Ауданның білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру бойынша өткізілген мониторинг анықтамасы



бет3/5
Дата15.04.2023
өлшемі27,31 Kb.
#83150
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ауданның білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру бойынша өткізілген мониторинг анықтамасы

Тақыр мектебінде ерекше білім беруді қажет ететін 9 сыныпта 1 білім алушы оқиды. ОПМПК берген қорытынды (ЗПР) бойынша «Обучение по общеобразовательной учебной программе с индивидуальным подходом в виде сокращенной учебной программы или индивидуальному плану». Алайда пән мұғалімдері бейімделген күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасамаған, бекітпеген. ҚМЖ-да ерекше білім беретін білім алушының мақсаты көрсетілмеген. Тек сабақ үстінде тапсырма бергенде жеңілдетілген тапсырмалар берілген. Білім алушы қандай оқу мақсаттары қамтылған белгісіз, өйткені күнтізбелік – тақырыптық жоспар барлық сыныптарға бір жасалған. Жеке жоспар құрылмаған, білім алушыларға анализ, сипаттама жасалмаған. БЖБ және ТЖБ жеңілдетілген, бірақ қандай оқу мақсаттары алынғандығы белгісіз, құжат жоқ. Психологиялық қызмет жұмысы бойынша құжаттар ұсынылмды. Ұсынылған анализде психолог өткізетін 2 сағатқа (танымдық әрекетін түзету) ғана анализ жасаған, ал психологиялық қызмет бойынша анализ жүргізбеген. Мектепте психологиялық қолдау қызметі бойынша ережеге сәйкес жұмыс жоқ. МІБ аталған сұрақ қарастырылмаған құжаттары ұсынылмады. Сонымен қатар 7 сыныпқа 1 оқушы көру қабілетінің бұзылуы: нашар көретін бала оқу жылының басында инклюзивті біліммен қамтылмаған. ОПМПК 23.05.2022 жылы анықтама берген, бірақ мектеп ол баланы тек қана ақпан айында ғана енгізген (ОПМПК-ың маманы телефон арқылы айтқан кезде ғана).
Шақа ОМ 9 сынып және даярлық сынып оқушысы ерекше білім берумен қамтылған. есту қабілеті бұзылған мүгедек болып табылған. «Облыстық психологиялық –медициналық педагогикалық кеңес беру» КММ 2021 жылғы 17 ақпандағы № 4540 қорытындысы бойынша оны есту қабілеті бұзылған балаларға арналған жеке тәсілмен жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша оқыту ұсынылған. Пән мұғалімдері жеке бағдарлдама құрылған, бірақ нақты тәсілдері көрсетілмеген. Мектепішілік бақылауда аталған сұрақ формальды қарастырылған. Мектептің педагогикалық-психологиялық қызметінің жұмысы сапасыз, жүйесіз жүргізілуде. Нақты тәсілдер көрсетілмеген, баланың динамикасы анықталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет