Дополнительную информацию о про-
ведении аукциона можно ознакомиться на
сайте www.gosreestr.kz.или получить по
телефону: 8(72839)21879.
Аукцион! Аукцион! Аукцион!
Тұрмыстық жағдайға
көңіл аударылды
Қазақстан халқының алдына үлкен мақсат
пен нақты қаржы бөлінген тапсырмалардың
мүдіріссіз орындалуын талап еткен Елба-
сы Жолдауы Қазақ елінің азаматы ретінде
мені үлкен толғанысқа жетеледі. Орта
және шағын бизнеске қарастырылатын
жеңілдетілген
несиелер,
2014-2015
жылдарға негізделген экономикалық өсім
мен жұмыспен қамту бағдарламалары,
көлік және логистика, индустриялды және
энергетикалық
инфрақұрылым,
тұрғын
үй-коммуналдық саласын жетілдіру, ЭКС-
ПО-2017 халықаралық көрмесі үшін салына-
тын жаңа кешендер секілді ел экономикасы
мен саяси тұрақтылығы үшін маңызды тап-
сырмалар қарастырылды.
Мемлекет
басшысы
елдің
ішкі
мәселелерін
жетік
білгендіктен
жыл
сайынғы өзінің кезекті Жолдауларын-
да қазақстандықтардың тұрмыс әлеуетін
жақсарту мәселесіне ерекше көңіл ау-
дарумен келеді. Мемлекет басшысының
алға қойған мақсаттары мен міндеттері
ел басшылығында жүрген азаматтардың
күнделікті тікелей атқаруға міндеттелген
нақты шаруалары. Сондықтан да, «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» атты бұл Жол-
дауында да әрбір ел азаматтары атқаруға
тиіс міндеттер нақты жолданып отыр.
Ж. БАСШЫҒҰЛОВ,
əділет басқармасының жетекші
маманы.
Қазақстанға
еңбек
сіңірген ұлағатты ұстаз,
ардагер, бірнеше ме-
дальдардың
иегері
СЕЙПОЛДИН ТЛЕКТЕС
С Е Й П ОЛ Д А Ұ Л Ы Н Ы Ң
14-ақпан туған күні. Тірі
болса
аяулы
әкеміз
79-жасқа толар еді. Жан
әкемізді сағына еске ала-
мыз. Орны толмастай
қазынамыз екенін енді
түсініп, жанымызда жоқтығына көз жеткізіп
отырмыз.
Тамаша сөз өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Әкешім, жүрдік сізді арқаланып,
Жақсы ісің бар жұртыңыз тамсанарлық.
Тағдырдың кеуде тостың жартасына,
Қалғандай қызығымыз орталанып.
Сағына еске алушылар: жұбайы,
ұлдары, қыздары, келіндері, күйеу-
балалары, немере-шөберелері.
ЕСКЕ АЛУ
Продам автомобиль ВАЗ 2106, 1995
г.в 180000 тенге торг. Автомобиль Опель
Омега 1993г.в,350000 мың тенге торг. Об-
ращаться сот. тел: 87018832075, дом.тел:
2-01-03.
Продам 5-ти комнатный дом с участ-
ком 13 сот. Все постройки, вода, телефон,
интернет, ID TV, с мебелью. Обращать-
ся: ул. Тлендиева №12, тел: 2-26-91,
сот:87028020058 (после 17.00).
Требуются на поле рабочие без вред-
ных привычек. Обращаться по сот: 8777
4299980, 8 705 4564873.
Свидетельство о государственной реги-
страции
к/х «Нугманов Ж.К.» серия 12915,
№0572482 считать недействительным в свя-
зи с прекращением предпринимательской
деятельности.
Ұстаз – киелі сөз, асыл анаға теңелген
жан. Мектеп өміріндегі басты рөлді сомдау-
шы. Шәкіртінің санасына білім құйып, жемісін
көрмей жібермейтін, еңбектің нәтижесін күтетін
адам. Ұстаз – кез-келген ортаның ұйытқысы.
Мен бұл пікірімді сөз өнерін пір тұтқан Екіаша
орта мектебінің мұғалімі Сыдықова Бағынгүл
Сүлейменқызына арнаймын. Апайымыз әдеби әрі
көркем сөздерімен жүректі баурап алады, ол кісі
орыс тілінен дәріс берсе де, туған тілдің жанашы-
ры. Бағынгүл Сүлейменқызы жас ұрпақты оқыту
мен тәрбиелеу жолындағы еңбегінің арқасында
шығармашылық жетістіктерге жетіп отыр. Көп
жылғы еңбегінің жемісін көріп жүрген мұғалім,
білгір маман. Жас мамандарға ақыл-кеңес беріп
отырған сәттерінің де куәгері болып жатамыз.
Бұл кісінің тәжірибесі тек ұжым ғана емес ау-
дан көлемінде де белгілі. Өткен жылы Аста-
на қаласында өткізілген «Менің инновациялық
сабағым» атты ІІ Халықаралық оқытушылар сайы-
сына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапат-
талды.
«Өнер – егіз» дегендей Бағынгүл
Сүлейменқызы тек білікті маман ғана емес, та-
маша тәрбиеші. Ол кісінің жетекшілік етуімен
мектебімізде «Керемет» КВН командасы құрылып,
көрермен көзайымына айналды. 2014 жылы осы
«Керемет» КВН командасы Сарқан қаласында
аудандық мәдениет үйінде жастар орталығы және
«Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен
өтілген жайдарманның финалдық ойынына жол-
дама алып, ойын қорытындысы бойынша ІІІ орын-
ды иеленді. Рөл сомдау шеберлігімен көзге түскен
Сағатов Дидар «Үздік актер» номинациясымен
марапатталды. Міне, Бағынгүл Сүлейменқызының
ұйымдастырушылық қабілетімен, әр баланың
бойындағы табиғи талантты аша білуі таң
қалдырды. Апайымыздың өзі де өнерден
құралақан емес. Өлең шығарады, ән де айтады, әр
шәкірттің көңілін таба біледі. «Шәкірт жүрегіне жол
тапқан ұстаз» десем қателеспеймін. Себебі, ол
кісінің есігі шәкірт үшін әрқашан ашық. Кез-келген
сұрақпен апайымызға бара аламыз. Бағынгүл
Сүлейменқызы әрқашан шәкірт ортасында.
Аяулы ана, ұжымына құрметті әріптес,
шәкірттеріне
сүйікті
ұстаз
Бағынгүл
Сүлейменқызына зор денсаулық, қажымас қайрат
тілеп, қанатыңыз талмасын дегім келеді. Ұстазы
жақсының ұстанымы жақсы. Бұл айнымас аксио-
ма. «Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың
бүгінгі тәлімінде» деген сенім осындай ұстаздарға
бағытталғаны сөзсіз. Сөз соңында апайымыздың
түлектерге арнаған өлеңін назарларыңызға
ұсынып отырмын:
Қош бол мектеп,
Пана болған біздерге.
Бақытты бала күндерде,
Қош бол, алтын мектебім!
Мың алғыс, ұстаз, сіздерге!
Ән салайық бас қоса,
Мектеппенен қоштаса.
Жүректе қалар мәңгілік,
Күндер өткен достаса.
Оянған бүгін санамыз,
Қанаттанған баламыз.
Алтын ұя мектебім,
Қимай сені барамыз.
Мектебіміз саябақ,
Ұстаздар жүрген аялап.
Бірге өткізген 11 жыл,
Артта қалды қол бұлғап.
Жылжып алға кемеміз,
Есейіп біз келеміз.
Ұстаздардың еңбегін,
Ақтаймыз деп сенеміз.
Ақмарал ЕРМУХАМБЕТ,
Екіаша орта мектебінің
2014 жылғы түлегі.
Шəкірт ж‰регіне жол тапќан
Қайыр
м
асы
«Шашу» сазды сəлем бағдарламасы
арқылы
жақыныңызды
құттықтап,
қуанышын
бөлісе
аласыз.
Бұл
мүмкіндіктер енді сізге біртабан жақын.
Аталмыш қызметтерді ендігі жерде сіз
аудандық "Сарқан" газеті редакция-
сы арқылы пайдалана аласыз. Бағасы
2000 теңге, тапсырыс 3 күн бұрын
қабылданады.
Қосымша сұрақтарыңыз бойын-
ша төмендегі телефондар арқылы
хабарласыңыз: 8(72839) 2-20-47, 2-23-53.
Шашумен шаттығыңызды
бөлісіңіз!
Меншік иесі: Медиахолдинг «Жетісу Ақпарат» акционерлік қоғамы
Газет «Алатау баспа-полиграфиялық корпорациясы» ЖШС филиалы - Сарқан баспаханасында (Тəуелсіздік, 108) басылады.
Директор - бас редактор
ИГІМАН Жомарт Мақатұлы
Газет Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне ақпарат Министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитетінде 2013
жылғы 29-қыркүйекте тіркеліп, №13894-Г
куəлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы:
041500 Сарқан қаласы Тəуелсіздік
көшесі, 117
Телефон: 2-20-47, 2-23-53
e-mail:
igiman01@mail.ru
Газет аптасына бір рет қазақ және
орыс тілдерінде шығады.
Жарнама мен
хабарландырулардың мәтініне
жарнама беруші жауапты.
Жарияланған мақала
авторларының пікірлері редакция
көзқарасын білдірмейді.
8
Igiman01@mail.ru
14 ақпан 2015 жыл
Таралымы: 4259
Газет индексі: 35202
15202
Офсеттік басылым 1 баспа табақ
Сен туѓан к‰н,
мерекењмен!
Құрылтайшысы:
Алматы облысының
əкімдігі
Жас ұрпақ тәрбиесі ұшқан ұясы мен
мектебіне, ортасына байланысты. «Ата
көрген оқ жонар, ене көрген тон пішер»,
«Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
дейтін дана қазағымның мақалы тәрбие
негізі тектен, ортадан деген ұғымды
меңзейді. Қияңқы бала қайдан шығады?
Әрине, перзентінің жағдайын ойлап,
іздегенін тауып беруге ыңғай танытатын
келісімпаз отбасынан шығады. Еркелетіп,
айтқанын екі етпей өсірсеңіз ертең оның
зардабын тартасыз. Ортамызда осын-
дай отбасылар аз ба? Біріншіден бала
тәрбиесіне ата-ана жауап беру керек. Со-
дан кейін барып жауапкершілікті мектептен
іздеген дұрыс. Екіншіден баламен санасып,
оның талап-тілектерінің оң немесе теріс
екендігін ұғындыра білген ұтады. Баламен
балаша сөйлесіп, оны сендіре алатындай
жол іздеген абзал.
Баланың әдепті, кішіпейіл болуы
ата-анадан. Ұлттық салт-дәстүрді бойы-
на сәби кезінен сіңіріп, ата мен әже, әке
мен ана, аға мен қарындас арасындағы
сыйластық сезіліп тұрған ортадан ел
қызығарлықтай ұл-қыз өседі. Балаларының
жүріс-тұрысына, демалыс уақыттарына
көңіл бөлсе жас буын теріс әдетке бой ал-
дырмайды. Кешқұрым, түнде, бейуақта
көшеде жүрмеуін, елдің мазасын алмауын,
ысқырып-айқайламауын қадағалап, жат
әдеттеріне ерте бастан тыйым салынса,
мектеппен байланысып кешкілік кезекшілік
ұйымдастырылса бала тәрбиесі тезге түсер
еді. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Ел
боламын десең бесігіңді түзе» деген сөзі
баршамызға ортақ.
Тәрбие мәселесі бүгінгі таңда әбден
шыңына жетіп, ары қарай қара нар көтере
алмайтын ауыр жүк болып отыр. Бала
тәрбиесіне селқос қарау-келешегімізге
кедергі. Талай адамның маңдай терінің тек-
ке кетіп, сорына айналған ұрпағы кезінде
тәрбие мәселесінде жіберген кемшілігіне
байланысты.
Сапарғали САДЫБАЕВ,
Бақалы ауылдық ақсақалдар
алқасының төрағасы.
●Ойласу бұрышы
¦яда не кµрсењ,
±шќанда соны ілесіњ
Аудандық "Сарқан" газетінің редак-
циясы "Медиахолдинг "Жетісу Ақпарат"
акционерлік қоғамының бас бухгалтері Ал-
пысбаева Гүлзипа Кумешбайқызына туған
інісі
Марат Кумешбайұлының
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты
марқұмның отбасына, туған-туыстарына
қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Жаңа өмір, жаңа заман,
Мәңгілік Ел-Қазақстан.
Ел бірлігін, тыныштығын,
Сақтап жүрген Нұрсұлтан!
Мақсаттарын түсіндіріп,
Жастарға ақыл үйреткен.
Болашаққа жол көрсетіп,
Мүдделерін айқын еткен.
Ата-баба арманын,
Іске асырған Елбасы!
Жол картасын Елінің,
Сызып берген Елбасы!
Еліміздің мерекесі.
Қасиетті желтоқсан!
Бақытына халқыңның,
Сен аман бол Нұрсұлтан.
Қолда барда алтынның,
Қадірін біл ағайын!
Есте сақта әрқашан.
Дана сөзін Абайдың!
Каукер КОЛУБЕКОВА,
ардагер-ұстаз,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы.
Ел бiрлiгiн саќтаѓан
Е л б а с ы м ы з
Н . Ә . Н а з а р б а е в т ы ң
Қазақстан халқына Жол-
дауында айтылғандай
"Салауатты өмір салтын"
ұстау қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі бо-
лып отыр. Бүгінгі қоғам
мүддесіне лайықты, жан-
жақты жетілген, парасат-
ты, мәдениетті, дені сау
азамат өсіру отбасының,
балабақшаның
жал-
пы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшаның да негізгі мақсаты
- болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты,
шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Осы мақсатта 4-ақпан күні Қойлық
ауылындағы "Айдана" балалар бақшасында "Ақшақар" атты спорттық сауықтыру іс-шарасы
өткізілді. "Балауса", "Солнышко", "Айгөлек" тобының бүлдіршіндері аққаланы безендіріп, ша-
намен жарысқа түсіп, эстафеталық ойындарды қызығушылықпен ойнады. Өткізілген спорттық
іс-шара балалардың көңілінен шықты. Топ тәрбиешілері Ж.Малаева, С.Бекбосынова,
А.Сайсанова іс-шараның тартымды да қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Н.БАЛҒАБАЕВА,
"Айдана" балалар бақшасының əдіскері.
Балабақшадағы спорттық мереке
Астана Еуразия материгінің қақ ортасында
орналасқандықтан кейде оны Еуразия жүрегі деп те атайды.
Біздің Астанамыз жас болса да әлемнің ең көрікті қалалары қатарына кіре
алады. Астана Есіл өзенінің бойына тұрғызылған, еліміздің ең сәулетті қаласы.
Астанадағы «Ақорда», «Астана-Арена» стадионы, «Ханшатыр», «Думан» ойын-сауық
орталықтары және «Бәйтерек» сияқты әсем ғимараттарды мақтанышпен айтуға болады.
Астана – еліміздің тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан атамыздың ерен-еңбегі,
қажыр-қайратының арқасында бой көтерген әсем қала. Елбасымыз бұл қаланы қазақ
елінің игілігі үшін тұрғызғаны анық. Астанамызды қызғыштай қорғап, әсем де таза
қала етіп сақтау, еліміздің болашағы, мына біздерге аманат.
Шұғыла НҰРБОЛАТҚЫЗЫ,
Абай атындағы мектеп-гимназияның
2А сынып оқушысы.
Ұстазым менің
Менің екі анам бар деп айта аламын. Туған
анам және ұстазым. Сынып жетекшіміз Айжан
Қанатқызы. Бізге ұстазымыз үнемі
аналық, ұстаздық ақылын ай-
тып, білімді, тәртіпті, ұйымшыл,
қайырымды болуға үйретеді. Апай
бізді әрдайым шыншыл мінезді,
білімді, Отанын сүйетін азамат
болып өсуге тәрбиелеуде.
Мен ақылды баламын,
Айтқан тілді аламын.
Ұстазым сабақ сұраса,
Күнде бестік аламын.
Сағындық СЕЙДАХМЕТ,
Абай атындағы мектеп-гимназияның
3 Б сынып оқушысы.
Ұлттық
қазынаға,
талантты
тұлғаларға құрметпен қарауды, ақиық
ақынның өмірмен өзектес жырларының
құдіретін сезінуді нысанаға алған Сарқан
гуманитарлық
колледжі
ұжымының
Мұқағали Мақатаевтың туған күнінде
ұйымдастырған "Ақынсың сен - өлмес
жырың қуатты" деген тақырыптағы
еске алу кеші жиналғандарды тебірентпей
қойған жоқ.
Бұл күні колледждің мәжіліс залы
өнерсүйер, өлеңсүйер қауымға толы болды.
Көрермендер сапындағы аға буын өкілдері
мен жастардың назары сахнадағы бір-
бірімен әдемі үйлесімін тапқан қойылымдарға
ауған. Ақынның көзі тірісінде жазып алынған
өлеңдері оқылып, таңғы ауадай тап-таза
дауысы жаңғырды. Жүргізушілер Мұқағали
жұлдызының қазақ өлеңінің аспанында ерекше
нұрланып, жанып, жарқырай түсетінін, көзге от-
тай басылатынын, басқалармен шатастыруға
мүмкін еместігін айта келіп, өміршең жыр-
ларына кезек берді. Найзағаймен таласып,
зеңгір көктен ары асқан ұлы ақынның жырлары
тағы да жүректерге гүл егіп, тәп-тәтті үнімен,
мағыналы мазмұнымен баурап алып, тамыры
терең әнге айналғанына куә болды көпшілік.
«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін»,-деп
ақындық дауысын аңғартқан өлеңнен бастау
алған жырлар шоғырында орындалған «Бүгін
менің туған күнім», «Ей, өмір», «Не жетпейді?»,
«Сен менің жанарымның ішіндесің» және тағы
да басқа туындыларының жүректерге жол
тапқанын көрермендер ықыласынан аңғару
қиын емес. Осы шығармалардың табиғатына
сай бейнеленген сахналық көріністердің де
қызығушылығымызды үстемелей түскенін
айта кеткен абзал. Тіршілік дүниесінің кейде
марғау, кейде дүлей құбылмалы құшағында та-
рих шаңын шұбатып, жөңкілген екпініне ілесіп,
мәңгілік Өмір салтанатының жасыл жайлауын
бетке алған жырлардан тау мен теңіздің, жу-
сан мен жаңбырдың иісі аңқып тұрды. Кештің
ажарын ашқан «Туған жер», «Қазағым-ай»,
«Саржайлау», «Сенің көзің», «Мен сені
ұнатамын», «Қайран Қарасазым-ай», «Ана, сен
бақыттысың», «Сәби болғым келеді», «Жас
қайың», «Күрең күз» сынды сағынышты сазға,
әсем әуенге, әдемі әнге айналған жырлары
шырқау көкке самғады. Ал көрермендер за-
лында отырып, көпшіліктің көз алдында ақын
жырларынан алған әсерлерін полотноға май-
лы бояумен түсірген жас суретшілер Айдана
Ертоғын мен Алмагүлдің төлтума туындыла-
рына қызықпағандар кемде-кем.
Келер жылы ақынның бақилық болғанына
40 жыл толады. Өзі кетсе де сөзі-жыр мұралары
XXI ғасырмен қауышып, қалың елі-қазағымен
біте қайнасқан қаламгердің қарымын өз сөзіне
арқау еткен аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы
колледж директоры Ерлан Дармышевқа,
«Айкүміс» бишілер тобы мен домбырашы-
лар ансамбліне облыстық шығармашылық
орталықтың дипломдарын табыс етті.
Б.НУРМОЛДИНА,
колледж директорының тəрбие ісі
жөніндегі орынбасары.
«Есiње менi алѓайсыњ!»
Менің Астанам
Екіаша орта мектебінің директоры
Беисова Назгүл Ахметқызын
18-ақпандағы туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елге еткен
еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта да жалғасын
таба берсін! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз!
Ұстаздықтың көгінде қалықтай бер,
Істеген еңбегіңнің жемісін көр.
Адам деген атыңа кір келтірмей,
Жадыратсын жаныңды жарқын күндер.
Ізгі тілекпен: мектептің шаруашылық ұжымы.
Жүргенге жөргем ілігеді
"Әр елдің заңы басқа, иттері
қара қасқа",-деген сөздің жаны
бар. Арқаны мекендейтін
ел "жөргем" деп тоқішектің
ет пен шажырқай қосып өрме
ленген түрін айтады. Ал Ж
етісу
өңіріндегі қазақтар өкпені бір
елідей қып жіңішкелеп тіліп
шығады да ішек сияқты өре
ді. Мұны
олар "жөргем" дейді. Бір ғажабы
тоқішек те, өкпе де қонақтың
табағына салынбайды. Ерте
де
қыстаудан жайлауға көшкенде
қыстаудың төбесін жапқан б
атырма ағашқа жөргемді іліп
кетеді
екен. Өзегі талған жолаушы
осы жөргемді талғажу еткен.
Мұндай үрдіс Сібірдегі жергілік
ті
халықтардың да тұрмыс-салтт
арында кездеседі.
Енші беру
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі,
салт-дәстүрінде ен-таңбаның
ерекше мәні болған.
"Таңбасыз ел болмайды, найзасыз
ер болмайды", "Ақ найзасы бо
лмаса, ерді қайдан танырсың,
ен-таңбасы болмаса, малды
қайдан танырсың" деген мәйек
ті сөздердің шығу тарихын қадым
заманғы көшпелілердің қоғамдық-шар
уашылық жүйесінен көреміз.
Шынында да әр рудың өз
таңбасының болуы ғана осы
бір қоғамдық-этикалық бірлік
тің заңдылығын айғақтаған.
Ал, төрт
түлік малға ен салу - ата-баб
аларымыздың көне салттарының бірі.
Ұрпақ жылнамасы - уақыт көшіне
бүгінгі күн биігінен көз салсақ,
отау үйге қара шаңырақтан
енші берілуі халықтың педаг
огиканың танымдық-тәрбие
лік маңызын көрсететін құбылыс.
Жалпы "енші" сөзінің тәлімдік
мағынасы өте кең. Кейінгі жаст
арға ақыл-өсиетін айтып, өмір
де
кездесе беретін түрлі қиындықт
арды жеңуге көмектескен даналар
дың ізінде қалған мақал-
мәтелдер аз емес. Соның бірі: "Ж
ақсы кісі езуінен енші береді".
●Дәстүр