Ауданның білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру бойынша өткізілген мониторинг анықтамасы



бет2/5
Дата15.04.2023
өлшемі27,31 Kb.
#83150
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ауданның білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру бойынша өткізілген мониторинг анықтамасы

Бесқарағай орта мектебінде инклюзивті білім берумен 1 – сынып оқушысы ЕББҚБ қамтылған. Медициналық диагнозы: психикалық дамуында тежелуі (ЗПР). ПМПК қорытындысы 14.10.2022 алынған. Мектепішілік бақылауда тамыз айында «Инклюзивті оқытылатын оқушыларды есепке алу», қыркүйек айында «Инклюзивті оқыту туралы» сұрақтары педагогикалық кеңеске қойылған, бірақ қарастырылмаған. Оқушыға педагогикалық мінездеме әр тоқсан сайын жазылған. Жеке КТЖ құрылған. Сабақ жоспарында жеке тапсырмалар жоспарланған. Мектеп психологы жылдық жеке жұмыс жоспарын құрып, оқушымен тренингтер, түрлі диагностикалық жұмыстар жүргізген. Оқушының даму картасы жүргізілген, бірақ қысқа. Алайда мектепте 3-4 сыныптарда әлеуетке кіріктірілмеген оқушылар отыр, қытайдан көшіп келген және өзге ұлт балалары. Аталған оқушылар 3-4 сыныптың мемлекеттік стандарт талаптарын орындамайды, 4 сынып оқушысы 3 әріп біледі және 5-ке дейін ғана айнайды. Мектептегі психологиялық қызмет аталған білім алушылармен жұмыс атқармаған. Ата-аналарымен жұмыс жасалмаған, МІБ қойылмаған, қарастырылмаған. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және педагог-психологтың тараптарынан ОПМПК анықтамасы жоқ деп аталған сұраққа салғырттық танытқандықтары анықталды.
Жамбыл ЖОББМ мектепалды даярлық сыныбында 2 оқушы, 1 қазақ сыныбында 1 оқушы, 5 орыс сыныбында 1 оқшы инклюзивті білім берумен қамтылған.
Мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі туралы ереже, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс жоспары, психологтың оқу жылына арналған перспективалық жұмыс жоспары құрылған ережеге, жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда, психолог Белгібай А.С.
Мектепалды даярлық сыныбында сыныптағы екі оқушымен жеке жоспар құрылмаған, өткізілген бастапқы, аралық бақылаулардың қорытындысы балалардың диагнозына сәйкестелмеген. Білім алушыларға жеке жоспар, балаларға анализ, мониторинг жасалмаған.
1 сынып оқушысының диагнозы жалпы тіл дамуының кемістігі ІІ-ІІІ деңгей (общее недоразвитие речи). ОПМПК берген қорытындыға сәйкес бейімделген оқу бағдарламалары оқушының диагнозына сәйкес келмейді. Педагог тіл дамуының кемістігі бар балаға оқу бағдарламасындағы мәнерлеп оқуға, түсініп оқуға, мазмұндауға арналған оқу мақсаттарын алған (Бекітілген КТЖ-ың бағдарламасы жоқ, педагог нормативті құжаттармен таныспаған бекітілген қолданыстағы заңнамамен бекітілген бағдарламалардағы белгіленген мақсаттарына сәйкес емес). Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыға ынтасы төмен оқушыға жасалатын көрнекіліктер, тапсырмалар дайындап өткізілген. Қысқа мерзімді жоспарында ЕБҚЕБ деп алынған, бірақ мақсаттары бағдарламаға сәйкес емес. КТЖ – ның түсінік хатында «topic.kz» сайты және ескірген заңнамалар, сонымен қатар 2021-2022 оқу жылының ӘНХ жазылған. Бекітілген КТЖ - ын қандай бағдарламаға сәйкес жасағанын түсіндіре алмады, дайын интернет желісінен алынған құжатты өзгеріссіз пайдалануда. Оқу мақсаттары бағдарламаға мүлде сәйкес емес. Сонымен қатар ҚМЖ дағы мақсаттары ұзақ мерзімді жоспарларымен сәйкес келмейді. 1 сыныптағы әліпедейінгі кезеңде 1.1.1.1. – мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымды түсіну болу керек, алайда пән мұғалімі 3 тоқсанның ортасында өтетін тақырыпты жоспарлап өткізген.
5 сынып оқушысына ПМПК 24.08.2022 ж берілген қорытынды анықтамасы бойынша зиятының жеңіл түрде бұзылыстары бар (ЛНИ), берілген анықтама бала мектепті аяқтағанша дейін жарамды. Аталған білім алуш арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес оқытылу қажет, алайда білім алушы 4 жыл жалпы білім беру пәндері бойынша толық оқытылған (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 №412 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген үлгілік оқу жоспарының оқыту орыс тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған негізгі білім берудің үлгілік оқу жоспарының 10 қосымшасындағы 7 тарауына сәйкес жүргізілмеген).
«Күнделік» электронды журналында да солай толтырылған, педагогтар аталған оқушыға 5 сыныпта 3 тоқсан бойы РУП-та қандай пәндер бар сол пәндер бойынша оқытқан. Аталған оқушыға жеке бағдарлама және жеке жоспар жасағанда 1-2 сыныптарғы немесе бастауыш сыныптардың тақырыптарын 9 сыныпқа дейін оқытылу қажет. Мектепте аталған білім алушыға жеке жоспар жасамаған, анализ, сипаттама (характеристика) жоқ. (1-4 сыныпта да артық пәндер оқытылған.
МІБ инклюзивті білім беру сұрақтары қойылған, бірақ формальды түрде, анықтамалары өте қысқа, хаттамаға жазылмаған. Жазылған анықтамалары ОПМПК берген диагнозымен және жалпы мәліметпен шектелген.
Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 16 бала білім алуда.
Мектептің он екі сыныбында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті оқыту ұйымдастырылған, оның ішінде 2 оқушы дайындық сыныбында, 8 оқушы бастауыш, 1 оқушы орта буын, 1 оқушы жоғары сыныпта.
VII типті бейімделген бағдарлама бойынша 11 бала оқытылады.
Зияттың жеңіл бұзылысы бар 4-сынып оқушысы 3-тоқсаннан бастап «Негізгі орта білім берудің жеке оқу жоспары бойынша оқыту» бағдарламасымен оқиды (Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 №412 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген үлгілік оқу жоспарының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының 4 қосымшасындағы 7 тарауына тек қана 3 тоқсанда сәйкестендірді 4 жыл бойы білім алушыға артық сабақтар жүргізілген 3 тоқсанға дейін жалпы білім бағдарламасы бойынша оқытылған, сонымен қатар 1-4 сыныпқа дейін ТУП дұрыс жасалмаған, бала берілген анықтамасына сәйкес оқытылмаған).
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің жұмыс жоспары құрылған, 1 жартыжылдықта мектеп ППҚКҚ-нің 1 отырысы жоспарланып, өткізілген тиісті шешімдер қабылданған.
Ерекше білім беру қажеттілікері бар оқушылармен жұмыс 2022 жылғы 31 тамызда өткізілген педагогикалық кеңесте қарастырылған, хаттамасы ресімделген, бірақ шешім шығарылған жоқ.
2022 жылғы 26 желтоқсанда мектеп басшысы жанындағы отырыста ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс барысы қаралған, бірақ тек статистикалық мәліметтермен шектелген, талдау жасалып, шешімі нақтыланбаған.
2023 жылғы 27 қаңтарда ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың сабақ барысындағы жағдайы қарастырылып, талдау жасалып, мектеп бойынша проблемалық сұрақтар анықталған. Тиісті шешім шығарылған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларынан бастап қана жүйелі түрде бақыланып, аталған сұрақ педагогикалық кеңестер мен мектеп басшысы жанындағы отырыстарда талқыланып отыратындығы анықталды.
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес инклюзивті білім беру мәселесі қаңтар айынан бастап ай сайын тұрақты бақылауға алынған.
Мектепте ауызша және жазбаша сөйлеуі бұзылған оқушыларды кезінде анықтау және оларға көмек көрсету мақсатында логопункт жұмыс жасайды. Логопункте арнаулы дефектологиялық білімі бар 2 педагог қызмет көрсетеді.
Логопедиялық пунктінде 12 бала тіркелген, 2022 жылдың ОПМК қорытындысы бойынша тізімге енгізілген. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың жеке карталары жасалған, олардың даму динамикасы бақыланып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет