Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Таза тұқымды өсірудің шағылыстыру әдістері?



бет43/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
СРСП селекция разведение ТППЖ 20-12 (копия)

51.Таза тұқымды өсірудің шағылыстыру әдістері?
Жануарларды ұзақ уақыт тығыз, жақын шағылыстыру биологиялық жағынан біршама және алыс инбридингтен өзінше ерекшеленеді. Біршама инбридингте гомозиготалық онша арта қоймайды, сөйтсе де өте жақсы тегінің ұрпағының генотипіне тигізетін әсері мол болады. Демек, ұқсастығы жоғары болады. Біршама инбридинг ұрпағында оның конституциясының нашарламай, тіршілік қабілеті төмендемей - ақ бағалы нәсілдік қасиетінің беки түсуіне әкеп соқтырады.
Асылдандыру зауытының негізгі міндеті – нәсілдік қасиеті жоғары, бағалы, сол қасиеттерін ұрпақтарына бере алатын аталықтар өсіріп шығару. Тұқымның өнімділік қасиетін арттыратын ондай аталықтар алуда туыс шағылыстырулар қолданылады. Тұқым сапалық жағынан өзгеше болатын, линия деп аталатын ерекше жануарлар топтарынан тұрады. Линиялармен жұмыс жасау біршама инбридинг қолдану арқылы жүргізіледі. Осылай шағылыстыру әдісі өте бағалы -жануарлар линияны жалғастырушылар алуға мүмкіндік береді. Линия бойынша мал өсіруде инбридингті төрт типке бөледі:
1. Әкесі мен шешесі — бір линиядан болғанда. Жалпы тегі аталық линия шежіресінде кезігеді, немесе ұяішілік шағылыстыру жүргізіледі. Мұндай инбридинг типі қолданылғанда линиябасының нәсілдік қасиеті беки түскенімен, нәсілдік қасиет кеми түседі, басқа линиялардың линияға әсері болмайды, ұрпақтың мықтылығы, төзімділігі кемейуі мүмкін. Мұндай инбридинг типі жылқы шаруашылығында сирек кездеседі – 6,9%, мүйізді ірі қарада 16 30% шамасында.
2. Әкесі мен шешесі – әртүрлі линияларға жатады. Бірақ шешесінің шежіресінде басқа линияның линиябасы аналық тектері жағынан кезігеді. Мұндай инбридинг типі бірінші типтен айырмашылығы әкесінің линиябасының әсері басқа линия қолданылуына байланысты әлсіреген. Шындығында, линия кроссы жүреді. Инбридингтің бұл типі нәсілдік қасиеттің көбеюіне әкеп соқтырады. Ол мүйізді ірі қарада 16 - 30% шамасында.
3. Әкесі мен шешесі - әртүрлі линияларға жатады. Бірақ әкесінің шежіресінде шешесінің линиябасы кездеседі, сондай - ақ басқа да линиялардың линиябасылары аналық тектері ішінде кезігеді.
Инбридингтің бұл типі – кәдімгі 2 - 3 ұрпақ бойы жүргізілетін линияаралық кросс. Кросс арқылы алынған аталықты қайтадан сол линия аналықтарымен шағылыстырады, немесе мұны анасының линиябасына жасалған инбридинг болып табылады. Мұндайда гетерогенді жұптау жүреді, нәтижесінде ұрпағының конституциясы нығая түседі. Мұндай инбридинг типі мүйізді ірі қарада 11-20% кездеседі.
4. Әкесі мен шешесі – әртүрлі линияларға жатады. Бірақ екеуінің де
шежіресінде шешесі жағынан үшінші бір линияның линиябасы кезігеді. Мұндай шағылысу кезінде екі линияның кроссы жүреді. Ондағы инбридинг аналық даралар арқылы үшінші линиямен жүріп, үшлиниялы кросс пайда болады. Туыс шағылысудың бұл типі ұрпақтың гомозиготалылығын арттырмай – ақ өте жоғары классты ұрпақ алуға мүмкіндік береді.
Мұндай инбридинг айтарлықтай жиі қолданылады, мысалы: жылқы шаруашылығында 46,8%, ал мүйізді ірі қарада 28-44%.
Инбридингтің зиянды әсерлерімен күресу шаралары. Ең алдымен инбридингтің
зиянды әсерлері болмау үшін туыс емес шағылыстыру жүргізу керек. Қан жаңартып отыру керек. Ол дегеніміз сол тұқымның жоғары сапалы аталықтарын
пайдаланып отыру керек. Басты шарадан дене бітімі өте мықты жануарларды
таңдап отыруды айтуымыз керек. Олардың осы қасиеті дамитын күтіп – баптау
шараларын ұйымдастыру керек. Туыс жануарлардың өзін әртүрлі күтіп – баптау,
өсіру жағдайында дайындау да жақсы нәтиже береді. Инбридингтің зиянды әсерінің бірі бірдей күтіп-баптау жағдайында өсіру болады. Ж. Кәрімов шығарған бұл әдістің мәні былай: жетекші асыл тұқымды зауыттар өзінің асылтұқымды аталықтарын сол тұқымды өсіретін басқа шаруашылықтарға жіберіп, 1-2 ұрпақ ауысқан соң қайтадан өз шаруашылық- тарына алады. Басқа шаруашылықтарда өсірілген аталық ұрпақтарының нәсілдік қасиеттері сол шаруашылық жағдайының әсерінен байып, арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет