Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


ІІІ ТЕРМИН ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

ІІІ ТЕРМИН ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫ
3.1 Термин қабылдаудағы қағидаттар
3.1.1 Елдес Омарұлы ұсынған қағида
2
1924 жылдың маусым айында Орынборда «Қазақ ғылыми 
қызметкерлерінің 1 – съезі» болып, онда қазақ терминологиясын 
қалыптастырудың алғашқы қағидаттары бекітілді. Съезде 
терминологияны қалыптастырудың басты қағидаттарын белгілеу 
жөніндегі баяндаманы Елдес Омарұлы жасады. «Қазақша пән 
сөздер тақырыпты Елдестің баяндамасы» негізінде сиез қаулы 
қабылдады. 
Ол қағидаттар мыналар: 
1. Қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен алынатын болсын. 
Қазақша сөздерден түбірге жұрнақ жалғап, жаңа сөз шығарғанда, 
– жұрнақтарды елдестің баяндамасында айтылған жолмен талғап 
алуға тиіс. 
2. Қазақтың өз тілінен табылмаған пән сөздер, басқа түрік 
халықтарынан ізделсін; басқа түрік тіліндегі пән сөздер – жалпы 
түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, – ондай сөздер 
жатырқамай алынсын. 
3. Иауропа халықтарының бәрінің де тіліне сіңіп кеткен жалпы 
жұртқа ортақ пән сөздер, қазақ тілінің заңдарына келтіріліп, бізге 
де пән сөз болып алынсын, – жалпы Иауропа сөзі мен қазақша сөз 
түбінде екеуі қатар жазылып отыратын болсын;
4. Қазақтың өз тілінен басқа-басқа тілдерден алынған 
пән сөздер қазақ тілінің баяндамада байыналап көрсетілген 
заңдарынша өзгертіп алынсын. 
5. Қазақша пән сөздерін тексеріп қабылдап алатын орыс
қазақша ілім кеңесі, – жалпы қазақ халқы үшін жалғыз болсын; 
пән сөздер әуелі ілім кеңесінің жанында өз пәнінің мамандарынан 
сайланған, өз пәнінің мамандарынан сайланған, өз пәнінің өзіне 
дербес кемесиелерде тексерілетін болсын; Кемесиенің қабылдап 
2
Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының сипаты. –Алматы, 2004. –38-бет


172
алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып, көптің сынына 
түскеннен кейін, ілім кемесиесінің қарауына тапсырылып, сонда 
бекіп шығатын болсын;
6. Қазақша сөздер әліпби ретімен тізіліп, лұғат кітебі болып 
жазылып шығарылсын.
Ескерту: Мәтін Ш.Құрманбайұлының кітабында жазылған 
үлгісі бойынша берілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет