САБАҚ: қазақ әдебиеті
|
Мектеп: №149 ЖББМ
|
Күні:
|
Оқытушының аты-жөні: Айдарова Ж.М
|
СЫНЫП: 9
|
|
|
Бөлім
|
Тарихи шындық пен көркемдік шешім
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» поэмасының кейіпкерлер бейнесі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушы
Шығарма кейіпкерлерінің бейнесін танытатын жолдарды анықтайды;
Көптеген оқушы
Жырдан дәлел келтіре отырып, кейіпкерге мінездеме береді;
|
Бағалау критерийі
|
көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминалогия: тарихи жыр, батырлық эпос үлгісі, ұлт-азаттық көтеріліс, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкер бейнесі
|
Мектеп құндылықтары
|
Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.
|
Алдыңғы сабақта
|
шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасады;
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Сабақтың басы
4 минут
|
Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.
|
тыңдау
|
Сабақтың ортасы
10 минут
|
Тапсырма
Шығарма кейіпкерлерінің бейнесін танытатын жолдармен таныса отырып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып шығыңыз.
Салатұғын алдыма
Бұғыбай басшы ____ ______.
Әдіре қалғыр Алатау,
Асуға қиын ______ _______.
____ _____________ бұлтиған,
Көк дөнен ат астында.
Камзол ішік құнтиған,
___ ______________ басында.
Керұғлыға бергісіз
_______ __________ қасында.
Сол уақытта Наурызбай
___________ ______ жасында.
Тапсырма
Жырдан дәлел келтіре отырып, кейіпкерлер жүйесін анықтаңыз.
Кенесары бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
Наурызбай бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
Ағыбай бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме бер
2 тапсырма.
Дастан кейіпкерлеріне мінездеме бер. Әдеби психологизм арқылы берілген кейіпкер әрекетіне баға бер.
Қолбасшы, жау, өз елін ойлаған ер, жауыз адам, батыр, ештеңеден қорықпайды, елі үшін басын бәйгеге тіге алады, досына адал, әрқашан көмекке келетін жақсы адам, Кенесарының інісі, Кенесарының бас батыры, қатігез, ешкімді аямайтын адам.
Кенесары –
Наурызбай –
Бұғыбай –
Ағыбай -
Кәрібоз -
|
Оқушылар тапсырмаларды орындайды.
|
Сабақтың соңы
|
ББҮ әдісі арқылы қорыту
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысуына қарай бағаланады.
|
|
Үй иапсырмасы
|
«Кенесары-Наурызбай» поэмасы туралы айтылған пікірлер, нақыл сөздер.
|
Оқушылар өздеріне түртіп алады.
|