Ауру және диагноз туралы түсінік



бет4/4
Дата09.12.2023
өлшемі24,48 Kb.
#135484
1   2   3   4
Санитарлық профилактика - ауру ошағында жүргізілетін іс шаралар: Іс шараларға ауру ошақтарын сауықтыру, санитарлық және ветеринарлық бақылау, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, ауруды ерте анықтау жатады.
Қоғамдық алдын алу іс шараларына мемлекет деңгейінде өткізілетін іс шаралар жатады.
Біріншілік профилактика - дені сау адам организімінде аурудың пайда болуына қарсы жүргізілетін іс шара.
Олар тұрмыс - әлеуметтік және жүмыс жағдайын жақсарту, организмді шынықтыру, созылмалы инфекция ошақтарын санация жасау, дұрыс тамақтану жатады.
Екіншілік профилактика - бұл адамның бұрын ауырған ауруының қайталауына қарсы бағытталған іс шара.
Диспансерлеу - бұл дені сау адамдар арасында әсіресе жас өспірімдер мен балалар, әйелдер арасында адамның денсаулығын сақтауға, нығайтуға, адам өмірін ұзартуға, ауруды алғашқы сатысында ерте анықтауга және белгілі бір аурумен ауыратын науқастың денсаулығын қадағалауға, бақылауға бағытталған іс шара.
СКРИНИНГ - SCREENING (просеевание) ағылшын сөзінен аударғанда електен өткізу деген мағынаны білдіретін арнайы тексеру әдістерінің жалпы атауы. Скрининг медицина, биохимия саласында, өмірде т.б. әр түрлі салаларда қолданылады. Денсаулығы дұрыс деп санайтын адамдарды скрининг тексеруден өткізудің мақсаты аурудың симптомдары білінбеген жағдайда, әр бір адам денінің сау екендігіне көз жеткізу үшін, организмде патологиялық процесс дамуының ең бастапқы сатысын анықтау мақсатында жүргізілетін арнайы тексеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет