Ауру тарихы науқас: Клиникалық диагноз: Негізгі ауруы: цвб онмк



бет8/16
Дата25.05.2023
өлшемі48,24 Kb.
#97637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ауру тарихы Неврология.Т ЙМЕБАЙ ЕРКЕБ ЛАН

V-жұп үшкіл нерв: Бет терілерінің симметриялы бөліктерінде ауырсыну, тактильді, температуралық сезімталдылық сақталған. Төменгі жақтық, Карниальды, қасүсті рефлекстері сақталған. Үшкіл нервтің шығатын нүктелерінде басқан кезде ауырсыну байқалмайды. Шайнау бұлшық еттерінің қызметі қалыпты.
VII-жұп бет нерві: Тыныштық жағдайда бет симметриясы айқын. Бет ассиметриялы. Мимикалық бұлшықеттердің қозғалу көлемі:

  • Көздерін сығырайтқанда- кірпіктері тері қатпары арасына кіреді.

  • Ұртын үргенде- парус симптомы оң жақта оң мәнді.

  • Тістерін ақситқанда- Шарконың леп белгісі симптомы оң мәнді.

  • Қабағын түйгенде- оң жақты птоз.

  • Қастарын көтергенде- маңдай бұлшықеттері жиырылады.

  • Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу өзгермеген.

VIII-жұп нерв, кіреберіс ұлу нерві: Сыбырлап және ауызша сөйлеуге есту өткіргілігі сақталған. Гипакузия байқалмайды. Құлақтағы шуды, есту галлюцинацияларын теріске шығарады. Құсу, лоқсу, атаксияны теріске шығарады. Ауызша сөйлеу оң жақта= 6 м, сол жақта= 6 м. Сыбырлап сөйлеу оң жақта= 5м, сол жақта= 4 м
IX-жұп тіл-жұтқыншақ, X-жұп кезбе нерв: Жұмсақ таңдай мен тілшік қозғалмалы, ассимметриялы, төмен қарай салбырауы, Таңдай және жұтыну рефлекстері қалыптыдан ауытқыған. Дисфагия, дисфония, дизартрия белгілері байқалады.. Тілдің артқы 1/3 дәм сезу сезімталдығы сақталған.
XI-жұп нерв: Қосымша нерв- Төс-бұғана-емізікше және трапеция тәрізді бұлшықетінің қозғалысы мен көлемі шектелген, күші – әлсіреген, тонусы- жоғарылаған. Басты қарама-қарсы жаққа бұру- оң жақты гемипарезге байланысты әлсіреген. Иықты көтеру оң жақты гемипарезге байланысты шектелген. Горизонтальды бағытта қолды жоғары көтергенде- оң қолда парез (3б), сол қол қалыпты.
XII-жұп нерв тіласты нерві: Тілді ауыз қуысындағы және шығарғандағы қалпы – фибрилярлы дірілдеуі және атрофия жоқ, оң жақты глоссоплегия, ортаңғы сызық бойымен оңға ығысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет