Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет82/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
Шығысты Тіңір жаратты 
Батысты-дағы жаратты! - деген болатын.
Арада талай ондаған жылдар өткеннен кейін өзіне ғана тән 
құштарлық қуатымен
қаймықпастан біздің замандасымыз Олжас 
Сүлейменов те осы идеяны айтады:
Шығыс жоқ
Және Батыс жоқ
Аспанның дағы жоқ соңы.
Шығыс жоқ
Және Батыс жоқ –
Әкенің бар тек екі ұлы
Шығыс жоқ
және Батыс жоқ,
Күн шығады да батады
Жер деген үлкен бір ұғым
Ортақ болып жатады...
...Уақыт байланысы ажырағысыз, сонымен бірге үлкен ақындар 
да рухани туыс, бір-бірімен үндес, оларды нағыз құдіретті тылсым, 
құдіретті ғажайып Поэзия тұтастырып, туыстырып тұрады.
* * *
Осыдан екі ғасырдан астам уақыт бұрын (1782) ұлы аллемандық 
ақын Иоганн Вольфганг Гете қазір барша әлемге белгілі «Эрлкениг» 
атты балладасын жазған болатын. Атышулы балладаның дүниеге 
келу тарихы да қызық.


225
Гетенің замандасы, тек замандас қана емес, ұстазы болған 
Иоганн Готфрид Гердер бірнеше халықтың ескі жырларын жинап, 
құрастырып, өңдеп, немісшеге аударып, жеке жинақ түрінде 
бастырып шығарған. Бұл өзі заманында үлкен ақын, философ, 
әдебиет пен тіл зерттеушісі болған кісі еді. Осы жинаққа енген 
халық балладалары кезінде Гетеге өте-мөте қатты әсер еткен. 
Ежелгі дат елінің «Орман патшасының қызы» атты өлеңі өзінің 
поэтикалық құдірет күшімен ақын назарын әсіресе қатты 
аударып, барынша баурап алса керек. Шынтуайтқа келгенде, бұл 
аңызда әңгіме болатын орман патшасының қызы емес, эльфтер 
патшасының қызы болатұғын. Ал, эльфтер дегеніміз ертедегі 
герман тайпаларының, атап айтқанда, сол Дания, Норвегия, 
Швеция елдерінің аңыз-ертегілерінің бәрінде де дайым көрініс 
тауып отыратын табиғат бойындағы шипалы қасиетті бейнелейтін 
кішігірім демеуші рухтардың атауы. Бұл арада анықтай түсетін бір 
жай мынау: Гердер дат тіліндегі «эллерконга» деген сөзді жаңылыс 
түсініп, «Орман» деп қате аударған. Шындығында оның дұрысы 
«Эльфтер патшасы». Гете де атаудың мән-жайына байыптап 
бармай, ұстазына сеніп, айтқанын сол күйінде қабылдай салған. 
Әйтпесе, Гете Эльфті білмеді деп ойлау қате: әрілесе, тіпті, Гетенің 
«Эльфенлид» – «Эльфтер әні» дейтін өлеңі бар.
Гердер аударған дат балладасының мазмұнын біз қазақтың 
қарабайыр тіліне салып айтар болсақ, төмендегідей болып 
шығады. Күндердің бір күнінде Олуф деген сері жігіт үйлену 
тойына қонақ шақырмақ болып, салт атпен түнделетіп алыс жолға 
шығады. Ну орманның шетінде көкорай шалғында мәз боп, би 
билеп жүрген эльфтерге кезігеді. Эльфтер патшасының қызы жас 
Олуфтың алдынан шығып, сәл бөгеп, биге шақырады, сиқырмен 
арбайды. Жігіт көнбейді, тым асығыс екенін, ертең болатын той 
қамымен жүргенін, қалыңдығын алдынан күтіп алатынын айтады. 
Эльфтер патшасының қызы бұрынғыдан бетер қылымсып, арбап, 
сері жігітке сәнді жібек көйлек, ат басындай алтын сыйлаймын деп 
қызықтырып тұрып алады. Әйтеуір, не керек, арбайды, азғырады, 
Жігіт оған да көнбейді. Енді қыз намысы қорланған сұлу ашуға 
булығып тұрып: ендігі қалған өмірінде шегер ауыр азабың да, 
тартар жазаң да айықпас дерт болсын деп қарғап, Олуфты дәл 
жүрегіне жұдырықпен қойып қалыпты. Бір сәтте құп-қу болып, 


226
есеңгіреп, тәлтіректеп кеткен жігітті қыз қолтығынан демеп, атына 
мінгізіп, «ал, енді қалыңдығыңа қайта бер» дейді. Ес-түссіз ұлын 
көрген шешесі шошып кетеді. «Өңің неге сонша қашып кеткен
балам-ау», - деп сұрағанда, «Өй, несін сұрайсың, - деп қапаланады 
Олуф. – Мен эльфтер патшалығына тап болдым ғой, құрыдым 
ғой...». Балам-ау, ертең бір топ адаммен қалыңдығың келеді. Оған 
не бетімді айтамын?» – деп шешесі зар еңірейді. «Итін ертіп, 
аңға кетті дегейсің», – дейді басқа амал-айласы қалмаған жігіт... 
Ертеңіне, елең-алаңда тума-туысқандарымен қалыңдығы да келеді, 
келе сала жігітін іздейді. «Орманда аң аулап жүр», – дейді анасы 
бейшара. Қыз төр жақта жатқан алқызыл әлденені көзі шалып, 
көтеріп қалса, шүберек астында ессіз-түссіз сұлап жатқан сүйген 
жігітін көреді...
Гердер аудармасымен неміс тілінде жарық көрген дат аңызының 
ұзын-сонар оқиғасы, міне, осындай. Аталмыш аудармада баллада 
романтикалық-мистикалық пафоска шырқап шығып, шынайы 
сыршыл поэтикалық көркем шешімін тапқан-ды. Егіз ұйқаспен 
жазылған небәрі қырық екі жолдан тұратын мейлінше жинақы, 
ықшам балладаның оқырманды салған жерден баурап алатын 
ерекше қасиетін айтпасқа болмайды. Диалогқа құрылған оқиғаның 
басы-аяғы жұп-жұмыр, ширақ және халық поэзиясына тән 
қайталанып соғып отыратын ойнақы сөз орамы да өткірлей түскен.
Осы балладаның әсер-ықпалының арқасында дүниеге 
Гетенің атақты «Орман патшасы» келді. Гете дат балладасының 
сюжеттік желісімен бірге оның романтикалық сарынын, сыршыл 
астарын ашықтан ашық пайдаланса да, ал, бірақ образ жүйесіне 
айтарлықтай елеулі өзгерістер енгізді. Мәселен, ұлы ақынның 
«Орман патшасында» Олуф мырза да, оның қалыңдығы мен 
шешесі де, эльфтер патшасының сиқырлы қызы да атымен жоқ; 
есесіне оқиға негізінен тас қараңғы түнде салт атпен жортып келе 
жатқан әке мен жас бала, сонсоң сақалы беліне түскен, мөлт қара 
тәж киген орман патшасының төңірегінде өрбиді. Мұнда да сюжет 
шымыр, адамдар арасындағы алым-берім диалогтар мейлінше 
қысқа, шолақ, жып-жинақы. Қатерге толы қараңғы түнде табиғатта 
көңіл-күйге қарай қырық құбылады. Жүрегі алып ұшқан елгезек 
кеңіп жас нәрестенің қорқыныш-үрейге толы жан сезімі қолға 
ұстатқандай айқын, әсерлі, сұлу суреттелген. Балладаның ішкі 
тартыс динамикасы шиыршық атқан ширақ.


227
Қазақ оқырмандарының арасында да мен білсем, неміс тіліне 
жетік зиялы азаматтар баршылық. Сондықтан мен түпнұсқадан 
мысал ретінде бір ғана шумақ келтірейін. Содан-ақ балладаның 
өлең өлшемі мен әуен, ырғағын байқауға болады. Дегенмен, бұл 
шумақтан жалпы жұрт та бірдеңе ұғу үшін қара сөзбен жолма-жол 
аудармасын келтіруді жөн көріп отырмын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет