3.7 Терминдерді аудару мәселесіне
Аударма ісіндегі маңызды мәселе – терминдердің аудармасына
байланысты. Жоғарыдағы аудармасы жиі қолданылатын сөздердің
қатарына қоса келгенде, термин деп қабылдап жүрген тілдік
бірліктердің өзін іштей топтап алған да орынды. Оны шамамен
терминдер, құжат лексикасы, кәсіби сөздер сияқты топтарға бөлуге
болады. Осы орайда, терминдердің аудармасына, оған қатысты
қалыптасқан түсінік пен жағдайға жан-жақты тоқталған орынды.
215
Терминологиядағы аударма мәселесiнiң өзектi болып
отырғандығы мәлiм. Бұл бағытта қазiргi таңда екi түрлi
көзқарастың қалыптасып, терминдерді аудару-аудармауға
байланысты түрлі түсініктер мен ойлар барлығы жасырын емес.
Сондықтан терминдерге қатысты ойлар жеке тоқталуды қажет
етеді. Терминдердің аударылуына қатысты көзқарастағылардың бiр
тобы терминдердiң аударылуын қолдаса, екiншi тобы терминдердi
аударуға қарсылық бiлдiруде. Бұл – жеке адамдардың емес, дұрыс
аударылмаған терминдердiң салдарынан туындаған қоғамдық
көзқарас. Расын айтқанда, соңғы бағытты қолдаушылардың пiкiрi
мен аударма теориясын байланыста қарастырып көрейiк.
Аударма – тiл-тiлдiң барлығында да кездесетін тiлдiк тәсiл.
Кез келген тiл қажеттiлiгiне қарай аударма жасауға баратындығы
даусыз. Ал аударма мазмұнды не мағынаны дәл берудi қажет
етедi. Бұл – ең бiрiншi кезекте аудармаға қойылатын тiлдiк
талап. Аударма мәселелерiн қарастыру барысында өз еңбегiнде
Ш.Бiләлов мағынаның дұрыс берiлуiне баса назар аударады.
Ол бұл мәселеге: «… Мағынаны ұғыну – оның адам санасында
бейнеленуi немесе оның тиiстi ой тетiктерiн дөп басып, қоздыруы.
Сондықтан да, мағынаның дұрыс бейнеленуi ой тетiктерiнiң, сезiм
талшықтарының сезiмтал, нәзiктiгiнде. Екiншiден, мағына – бүтiн
де тұтас бейзаттық дүние. Бейзаттық шамасы абстракция болуы
керек», - деп көрсетедi [94, 161-б.].
2. Расында, мағынаның, оның белгiлерiнiң дәл берiлуi – тiлдегi
ең басты мәселелердiң бiрi. Бұған қатысты ғалым өз ойын қорыта
келiп, аударма дәлдiгiне қажеттi сатыларды жаттау ®Шетелдік
тұрмыс-тіршілік реалийін белгілейтін қазақ өміріне қатыссыз
немесе жалпыға бірдей қазақ (орыс) терминологиясында баламасы
бар терминдер.
3. Шетелдік болмыс реалийін белгілейтін қазақ болмысында
қолданылмайтын, жалпыға бірдей қазақ тілінде терминологиялық
баламасы жоқ терминдер. Мұндай терминдерді аудару мынадай
жолдармен жүргізіледі.
а) ағылшын терминін сипаттау; б) сөзбе-сөз аудару; в) жекелеген
немесе толық түрдегі транслитерациясын беру (транслитерация
– шетелдік сөздің графикалық үлгіде, яғни әріптік қабылдау
түрінде жеткізуге арналған аударма тәсілі); г) бір әліпби жүйесінде
216
(негізгі тілде) жазылған мәтінде басқа әліпби жүйесіндегі
(аударма тіліндегі) құралдармен беру; д) шетел сөзінің әріптерін
қазақ әліпбиі негізінде беру (транслитерациясы және сөзбе-сөз
аудармасы); е) мәтінді жеткізу тәсілінде дыбысталуын анағұрлым
дәл жеткізуге ұмтылу үшін аударма тілі әліпбиінің көмегіне сүйену.
Шетел сөзінің дыбысталуын (жекелеген есімдерді, геогра-
фиялық атауларды, ғылыми терминдерді) орыс алфавитінің
көмегімен беру. ж) транскрибиробания және аударма. Осындай
терминдерді аудару кезіндегі негізгі қателік мынада: аудармашылар
кейде шетел терминдеріне орыс материалдарынан әріптік сәйкестік
табуға ұмтылады. Мұндай тәсіл мүлдем дұрыс емес, бірішіден,
шетелдік болмыс реалийінің қызметі жойылып кетеді, екіншіден
қателерінің орын алу себебі, бұл терминдер тек қана шетелдік
болмысты сипаттайтын ұғымды беруі мүмкін, сондықтан орыстың
арнайы қабылданған реалийлерімен сәйкестендіруге болмайды.
Тағы бір қателік: аудармаға сәйкес емес тәсіл таңдаудан, жоғарыда
аталған топтардың біріне терминді қате күйінде енгізу.
Аудармашының тағы бір қатесі – сөзбе-сөздік, яғни шетелдік
термин немесе оның орыс терминіне ұқсас сыңарлары басқа
мағынаны білдірген жағдайда сөзбе-сөз аударма жасау.
Аударма кезіндегі тағы бір жайт – аталған контексте терминнің
шынайы мағынасын үнемі ескеріп отыру қажеттілігі. Сондықтан
терминді дұрыс түсіну мен аудару тілді жақсы білумен бірге,
шетелдік және орыс, қазақ болмысының реалийлерін жақсы білуге
қатысты.
Терминдерді қазақшалау жөні осы екен деп, оның бәрін
аудару қажеттілігі де шамалы. Филология ғылымдарының
докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы «тіл термин сөздер
арқылы көбірек жаңарады», [98, 48-б.] - деген ой айтады. Термин
баламалары – ғылыми тілдің дамып, жетілуін айқындап отырады.
Терминді қажетті жерінде ғана қолдану пайдалы. Бұл жөнінде
А.Байтұрсынұлының тұжырымы – бұлжымас қағида: «Біз сияқты
мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп,
мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі
мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында қайда
кеткенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени
жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ
217
тіліне аударғанда пән сөздердің даярлығына қызықпай, ана
тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» [99, 118-б.]. Сондықтан
да ағылшын, орыс тіліндегі терминдерге ғылыми сипаттама жасап,
оның мағынасын ашып, айқындап, ұлттық ұғымға сай қолдану –
мұқият ізденіспен шешілетін мәселе. Термин – жалпыға бірдей
баршаға ортақ, түсінікті сипатта жасалуы тиіс. Өкінішке орай,
бәрімізге түсінікті, дағдылы қолданысқа енген орыс терминдерін
жаңалау желеуімен жасалған, бір-біріне ұқсаған, мағыналық
жағынан жақындап кеткен, қарапайым халықты шатыстыратын
баламалар да жоқ емес. Бұл жөнінде әркез белгілі тіл мамандары
Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, Ш.Құрманбайұлы т.б. белсене
ат салысып жүр. Терминді аударуда да дәлдік, қысқалық, жүйелілік
сақталуы шарт. Ең бастысы баламасы түсініксіз, ұғымға ауыр
болмауы тиіс.
218
Достарыңызбен бөлісу: |