Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет76/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Жарлығында, 
дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына 
сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін 
тауарларға, валютаға және тұлғалардың заттарына кедендік 
бақылауды жүзеге асыру…
 (Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары 
нормативтік актілерінің бюллетені, 1-2, 1997, 55-б.).
Барлығы – 33 сөз; оның ішінде интернационалдық терминдер – 
8 лексикалық единица.


207
Ресми құжаттар тіліндегі интернационалдық терминдер 
қолданысы бойынша түйінделетін тұжырым – біріншіден, 
көрсетілген құрам ресми құжаттардың тілінде қажетті элементтер 
болып саналады; өйткені олар экстралингвистикалық фактор үшін, 
яғни екі тілдегі мәтіннің заң күшінің бірдей екендігін жоғары 
дәрежеде сақтау үшін, ресми-іскери стильдің жіктемелік белгісі – 
дәлдікті сақтау үшін айрықша қажет.
Екіншіден, ресми құжаттардағы интернационалдық термин-
дердің көрінісі қазақ әдеби тілі лексикасының дамуында бұл 
мәселеге саналылық, сұрыптаушылық көзқарастың қалыптасып 
келе жатқандығын көрсетеді.
Айрықша қызығушылық туғызатын жағдай – қазақ тілінің өз 
потенциалдық ресурстарының термин ретінде қолданысқа түсуі.
Ресми мәтіндердің терминжасамдағы ықпалды рөлін көрсету 
мақсатында бірнеше құжаттардың тіліне толық талдау жасаймыз.
1. «Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары 
нормативтік актілерінің бюллетенінде» (№3, 1994) қазақ тілі 
лексикасының терминделуі мынадай сипатта көрінді:
Әділет – Әділет министрлігі (Министерство Юстиции); 
мүдде – заңды мүдде (законный интерес); құзыр – ведомство 
құзыры (компетенция ведомства); зерделеу – қосымша зерделеу 
(дополнительное изучение); тізілім – реестр, сілтеме – ссылка; 
жекешелендіру – приватизация; бағдарлама – программа; 
меммүлікком – госкомимущество; өтінім – заявка; мемпакет 
– госпакет; мемменшік – госимущество; тапсырыс – заказ; 
мекенжай – адрес; нысан – форма; тізбе – перечень; есепшот – 
счет; төлем – оплата; хаттама – протокол; мәміле – сделка; 
айыппұл – штраф; ағымдағы субшот – текущий субсчет; 
дерек – сведение; төраға – председатель; бастапқы баға – 
первоначальная цена; соңғы құн – окончательная стоимость; 
мұралану – өмірлік мұраланатын иелік құқы (право пожизненно 
наследуемого владения); жерге орналастыру – землеустройство; 
сызылма – чертеж; иесіздендірілген құқық – отчуждаемое 
право; бап – статья; әрекет қабілеттілігі – дееспособность; 
жинақтаушы – накопительный; зейнетақы – пенсия; нұсқаулық 
– инструкция; торлы жабылма – вентиляционные короба; 
құндылық – ценность; тексеру пунктінің шоғырландырғышы 


208
– концентратор контрольно-пропускного пункта; әкімшілік 
– администрация; тетік – кнопка; тежегіш – педаль; ілмек – 
запоры; қатырғыш – пломбы; бақылау құлыптары – контрольные 
замки; көтерме тиеу – оптовая отгрузка; рұқсат қағаз – пропуск; 
қорғанша (биіктігі 1,8 м. кем емес қорғанша) – ограждение 
(ограждение высотой не менее 1,8 м.); тіке сым – прямые 
проводы; автокөлік – автотранспорт; сараптама бақылау – 
пробирный надзор, сынама – проба; сараптау бюросы – бюро 
экспертизы; растау – потверждение; тетік – механизм; дара 
есептік нөмірі – индивидуальный номер; сипаттама – описание; 
қайта жаңғыртылған – реставрированный; таразы және әртүрлі 
өлшеуіш құралдар – весы и разновесы; тізімдеу – инвентаризация; 
қатаң сәйкестілік – строгое соответствие; бағыныштылық 
– подчинение; ағаш көгі – древесная зелень; мәдени сауықтыру 
– культурное оздоровление; кешен – комплекс; заңды тұлға 
– юридическое лицо; зақымдану – повреждение; өкілетті 
орган – полномочный орган; негіздеме – обоснование; өтінім – 
заявка (ұзартуға өтінімнің болмауы) – (отсутствие заявки на 
продление); көркейту, аңшылықты көркейту – охотоустройство; 
құжаттама – документация; дара тұлға – физическое лицо; 
басымдық – приоритет; жағдаят – ситуация, өмірлік жағдаят 
– жизненные ситуации; кепілдендіру – гарантированный; кеңесші 
– советник;
2. «Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары 
нормативтік актілері бюллетенінің» келесі нөмірінде (1-2, 1997) 
қазақ терминдерінің жай-күйі төмендегідей:
санат – категория; нұсқаулық – инструкция; Сыртқыісмин – 
Министерство иностранных дел; құжат – документ; қызметтік 
виза – служебная виза; пошта – почта; жеделхат – телеграмма; 
тағылымдама – стажировка; құжаттарды ресімдеу – оформление 
документов; деректеме – данные, паспорттық деректемелер 
– паспортные данные; өкілдік – представительство; қолданыс 
мерзімі – срок действия; көпмәртелік виза – многократные визы; 
атаулы тізім – именной список; тек – фамилия; жапсырма – 
наклейка; мәтін – текст; түпнұсқа – подлинник; иесіне тиесілігі 
– принадлежность хозяину; кеден – таможня; алым – сбор; 
акциздік алым – акцизный сбор; еркін айналыс – свободный 


209
оборот; кірістердің сыныптамасы – классификация доходов; 
нысан – форма; төлқұжат – паспорт; сенімхат – доверенность; 
түбіртек – квитанция; тапсырма – заказ; түбіршек – корешок 
(нөмірленген түбіршектер беріледі – выдаются пронумерованные 
корешки; есептеме бланкісі – забалансовый счет; зерделеу 
– изучение; шетел тұлғасы – иностранное лицо; жеткізілім 
– поставка; күнтізбелік ай – календарный месяц; мөртаңба – 
штамп; топтама – партия (товаров); жазбаша түсініктеме 
– объяснительная; өкілеттік – полномочие; сараптау бағалау 
– экспертная оценка; ұқсату – переработка; тауарларды 
ұқсату – переработка товаров; негіздеме – обоснование; кеден 
бажы – таможенная пошлина; тауарлардың масштабтық 
бейнеленуі – масштабное изображение товаров; мәлімдеуші 
– заявитель; тауарды жиыстыру – сборка товаров; тауарды 
қиюластыру – подгонка товаров; сараптама – экспертиза; 
жөнелтілім – отправление, құзырет – компетенция; сауалнама 
– анкетирование; консулдық сағдиян – консульская вализа; 
кедендік бақылаудың жеңілдетілген жолағы – линия упрощенного 
таможенного контроля; жарықтандыру – оснащение; пошта 
айналымы – почтовый оборот; тәркілеу – конфискация.
«Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге 
де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 
бюллетеніндегі» (№20, 2002) терминдер мен терминдік тіркестер:
әкімші – администратор; шақыру бекеттері – призывные 
пункты; санат – категория; сынып – класс; өтемақы – 
компенсация; жинақтаушы зейнетақы қоры – накопительный 
пенсионный фонд; іссапар – командировка; көліктік қызмет 
көрсету – транспортное обслуживание; тапсырыс – заказ; сыйақы 
– вознаграждение; залал – убыток; тізбе – перечень; ұлттық 
сәйкестендіру нөмірі – национальный идентификационный 
номер; алым – сбор; пайыз – процент; күшейтілген сусындар – 
крепленные напитки; жарықтандыру заттары – освитительные 
приборы; ақырғы тұтынушы – конечный потребитель; үстеме 
пайда – сверхприбыль; рәміз – символ; жылжымайтын мүлік 
недвижимость; кедендік рәсім – таможенная процедура; 
мембаж – госпошлина; биоайрықшалық – биоособенность; 
оңалту – оздоровление; оқшауланған құрылымдық бөлімшелер – 


210
обособленные структурные подразделения; торкөз – ячейка; баспа 
белгісі – заглавный печатный символ; заңнама – законодательство; 
есептемелік – отчетность; жеке теңгерім – отдельный баланс.
Бірнеше дереккөздерден алынған тілдік фактілердің нақты 
қолданысын дәлелдеу үшін ресми мәтіндерге тікелей нұсқау 
жасаймыз:

 Егер сатып алушы өтінімді белгілеген уақытта ұсынбаса 
немесе аванс төлемесе, онда ол аукционға жіберілмейді. 
(Бюллетень…, 1994, №3, 7-б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет