Бұлшықет тонусы: оң қол және оң аяқ бұлшықеттері тонусы-гипертонусты.
Мишықты зерттеу Ромберг сынамасы- науқастағы оң жақты гемипарезге байланысты Ромберг қалпында тұруға қабілетсіз.
Саусақ-мұрын сынамасы сол жақта қалыпты, оң жақта теріс. Өкше-тізе сынамасы қалыпты. Стюарт-Холмс симптомы теріс.Горизонтальды нистагм байқалады. Интенционды діріл, адиадохокинез, дисметрия, мәнерлеп сөйлеу жоқ.
Рефлекторлы сфера: Патологиялық рефлекстер сол қол-аяқта анықталмайды, оң қол-аяқта:
-Қол ұшының патологиялық рефлекстері: Россолимо(+), Якобсон-Ласк(+), Жуковский(-).
-Аяқ ұшының патологиялық жазушы рефлекстері: Бабинский(+), Оппенгейм(+), Гордон(-), Шеффер(-), Гроссман(-).
-Аяқ ұшының патологиялық бүгуші рефлекстері: Россолимо(+), Бехтерев І(-) Бехтерев ІІ(-), Жуковский(-).