макет; рұқсатнама, виза), сондай-ақ бірнеше синонимдердің
көрініс табуы (мыс., тұрақтану, негізделу, орналасу – дислокация
деген мағынада) олардың қай-қайсысын да жанр түрлерінде,
мәтіндерде қолдануға болады дегенді білдіреді. Дегенмен біз бұл
арада терминді қалыптастырудың негізгі қағидаларына, терминдік
жүйенің нормалық ұстанымдарына сүйене отырып, нақты бір ұғым
үшін терминнің ұғымдық көлеміне толық сәйкес келетін, оны аша
алатын бір ғана баламаның ұсынылуы қазақ терминжасамының
қалыптасуы мен жетілуіне игі ықпал жасайтындығын, сонда ғана
бекітілген терминнің қолданысқа түсу мүмкіндігі артатындығын
атап өтеміз.
Өзгетілдік ұғымдардың қазақша баламасының қолданысқа ену
мүмкіндігіне барынша ықпал жасайтын жайттардың тағы бірі және
ең маңыздысы – термин үшін іріктеліп алынған қазақ тілі сөзінің
семантикасын терең ескеру. Нақты бір тілдік бірліктің негізгі және
қосалқы мағыналары, стильдік реңктері, басқа сөздермен тіркесім
жасай алатын қабілеттері толық назарға алынған жағдайда
терминдік мағына иеленген сөз тіл айналымына қосыла алады,
ол алдымен жазба мәтіндерде жұмсалып, қолданыс жиілігі арта
түскен сайын узуал нормалық тұлғаға айналып, кейінірек ресми-
іскери тілдік қарым-қатынастың ауызша түрінде де игеріле
бастайды. Қазақ әдеби тілінің лексикалық қорына соңғы жылдары
қосылған жаңа қолданыстардың қалыптасу тарихына осындай
сипат тән.
Әскери іс саласына қатысты аталымдардың қайсыбіріне
лексикографиялық еңбектерде нұсқалатын семантикалық анық-
тамасы арқылы талдау жасап көрелік.
Семантикалық анықтаманың мақсаты – жаңа ұғым үшін
игерілетін сөздің ұғымдық көлемі мен мазмұнын жалпыға
таныс, түсінікті сөздер арқылы жеткізу. Бұл тұрғыдан
қарағанда, әрине, семантикалық анықтама кез келген сөздің,
терминнің лексикалық мағынасына, оның ішкі семантикалық
құрылымына тұспа-тұс келеді. Дей тұрсақ та сөз мағыналарының
семантикалық анықтамасында адам, ұжым танып-білген ақиқат
201
дүниенің құбылыстары жинақталады. Семантикалық анықтама
шоғырландыратын объективті мағыналық ақпарат алдымен адам
санасында ұғым, түсінік, идея, белгілі бір заттың, құбылыстың ойда
жасалған сызбасы, суреті түрінде қалыптасады. Айталық, Сөздікте
кеудебелгі (нагрудный знак) деген термин бар; осы аталыммен
танысқан адам (бұл арада, сөз жоқ, нағыз тіл иесі (носитель языка
дегенге балама ретінде алып отырмыз. Орыс тілінде бұл термин
өз ана тілін жетік білетін, ана тілін кезкелген жағдаятта,
ауызша және жазбаша түрде, әдеби нормаларға сәйкес, еркін
жұмсай алатын Адам деген сөз – А.А.)) кеуде және белгі деген
сөздерге қатысты сананың ақпараттық қорындағы мәліметтерді
дереу еске түсіре алады, одан әрі нормативтік, энциклопедиялық
лексикографиялық еңбектерде берілген анықтамаларға сүйеніп, өз
білімін нақтылай түседі. Осы қатарға әмір (команда), әміртыйым
(вето), бомбапана (бомбоубежище) деген сөздерді жатқызуға
болады. Алдыңғы екі термин мағынасының нақты екендігін,
терминдік мағынаға сәйкес келе алатындығын, мәселен, Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама бекіте түседі:
әміртыйым. Әмір-бұйрық, жарлық, үкім [90, II, 452-б.]; тыйым-
тежеу, тоқтам [90, IX, 359-б.].
Сөздіктен бұлғақ деген терминді кездестіреміз. Ол орыс
тіліндегі шатун дегеннің қазақша баламасы ретінде Мемтерминком
тарапынан бекітілген (орыс тіліндегі референциалды мағынасы
– деталь машины, механизма, соединяющая поршень с валом
двигателя и служащая для передачи движения во время работы)
[91, СРЯ, ІV, С.704]. Қазақ тілі бойынша лексикографиялық
еңбектер жоғарыда аталған мағынаны көрсетпейді, бір ғана
санамалау, констатациялау тәсілімен берілген түсініктемемен
шектеледі: Бұлғақ. Бұлғақ – бұлғаң – бұлғаң етушілік, теңселушілік
[90, II, 519-б.]. Бұл ретте нағыз тіл иесі берілген сөздің мағынасын
түсінуде, оны термин ретінде шапшаң қабылдауда біршама
кібіртіктейді (жазба мәтінде, сөйлеу актісінде орысша баламасын
пайдалануға бейім болатындығының бір себебі осы). Нағыз тіл
иесінің санасында көркем мәтіндегі коннотацияға ие қолданыстар
(мыс., бойы бұлғаң…), сондай-ақ осы сөздің орыс тіліндегі ауыс
мағынасы (тот, кто любит шататься) туралы ақпараты болғанда
ғана қазақша баламаның ұғымдық көлемі жағынан сәйкестігі//
202
сәйкессіздігі туралы пікір қалыптастыра алады (орыс тіліндегі
затты атау үшін (машинаның тетігін) де шатун деген сөздің
қосымша коннотациясы алынған).
Сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған қазақ тілі
терминдері де назар аудартады. Бір қарағанда, бұл топтағы
терминдердің ұғымдық көлемі айқын, анық деп есептеуге болады.
Дегенмен бұл арада да сөздер мен қосымшалардың мағыналары
мен анықтамаларын нақтылай түсудің қажеттігі туады.
Берілген терминдердің бірі – шолғын; екіншісі – шолғыншы.
Түбірі мен қосымшаларының нақтылығы арқылы ( шолу – байқау,
Достарыңызбен бөлісу: |