А,В,с а-сұрақ қояды. В-жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, в – жауап беруші, с — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып



бет4/5
Дата16.12.2023
өлшемі30,17 Kb.
#139844
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әдістер

Ойлаудың алты қалпағы
Бұл топтық танымдық белсенділік әдісі, ол проблеманы рационалды ұйымдастыруға арналған және де қабылдау мен бағалаудың түрлі жақтарын көрсетеді. Бір мәселе, жағдаят алдын-ала беріледі. Ол көпөлшемді болып, нақты бір жауабы немесе шешімі болмауы қажет. Сынып 6 топқа бөлінеді, әр топ өзіне бір қалпақты таңдайды(жеребе бойынша немесе бөліп беріледі). Әр қалпақ түсі ойдың даму бағытын анықтайды:

Ақ – ең бейтарап. Сондықтын, осы топ мүшелері фактілермен жұмыс жасайды. Яғни, барлығы неге дәл осылай, басқаша емес екенін дәлелдейді.


Сары – шуақты, бақытты, позитивті. Бұл топтың мүшелері ұсынылған шешімнің оң аспектілерін ғана бейнелейді, артықшылықтарын іздейді.
Қара – теріс, күңгірт, жоққа шығаратын. Бұл топ оған қарсы күмән келтірулері тиіс.
Қызыл – эмоция. Бұл топ өз нәтижелерінде негіздемесі жоқ, осы жағдайдың тек эмоционалдық жақтарын қарастырады.
Жасыл – шығармашылық. Осы топтың мүшелері берілген жағдайға фантастикалық және күтпеген болуы мүмкін жаңа шешімдер ұсынады.
Көк – бейтарап, бағалау. Шын мәнінде, топта барлық топтардың ұсыныстарын бағалайтын және оңтайлы шешім табатын сарапшылар мен талдаушылар болады.
Бұл «Алты қалпақ» стандарты болып табылады. Бірақ әрбір мұғалім өз жоспарлары мен сабақ тақырыбына сәйкес стратегияны бейімдей алады.
«Он сұрақ»
«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю:Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.
«ПОПС формуласы»
(Позиция Объяснение Пример Суждение)
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
«Сингвейн»
1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).
2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Күй
Әсерлі, құдіретті


Мұңайтады, балқытады, тебірентеді
Күй-адам сезімінің көрінісі
Өнер

Төрт сөйлем
Пікір. Қиястың әкесі майданға кетіп, науқас шешсін бағу үшін оған егістікті өз қолына алуға тура келді.
Дәлел. бірінші абзацтың соңғы жағындағы сөйлемдерден Қиястың отбасының ауыр жағдайын көруге болады.
Мысал. Кейде осындай жағдайлар өмірде де кездесіп жатады. кей отбасыларда әкесі кетіп қалып немесе ішімдікке салынған кезде ананың балаларын бағуы немесе жетім қалған балалардың бірі екіншісіне қарасуы кездесіп жатады. Мұндай жағдайда бүкіл ауыртпалық қияс сияқты үйдің үлкеніне түседі.
Қорытынды. Он төрт жасар жігіт тақырыбында Қиястың іс-әрекеті суреттелген. оның анасы науқас, әкесі майданға кеткен,сондықтан үйінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алған. егін ісін толық білмесе де отбасы үшін барын салып жүр. Бұл нағыз қайсарлық деп білемін. Қарап отырсақ Қияс істеген жұмыс қазіргі он төрт жастағылардың бәрінің қолынан келе бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет