

жүргізумен,  сондай-ақ  ауданның 

әлеуметтік жағдайы  туралы   баян-

дама,  шұғыл  ақпарат  баяндамалар, 

статистикалық  бюллетеньдер  және 

басқа  да  статистикалық  ақпараттар 

шығарумен шұғылданады.

Тұрғындар  шаруашылығы  және 

шаруа 


қожалығына 

арналған 

шаруашылық 

есеп 


кітабының 

негізін  салу  мақсатында  кең 

көлемді  жұмыстар,  өсімдік  және 

мал  шаруашылығында  өнім  өндіру 

көлемін  есептеу,  сондай-ақ  ауылды 

дамыту ісінде тиімді әлеуметтік және 

экономикалық саясатты жүргізу және 

талдау барысы туралы    мәліметтер 

дайындау, 

ауыл 


округтерінің 

мамандары  мен    шаруашылық 

кітабын жүргізу туралы семинарлар 

өткізу,    т.б.  мәліметтер  жинаумен 

айналысады.

Аудандық  статистика  бөліміне 

1921-1928  жылдары  М.Медетов 

басшы болып тағайындалды.

1928-1937 жылдары А.Нысанбаев, 

1937-1942  жылдары  Қ.Бүркіталиев, 

соғыс  жылдары  және  одан  кейінгі 

онжылдықта  аудандық  статистика 

бөліміне Б.Қыдыралиева жетекшілік 

етті.


1956-1959 жылдары Ш.Қаржауов, 

1959-1961 

жылдары 

Уәлихан 


Қасмұханов,  1961-1980  жылдары 

Рамазан Ахметжанов басқарса, 1980-

1992  жылдары  Сағын  Жұбанышев, 

1992-2003  жылдың  ақпан  айына 

дейін Қонысбай Молдағалиев, 2003-

2005 жылдары Кашок Хамидуллин, 

2005-2008 

жылдары 


Гүлнар 

Нысангалиева,  2008-2012  жылдары 

Роман Баделов басшылық етті.

2014  жылдан  бастап  мекеме 

Сырым  ауданының  статистика 

басқармасы 

болып 

аталады. 



Қазіргі 

таңда 


ауданымыздың 

статистика  басқармасында  өз  ісіне 

жауапкершілікпен қарап қызмет етіп 

жүрген  жетекші  маман  Т.Ерғалиев 

еңбегін  атауға  болады.  Болашақта 

да  еліміздің    статистика  саласында 

еңбек етіп өз үлестерімізді қосатын 

боламыз.


 Г.БеккУЖинА

Сырым ауданының статистика

басқармасының басшысы

Күн 


тәртібіне 

байланысты 

«Қайсар» 

спорт 


клубының 

директоры  Бауыржан  Ихсанов, 

балалар  мен  жасөспірімдер  спорт 

мектебінің  директоры  Ерболат 

Мұқанов,  аудандық  білім  беру 

бөлімінің әдіскері Қуаныш Райымов 

баяндама жасады. 

Баяндамалардың  бәрінде  дерлік 

жұмыстардың  жақсы  жағы  ғана 

қамтылды.  Тек  бірде-екілі  ұсыныс 

кездесті  демесеңіз,  нысандардың 

жұмысы,  спортшылардың  жетістігі 

сияқты  ақпараттар  қайта-қайта 

айтыла  берді.  Кенжелеп  қалған 

спорт 

түрлері, 



үйірмелердегі 

оқушы  санының  азаюы,  сарыны 

бірдей  шаралардың  көбеюі  секілді 

мәселелердің  себебі  тарқатылмады. 

Ал,  бұл  жиынның  басты  мақсаты 

сол еді.


Жарыссөзге 

жазылғандар 

арасынан  Сырым  ауданы  қазақ 

күресі  федерациясының  Президенті 

Санат 

Берсебаев 



аудандағы 

спорттың  базалық  мүмкіншілігін 

ескеріп,  ірі  деңгейдегі  жарыстарды 

ұйымдастыруды  ұсынды.  Санат 

Дәленұлы  бұл  жерде  жергілікті 

спортшылардың 

тәжірибесін 

бәсекелестігі қызу ортада шыңдауды 

қалап  тұр.  Спортшыларды  шыңдау 

үшін  оқу-жаттығу  жиындарын 

тұрақты  ұйымдастыру  керектігін 

педагог Бақытжан Қайыров айтты. 

Жиында білім беру мекемелеріндегі 

дене    шынықтыру  пәнінің  өту 

мазмұнына қатысты да сын айтылды. 

Аудан  әкімі  Абат  Шыныбеков 

аудан  орталығындағы  балалар  мен 

жасөспірімдер  спорт  мектебінің 

жұмысына да көңілі толмады. Себебі, 

облыс  орталығындағы  спортқа 

дарынды балаларға арналған мектеп-

интернатқа  оқушы  бару  жөнінен 

біздің  ауданның  үлес  салмағы 

төмендеуде.  Айта  кететін  тағы  бір 

мәселе – аудандағы жас спортшылар 

спорттың  күрес  түріне  ғана 

бейімделуде. Командалық ойындарда 

аудан құрамасына әйел спортшылар 

жетіспейді.  Мектептердегі  спорт 

жабдықтарының  сапасы  төмен 

сыңайлы. 

Спортты 


дамытуда 

ауданға  жаңа  серпілістер  қажет.  

Спорт ардагері Ғилаж Қаналиев бұл 

үшін  ауданда  спорттық  ойындарды 

жаппай  меңгеруді  жолға  қою  керек 

дейді. 


Айтылған  мәселелерді  сарап-

тай  келе  аудан  басшысы  Абат 

Шыныбеков 

ауданда 


спорт 

саласына  қатысты  кеңес  жұмысын 

ұйымдастыруды  ұсынды.  Кеңестің 

жұмыс  механизмдерін  жасақтау 

аудан әкімінің орынбасары Асланбек 

Сарқұловқа тапсырылды. 

Жиын 

барысында 



белгілі 

болғандай,  ауданымыз  даңқты 

палуандарымыз 

Оралбек 


Қожагелдин,  Асхар  Шайхиев  және 

Азат  Қасымовтың  есімдеріне  арнап 

республикалық  күрес  додасын 

ұйымдастыруды жоспарлауда. Аудан 

басшысының  айтуы  бойынша, 

шара дәстүрлі түрде жылдан-жылға 

жалғасады. 

Бауыржан ШирМеДинұЛы

Ауруды  ерте  кезіңде  анықтап, 

оның  алдын  алуда  жылжымалы 

медициналық кешеннің айтарлықтай 

үлесі зор екендігін айтып өткен жөн. 

2015 жылы Сырым аудандық орталық 

ауруханасындағы 

жылжымалы 

медициналық  кешен  5780  адамды 

медициналық  тексеруден  жоспарға 

алып,  9  айдың  ішінде  Қаратөбе, 

Шыңғырлау,  Сырым аудандарындағы 

елді  мекендерді  аралап,  10839 

адамды  медициналық  тексерістен 

өткізіп,  емдерін  жүргізіп  келеді. 

Жуырда  аудан  орталығындағы 

“Саламатты 

Қазақстан” 

атты 

мемлекеттік бағдарламасы бойынша 



жылжымалы 

медициналық 

кешен 

Аралтөбе 



ауылының 

тұрғындарына 

медициналық 

көмек  көрсету  тұрғыда      қызмет  

көрсетті.  Ауылдық  амбулатория 

фельдшерінің  айтуынша,  1119 

тұрғыны  бар  ауылдағы  ағайынның 

басым  көпшілігі  жүрек-қантамыр 

жүйесінің ауруымен есепте тұр. 

Халыққа  бір  күн  бойы  қызмет 

көрсеткен 

аталмыш 


кешенде 

хирургия,  көз, терапия, гинекология, 

стоматология, УДЗ, рентген, зертхана 

кабинеттері  жұмыс  жасады.  Бұл  да 

үкіметіміздің  халық  денсаулығын 

сақтауға деген үлкен қамқорлығының 

бір  көрінісі  болатын.  Аудандық 

орталық 


аурухана 

дәрігерлері 

заманауи медициналық құрылғылар 

арқылы ауыл тұрғындары арасында 

жиі кездесетін жүрек, бүйрек, бауыр 

аурулары  мен  қант  диабеті  жедел 

түрде  анықталды.  Халық  шынайы 

көмекті  сезінгендей.    Қауіпті 

деген  факторларды  тауып,  соларға 

зерттеу өткізіп, әрмен қарай тіркеуге 

алынды. 

Осынау қолайлы кезді пайдаланып, 

медициналық 

тексерістен 

өту 

мүмкіндігін  халық  қалт  жібермеді. 



Дәрігерлік  қабылдаудан  өткен  ауыл 

тұрғындарына қазіргі заманауи ЭКГ 

(электрокардиограмма) 

аппараты 

арқылы  жүрек  жағдайы,  ультра 

дыбыстық зерттеу аппараты арқылы 

адамның  ішкі  ағзасындағы  оттегі 

тастар,  бауыр,  бүйректегі  ет  өсу 

анықталып,  аурудың  алдын  алуда 

ем-шара қабылдауға кеңес берілді.

Бұл күні жылжымалы медициналық 

кешеннің  қызметкерлеріне  сүйеніп, 

дәрігерлік  қабылдаудан  өткен,  ден-

саулықтарын  толықтай  тексертуге 

мүмкіндік  алған  ауыл  тұрғындары 

ақ  халатты  жандардың    көмектерін 

жылы сезінгендей күйде болды. 

Мәншүк МәЛІкқызы

Салада 

бірсарындылық 

бар

Аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық 

етуімен өткен жиында аудандағы бұқаралық 

спорттың даму деңгейі және оны жетілдіру жолдары 

талқыланды. Жиынға ауданның спорт ардагерлері, 

спорт педагогтары мен әдіскерлері қатысты.  

Статистика органына – 

95 жыл

8 қараша - статистика қызметкерлерінің күні

медициналық кешеннің 

көмегі мол 

Мен 

Аралтөбе 



ауылының 

тұрғынымын.  Жасым  65-ке  таяды. 

Көзім  сырқаттанып  жүргесін  көз 

дәрігеріне  қаралуға  осында  арнайы 

келдім.  Бүгін  міне,  ыңғайлы  сәт 

туып,  дәрігердің  нұсқауымен  +2,5 

көз  әйнегін  алуға  кеңес  алдым. 

Заманауи  байланыс  құралдарымен 

жабдықталған 

жылжымалы 

медициналық  кешеннің  көмегімен 

халық  денсаулығы  тексерістен 

өткізіліп,  аурудың  ерте  сатысын 

анықтауда  көп  көмегін  тигізері 

сөзсіз. Игі дәстүр жалғаса берсін.

Цулико Аманғалиева, 

зейнеткер:


5

5 қараша 2015 жыл

АрдАГер

 

Бәрі көз алдында сайрап 

тұр. Бұлдыртының 

көгөрісінде, шаруа 

отбасында дүниеге келген 

жап-жас қыз небәрі алты 

жасында сұм ажалдың 

зардабынан әке-шешеден 

айырылып, жалғыз қалды.

әйтеуір, жаратқан 

иенің шарапаты тиіп, 

жалғыз өзі қала барған 

Мәруаны (отбасында 

басқа ұрпақ болмаған) 

марқұм анасының сіңлісі 

қамқорлығына алып 

тәрбиеледі, мектептен білім 

алуға жағдайын жасады.

Мектептен нанын тауып жерліктей 

әріп  танитын  дәрежеге  жеткен 

Мәруа  Қарағойшиева  ауылдағы 

атқарылар  науқанды  жұмыстардың 

бел  ортасынан  табылды.  Таңды 

атырып,  күнді  батыратын  қызу 

тірліктің  қарбалас  шағында  жүрген 

бойжеткен 

Мәруа 


тағдырдың 

жазмышымен жосалылық жас жігіт 

Жұмагелді Айдархановпен танысып, 

көп ұзамай екеуара шаңырақ құруға 

уәделерін байласты. Бұл кезде негізгі 

әңгімеміздің басты кейіпкері болып 

отырған  бойжеткен  Мәруамыз  бар 

болғаны  он  жеті  жаста  болатын. 

Бағына орай сөз байласқан азаматы 

Жұмагелді  ұстамды,  еңбекқор  жан 

болды.  Үлкен  өмірге  бірге  жұптаса 

қадам  басқан  Жұмагелді  мен 

Мәруаның шаңырағында тағдырдың 

сыйы  ретіндей  бірінен  соң  бірі 

шүпірлеп,  іңгалаған  сәбилер  өмірге 

келіп жатты.

1968 

жылы 


ерлі-зайыпты 

Жұмагелді  мен  Мәруа  Жымпиты 

ауылы  орталығына  көшіп  келді. 

Әуелден  қолы  епті  отағасы 

Жұмагелді  жұмыстың  сан  алуан 

түрін  шемешкідей  шағып  атқарып 

отырса, қолы босаған сәттері қолдан 

етік тігетін өнерін де қадеге асырып, 

тұрғындардың ыстық ықыластарына 

бөленуші 

еді. 

Ал, 


отағасы 

Жұмагелдінің зайыбы Мәруа болса, 

аудан  орталығында  шаштаразшы 

болып  халық  талғамына  сәйкес 

қызмет атқарса, сауда орталығында, 

аудандық  газеттің  редакциясында, 

аудандық  поштада  еңбек  атқарған 

жылдары  да  бір  дәурен  екен  ғой, 

шіркін.

Өмір – өзен деген осы. Күні кеше 



ғана тұлымшағы желбіреген жап-жас 

қыздың небір қиын күндерді бастан 

өткерген  шақтары  да  көмескеленіп, 

ұмытыла  бастағандай.  Шүкіршілік, 

сонау  1940  жылғы  алты  жастағы, 

ата-анадан айырылып жалғыз қалған 

қыз болса, бүгінде 80 жасқа, мерейлі 

жасқа  толып  отырған  асыл  да 

ардақты  әже.  Бүгінде  шаңырақтың 

ұйытқысы  саналып  отырған  Мәруа 

Қарағойшиева  әжеміз  он  сәбиді 

өмірге  әкелген  алтын  құрсақты  ана 

ретінде еліне танымал, сыйлы жан.

Мәруа  әжеміздің  мақтан  етерлік 

жақсы  қасиеттерінің  бірі  –  қара 

өлеңді майын тамыза шебер орындай 

білетіндігі  десек,  тоқымашылдығы, 

басылым 


түрлерін 

жібермей 

күнделікті оқитындығы тағы бар. 

Мәруа  әжей  үшін  отбасылық 

бақыт  ең  басты  құндылық  ретінде 

саналады.  Ол  бүгінде  марқұм, 

жан  жары  Жұмагелді  қариямен 

көңіл 


жарастырып, 

тату-тәтті 

өмір  кешкендерін,  бала  тәрбиелеп 

өсіргендерін  бақытты  жылдары 

ретінде әңгімелейді.

Тіпті,  сонау  жылдары  отағасы 

төсек  тартып  жатып  қалғанда 

аудандық  ауруханада  медбикелік 

қызметтегі 

қызы 


Гүлзираның 

қасында  болып,  балаша  мәпелеп 

баққандығына әкесінің риза көңілде 

ақ  батасын  бергендігін  де  Мәруа 

әжейдің айтқандығы бар.

Жасы  ұлғайған  адамдардың 

арманы  әдемі  қартаю  болу  шығар. 

Ал,  қашанда  жан-жақты  ойлап, 

қамқорлық 

танытып, 

өзінен 

тараған,  көз  алдында  жүрген  бес 



ұл,  екі  қызының  амандығын  тілеп, 

оларды  түгендеп  отыратын  Мәруа 

әжеміз  бүгінде  әдемі  әжелікке 

жетіп, жаулығы желбіреп, сексеннің 

қырқасына да шығып отыр.

Мәруа  әжей  бүгінде  аудан 

орталығында кенже ұлы Тимур мен 

келіні  Айшаның  шаңырағында, 

шаңырақтағы  немерелері  Азамат 

пен  Айнұрдың  бал  қылықтарына 

бөленіп 

отырса, 


Алматыдағы 

ҚҰУ-дың  доктарантурасының  ІІ 

курсындағы  жиені  Эльвираның  да 

амандығын  жаратқан  иеден  сұрап 

отыратындығы және бар.

Ұрпақтарынан 14 немере, 4 жиен, 

15 шөбере қызығына кенеліп отырған 

еңбек, тыл ардагері Мәруа әжеміздің 

марқұм отағасы Жұмагелді қарияның 

шаңырағының  түтінін  өшірмей 

отыруының  өзі  нағыз  қайраттылық 

десек, асыра айтқандық болмас еді.



М.БекұЛы

–  Саламат  Хамидоллаұлы! 



Сөзіңізді 

округіңіздегі 

ауыл 

шаруашылығы саласының жұмысы 

жөнінде бастасаңыз. Шаруашылық 

құрылымдары қысқы дайындықты 

тиянақтады  ма?  Мал  дәрігерлік 

шаралар  уақытында  жүргізілді 

ме? 

–  Біздің  округімізде  26  қожалық, 

1  ЖШС  жұмыс  жасауда.  Жеке 

тұрғындар 

мен 

шаруашылық 



құрылымдарының қолында  4265 бас 

ірі қара,  оның ішінде 1604 аналық 

сиыр, 13467 бас қой мен ешкі,  1449 

бас жылқы, 4 бас түйе  4 бар. 

  Қысқы  мал  азығын  дайындауға 

әзірлік  жұмыстарының  қарасы 

көрінді.  Округімізге  12440  тонна  

шөп дайындау жоспарланса, бүгінгі 

күні 15000 тонна шөп дайындалып, 

тасылып жатыр.

Мал дәрігерлік шаралар жоспарлы 

түрде,  ветеринарлық  алдын  алу, 

диагностикалық  іс-шаралар  толық 

көлемде  жүргізіліп  отыр.  Жыл 

басынан  малдарды  сібір  жарасына, 

құтыру  мен  туберкулезге  қарсы 

егу-емдеу  жұмыстары  жүргізілді. 

Бұл  жұмыстардың  сапалы  болғаны 

–  халыққа  жақсы.  Сондықтан, 

ветеринар  мамандардың  қолайлы 

жайы  үшін,    округ  орталығында 

ветеринариялық  блокқа  арналған 

ғимарат  сатып  алынып,  жөндеуден 

өткізілді. Қазір ветеринарлық пункт 

сол  ғимаратқа  орналасты.  Ғимарат 

интернет жүйесіне қосылған. 



–  Мемлекет  тарапынан  жүзеге 

асырылатын ауыл шаруашылығын 

қолдау 

бағдарламаларының 

қолданысы  жөнінде  округіңізден 

нақты мысал келтіре аласыз ба?

– Нақты мысалдар бар. Ағымдағы 

жылы  «Сыбаға»  бағдарламасы 

арқылы  «Тұрар» шаруа қожалығының 

басшысы М.Құрматов  8,5 млн. теңге 

несиеге  35 бас ірі қара, 3 бас асыл 

тұқымды бұқа сатып алса, «Құлан» 

бағдарламасы бойынша  «Аграрлық 

несие  корпорациясы»  арқылы  10 

жылға  «Бектер» шаруа қожалығының 

жетекшісі Б.Мұхамбетжан  9,9 млн. 

теңге несие алып, 30 бас бие мен 2 

бас айғыр сатып алды.

Биыл осы сияқты «Азат», «Жарас», 

«Ащықұдық»  шаруа  қожалықтарын 

атап өтуге болады. 

Тағы  бір  жаңалық,  Т.Рысовтың 

басшылығымен  «Суат»  селолық 

тұтынушылар кооперативі құрылды. 

Кооператив барлығы 120 бас аналық  

ірі қара мал үшін 4 бас асыл тұқымды 

бұқа сатып алды.



– 

Шаруашылық 

құрылым-

дарының  техникалық  әлеуеті 

қалай?

– 

Жергілікті 



шаруалар 

жұмыстарының 

өнімді 

болуы 


үшін  техникалық  мүмкіндіктеріне 

көңіл  бөлуде.  Жыл  басынан  бері 

«Ащықұдық», 

«Айкөркем», 

«Байқадам», 

«Қарақұдық» 

шаруа  қожалықтары  әрқайсысы 

өз 


қаражаттарына 

МТЗ-82 


тракторын  сатып  алса,  «Тұрар» 

шаруа  қожалығы  пресс-рулон, 

«Айкөркем»,  «Байқадам»  шаруа 

қожалығы  КОН-10  агрегатымен, 

ал  «Қарақұдық»  шаруа  қожалығы 

орақпен жарақтанып отыр.  



–    Сіздің  округ  бойынша  білім 

беру саласында мәселе бар ма?

–  Округ  көлемінде  1992  жылы 

салынған ЖББ Сырым орта мектебі 

мен  1  бастауыш  мектеп  және  орта 

мектеп  жанынан  балабақша  жұмыс 

істеуде.    Мектеп    2015-2016  оқу 

жылын    174  оқушымен  бастап 

жатыр. 


Мәселе  деп  сұрасаңыз,  айтайын, 

мектептегі  компьютерлер  ескірген, 

қолдануға 

жарамсыз 

және 

интернетке  кіру  мүмкіндігі  өте 



төмен.  Бұл  мәселе  –    жаһандану 

қоғамының  талаптарына  сай  білім 

берудің қолын байлап отыр.

Дайындаған: 

Бауыржан ШерІМ

пайда көп

“Сыбағадан”



«Сырым елі» 

қоғамдық-саяси 

газетінің баспасөз 

мәжілісінің осы жолғы 

қонағы – Жетікөл 

ауылдық округінің 

әкімі Саламат 

иманғалиев. әкіммен 

өрбіген әңгіменің ауаны 

төмендегідей. 

Шаңырақтың 

ұйытқысы

Сырым ауданы әкімінің 

орынбасары Асыланбек 

Сарқұлов пен аудандық 

жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің басшысы 

Арман Баяндықов 

қарттар мен мүгедектерге 

арналған жалпы үлгідегі 

Орал медициналық 

әлеуметтік мекемесінде 

қамқорланушы 

жерлестерімізбен кездесті.

Кездесу барысында жерлестеріміз 

үшін елдің дәмінен арнайы дастархан 

жайылып,  сыйлықтар  үлестірілді. 

Төлеген  Есмұханов,  Мұқамбет 

Мамықов,  Көпбол  Мұхамедов, 

Армат  Алдамжаров,  Бекей  Қанатов 

сияқты  аудан  көркемөнерпаздары 

концерттік  бағдарлама  ұсынды. 

Қамқорланушы 

жерлестеріміз 

атынан  Аманжол  Іздіханов  пен 

Мұрат  Бақтыбаев  ақсақалдар  аудан 

басшылығына алғыс білдірді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған 

жалпы  үлгідегі  Орал  медициналық 

әлеуметтік мекемесіне биыл 70 жыл 

толып отыр.

Осы  күні  Сырым  ауданының 

өкілдері 

психоневрологиялық 

сырқаты  бар  балаларға  арналған 

«Көшім» 

балалар 


үйінінің 

тәрбиеленушілерімен жүздесті.



Бауыржан ШирМеДинұЛы

Жерлестерімізбен жүздесті

6

5 қараша  2015 жыл

ҚАулы-ҚАрАр

 

(Жалғасы бар).

(Жалғасы. Басы №41, 42, 43 сандарда).

 

 



 

007


Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру 1373

 

 



 

008


Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан 

алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

8323

477


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы мен 

жер қатынастары бөлімі

8992

001


Жергілікті  деңгейде  ауыл  шаруашылығы  және  жер  қатынастары 

саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

7292

005


Мал  көмінділерінің  (биотермиялық  шұңқырлардың)  жұмыс  істеуін 

қамтамасыз ету

1700

 

6



 

 

Жер қатынастары



2119

 

 



463

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі



2119

 

001



Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  аумағында  жер  қатынастарын 

реттеу  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру  жөніндегі 

қызметтер

2119


 

9

 



 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және 

жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

55534


473

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі

16642

011


Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

16642


 

 

474



 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және 

ветеринария бөлімі

38892


 

 

 



013

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

38892

11

 



 

 

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі



9908

 

2



 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі



9908

 

 



466

 

Ауданның  (облыстық  маңызы бар қаланың)  сәулет,  қала құрылысы 



және құрылыс бөлімі

9908


 

 

 



001

Құрылыс, облыс қалаларының, аудандарының және елді мекендерінің 

сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске 

асыру  және  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  аумағын 

оңтайла  және  тиімді  қала  құрылыстық  игеруді  қамтамасыз  ету 

жөніндегі қызметтер 

9908

12

 



 

 

Көлiк және коммуникация



139718

 

1



 

 

Автомобиль көлiгi



139718

 

 



458

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық 



шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 

139718


 

 

 



022

Көлік инфрақұрылымын дамыту

1841

023


Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

35000


045

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің 

көшелерін күрделі және орташа жөндеу

102877


13

 

 



 

Басқалар


32626

 

3



 

 

Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау



8151

 

 



469

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі



8151

 

 



 

001


Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік 

саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

8001

004


Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

150


 

9

 



 

Басқалар


24475

 

 



457

 

Ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  мәдениет,  тілдерді 



дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

11534


 

 

 



040

«Өңірлерді  дамыту»  Бағдарламасы  шеңберінде  өңірлерді 

экономикалық  дамытуға  жәрдемдесу  бойынша  шараларды  іске 

асыру


11534

 

 



458

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық 



шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 

7284


 

 

 



040

«Өңірлерді  дамыту»  Бағдарламасы  шеңберінде  өңірлерді 

экономикалық  дамытуға  жәрдемдесу  бойынша  шараларды  іске 

асыру


7284

 

 



459

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы 



бөлімі

5657


 

 

 



012

Ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы 

органының резерві 

5657


14

 

 



 

Борышқа қызмет көрсету

16

 

1



 

 

Борышқа қызмет көрсету



16

 

 



459

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы 



бөлімі

16

 



 

 

021



Жергілікті  атқарушы  органдардың  облыстық  бюджеттен  қарыздар 

бойынша  сыйақылар  мен  өзге  де  төлемдерді  төлеу  бойынша 

борышына қызмет көрсету 

16

15



 

 

 



Трансферттер

492


 

1

 



 

Трансферттер

492

 

 



459

 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы 



бөлімі

492


 

 

 



006

Нысаналы 

пайдаланылмаған 

(толық 


пайдаланылмаған) 

трансферттерді қайтару

492

 

 



 

 

3) Таза бюджеттік кредиттеу



34343

 

 



 

 

Бюджеттік кредиттер



44595

10

 



 

 

Ауыл,  су,  орман,  балық  шаруашылығы,  ерекше  қорғалатын  табиғи 



аумақтар,  қоршаған  ортаны  және  жануарлар  дүниесін  қорғау,  жер 

қатынастары

44595

 

1



 

 

Ауыл шаруашылығы



44595

 

459



 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы 

бөлімі

44595


 

 

 



018

Мамандарды  әлеуметтік  қолдау  шараларын  іске  асыруға  берілетін 

бюджеттік кредиттер

44595



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет