А,В,с а-сұрақ қояды. В-жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, в – жауап беруші, с — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып



бет5/5
Дата16.12.2023
өлшемі30,17 Kb.
#139844
1   2   3   4   5
Бестармақ
Уақыт
Өткінші, тез өтетін.
Өтеді, зымырайды, оралмайды.
Уақыт – баға жетпес құндылық.
Мезгіл

«Терминдер конверті»
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.

«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.

Ыстық орындық
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.
Ойлан, Жұптас, Пікірлес
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет