Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет57/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
мәжілісінің шешімімен» деп аяқталмаған құрылым бере қоямыз 
да, оның астына күн мерзімін тағы да байланыстырмай береміз. 
Біздіңше дұрысы орыс тіліндегі қалыпты сақтамай, мына үлгіде 
берген орынды: «2008 жылғы 12 тамыздағы Ғылыми Кеңес 
шешімімен БЕКІТІЛДІ» деп байланыстыра берген бұрыштама 
дұрыстау болған болар еді. 


167
Сондай-ақ, жөнінде, жөніндегі, туралы шылауларының 
қолданысы да алуан түрлі. Бұл орайда бұйрықтардың 
тақырыптарын жазуда туралы шылауын қолданған орынды. 
Мысалы: Тәртіптік жазаға тарту туралы, Жұмысқа қабылдау 
туралы, Іссапарға жіберу туралы және т.б. Ал жөніндегі шылауы 
сөйлем жүйелерінің ішінде қайталамау мақсатында немесе сөйлем 
байланысының қолайлығына қарай туралыны ауыстыратын тілдік 
бірлік ретінде құжаттарда екінші санатта қолданылатын бірлік 
болып саналғаны дұрыс. Қысқасы, белсенділігі жоғары және 
құжаттар тіліне жақынырақ нұсқасы – туралы
Сонымен бірге мекемелердің ішкі құрылымдарын беруде 
жөніндегі шылауының қолданысы мекемелердің ішкі құрылымдық 
бөлімшелерінің атауларын аударуда, беруде жиі қолданылады. 
Осыған байланысты атаулардың аудармасында аталған шылау 
бірде қолданылса, бірде қысқартылып, түсіріліп қолданылады. 
Мысалы: Управление по работе с персоналом – Персоналмен 
жұмыс істеу басқармасы немесе Персоналмен жұмыс істеу 
жөніндегі басқарма; Управление безопасности – Қауіпсіздік 
басқармасы – Қауіпсіздік жөніндегі басқарма. 
Сонымен бірге работник сөзін жұмыскер деп аударып, 
жұмысшы деген жалпы атаудан бөлектеп алған орынды. 
Қазіргі кезде аударуға қиын соғып отырған сөздердің бірі – 
пилотный: пилотный проект, пилотная зона, пилотные версии 
және т.б. Пилотный сөзін жобалық нұсқа деп аударуға болады, 
дегенмен, пилотный проект тіркесін аударуда жобалық сөзін 
екі рет қолдану орынсыз болып табылады және түсінікті бола 
алмайды. 
Мақсатында, үшін бірліктері құжаттар лексикасында, әсіресе, 
хаттар мен бұйрықтарда, өкімдерде жиі қолданылады және бір-
бірінің орнына жұмсала береді. Дегенмен, мақсатында сөзінің 
қолданыстағы белсенділігі басымдау болып саналады. Құжат 
тілінің түсініктілігін қамтамасыз ету үшін сөйлем жүйелерінде заң 
талаптарын орындау мақсатында, іс-шаралар өткізу мақсатында, 
біліктілігін артыру мақсатында, бюджеттік жоспарлауды 
оңтайландыру мақсатында, жоспардағы қаржыларды үнемдеу 
мақсатында және т.б. нұсқаларда қолданылады. Бұл екі бірлік 
қайталаудан қашу мақсатында, бір күрделі сөйлемнің ішінде 


168
мақсатты білдіретін екі тілдік оралым қатар келген жағдайда бір-
бірін алмастырып, екі нұсқасы да қолданылады. Мысалы: Еңбек 
өніміділігін арттыру үшін жұмыскерлерге бір мезгілдік сыйақы 
төлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН
Құжат лексикасында, әсіресе, орыс тілінен аударылған 
сөйлемдерде байланысты, бойынша тілдік бірліктері және онымен 
байланысты тілдік оралымдар жиі қолданылады. Әсіресе, в связи, 
поскольку, из-за того сияқты оралымдарды байланысты, кейде 
ауыстыру үшін себепті сөздерімен берсе, по вопросу, по приказу, 
по подразделениям деген сияқты оралымдарды бойынша арқылы 
беру жиі қолданыс тапқан. 
Әр түрлі қолданыстарына байланысты осы сияқты аудару қиын 
соғып жататын терминдерге тоқтала кеткен орынды. 
Мысалы, назначение – мәні, пәні, қолданысы деген нұсқаларда 
аударылып жүр. Расында, назначение мақсаты болып аударуға 
жақындайды. Ал мақсаты цель ұғымына жақындайды, сондықтан 
бұл қолданыс мақсаты дегеннің ұғымын білдіретіндіктен, 
қолданысы деп алған орынды. Ал мәні немесе пәні деп алынған 
тұстар шартты алынған тілдік тұлғалар болып саналады. 
Задачи сөзі міндеттер, объязательства сөзі міндеттемелер 
түрінде аударылып, кейде міндеттер мен міндеттемелердің аражігі 
ажыратылмай қолданылып жүр. 
Квартальныйтоқсандық, ширектік болып екі нұсқада 
аударылуда. 
Бөлімше сөзі бірде орыс тіліндегі отделение дегеннің ұғымын 
берсе, бірде часть дегенді білдіріп, әртүрлі ұғымдарды аудару үшін 
қолданылып жүр. 
с – по – аралығында (с 12 августа по 6 сентября – 12 тамыз – 6 
қыркүйек аралығында) 
в разрезе – шаққандағы / бөлінісіндегі 
рентабельный – өзін-өзі ақтайтын, өнімді
действие – әрекет
Аударуға қиын соғып отырған, жекелеген аудармашылар 
тарапынан әр түрлі аударылып, көбінесе кірме нұсқасында 
қолданылып жүрген құжат лексикасындағы сөздерге мыналарды 
жатқызуға болады: 
Виза – виза, рұқсатнама


169
Сопровождение – қолдау, қолдау көрсету, ілеспе
Пилотный – жобалық, жоба алды, жоба түріндегі
Филиал, директор – филиал, бөлім, бөлімше, директор, мүдір
Конфигурация – құрылымдық белгілер, ерекшеліктер, жүйелік 
белгілері 
Настройка – құрылымдастыру, түзетпе жасау, тетіктеу, 
тетіктестіру (дұрысырағы тетіктеу – Е.Ә.)
Процесс – процесс, процес, барысы
Акция – акция, бір мезгілдік іс 
Пункт – пункт, орын
Адресная книга – адрестік кітабы, анықтамалық кітап
анықтамалық
Биржа – биржа
Агентские услуги, курьерские услуги – агенттік қызмет, 
курьерлік қызмет – тасымалдау қызметі – услуга доставки – 
жеткізу қызметі, жеткізіп тапсыру қызметі
Персонал, кадр – персонал, кадр, маман, жұмыскер
Норма, норматив, балванка – норма, норматив, балванка.
Мекемелер мен кәсіпорындарда бірінші басшының лауазымына 
немесе басшылық құрам өкілдерінің лауазымдарына айрықша 
мән беру үшін Басқарма Төрағасы, Басқарма Төрағасының 
Бірінші орынбасары сияқты қолданыстарды орфографиялық 
заңдылықтарға сай келмейтін тыс бас әріптестермен жазу процеске 
айналып барады. Бұл да қателік болып саналады. Әрбір мәтін 
жазушылардың, әрбір мекеме ішіндегі жеке заңдылықтардың болуы 
тілдегі бейберекеттікті тудырып, сауатсыздыққа итермелейді. 
Мекемелерде құжаттар тілінде сөздерді, атауларды қысқартып 
қолдануға деген бейімділік байқалады. Осы орайда, кейбір 
сөздердің қысқартылуы түсініксіз болып қала берсе, кейбір 
қысқартулар бірдей нұсқада болып шығады. Мысалы: ҚҚБ 
құқықтық қамтамасыз ету басқармасы, ҚҚБ құжаттық 
қамтамасыз ету бөлімі.
Және шылауының қолданысы да талдап өтуді қажет етеді. 
Бірыңғай мүшелермен, бірыңғай жай сөйлемдер жүйесімен келген 
кезде және шылауын соңғы бірыңғай тілдік бірліктің алдында 
көрсетіп, оған дейін үтірлерді қолданған орынды. Мысалы: Төраға 
орынбасарлары, бас бухгалтерлер және құрылымдық бөлімше 
басшылары.


170
Жекелеген сөздердің қолданысына байланысты мынандай 
аудармаларды ұсынуға болады: 
Согласовано – келісілді
Узел – торап 
Курирующий руководители – басқарушы басшы
Земной транспорт – жер көлігі
Авиатранспорт – әуе көлігі
Предсертификационный, 
предаттестационный, 
предпоследний – сертификаттау алдындағы, аттестаттау 
алдындағы, соңғының алдындағы 
Факты – дәйек
Положение, Правила – Ереже; 
Учитывая – ескере отырып, 
Привлекать к дисциплинарной ответственности – тәртіптік 
жауапкершілікке тартылсын
Дисциплинарное взыскание – тәртіптік жаза.
Осымен бірге қазіргі аудармаға жетпей жатқан тілге түсінікті, 
қарапайым стильмен беруге ұмтылу, сөйлемнің жатықтығы мен 
сөздердің арасындағы, сөйлемдердің арасындағы байланыстың 
болуы сияқты талаптарды айта кеткен орынды. 


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет