Ауру тарихы науқас: Клиникалық диагноз: Негізгі ауруы: цвб онмк



бет4/16
Дата25.05.2023
өлшемі48,24 Kb.
#97637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ауру тарихы Неврология.Т ЙМЕБАЙ ЕРКЕБ ЛАН

Тері асты май қабаты:
Тері асты май қабаты шамадан тыс дамыған, біркелкі серпінділік қасиеті сақталған. Жергілікті ісіну, анасарка жоқ.
Лимфа бездері:
Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынуы жоқ.
Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры талағы үлкеймеген, ауырсынбайды. Ішек перисталтикасы естіледі. Қағу белгісі екі жақта теріс мәнді. Үлкен дәреті болмаған, кіші дәреті еркін, ауырсынусыз.
Тірек-қимыл аппаратының функционалдық жағдайы
Сүйек-буын жүйесі өзгеріссіз, қалыпты. Бұлшықеттері жақсы дамыған, буындарының қозғалысы шектелмеген, ауырсынусыз, деформациялар артық патологиялық қозғалыстар анықталған жоқ, тек сол жақ тізе буыны ісінген, конфигурациясы өзгермеген, пальпацияда ауырсынады, қозғалуы шектелген, ауырсынумен.
Аяқ-қолдары бірдей, тұлғасына сәйкес.


Тыныс алу мүшелер жүйесі.
Тыныс алуы мұрнымен еркін. Кеуде пішіні симметриялы. Өкпеде везикулалық тыныс естіледі. Сырылдары жоқ. Іші дұрыс пішінді, тыныс алу актісіне қатысады. Ентігу бар. Мұрыннан бөліністері жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 24 рет, дем алу, дем шығару экскурсиясы қалыпты. Палпация жасағанда кеуде қуысы ауырсынусыз. Кеуде қуысының эластикалық қабілеті алды-артынан, бүйірінен қысу арқылы анықтағанда сақталған. Дауыс дірілінің кеудеге берілуі қалыпты, симметриялы аймақтарда бірдей.
Перкуссия: Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігін алдыңғы 3см және артқы беті VІІ омыртқада, Кренинг кеңістігінің ені 6см.
Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: қолтық алдыңғы сызықта 5 см, жауырын асты сызығы бойынша дем алғанда 3 см, дем шығарғанда 3см жалпы 6 см. Перкуссияда: Анық өкпе дыбысы

Тексеру қорытындыларын кесте ретінде келтіру





Танымал сызықтар

Оң жақ өкпе

Сол жақ өкпе

1.Төс қасы сызығы
2.Бұғана ортасы сызығы
3.Алдыңғы қолтық асты сызығы
4.Ортаңғы қолтық асты сызығы
5.Артқы қолтық асты сызығы
6.Жауырын сызығы
7.Омыртқа асты сызығы

V

VІІ
VІІІ
ІX
X
XІ кеуде омыртқа тұсы

-
-
VІІ
VІІІ
ІX
X
XІ кеуде омыртқа тұсы

Өкпенің салыстырмалы аускультациясы: Өкпесінде везикулалық тыныс. Крепитация, сырылдар жоқ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет