199
ықшам, айтылуында екпін түсетіндей,
дауыс көтеріңкілігі,
императив анық байқалатындай болуы қажет.
Жалпы алғанда, сөздікте аударма тәсілдері арқылы сәтті
жасалған терминдер легі бір алуан. Бұнда лексикалық, семанти-
калық, сөзжасамдық және синтаксистік калька амалын сүйеніш
еткен жайттар жиі ұшырасады (
ауытқушылық – аномалия; атаулы
тізім – именной список; атыс кезегі). Сонымен қатар, жоғарыда
айтқанымыздай, қазақ тілінің
өз сөздік қорында бұрыннан бар,
әскери іс саласына топтасатын аталымдар да Сөздіктен көрініс
тапқан; олардың бір легі ретінде төмендегілерді атауға болады:
айдауыл (конвой), алғыншы (авангард), алтыатар, берен;
дулыға; нысана; жортуыл; әскери әлеует; әскери нөкер (эскорт);
қарауыл; ершік (седловина); жедел ақпар (депеша); оқшантай;
кіреуке (кольчуга); сауыт (кольчуга); зеңбірек; шүріппе; торуыл
(засада); құндақ (цевье); сарбаз; қолбасшы; тапанша (пистолет);
ұңғы (дуло,ствол); қалқан; сап; лек; семсер; зеңбірек; шеп; шолғын
(дозор) және т.б.
Сөздікке енгізілген терминдердің тағы бір тобы үшін төл
сөздердің мағыналарындағы қандайда бір семантикалық
компоненттердің реңктерін пайдалану арқылы терминдік мағына
үстеу тән. Бұндай жағдайда еңбекте терминдік мағына үстемеленген
сөздің тағы бір синонимі немесе орыс тіліндегі нақты ұғымдық
мәнге ие баламасы қоса көрсетіледі: бұл –
сөздің анықтамасын
нақтылау үшін қолданылатын санамалау, сондай-ақ синонимдерін
тіркеу тәсілі. Айталық,
бақылау, байқау (надзор); белдік, бау;
дәреже, ранг (ранг); жарақ, жабдық (принадлежность);
жол көрсетуші, өткізгіш (проводник); кеудеалқа, аксельбант
(аксельбант); қарауыл, күзет (караул); нобай, макет (макет);
қолдау, сүйемелдеу (поддержка); пәрмен, команда (команда);
рұқсатнама, виза (виза); сауыттау, сақтау (забронировать);
тұрақтану, негізделу, орналасу (базирование); түр, пішін, нысан
(форма); түйін, торап (узел); траектория, оқ ізі (траектория);
шынжыр, тізбек (цепь); ілгек, жағабелгі (петлица); ілгек бақан,
багор (багор). Терминдердің бұлайша берілуінің бірнеше объективті
себептері бар деп есептейміз. Біріншіден, Сөздікте кейбір жағдайда
синонимдерінің қатар берілуі және олардың сандармен ресімделуі
түсінікті; мыс.,
1. белдік, 2. бау ретінде ұсынылу амалын осы
200
екі сөз ұғымдық көлемі әр басқа екі терминдік ұғым ретінде
жұмсалады деп қабылданады. Бір ұғым үшін бірі қазақ тіліндегі,
екіншісі орыс тіліндегі баламасының ілестірілуі (
мыс., нобай,
Достарыңызбен бөлісу: