Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Малды ұрпағының сапасына карай бағалау кемшіліктерінің бipi



бет63/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
СРСП селекция разведение ТППЖ 20-12 (копия)

87. Малды ұрпағының сапасына карай бағалау кемшіліктерінің бipi:
Бірінші топқа жататын әдістердің («жасақтаушы төмендеуші» немесе (енесі мен ұрпағы», «тұқым қуалаушылық кесетсі» және «аталық мал индексі») басты артықшылығы баға бергенде ата енесінің ұрпаққа әсері қатар есептелінеді. Бірақ бұл әдістердің кемшіліктері де жоқ емес. Біріншіден, енесі мен ұрпағын өнімділіктері бойынша салыстырғанда бір жағдайда (егер енесі мен ұрпағы қатар өнім берген жылдағы көрсеткіштерін салыстырса) олардың жастары сәйкес келмейді, екінші жағдайда (енесі мен ұрпағының бір сәйкес жастағы өнімдіктерін салыстырса) олардың өнім берген бағаның әділдігін төмендетеді, екіншіден, енелері бұдан бұрын бір сұрыптаудан (табиғи немесе қолдан) өткендері. Ал жаңа ұрпақ ешқандай сұрыптаудан өткен жоқ. Бұл аталық ұрпаққа беретін бағаны төмендетуі мүмкін. Үшіншіден, осы әдістермен берген бағаға регрессиялық құбылысының әсері мол. Тексеріліп отырған аталық ұрпағының енелері өнімділігінің табыннан жоғары немесе төмендігіне байланысты біресе жақсы жақсартушы, біресе нашар төмендетуші болады. Дегенмен де аталық мал ұрпағының өнімділігін енелерімен салыстыру, оның нақты бір аналықпен немесе біртекті бір аналық топпен шағылыстырғандағы ерекше үйлесімділігін анықтап, оны жұп таңдауда орынды пайдалануға мүмкіншілік туғызады.
Екінші топқа жататын әдістердің (қатарластарымен салыстыру; табынның орташа көрсеткішімен салыстыру; тұқымның стандартымен салыстыру; диалельді полиалельді шағылыстыру) басты артықшылығы өнімділіктері салыстырылып отырған мал топтарының азықтандыру, бағып күту жағдайларының жастарының бірегейлігінің сақталуы. Бұл әдістердің көпшілігінің басты кемшілігі толығымен аталыққа тағылады. Кейде (аталықпен шағылыстырылған аналықтар дұрыс таңдалмаса) бұл сәйкес келмейді.
Сонымен, екі топтағы әдістердің әрқайсысының өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктері бар. Мақсат оларды бір біріне қарсы қою емес, оларды бір бірімен байланыстыра, орынды пайдалану. Осыған орай, зоотехниялық ғылыми әдебиетте, селекция тәжірбиесінде әр түрлі әдістер арқылы алынған көрсеткіштерді біріктірген теңдіктер арқылы малдың тұқымдық құндылығын анықтау жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет