ШЫҒУ ЭПИКРИЗІ. Науқас: Асылханова Жания Ерікқызы
Клиникалық диагноз: Негізгі ауруы: ЦВБ ОНМК Сол жақ алдыңғы ми артериясы бассейнінің ишемиялық типті жедел бас ми қан айналым бұзылысы
Негізгі аурудың асқынуы: Оң жақты гемипарез. Моторлы афазия. Зәрін ұстай алмау.
Қосымша (Ілеспелі) ауруы: Сол жақты гонартроз, орташа ауырлық дәрежеде. R-ІІ сатысы.
Фондық аурулары: Артериялық гипертензия ІІІдәреже, өте жоғары қауіп тобы (жасы , МИ, ЖИА, артық салмақ) Созылмалы жүрек шамасыздығы, ФК-І. Миокард инфаркты, ST сегментінің жоғарылауынсыз (2018).
Науқастың түскен кездегі шағымдары:Науқастың баласы айтуы бойынша оң қол және оң аяқтағы әлсіздік және қозғалыстың төмендеуі, жүруге әрекет жасағанда ақсауы, интенсивті, диффузды, басты бұрғанда күшейетін бастың ауырсынуы, сөзінің бұзылуы, яғни сөйлегенде бұрмалануы, құлақта шудың пайда болуы, қысқа мерзімді естен тану, жүрек соғу сезімі, жалпы әлсіздікке шағымданады.
Anamnesis morbi: Науқас өзін 10жылдан бері ауру санайды. Алғаш рет ентігуге, жүрек соғуына, басының шүйде бөлігінің қысып ауырсынуына шағымданған. 2007жылы алғаш рет Эссенциальды артериялық гипертензия, Ідәреже, төменгі қауіп тобы диагнозы қойылған. «Д» есепке алынған, амбулаторлы жағдайда каптоприл 12,5мг таблеткасын күнделікті қабылдаған. Науқастың симптомдары күшейіп, препарат эффективтілігі болмаған. Науқастың АҚҚ 160/90мм.с.б-на дейін жоғарылаған. Дәрі дозасы көбейтіліп каптоприлді 25мг дозада қабылдаған. Науқаста ауыр физикалық күштеме кезінде кеуде тұсының ауырсынуы, ентігу пайда болған. Дәрігерге қаралмаған. Өздігінен ем жүргізбеген. 2017ж наурыз айында жағғдайы нашарлаған, аталған симптомдар күшейген. Жағдайының нашарлауын емді 1 ай тоқтатуымен және ауыр физикалық күштемемен байланыстырады. Науқасқа «ЖКС. Миокард инфаркты, ST сегментінің жоғарылауынсыз» диагнозы қойылып, стационарлық ем қабылдаған. Кардиолог кеңесімен Карлон 5мг, Тромбо-Асс таблеткаларын амбулаторлы жағдайда күнделікті қабылдайды. Кардиологта Артериялық гипертензия ІІІдәреже, өте жоғары қауіп тобы (жасы , МИ, ЖИА, артық салмақ). Созылмалы жүрек шамасыздығы, ФК-І. Миокард инфаркты, ST сегментінің жоғарылауынсыз диагноздарымен «Д» есепте тұрады. Осы уақытқа дейін АҚҚ мах 180/100мм.с.б –на дейін жоғарылаған. Науқастың айтуы бойынша, соңғы бір жыл көлемінде маңдай бөлімінде әр түрлі сипаттағы интенсивтілігі әр түрлі аурулар мазалаған, үй жағдайында анальгетиктер қолданған, ауырсыну басылған.
Соңғы жағдайының нашарлауы 5. 10.2020жылы болған. Науқастың келінінің айтуы бойынша ауруын стресстік жағдаймен байланыстырады, таңертең науқас өзін жайсыз сезінген: оң аяқ-қолындағы әлсіздікті байқаған, жүргенде айқын білінетін ақсақтық пайда болған, басы интенсивті, диффузды қысып ауырсынған, АҚҚ өлшегенде 140/100мм.с.б деңгейінде болған, науқастың сөйлеу қабілеті бұзылып, сөзі айқыын емес болған. Науқас 30-40 секунд шамасында есін жоғалтқан. (естен тану кезінде құрысу ұстамалары, тілін тістеп қалу, өздігінен еріксіз зәр, нәжіс жіберу болмаған) Науқасқа ЖМЖ бригадасы шақырылып, ШҚЖМКА-ның неврология бөлімшесіне тасымалданған.