Эндокринді статус.
Терісі құрғақ, аздап түлеу байқалады. . ДСИ-33 1-дәрежелі семіздік.
Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.
Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.
Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.
Семірулер жоқ.
Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.
Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, ауырсынбайды.
Жүйке жүйесі.
Психикалық жағдайы: есі бұлыңғыр, уақытқа, орынға, жағдайға ориентациясы сақталған. Галлюцинация, иллюзия жоқ. Өзінің жағдайын бағалай алады.
Интеллект: жасына және біліміне сай келеді.
Сөйлеуін тексеру: моторлы афазия, орташа ауырлық дәрежесі.
Жазуын тексеру: аграфия
Оқуын тексеру: алексия жоқ
Праксис және гнозистерді тексеру: апраксия, агнозия анықталмайды.
Менингиальды симптомдар: желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг, Брудзинский І симтомы оң, Бехтерев симптомдары теріс мәнді.
Неврологиялық статус.
Бас-ми нервтері:
I-жұп нерв-иіс сезу нервісі: иіс сезуі- сақталған. Гипосмия, дизосмия, иіс сезу галлюцинациялары жоқ.
II-жұп нерв- көру нервісі: Көру өткірлігі екі көзде төмендеген. Visus OU=0.6 Фотореакция сақталған. visus OD=OS. Түсті ажырату қабілеті өзгермеген, ахроматопсия және дисхроматопсия байқалмайды. Көру алаңын зерттегенде, көру алаңының тарылуы жоқ, центральды және парацентральды скотомалар және гемианопсия анықталмайды. Көру галлюцинациялары жоқ. Көз түбі: OU – көру нервісі дискі ашық қызыл, шекаралы анық, веналары ұлғайған, толыққанды, артериялар тарылған жолы иілген. Периферия мен макула аймағы ерекшіліксіз. Қорытынды: көздің торлы қабығының ангиопатиясы
III-жұп көзқозғалтқыш нерв; IV-жұп шығыршық нерв; VI-жұп әкетуші нерв: Көз саңылауының кеңдігі қалыпты, қарашықтары дөңгелек формалы, D=S. Қарашықтардың жарыққа әсері сақталған, екі көзде симметриялы. Аккомодация мен конвергенция бұзылмаған. Көз алмасының үйлесімді қозғалыстары сақталған. Диплопия, птоз, экзо- және эндофтальм, блефароспазм байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |