Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет43/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

ету, жүзеге асыру, анықтау және т.б.; ә) мәтіндегі ойды 
дәнекерлеуші тілдік тұлғалар: туралы, және, немесе, … бойынша, 
бұдан әрі, бұдан әрі қарай, сондай-ақ, осыған сәйкес, осыған 
байланысты, тиіс, қоса есептегенде және т.б.; б) көмектес септігі 
арқылы жасалатын тіркестер; заңмен белгіленген, нормативтік 
актілермен реттеледі, ережелермен анықталады және т.б.
7) Қоғам мүшелеріне, заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға 
орындалуы міндетті мазмұндағы мәтін түзетін, түпнұсқасы орыс 


131
тілінде жасалатын, содан соң мемлекеттік тілге аударылатын 
нормативтік-жарлықшы құжаттардың құрылымы үшін тұрақ-
тылық, жоғары дәрежедегі стереотипизация тән. Сондықтан да 
нормативтік-жарлықшы құжаттардың аудармасында құрылым-
дық калька жоғары дәрежеде орын алады.
8) Қоғамдағы тілдік ахуалға сәйкес жаңа лексикалық бірліктерді 
бірыңғайлау, нормаландыру процесіндегі ресми іскери стильдің 
үлесті орны бар. Ресми құжаттарда: сөзжасам амалдарын қолдану, 
сондай-ақ көп тілдік лексемалардың семантикалық мүмкіндіктерін 
пайдалану бағыты; бір мәртелік қолданыстар; согипонимдердің 
мағыналық кеңею өрісі айқын байқалады.
9) Бағалаушы немесе экспрессиялық-эмоциялық бояулы 
мағынадағы сөздер аударма барысында, яғни терминдер 
жүйесіне енгеннен кейін өздерінің бағалауыштық қызметі 
мен экспрессиялық-эмоционалды реңкі арқылы көрінетін 
семантикасын өзгертіп, потенциалды семалары арқылы белгілі 
бір арнайы ұғымның атауы ретінде қолданылады, соның 
нәтижесінде, олардың парадигматикалық және синтагматикалық 
қарым-қатынастардағы сипаты өзгереді. Мысалы: бақталас, 
бәсекелес, егес, тоқырау, артта қалушылық сөздерінің сөйлемде 
«ресурстарын, уақыты мен күш-куатын орынсыз шығындау» деген 
ақпаратты толық жеткізу үшін, қоғамдық-әлеуметтік сипаттағы 
ұғым атаулары ретінде пайдаланылуы.
10) Қазақ тілінің төл тілдік нұсқаларының (жалпы қолданыстағы 
сөздер мен сирек қолданылатын сөздердің) нормативтік-жарлықшы 
құжаттар тілінде игерілу дәрежесінің жоғарылығы ұйымдастыру-
шы-қадағалаушы заң құжаттары мазмұнында баяндалатын 
субъектілік-объектілік қарым-қатынастардың шынайы өмірмен 
тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Жалпы қолданыстағы 
сөздердің терминделуінде сөз семантикасынан түбірлі өзгерістер 
байқалмайды, мұнда терминделген лексикалық единицаның 
мағыналық 
құрылымында 
кейбір 
микрокомпоненттердің 
доминанттық ауысуы/жылысуы ғана байқалады; мысалы: 
қыдырымпаздық – прогул; сынамшылдық – критиканство; 
мадақтау – наградить; оңтайландыру – оптимизация; қаскөй – 
злостный; алаяқтық – афера; әккілік – изощренность; екіжүзді – 
фарисей; құлшыныс – порыв; құндылық – ценность және т.б.


132
11) Нормативтік-жарлықшы құжаттардағы ақпарат мазмұнын 
толық жеткізуде, мәтінде кездесетін жаңа ұғым-түсініктердің 
атауын қазақ тіліне аударуда қолданылатын терминжасам 
тәсілдері заңнамалық-құқықтық (басқарушылық-қадағалаушылық 
терминология жүйесіндегі семантикалық категориялар мазмұнына 
сәйкес, қазақ тілінің сөзжасам амалдары негізінде жүзеге асады.
12) Терминжасамның морфологиялық тәсілін қолдану 
барысында байқалған жайттар:
- бір сөзге жұрнақ варианттарының жалғануы арқылы 
әртүрлі ұғым атауларының қолданысқа енуі: сауалдама (анкета) – 
сауалнама (опрос) – сұраунама (вопросник);
- синонимдес жұрнақтардың (-шы/-ші, -кер/-гер) қатар 
игерілуі: әкімші (администратор) – зияткер (интеллектуал);
- омоним жұрнақтардың (-лық/-лік (сын есім), -лық/-лік (зат 
есім)); активтенуі: ақпараттық (информационный) – өкілдік 
(представительство);
- нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде қимыл есім 
тұлғасының термин жасаушы формант ретінде активтенуі: 
қаржыландыру (финансирование); жекешелендіру (приватизация); 
сақтандыру (страхование).
13) Нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде сөз тіркестерінің 
жиі пайдаланылу себебі тектік қатынастағы ұғымдардың түрлік 
сипаттаушы элемент ретінде қолданылуымен сипатталады. 
Мысалы: құқық (право) – азаматтық құқық, қылмыстық құқық, 
отбасы құқығы, еңбек құқығы, экологиялық құқық, мүліктік 
құқық, халықаралық құқық.
14) Нормативтік-жарлықшы құжаттар тілінде кездесетін 
(жинақталған тілдік материалдар негізінде) сөз тіркестерінің 
мағыналық құрылымына талдау жасау барысында төмендегідей 3 
негізгі модельді бөліп көрсетуге болады:
- сын есім + зат есім – С + З;
- зат есім + зат есім – З + З;
- зат есім + етістік – З + Е.
15) Нормативтік-жарлықшы құжаттар – төл тілдік 
әлеуеттің қозғалысқа түсуі арқылы қоғамдық-саяси қарым-
қатынастарға, ғылыми-техникалық процестерге қатысты тың 
лексикалық бірліктердің жасалуында, қолданысқа түсуінде және 
нормалануында басты тармақтардың бірі ретінде саналады.


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет