Ауыз арқылы, үзбей дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#15778
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
әдістеме

«Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: ауыз арқылы бірқалыпты ерікті дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: күзгі жапырақтар, құты.

Ойын барысы: алдында балалармен бірге күзгі жапырақтар жинап дайындап, оларды құтыға салып қою керек. Балаға жапырақтарды үрлеу ұсынылады.

-Біз қандай әдемі жапырақтарды жинап әкелдік. Міне сары жапырақ, міне қызыл жапырақ. Есіңде ме, ағаштардың жарырақтары қалай сылдырлады? Кел жапырақтарды үрлейік!

Логопед баламен бірге, немесе топпен бірге жапырақтарды үрлейді. Балалардың назары жапырақтар ұшқан кезде қандай дыбыс шығаратынына аударылады.




«Қар жауды»

Мақсаты: Бірқалыпты ерікті дем шығаруды қалыптастыру; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: ұсақ мақта-қаршалар.

Ойын барысы: Педагог үстел үстіне ұсақ мақталарды жайып қойып, қыс мезгілі туралы айтады.

-кәзір қыс мезгілі деп ойлайық. Далада қар жауып тұр. Кәне, қаршаларды үрлейік!



Ересек адам мақтаны қалай үрлеу керектігін көрсетеді, ал балалар қайталайды. Кейіннен балалар барлық «қаршаларды» көтеріп үстел үстіне қойып, ойынды қайтадан бастайды.




«Қанаттар»

Мақсаты: ауыз арқылы қатты дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: айналмақ-ойыншық (вертушка).

Ойын барысы: Ойын алдында айналмақ-ойыншық дайындалады. Оны қағаздан және ағаш таяқшадан жасауға болады.

Балаға айналмақ-ойыншық көрсетіледі. Далада онымен желге қарсы жүріп, айналдырады. Сонан соң, оны ауыздан дем шығарып үрлеп, айналдыру керек:

-Кәнекі, жел сияқты соғып айналмақ-ойыншықты айналдырайық. Міне ол қалай айналады! Тағы қатты үрле, айналмақ-ойыншық тез айналып жатыр.

Ойынды жеке баламен және топпен жүргізуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет