Igiman01@mail.ru
14 ақпан 2015 жыл
5
Жастық шағым, қалыптасу кезеңдерім
өткен Лепсіге анда-санда жолым түседі. Үлкені
аға, кішісі бауырға айналған осынау мекен-
де туғанымдай жақын тартатын сыйлас, сыр-
ластарым аз емес. Өңірден өткендерін еске
алғанында майдангер ұстаз Мұратбек ағаны
айналып өту мүмкін емес. Бұл күндері жақсы
аты кезінде ауданына, аймағына аян болған
ағамыздың қосағы Күмісхан апай да бақилық.
- Асқар тауым Мұқаңның жоқтығын
төңірегіме білдірмегім келеді. Аңсарым ауғанда
ағаң ұзақ жыл басқарған, өзім ұстаздық еткен
мектепке барамын. Мұратбек Ахметұлының
мұрағаттары сақталған атаулы кабинетте
мектептің бүгінгі ұжымымен пікірлесемін,
шəкірттерге өткеннің өнегелі кезеңдерін
əңгімелеп беремін,- деуші еді апайымыз өткен
өнегелі кұндерге деген сағынышын жасыра
алмай. Бүгін, міне, қос ұстазды осы кісілерден
тәлім алған шәкірттері, ұрпақтары еске алады.
№54 орта мектеп орналасқан көшенің Мұратбек
ағаның есімін еншілегені көңілге медеу.
Мұратбек Ахметұлы соғысқа дейін Се-
мей облысы Мақаншы ауданында алдымен
мектеп директоры, 1939 жылдан аудандық
білім бөлімінің меңгерушісі болып қызмет
атқарыпты. Соғыс басталғанда сауатты да са-
налы жасты саяси қызметкерлер дайындай-
тын қысқа мерзімді курсқа жібереді. Сөйтіп
лейтенант дәрежесінде атқыштар ротасының
саяси жетекшісі болып бекітіліп, жалынды
да салиқалы сөзімен жауынгерлерді ерлікке
үндегені анық.
1976 жылы Бөрлітөбе аудандық “Балқаш
өңірі” газетіне әдеби қызметкер болып
қабылданған кезден бастап мен басын-
да Мұқаңның газет бетіндегі өлеңдерімен,
кейіннен өзімен танысып, туыстасып кеттім.
Әкелі-балалы
адамдардай
сұхбаттасып
отырған кездердің бірінде әңгімелеген соғыс
эпизодтарының бірі жадымда жатталып
қалыпты:
- Ерлікке бастар сын сағаттарды ба-
стан өткердік. Осыған орай
Ригаға шабуыл жасаған кездегі
бір оқиғаны айтып берейін. Жау
бекінген Залони деревнясында
азық-түлік қоймасы бар. Дұшпан
гарнизоны сол қойманы қорғау
үшін қойылған. Жаудың көзін
жойып, селоны алу үшін жасаған
жоспар алғашында жүзеге аспа-
ды. Пулеметтен де, автомат-
тан да жауған жау оғынан біздің
жауынгерлердің бас көтере ал-
май қалғанын блиндаждан көріп
отырмыз.
- Жолдас комбат, тапсыр-
маны орындауға рұқсат етіңіз,
- дедім мен.
- Жолыңыз болсын, жолдас аға лейте-
нант, - деді мосқал капитан жүзі жылып.
Жауынгерлер қара бидайдың арасында
жасырынған. Жаңбырша жауған жау оғы төпеп
тұр. Алдында болған ұрыста жараланған
сол қолымды мойныма асып алып, блиндаж-
дан атып шықтым. Жігіттерге дейін жи-
ырма қадамдай қалды. Бір қолмен еңбектеп
жылжығанда жиырма қадам мен үшін жиырма
шақырымға созылғандай болды. Қара тер-
ге түстім. Жігіттер «сымсыз телефон»
арқылы менің келгенімнен хабардар болды.
Оқ нөсері сəл толастағанда «Уралап» алға
жүгірдім. Менімен бірге көтерілген қатардағы
жауынгер Кондретенко гра-
ната лақтырып, жаудың
станокті пулеметінің үнін
өшірді. Қара бидайлы алқап
біздің адамдардың айбынды
үніне, қажыр-қайратына риза
болғандай бусанып жатты.
Осылай Залони деревнясы
біздің қолға көшті. Командо-
вание тапсырмасын үлгілі
орындағаным үшін «ІІ дəрежелі
Ұлы Отан соғысы» орденімен
марапатталдым.
Майдангер ағаның көр-
сеткен ерліктері тек мұнымен
ғана шектелмейді. Оған
мерекелік костюмінің өңіріндегі
үкімет наградалары куә. Саяси жетекші
қарумен ғана күреспей, қаламды тиісті жеріне
қолдана білді. Калинин майдандық «Суворов-
шы» газетінде жауынгерлерді ерлікке үндейтін,
«Отан үшін, халқым үшін», «Анама хат» сын-
ды бірнеше өлеңдері, ерлерді дәріптейтін
мақалалары жарық көрді. Соғыстың қиын-
қыстау күндерінде солдаттарға қуат беретін
осындай туындылар Мұқаңның туған жеріндегі
Мақаншы аудандық «Қызыл жұлдыз» газетінде
де жарияланды.
Оның ауылға жазған хаттарында келер
күнге деген нық сенім бар. Алдымда жатқан
сарғайған солдат хаттарынан анаға, туған жерге
деген сағыныш айқын аңғарылады. Бірақ та бұл
сары уайымға салатын мұңға толы хаттардың
сапында емес, сапта жүріп, шабуылға шығып,
шыңдалған сауатты офицердің оптимистік
сарынға толы хаты:
«Ардақты ана, денсаулығыңыз қалай?
Көрші-көлем, ауыл аймақ тегіс аман ба?
Тұрысбек, Рысбек, Қуанышбектерден хат
бар ма? Езілмей, еңсеңді биік ұста, ана-
шым... Ертең-ақ ұлдарың ауылға жеңіспен
оралады»...
Иә, Мұратбек аға ауылға аман-есен орал-
ды. Рас, ауыр жараланып госпитальда емделіп
шыққан ол уақытша болса да балдақты серік
етті. Ал жоғарыдағы хатта аттары аталған туған
інілерінің үшеуі бірдей майдан даласында опат
болды.
Соғыстан соң Семей облыстық комсомол
комитетінің хатшысы, Аягөз аудандық партия
комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі,
Аягөз аудандық Кеңесі атқару комитетінің
төрағасы болып қызмет баспалдағынан
өткен ол 1958 жылы денсаулығына байла-
нысты ұстаздық қызметіне оралып, Лепсі
стансасындағы № 54 мектептің директоры бо-
лып бекітілді. Осы қызметті жетпіс жасқа кел-
генше абыройлы атқарып кейінгілерге тізгін
берді. Алматы темір жолы бойынша бұл оқу
орны үздіктер сапында аталды. Қазіргі мектеп
ғимаратын өзі бас болып жүріп салдырды.
Қаламынан туған жырлары «Қазақстан
мұғалімі»,«Теміржолшы»,«Октябрь туы», Бөр-
літөбе аудандық «Балқаш өңірі» газеттерінде,
«Қазақстан мектебі» журналында үзбей жа-
рияланып тұрды, өлең топтамалары «Көкжиек»
атты жинаққа енді.
Биыл Мұратбек Ахметұлының туғанына 100
жыл толады. Майдангердің, ұстаздың ұлағатты
өмірін үлгі етіп, шәкірттер арасында әдеби-
мәдени шаралар өткізуді мектебі, ел-жұрты
ойластырғаны абзал.
Жомарт ИГІМАН.
Майдангер - ұстаз
С
оғыстың аяқталғанына 70 жыл өте шықты. Аудан аумағындағы
көзі тірі ардагерлерге биыл жылдағыдан өзгеше сый-сияпат
көрсетіледі. Ал осынау мерейлі кезеңді көре алмай кеткендер қаншама.
Солардың қатарында Лепсі өңірінде өзіндік ізі қалған Мұратбек аға
Ахметовтың жарқын бейнесі көз алдымызға келеді.
Нынешний год особенный. Год 70-ле-
тия Победы Советского Союза над
фашистской Германией. Для кого-то
это история, для кого-то жизнь, эпоха.
И счастлив тот безусый мальчишка,
который смело шагнул в сороковые-
роковые под град пуль немецких захват-
чиков и увидевший весну Победы. А тех,
кто встречает 70-летний юбилей по
стране осталось всего 5115 человек. С
каждым днем их становится все меньше
и меньше. Годы и болезни берут свое.
Один из них Дмитрий Тимофеевич Шев-
ченко из города Саркана. Он родился в про-
стой крестьянской семье в селе Григорьевка
Кировоградской области на Украине. При-
званный на фронт еще в начале войны, он
прошел с боями от Москвы до Берлина. Осо-
бо памятны для него сражения за освобож-
дение родной Украины.
В том, что сегодня мы живем под мирным
небом, есть и его заслуга, старшего сержан-
та, минометчика. Не-
случайно его грудь
украшает орден От-
ечественной войны
І степени. Она для
бойца Советской Ар-
мии самая дорогая.
В мирные дни
работал на самых
разных участках про-
изводства: в совхозе
«Красный Октябрь»,
«Куйбышев», на до-
рожном участке 552,
в Сарканском комму-
нальном хозяйстве.
Именно оттуда он и
вышел на пенсию.
Сегодня Дмитрий
Тимофеевич вырас-
тил троих детей, вос-
питывает
пятерых
внуков,
девятерых
правнуков.
Кто знает, что по-
могло ему выжить в
войне, может, судьба
берегла. Но он всегда помнит, что живет не только за себя, но и за того парня, который
не вернулся домой. Его всегда отличали особое обостренное чувство справедливости,
принципиальности, а порой и жесткости. Никогда не лукавил, был прямолинейным,
честным. Среди родных и близких, друзей и коллег пользовался авторитетом. Словом,
работал и живет так, как велит совесть простого советского солдата.
Сейчас он благодарит всех за заботу и внимание, молит Бога только об одном, что-
бы никто и никогда не узнал, что такое война. Это самое главное пожелание Дмитрия
Тимофеевича детям, внукам и всем жителям земли.
Наш корр.
Сержант Дмитрий Шевченко
Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті
жақындатуға тылдағы еңбеккерлердің
қосқан үлесі орасан. Осы сапта анасына
көмектесу үшін еңбек жолын ерте бастаған
бүгінгі Сарқан ауданының Құрметті аза-
маты Сағындық аға Қалиұлының да есімі
аталады.
1937 жылы қарашаның 6-сы күні сол
кездегі Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты
Қарабөгет ауылында дүние есігін ашыпты. Әкесі
Атанов Қали сол колхоздың негізін қалаған ша-
руа адамы көрінеді. Бір әулеттің тірегі болып
жүрген Қали Ұлы Отан соғысы басталғанда
қатарластарымен бірге майданға аттанып, 1949
жылы ауылға оралады да, өмірден қайтқанша,
1987 жылға дейін сол ауылдың тірлігіне ара-
ласады. Шешесі Жексембаева Мағрипа 1900
жылы дүниеге келген. Сол колхоздың барлық
ауыртпалығын арқасымен көтерген еңбек ада-
мы. 8 бала тәрбиелеп өсіріп, бала-шағасының
қызығын көріп, 1988 жылы дүниеден озды.
-Соғыс басталғанда мен 4 жаста едім.
Қиындықты қалың елмен бірге көрдік.
Үлкендерімізбен бірге әжетке жарасымен ауыр
жұмыста жүрген шешемізге қолғабыс тигізуге
тырыстық. Мектепке соғыс аяқталғаннан кейін
ғана бардық. Соған дейін шиеттей бала-шаға
болсақ та масақ теруден еңбек жолымызды
бастап, өгіз айдап, жер жыртып, тұқым сеуіп,
шөп шауып, мая салуға ат салыстық. Мал-
ды да бақтық. Төл күтімін көбінесе біз сияқты
қолды-аяққа жеңіл балаларға тапсыратын.
Ал оның жауапкершілігі мол болатыны айдан
анық. Сондықтан біз соғыс көріп, ерте есей-
ген ұрпақтың өкіліміз. Сондықтан бізді Ұлы
Отан соғысындағы тыл еңбеккерлері қатарына
қосады,- дейді Сағындық Қалиұлы.
Сағындық аға 1957 жылдан бастап еңбек
жолын колхозда есепші- бухгалтер болып
бастаған. Өмір тәжірибесін бойына сіңіріп,
осы мамандықтың қыр-сырын оқу арқылы
игере отырып, 1962 жылы бас бухгалтер бо-
лады. Қазақтың Халық шаруашылығы инсти-
тутын бухгалтер-экономист мамандығы бой-
ынша сырттай оқып бітіреді. 1965-1973 жылы
аралығында «Көкөзек» совхозында, 1973-
1986 жылдар аралығында Сарқан ауданы
орталығындағы «Красный октябрь» совхозын-
да бас есепші қызметін атқарады.
- Еңбегім еленіп, ауданға қызметке
шақырылдым. 1986-1991 жылдар аралығында
Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы
басқармасында бас есепші, 1991-1998 жылдар
аралығында Сарқан аудандық қаржы-бақылау
бөлімінің басшысы болдым,- деп еске алады
аға.
Еңбек жолында Сағындық ағамыздың,
әрине, көп жетіс-
тіктерге
жеткені
айқын.
Ағаның
сыйлас
аға-
інілерінің
орта-
сында отырғанда
ғұмыр бойы асып-
таспай,
міндетін
мінсіз
атқарған
есеп
қызметкері
екендігін екінің бірі
айтып
отырады.
Ауданаралық жа-
рыстарда экономи-
ка, есеп-қисап са-
ласында жүлделі
орындардан көрінген. Облыста бірнеше рет
шаруашылығының көрсеткіштері ескеріліп,
мақтау, құрмет грамоталарын, дипломдар
алған. Осының бәрін біз ағаның шаңырағында
болғанда ескі құжаттарын ақтарып отырып
аңғарған болатынбыз. 1986 жылы Халық
шаруашылығы жетістіктері көрмесінің екінші
дәрежелі дипломымен марапатталуының
өзі кез-келгенге ұсыныла қоймайтын құрмет
болып табылатын. Көп жылғы адал еңбегі
ескеріліп, 1998 жылы Сағындық Қалиұлы
«Сарқан ауданының Құрметті азаматы» атан-
ды.
Зайыбы Самиға Қалиева
1938 жылғы, «Алтын алқа»
иегері. Жуырда ғана бақилық
болған өмірлік жарымен екеуі
7 бала тәрбиелеп өсірді.
Бүгінгі таңда 14 немересі бар.
Барлығы да жоғары білімді, әр
салада жұмыс атқаруда. Ермек
ұлынан өрбіген немересінің
үшеуі бірдей 2005-2011 жыл-
дар аралығында Ақын Сара
атындағы орта мектепті «Ал-
тын белгімен» аяқтап, жоғарғы
білім алуда. Үлкен немересі
Әсем қазір докторантурада оқиды, аман бол-
са биыл бітірмек.
Ағаның үлкен баласы Ермек өзімен
бірге тұрады. Білімі жоғары – экономист.
1992 жылдан күні бүгінге дейін «Самал»
шаруа қожалығының басшысы. 2000 гек-
тар жерге әртүрлі дәнді дақылдар егіп,
нәтижелі өнімдер алып келеді. Жоғарғы
сортты тұқым өндірісімен шұғылданады.
Қарамағында 70-80 бас ірі қара малы, 40-
50 бас жылқы, 300-400 бас қой-ешкі бар.
Оларға шөп-жемді уақытында дайындап,
қыстан аман алып шығудың қамын ойласты-
рады. Шаруашылықта 45 адам жұмыспен
қамтылған.
- Өмірлік тәжірибемді балама ғана емес
айналама үйретіп отырамын. Аудандық
ақсақалдар алқасының құрамында ел-
жер мүддесіне қатысты мәселелерде
ақылдастар алқасының сапында боламын.
Қоғамда өмір сүріп, қоғамнан тысқары қалуға
болмайтындығын төңірегіме үйретіп отыра-
мын,- дейді ағамыз.
Ұлы Жеңістің аяқталғанына 70 жыл толды.
Бірақ сол зұлмат кезеңнің жүрекке салған жа-
расы жазылмайтындығын жас ұрпақ көкейіне
сіңіре беру аға буынның басты парызы.
Ж.МАҚАТҰЛЫ.
●Тыл еңбеккері
Мылтықсыз майдан
14 ақпан 2015 жыл
Igiman01@mail.ru
Оқушыларды имандылыққа тәрбиелейік
Діннің адамзат тарихында алатын
орны ерекше. Өз тарихында діни санасы
болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге
деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда
әрқилы болып келген. Сондықтан дін
дегеннің не екенін, оның қысқаша тарихын
танып, білу әрбір адамдарға, оқушыларға
мәдени қажеттілік. Дін тақырыбын қозғау
мақсатымен Аманбөктер орта мектебінде
ауыл тұрғындары мен оқушылары, ұстаздар
қатысқан жиын болып өтті.
Жиынға жиналған жұртшылық ізгі ойла-
рымен бөлісті. Екіаша ауылының имам-
дары Әлімбаев Алмаз және Ункашев
Сұлтан Исмайұлы өз сөзінде дін мәселесі
бүкіл қоғамды толғандырып отырғанын,
әсіресе жастар кері діни ағымдар, әр түрлі
секталардың шырмауына түсіп жатқандығы
жөнінде, баланы аман-сау өсіру ата-
ана міндеті болса, оны жақсы адам етіп
тәрбиелеу ата-анаға парыз деді.
Ауылымыздың әкімі Кесікбаев Мейрамхан өз сөзінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ел
болам десең- тіліңді, дініңді сақта» деген сөзін алға тартты. Қазіргі кезде дін мәселесі бүкіл
қоғамды толғандырып отырғанын, әсіресе жастар арасында көптен кездесіп отырғанын айтты.
Аманбөктер орта мектебінің директоры Жантасова Малике қазіргі кезде жастарға дін ту-
ралы дұрыс көзқарасты қалыптастырып, түсіндіру күн тәртібіндегі мәселе екендігін айта келе,
Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Мемлекеттің ертеңгі болашағы бүгінгі жастардың қолында" деген
ұлағатын келтіріп жастар арасында діни көзқарасты дұрыс жолға салуға шақырды.
Ауылымыздың зейнеткер ұстазы, тұңғыш қажы Кенжехан Нұрғалиқызы Меккеге барып қажы
болып, зәмзәм суын бірінші рет ауыл тұрғындарына дәм татқызған. Кезінде ұлағатты ұстаз
болған апайымыз "Дін дегеніміз – адамды екі дүниенің бақытына жетелейтін Алланың бұйырған
жолы. Мен Меккеге барған кезде көргенім қаншама елден келген мұсылман халықтарының
иман жүзділігіне, кішіпейілділігіне Алла жолында тазалығына өте тәнті болдым. Жан дүниемізді
тазартқан асыл дінімізді қайдағы бір бас-бұзарлар лайлағысы келеді. Сондықтан мына отырған
жастарымыз одан қашық болсын деймін. Аллаға сеніп, пайғамбар жолын ұстаған адам
ешуақытта жаманшылыққа бармайды. Соның себебінен қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер
азаяды" деді. Сонымен қатар Орынбала Құдайбергенова өз сөзінде діни имандылық туралы
ислам дінінен іргесін аулақ салып, өзге дін мен діни ағымдарға кетіп жатқан ұл-қыздарды естіп
жатырмыз деп одан аулақ болуды сөз етті.
10-11 сынып оқушылары: Ақжан, Ажар, Айым, Нұралы, Гүлімдер діни тақырыптарда
сұрақтар қойды. Қорыта келгенде ағайынның береке-бірлігін, аймағымыздың көгеріп-көркеюін
дін бұзушылардан сақтаса деп ой түйдік.
С.ҚАБЫЛОВ,
Аманбөктер орта мектебінің тарих жəне дінтану пəнінің мұғалімі.
Ұрпақ тəрбиесіндегі ана тілі
«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала
тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты. Кейбіреулер баланы
өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы
айтылған сөздердің қайсысында болмасын шындық бар сияқты. Бала тәрбиесі – зор адамгершілік
пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеуде тек ата-ананың ғана емес, қоғамның да
өзіндік үлесі бар.
Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші
ұстазынан, үшінші құрбысынан»,- деген екен.Отбасындағы бала тәрбиесінде үлкен тұлға –ата
мен әже. Атаның ақылын, әженің әлдиін, өнегесін естіп өскен әрбір қазақ баласы үлкенге құрмет,
кішіге ізет көрсете алады. Жоғарыда Абай атамыздың екіншісі мінез ұстазынан жұғады дегендей,
тәрбиеші баланы қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді. Білім атты кемеге
отырғызып , өмір деген белеске апарады. Айналасындағы құрбы-құрдастарының қайырымды, бай-
салды, ақ жүректі болып, балаға адал достықтың нышанын көрсетіп, бала айтылған қасиеттерді
бойына сіңірсе, бұл балаға жұққан үшінші мінездің белгісі. Бала тәрбиесі барлығымызға ортақ.
Олардың келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды. Баланы жас кезінен неге баулысақ, олар
өскен соң жемісін солай береді. Еңдеше, балаға дұрыс жан-жақты тәрбие беруге көп көңіл бөлген
жөн.
Л.АЛДЫЖАНОВА,
«Балапан» шағын орталығының тəрбиешісі.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер
ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты
қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана
өздерінің негізгі борышы-тәрбие жұмысын
атқаруға кіріседі. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі
міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық
сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі
биік, ар- ожданы мол, мәдениетті, парасат-
ты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі
қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу»
деп көрсетілген Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы
тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара
ынтымақтастық пен түсіністік болып табыла-
ды. «Ұяда не көрсең ұшқанда соңы ілерсің»
дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген
алғашқы күннен басталады. Бала өскен
сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған
қойылатын талаптар да күшейе түседі.
6
Тәрбие отбасынан басталады
Ақыл- ойының дамуы, ұнамды мінез- құлқын
қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады.
Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста
қаланады.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес,
ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап
етеді.Сондықтан халық өмір есігін енді ғана
ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақ ағартушыларынан С.Көбеев те
отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен
мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда
тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың
балалары алдындағы беделі отбасындағы
тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Бала дүниеге келісімен көп көңіл ауда-
рып, оның өнегелі қасиеттерін отбасында
қалыптастырған жөн.
Б. ЖУМАГУЛОВА,
«Балапан» шағын орталығының
тəрбиешісі.
Саялы Сарқан ауданында Екіаша ау-
ылы бар. Ауылымыз алдыңғы қатарлы
ауылдардың бірі десек те болады.Олай
дейтін себебім, ауылымыз бүгінде көркеюде,
ауылдағы әсем ғимараттар бой көтеріп, көз
тартарлықтай әсемдікті жамылып тұр. Атап
айтсам, мәдениет үйі, мектеп, аурухана,
мешіт, әкімшілік және балабақшамыз да бар.
Әр мекеме өздерінің күйбең тірліктерімен
жұмыстарын атқаруда.
Соның ішінде «Балдәурен» балалар
бақшасын айтқым келеді. Бақшамыз кеше
ғана шығарып салған жылқы жылында
көптеген жетістіктерге жетті. Айта кетер бол-
сам өткен жылда яғни, сәуір айында Алма-
ты облысының білім саласындағы бақылау
департаментінің бақылауымен мектепке
дейінгі ұйым ретінде мемлекеттік аттестат-
таудан өтті. Ол біздің басты жетістігіміз.Одан
бері мекеме басшысы Светлана Ақуалқызы
Исаханова «Қазақстандағы қазіргі заманғы
білім беру» атты Алматы облысының білім
беру жүйесіне арналған кітапқа шықты.
Жас та болса да бас болып, мектепке
дейінгі ұйым тәрбиешілеріне әдістемелік
тұрғыдан бағыт-бағдар беріп, оқыту мен
тәрбиелеудің инновациялық әдістерімен
бөлісіп жүрген балабақшамыздың әдіскері
Абдульдинова
Айзель
Алибекқызының
осы салада атқарып жүрген еңбегі аз емес.
Әдіскер болып 4 жыл қызмет атқарса
да, еңбегі әрдайым жанып, бағаланып
жүреді. Айзель Алибекқызы аудан әкімінің
алғыс хатымен, аудандық білім бөлімінің
құрмет грамотасымен, мадақтамалармен,
Достарыңызбен бөлісу: