Т. Аманов атындағы №16 жоббм



Дата21.04.2023
өлшемі21,65 Kb.
#85300
Байланысты:
ҚМЖ Ашық тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Ғарыш әлеміне саяхат»

Мектеп: “Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ” КММ


Күні: 12.04.2023ж



Машықкердің аты- жөні: Жұмағазин С. А



Сынып: 7-6



Қатысқандар саны:
16

Қатыспағандар саны :
0

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер күні туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне саяхат арқылы оқушылардың ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тереңдету. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын көбейту, ой-өрісін, қиялын дамыту. Тәрбиелік: Оқушы бойындағы сыйластық достық, бір- бірін құрметтеу қасиеттерін, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы


I. Сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу.
II.Оқушылар Ғарыш әлемі және Ғарышкерлер күні туралы біраз мәліметтер алады
ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі: Ал, енді бәріміз көзімізді жұмып, қолдарымыздан ұстап, ғарышқа ұшамыз. Ұшардың алдында 10-нан кері қарай санақ жүргіземіз. (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 кеттік!). Біз аспан әлемінде ұшып келеміз.

Ресурстар

Презентация

Зымыранның суреті бар тілме қағаздар


Сабақтың ортасы



1-тапсырма.
Планеталардың сұрақтары(әр топқа екі сұрақтан және әр сұраққа 5 ұпай):
Меркурий: Қандай ғарышкерлерді білесің?
Шолпан: Ғарышкерлер күні қай күні аталып өтіледі?
Жер: Ю.Гагарин ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады?
Марс: Планета грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
Юпитер: Аспан әлемінде неше планета бар?
Сатурн: Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері кім?
Уран: Ең алғаш ғарыш әлеміне адам баласы нешінші жылы ұшты?
Нептун: Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ең алғашқы сапарын жасады?
2-тапсырма: «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбына постер қорғау. Оқушылар берілген тақырып бойынша фантастикалық сурет салып, әңгіме құрастырады.(10ұпай)
3-тапсырма:Тіл өнері. Бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. . (2 минут уақыт беріледі, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай)
1- топ1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon
2-топ1. Жұлдыз –зведа -star
2. Уақыт – время – time
3. Аспан – небо – sky
3-топ1. Ғарыш – космос – space
2. Күн – солнце – sun
3. Жер – земля – earth 4-топ1. Жарық- свет- light 2. Зымыран- ракета-rocket 3. Күш-сила-power
Сергіту сәті. Эксперимент
4-тапсырма. Тапқырлар сайысы. Берілген сұраққа әрі дұрыс, әрі жылдам жауап беру керек.( I орын-20 ұпай, II орын-15ұпай, III орын-10 ұпай, IV орын-5 ұпай) 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник) 2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе ) 3. Күнге ең жақын планета (Меркурий) 4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер) 5. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз ) 6. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей) 7. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун ) 8. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )
5-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу. (Бұл кезеңге 5 минут уақыт беріледі, әр бір дұрыс жауапқа 5 ұпай)

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Презентация

А3 қағаздары, фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар


Сөздер жазылған тілме қағаздар

Kahoot сайтты

А4 қағазы



Сабақтың соңы

Қорытынды: Ал енді бәріміз қайтадан қолдарымыздан ұстасып, жерге қайтып ораламыз. Өйткені біздің ауамыз таусылуға жақын. (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0). Сонымен, біз жердеміз.


Рефлексия

Галактика әдісі”. Балалар берілген зымырандарға өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазып, галактика суреті бар жәшікке салады.

Плакат, зымыранның суреті бар тілме қағаздар, фломастер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет