Құрал-жабдықтар: қағаздан жасалған 2-3 түрлі-түсті құстар.
Ойын барысы: Бала үстел басында отырады. Үстелдің үстіне, балаға қарама қарсы етіп бір құс қойылады. Педагог баладан үрлеп, құсты неғұрлым арырақ ұшыруды өтінеді (бір-ақ рет үрлеп.)
-Сенің құсын қандай әдемі! Ол ұша алама екен? Құсын алысқа ұшатындай қатты үрле! Бір рет қана үрлеуге рұқсат етіледі. Кеудеңді тік ұста, өкпеңе көп ауа жина. Құсты ұшыр!
Топтық ойын барысында екі-үш баламен жарыс ұйымдастыруға болады: әр бала өзінің құсына үрлейді. Кімнің құсы алысқа ұшса, сол жеңіпаз атанады. Педагог балалардың ұрты томпаймауын, бір-ақ рет үрлеуін қадағалайды.