Ауыз арқылы, үзбей дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#15778
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Көпіршіктер»

Мақсаты: бағытталған, бірқалыпты ұзақ ауа ағынын дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: су құйылған стақан, мөлшері әр түрлі, коктейльге арналған түтікшелер.

Ойын барысы: Жартылай су құйылған стақанға коктейль түтікшесін салып, үрлеу-көпіршіктер қатты дыбыс шығарып, судың бетіне шығады. Сонан соң, түтікшені балаға беріп үрлеуі ұсынылады.

-Көңілді көпіршіктер жасайық! Түтікшені алып, стақандағы суға үрле. Егер ақырын үрлесең, көпіршіктер кішкентай болады, ал қатты үрлесең, көпіршіктер үлкен болады. Өте қатты үрлесең, өте үлкен көпіршіктер пайда болады! Кәне бастайық!

Көпіршіктердің мөлшеріне қарай дем шығару мен оның ұзақтығын бағалауға болады. Сабақтардың басында түтікшенің диаметрі 5-6мм, кейін диаметрі кіші түтікшелер қолданылады.

Ескеру: Көп балалар пакеттегі шырындарды түтікше арқылы ішіп үйренген, ойын кезінде де суды ішіп қоюы мүмкін, сондықтан су таза, ішуге жарамды болуы керек.

Кейбір балалар түтікшені тістеп, мыжып тастауы мүмкін, Сол үшін қаламның сыртын жуып қолдануға болады.



Бала түтікшені аузында ұстап тұрып, суға үрлегенде демін мұрын арқылы да шығарып қоюы мүмкін. Сондықтан, баланың мұрынын педагог саусақтарымен қысып тұрып, үрлеуді өтінеді.



«Ұш қауырсын»

Мақсаты: бағытталған, бірқалыпты ұзақ ауа ағынын дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: құстың қауырсыны.

Ойын барысы: Қауырсынды жоғары лақтырып, үрлеп жерге түсірмеуге тырысу керек. Кейін тапсырманы балаға ұсыну. Оның назарын, қауырсынға төменнен жоғары, ауа ағынын қатты бағыттап үрлеу керектігіне аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет