«автожол» факультеті



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#3509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 
72 
№7 ДӘРІС 
 
Тақырыбы: MS Excel – электрондық кестесі. 
 
1.  Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру. 
2.  MS  Excel  электрондық  кестесінде  аналитикалық  геометрия 
есептерін шығару   жолдары. 
3.  Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу. 
 
1. Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру. 
Жұмыс  кітабы  парақтарына  түрлі  тақырыптардан  тұратын  мәліметтер 
енгізіледі.  Кейбір  бағандарға  енгізілген  мәліметтер  түрлі  парақтарда 
қайталануы  да  мүмкін.  Оларды  бір  парақтан  екіншісіне  алмастыру  буфері 
арқылы кӛшіру қиын емес. Мұндай кӛшірудің екінші әдісі – парақтар арасында 
байланыс  орнататын  формуланы  пайдалану.  Оның  жазылу  форматы:  <Парақ 
атауы>!<адрес> 
Мұндағы: 
<Парақ  атауы>  -  қайталанатын  жолдық  немесе  бағандық  мәліметтерді 
кӛшіру үшін пайдаланатын бастапқы жұмыс парағының атауы; 
! – сол параққа сілтеме белгісі; 
<адрес>  -  бастапқы  парақтан  мәндері  кӛшірілетін  ұяшық  немесе 
ұяшықтар  блогына  сілтеме  (соңғы  парақта  формула  енгізілетін  ұяшықты 
алдын-ала таңдап алу керек). 
Мысалы:  Математика,  физика,  информатика  пәндеріне  арналған 
электрондық емтихан тізбесін құрып, оларды байланыстырғаннан соң шығатын 
кестені кӛрсетейік. Ол үшін:   
1)1-суреттегідей кестені толтырып, оны Матем.xls деген атпен сақтайық; 
 
 

 
73 
 
1-сурет. Беттер арасындағы байланыс
 
2)Әр парақтың атын пән атына байланысты ауыстырамыз
3)Соңғы бетте (қорытынды) байланысты жүзеге асыру үшін – осы беттегі 
D4  ұяшығына    =матем!D4,  E4  ұяшығына  =физика!D4,  ал  F4  ұяшығына  
=информатика!D4 сілтемелерін енгіземіз
4)егер  кез-келген  ұяшықтағы  бағаны  ӛзгертсек,  автоматты  түрде 
Қорытынды бетте сол ӛзгеріс сипатталады. 
 
2. MS Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия 
есептерін шығару жолдары. 
 
Мына шартпен берілген эллипсоидтың жоғарғы бетін тұрғызайық: 
1
4
9
2
2
2



z
y
x
 
х

[-3; 3], y

[-2;  2] диапазон  аралығында   

=0,5 қадаммен екі айнымалы 
да ӛзгереді. 
2)Ол үшін: 
2.1)х айнымалысын А1 ұяшығына, ал А2 ұяшығына аргументтің сол жақ 
мәнін (-3) енгіземіз; 
2.2)А3 ұяшығында қадамды қосқандағы мәнді енгіземіз, яғни =A2+$K$2 
формуласын енгіземіз және осы формуланы А14 ұяшығына дейін толтырамыз; 
2.3) у айнымалысының мәнін В1 ұяшығына енгіземіз және С1 ұяшығында 
қадамды  қосқаннан  кейінгі  мәнді  есептейміз,  яғни  =B1+$K$2  формуласын 
енгіземіз, оны J1 ұяшығына дейін созамыз; 
2.4)z  айнымалысының  мәнін  есептеу  үшін  В2  ұяшығын  екпінді 
жасағаннан  соң  Функция  шеберін  шақырып,  оның  екінші  қадамында 
«Категория»  ӛрісінен  «Математикалық»  типін  таңдаймыз.  Функция  ӛрісінен 
«Корень» функциясын таңдаймыз және шыққан сұхбаттық терезеге түбір асты 

 
74 
айнамылысының  бірініш  мәнін  есептеуге  қажетті  формуланы  енгіземіз,  яғни: 
=КОРЕНЬ(1-$A2^2/9-B$1^2/4),  бұдан  соң  ОК  батырмасын  шертеміз.  В2 
ұяшығында  #ЧИСЛО!  мәні  шығады,  ӛйткені  х=-3  және  у=-2  нүктелерінде 
тұрғызылатын эллипсоид жоқ; 
2.5) Нәтижеде 2-суреттегідей мәндер кестесін аламыз: 
 
 
2-сурет.Эллипсоид функциясын есептеу кестесі. 
 
3)Берілген функцияның диаграммасын тұрғызу үшін Диаграмма шеберін 
шақырамыз. Содан соң: 
3.1)1  қадамда  диаграммы  типін  –  «Поверхность»,  ал  кӛрінісін  – 
«Проволочная (прозрачная) поверхность» деп аламыз;  
3.2)2  қадамда  «Диапазон  данных»  ӛрісінде  тышқан  нұсқағышының 
кӛмегімен  B2:J14  аралығын  кӛрсетеміз,  ал  «Подписи  оси  Х»  ӛрісінде  х 
айнымалысының  мәндер  аралығын  кӛрсетеміз:  А2:А14.  у  айнымалысының 
мәндерін «Ряд» ӛрісінде бейнелейміз, яғни «Ряд 1» жазбасын белгілеп алғаннан 
соң  «Имя»  ӛрісін  ағымды  етеміз  де  у  айнымалысының  бірінші  мәнін  (-2) 
енгіземіз. Дәл осылай «Ряд 9» жазбасына дейін қайталаймыз. Қажетті жазбалар 
орындалып болғаннан соң «Далее» батырмасын шертеміз; 
3.3)3 қадамда диаграмма тақырыбын және осьтерін енгіземіз; 
3.4)4  қадамда  диаграмманың  орналасу  орнын  анықтаймыз.  Диаграмма 
кӛрінісі 3-суретте берілген. 

 
75 
 
3-сурет. Эллипсоид диаграммасы. 
 
3. Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу. 
 
Мәлiметтер  базасымен  атқарылатын  негiзгi  жұмыс  оның  қүрамынан 
айрықша белгiлерiне қарай мәлiметтердi iздеу болып табылады. Жазбалар саны 
неғүрлым  кӛп  болған  сайын  мәлiметтi  iздеу  қиындай  бередi.  Excel  бұл 
қиындықты  шешудi  мәлiметтердi  сұрыптау  арқылы  орындау  мүмкiндiгiн 
бередi. 
Данные__Фильтр)'>Деректер

Фильтр  (Данные

Фильтр)  командасын  орындау  арқылы 
қажеттi жазбаларды басқалардан бӛлiп алуға, екшеп терiп алуға болады. Екшеп 
терiп  алуды  автоматты  түрде  Автофильтр  командасының,
 
ал
 
жәй  әрекеттер 
арқылы  (қолмен)
 
Кеңейтiлген  фильтр  (Расширенный  фильтр)  командасының 
кӛмегiмен орындауға болады. 
Автофильтрдi пайдаланып, жазбаларды екшеп теру әрекеттерiн орындау 
үшiн,  алдымен  курсорды  мәлiметтер  базасы  ретiнде  қарастырылатын  кестенiң 
iшiне  орналастырамыз  немесе  жазбаларды  белгiлеймiз.  Одан  кейiн 
Данные

Фильтр

Автофильтр  командасын  орындаймыз.  Нәтижесiнде  ӛрiс 
аттары  маңында  тӛмен  қарай  бағытталған  тiксызық  батырмалар  пайда 
болады.
  Осы  батырмаларды  шерту  арқылы  әрбiр  ӛрiстегi  мәлiметтердi 
екшеп  терiп  алу  критерийлерiн  таңдай  аламыз.  Пайда  болған  iшкi  мәзірдегi 
Барлығы  (Все)  бӛлiмi  фильтрден  ӛткiзудi  тоқтатады,  ал  Шарт  (Условие) 
бӛлiмiн  таңдау  нәтижесiнде  екшеп  алу  параметрлерiн  тағайындау  мүмкiндiгiн 
беретiн сұхбат терезе ашылады. Бiр ӛрiсте орналасқан мәлiметтердi ЖӘНЕ не 
НЕМЕСЕ  логикалық  функцияларымен  байланысқан  екi  шартты  бiруақытта 
тексере отырып, екшеп теруге болады. 
Кеңейтiлген  фильтрдi  (Расширенный  фильтр)  пайдаланбас  бүрын 
мынадай үш аймақты анықтап (қүрып) алу қажет: 
iзiм аралығы (интервал списка), яғни мәлiметтер базасы аймағы; 

 
76 
-  Критерийлер  аралығы  (интервал  критериев)  –  екшеп  теру  әрекетi  
ӛткiзiлетiн аймақ; 
-  Шығарып  алу  аралығы  (интервал  извлечения)  –  екшеп  теру  нәтижесi 
орналасқан аймақ. 
Кеңейтiлген  фильтр  кӛмегiмен  мәлiметтердi  екшеп  терiп  алу  үшiн 
Данные

Фильтр

Расширенный 
фильтр 
командасын 
орындаймыз. 
 
Экранда  пайда  болған  Кеңейтiлген  фильтр  сұхбат  терезесiнде  аралықтардың 
координаталарын  кӛрсету  керек.  Егер  екшеп  теру  нәтижесiн  басқа  орынға 
кӛшiру  қажет  болса,  онда  Нәтиженi  басқа  орынға  көшiру  (Скопировать 
результат в другое место)  ауыстырғышын iске қосамыз. 
MS  Excel  программасында  мәлiметтер  базасы  ретiнде  қарастырылатын 
кестенi сүрыптау мүмкiндiгi бар. Сұрыптау әрекетiн орындау үшiн, мәлiметтер 
базасын  белгiлеп  немесе  курсорды  сол  аймаққа  орналастырған  соң, 
Деректер

Сұрыптау  командасын  орындаймыз.  Осы  мезетте    Сұрыптау 
ауқымы  (Сортировка  диапазона)  сұхбат  терезесi  ашылады. Бұл  терезеде 
Жазбаларға (Ауқымның бiрiншi қатары) (Подписям, первая строка диапазона) 
ауыстырғышын  қосып,  сұрыптау  жүргiзiлетiн  ӛрiс  атын  таңдаймыз.  Сонымен 
бiрге,  сұрыптау  тәсiлiнiң  өсу  ретiмен  немесе  кему  ретiмен  екi  мүмкiндiгiнiң 
бiрiн таңдап алғанннан кейiн ОК батырмасын шертемiз. 
Мәлiметтер  базасы  осы  әрекеттер  орындалған  соң    ӛзiмiз  тағайындаған 
параметрлерге  сәйкес  реттеледi.  Символдық  мәтiндерден  тұратын  ӛрiстер 
алфавиттiк ретпен сұрыпталады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыруын түсіндіріңіз. 
2.
 
Мәліметтерді сұрыптау дегеніміз не? 
3.
 
Ұяшықтағы мәліметтерді ӛңдеудің қанша түрі бар? 
 
 

 
77 
№8 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: Тұсаукесерді даярлау құралы – MS POWER POINT. 
 
1.  MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері. 
2. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация 
материалдарын баспаға шығару. 
 
1. MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері. 
 
Microsoft  PowerPoint  –  Microsoft  Office-тiң  құрамындағы  презентация 
материалдарын 
дайындауға арналған программа. 
Бұл  
программа 
 кодоскоптарға және 35 мм-лiк 
мӛлдiр  қабыршақтарға (пленка)   арналған  
слайдтар,  
қағазда  
үлестiрiлетiн  
материалдар, компьютер 
экранында 
анимациялық  кӛрiнiстердi  бейнелей  алатын  тұсаукесерлерді  дайындау 
мүмкiндiгiн  бередi.  Microsoft  PowerPoint  программасында  баяндама  немесе 
мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және 
мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.  
MS  Powerpoint  программасын  жүктеудің  ең  қарапайым  тәсілі  –  есептер 
тақтасындағы  Пуск

Программы

Microsoft  PowerPoint  қатарында  тышқанды 
шерту. 
Powerpoint  программасы  iске  қосылған  мезетте  презентация  құрудың 
тәсiлдерiн таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкiндiгiн беретiн 
сұхбаттық терезе ашылады (1-сурет). 
 
 
1-сурет. Power point программасының сұхбаттық терезесі. 
 
Автомазмұн шеберi (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, 
жаңа  презентация, белгiлi тақырыпқа сәйкес мәтiн және безендiру элементтерi 
енгiзiлiп  сақталған   презентациялар  тiзiмiнен  қажеттiсiн  таңдап, сатылы  түрде 
сұрақтарға жауап бере отырып  құрылады. 
Презентациялар 
шаблоны 
(Шаблон 
презентации) ауыстырғышы 
ӛз презентацияңызды  бұрыннан  безендiру  элементтерi  сақталып  қойылған 
шаблон түрiне келтiрiп дайындау мүмкiндiгiн бередi.  

 
78 
Бос  презентация  (Пустую  презентацию)  ауыстырғышы  ешқандай  мәтiн 
енгiзiлмеген  және  безендiру  элементтерi  пайдаланылмаған  таза,  бос 
презентация құру мүмкiндiгiн бередi.  
Презентацияны  ашу  (Открыть  презентацию)  ауыстырғышы  бұрын  – 
құрылып,  сақталып  қойған  презентацияны  оқу  мүмкiндiгiн  бередi.  Бұл 
ауыстырғыш қосылғаннан кейiн, ашуға қажеттi презентация сақталған орынды 
кӛрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезе ашылады. 
Microsoft  PowerPoint  программасы  iске  қосылғаннан  кейiн  пайда  болған 
сұхбаттық  терезеде  Автомазмұн  шеберi  ӛрiсiн  таңдап,  ОК  батырмасын 
шертемiз. Осы кезде Автомазмұн шеберi iске қосылады (2-сурет).  
 
2-сурет. Автомазмұн шеберi көмегiмен презентация құру терезесі. 
 
   Автомазмұн  шеберi  презентация  құру  үшiн  сатылы  түрде  мынадай 
сұрақтарға жауап берудi талап етедi: 
1-шi  қадамда  Презентацияның  түрi,  яғни  оның  жалпы  тақырыптық 
бағытын таңдаймыз; Келесi қадамға ӛту үшiн қажеттi тақырыпты таңдаған соң, 
Ары қарай (Далее) батырмасын шертемiз. 
2-шi  қадамда  Презентацияны  көрсету  тәсiлдерi,  презентацияның 
баяндамашы  ӛзi  түсiндiретiн  болғандықтан  тек  иллюстративтi  слайдтардан 
құралатынын  немесе  ақпараттық  киоск  түрiнде  дайындалып,  кӛрермендер  ӛз 
беттерiнше қарауға арналатын опцияларының бiрiн таңдау қажет; 
3-шi  қадамда  Презентацияны  шығару  материалының  форматы,  қағазға 
басылатынын,  фотографиялық  слайд  немесе  электрондық  презентация  болу 
керектiгiн кӛрсету қажет. 
4-шi  қадамда  Қосымша  мәлiметтер:  презентацияның  тақырыбы  және 
титулды слайдта жазылатын мәтiндердi терiп жазамыз. 
Осы  сұрақтардың  бәрiне  жауап  алғанннан  кейiн  автомазмұн  шеберi 
презентацияны  дайындайды.  Тиiстi  мәлiметтердi  енгiзгеннен  кейiн  Дайын 
(Готово) батырмасын шертемiз. 
Дайын  болған  презентациядағы  мәтiндердi  ӛз  ыңғайымызға  қарай 
ӛзгертiп,  арнайы  эффектiлер  қосып,  кӛркемдеу  элементтерiн  қолдана  аламыз. 
Автомазмұн  шеберiн  презентациямен  жұмыс  iстеп  отырған  кезде  қосу  қажет 
болса,  Файл

Құру  (Файл

Создать)  командасын  орындап,  ашылған  сұхбат 

 
79 
терезенiң  Презентациялар  iшкi  бетiнде  Автомазмұн  шеберi  шарт  белгiсiнде 
тышқанды екi рет шерту жеткiлiктi. 
PowerPoint  программасында  кӛркемделiп,  дайындалған  презентациялар 
шаблондар  түрiнде  сақталынып  қойылған.  Кез  келген  уақытта  осы 
шаблондарды  пайдалана  отырып,  ӛз  презентациямызды  құруға  болады. 
Шаблондарды  пайдаланып  құру  әрекетiн  PowerPoint  программасы  iске 
қосылған  мезетте  ашылған  сұхбат  терезеде  Презентациялар  шаблоны 
(Шаблоны  презентаций)  опциясын  таңдау  арқылы  құру  мүмкiндiгi  бар.  Осы 
опция  таңдалғаннан  кейiн  Жалпы  (Общие),  Презентациялар  дизайндары 
(Дизайны  презентаций),  Презентациялар,  Web-парақтар  (Web-страницы) 
астарлы беттерiнен түратын, Презентацияны құру сұхбаттық терезесi ашылады 
(3-сурет). 
 
3-сурет. Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) сұхбат 
терезесі. 
 
Осы сұхбаттық терезе Файл

Құру командасын жүктегенде де ашылады. 
Сұхбаттық  терезенiң  оң  жақ  шетiнде  орналасқан  үш  батырма  кӛмегiмен 
презентациялар тiзiмiн iрi шарт белгiлер, ұсақ шарт белгiлер және кесте түрiнде 
кӛруге болады. 
Презентацияның шаблонын тышқан кӛмегiмен белгiлеген кезде шығатын 
үлгiден қарап отырып, ӛзiмiзге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертемiз. Осы 
мезетте  экранға  Слайд  құру  сұхбаттық  терезесi  шығады  (4-сурет).  Бұл 
сұхбаттық  терезеде  қажеттi  слайдтың  түрiн  кӛрсетуiмiз  қажет.  Экранда 
таңдалған шаблонға сәйкес бос перзентация пайда болады. Осы презентацияға 
тиiстi мәтiндердi енгiзiп, арнайы эффектiлер қосып, кӛркемдеймiз. 

 
80 
 
4-сурет. Слайд құру сұхбаттық терезесi. 
Бос  презентация,  яғни  ешқандай  кӛркемдеу  элементтерi  қолданылмаған 
таза презентация құру әрекетiн:  
1)PowerPoint  программасын  iске  қосу  мезетiнде  экранда  пайда  болған 
сұхбат  терезенiң  Презентация  құру  ӛрiсiндегi  Бос  презентация  (Пустую 
презентацию) опциясын таңдау арқылы; 
2)Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенiң Жалпы 
(Общие)  астарлы  бетiнде  Жаңа  презентацияны  (Новую  презентацию)  шарт 
белгiсiн таңдау арқылы; 
3)Стандарттар  саймандар  тақтасындағы    Құру  (Создать)  батырмасында 
тышқанды шерту арқылы орындауға болады. 
Осы  әрекеттердiң  бiрi  орындалған  соң  экранда  Слайд  құру  сұхбаттық  
терезесi ашылады (5-сурет). 
 
5-сурет. Бос презентация (Пустую презентацию) құру сұхбаттық терезесі. 
 
Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестiру схемасын таңдау әрекетiн 
Слайд  құру  сұхбаттық  терезесiнде  жүзеге  асыруға  болады.  PowerPoint 
программасында слайдтар белгiленуiнiң 24 түрлi варианты бар. Осы варианттар 
iшiнен ӛзiмiзге қажеттiсiн таңдаған соң ОК батырмасын шертемiз. 
Слайдқа  мәтiн,  сурет,  графикалық  объектiлерді  арнайы  шаблон 
кӛмегiмен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд 
құру  сұхбаттық  терезесiнде  слайдтағы  мәтiн,  графикалық  объектiлер, 
диаграммалардың  орналасу  схемасын  таңдай  отырып  енгіземіз.  Қажеттi 

 
81 
схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (5-
сурет).  Әрбiр  ӛрiсте  әрекеттiң  орындалуына  байланысты  қандай  элемент 
енгiзiлетiнi  кӛрсетiлiп  тұрады.  Мысалы,  слайдтың  жоғарғы  жағындағы  ӛрiс 
аймағында  тышқанды  бiр  рет  шертсек  тақырып  енгiзiледi  т.с.с.  Бастапқы 
уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейiн ӛзгертуге болады.  
Форматталатын  мәтiндi  ерекшелеп,  белгiлеген  соң  Формат

Қарiп 
(Формат

Шрифт)  командасын  орындағанда  ашылған  сұхбаттық  терезеде 
немесе  форматтау  саймандар  тақтасындағы  батырмалар  кӛмегiмен  тиiстi 
әрекеттердi орындаймыз.  
Мәтiн  енгiзу  ӛрiсiнде  оны  таңбаланған  тiзiм  түрiнде  жазған  ыңғайлы. 
Стандартты  таңбаларды  ӛзгерту  үшiн,  таңбаланған  тiзiм  жазылған  ӛрiсте 
тышқанды  шертемiз  де  Формат

Таңба  (Формат

Маркер)  командасын 
орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұхбаттық терезесi ашылады. Осы тiзiмненен 
кез  келгенiн  таңдап,  ОК  батырмасын  шерту  арқылы  таңба  ретiнде  қолдануға 
болады. 
Слайдқа  кесте,  диаграмма,  суреттер  енгiзу  әрекетiн  слайдтың  схемасын 
таңдаған  кезде  шығатын  ӛрiс  аймағында  тышқанды  екi  рет  шерту  арқылы 
енгiзуге  болады,  яғни  Енгiзу

Сурет  (Вставка

рисунок)–  командасын 
орындағаннан соң: 
-Картинкалар (Картинки) –Microsoft Clip Gallery объектiлерiн; 
-Файлдан (Из файла) – файл түрiнде сақтаулы тұрған суреттердi
-Автофигуралар – әртүрлi автофигуралар; 
-Бiрнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма); 
-WordArt объектiлерiн; 
-сканерден кӛшiрме (со сканера); 
-Microsoft Word кестесiн енгiзуге болады.  
PowerPoint  программасының  графикалық  объектiлердi  бейнелеуге 
арналған  басқа  программалардан  айырмашылығы  бiр  мезгiлде  бiрнеше 
слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Осы 
себептi слайдтарды қараудың бiрнеше режимдерi бар:  
 Слайдтар  режимi  –  презентацияның  әр  слайдын  жеке  қарауға  және 
ӛңдеуге  ӛте  ыңғайлы.  Осы  режимде  мәтiн  енгiзуге  және  ӛңдеуге,  графикалық 
объектiлер мен таблицалар енгiзуге болады. Сонымен бiрге ӛзiмiз дайындаған 
немесе дайын суреттер, мәтiндiк түсiнiктемелер енгiзуге болады. 
Құрылымдық режим – презентацияның тек мәтiндiк мазмұнын кӛрсетедi. 
Бұл режимде презентациядағы мәтiндi ӛзгертуге немесе жаңа мәтiн енгiзуге бо-
лады.  Слайд  режимiнде  жасаған  безендiру  әрекеттерiн  құрылымдық  режимде 
орындай алмаймыз. 
 Слайдтарды сұрыптау режимiнде – презентацияның барлық слайдтары 
тiзбектелiп,  терезеде  орналасады.  Тұтас  презентацияның  түрiне  арналған 
слайдтардың  фоны,  түстердi  таңдау  сияқты  ортақ  параметрлердi  тағайындай 
отырып,  болған  ӛзгерiстердi  бақылауға  ыңғайлы.  Нақты  бiр  слайдтың 
мазмұнын  ӛзгерту  мүмкiн  емес  болғанымен,  оларды  ӛшiру,  қайталау,  кӛрсету 
ретiн ӛзгерту әрекеттерiн орындауға болады. 

 
82 
Бетке  ескертпе  жазу  режимi  –  презентация  кезiнде  баяндамашы 
қолдану үшiн беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге кӛшкен кезде 
слайдтың  кiшiрейтiлген  кӛшiрмесi  беттiң  жоғарғы  бӛлiгiне  орналасады  да, 
тӛменгi бӛлiгiн мәтiндiк түсiнiктемемен толтыруға болады. 
 Слайдтарды  көрсету  режимiнде –  дайындалған  презентация  слайдтары 
бiрiнен кейiн бiрi  экранда кӛрiне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық 
анимациялық эффектiлер экранда кӛрiнедi (графикалық объектiлер немесе мә-
тiннiң әрiптерi бiрiнен кейiн бiрi жоғарғы, тӛменгi немесе т.б жақтан ұшып ке-
луi, түсi ӛзгеруi т.б.). 
Осы режимдердiң бiрiне кӛшу үшiн, Түр (Вид) командасының iшкi меню-
iндегi қажеттi режимнiң бiрiн таңдаймыз немесе программа терезесiнiң сол жақ 
тӛменгi  шетiнде  орналасқан  режим  батырмасының  тиiстiсiн  шерту  жеткiлiктi 
(6-сурет).        
 
6-сурет. PowerPoint программасында слайдпен жұмыс iстеу режимдерi. 
 
Әрбiр  адамның  ӛз  қалауы  бойынша  слайдтардың  бiр-бiрiне  тәуелсiз 
мынадай элементтерiн тағайындауға болады: 
Слайд  белгiленуi  (Разметка  слайда)  –  слайд  белгiленуi  ретiнде  слайдқа 
орналастыратын мәтiн, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады. 
Түрлi  түстер  схемасы  (Цветовая  схема)  –  түстердiң  кең  мӛлшерлi 
спектрiнен кез келген түстi таңдау мүмкiндiгiн бередi.  
Фон    -  слайдтағы  түстер  тек  бiртүстi  ғана  болуы  мiндеттi  емес.  
Палитрадағы  ұқсас  түстердiң  бiрiнен  басқасына  бiртендеп  ауысуға  болады. 
Сондай-ақ,  бiр  түстiң  ӛзiн  вариациялық  түрде  қанықтыра  отырып,  түстiң  әр 
түрлi ӛрнектерiн шығаруға болады. 
Слайд  белгiленуiн  (Разметка  слайда)  яғни  мәтiн,  сурет,  диаграмма 
элементтерiнiң слайдтта орналасу схемасын презентацияның әрбiр слайдына ӛз 
қалауымызша  таңдау  мүмкiндiгi  бар.  Слайд  белгiленуiн  тек  презезентация 
құрылатын  кезде  ғана  емес,  онымен  жұмыс  iстеп  отырып,  кез  келген  уақытта 
ӛзгертуге болады. 
Слайд  белгiленуiн  тек  бiр  слайд  үшiн  таңдау  қажет  болса,  слайд 
режимiнде Формат

Слайд белгiленуi (Формат

Разметка слайда) командасын 
орындаймыз.  Ал,  бiрнеше  слайдтың белгiленуiн ӛзгерту  үшiн, осы команданы 

 
83 
слайдтарды  белгiлеп  алған  соң  орындаймыз.  Бiрнеше  слайдтар  сүрыптау 
(сортировка  слайда)  режимiне  ауысып,  бiреуi  белгiленген  соң,  келесiсiнде 
тышқанды шерту кезiнде Shift пернесiн басып тұру арқылы белгiленедi.  
Түрлi  түстер  схемасы  әрбiр  шаблон  компоненттерiнiң  бiрi  болып 
табылады.  Ол  презентацияның  әртүрлi  элементтерiн  безендiруге  арналған 
реттелген  сегiз  түрлi  түстер  тiзбегiнен  құралған.  Түрлi  түстер  схемасында 
слайдтардың  фоны  бiрiншi  орында  түрады,  қалған  жетi  түс  фонның  үстiне 
орналасатын мәтiн, диаграмма және басқа объектiлердiң безендiруге арналған. 
Формат

Түрлi түстер схемасы (Формат

Цветовая схема) командасын 
орындағанда  ашылған  сұхбаттық  терезенiң  Стандартты  (Стандартная) 
астарлы  бетiнде  схеманың  қажеттiсiн  таңдау  мүмкiндiгi  бар.  Ал,  Арнайы 
(Специальная)  астарлы  бетiнде  түрлi  түстер  схемасындағы  түстердi  ӛзгертуге 
болады.  
Осы  сегiз  түрлi  безендiру  элементтерiнiң  кез  келгенiн  ӛзгерту  үшiн, 
Арнайы  (Специальная)  астарлы  бетiнде  қажеттiсiн  таңдап  алған  соң,  Түстi 
өзгерту  (Изменить  цвет)  батырмасын  шертемiз.  Келесi  ашылған  сұхбаттық 
терезеде  алтыбүрышты  түрлi  түстен  және  спектрден  ӛзiмiзге  үнаған  түстi 
таңдаймыз.  
Слайдтың  бiр  бӛлiгiнен  екiншi  бӛлiгiне  қарай  түстiң  қанықтылығын 
ӛзгертуге және ӛрнек немесе текстура түрiнде түстердi әртүрлi етiп дайындауға 
болады. Түс қанығуы ӛзгерiсiнiң арнайы  грандиенттi қүю деп аталатын түрiн 
қолдана  отырып,  ӛте  әдемi  дизайндарды  дайындауға  болады.  Құю  тәсiлдерiн 
таңдау  үшiн  Формат

Фон  командасын  орындағанда  ашылған  сұхбаттық 
терезедегi    таңдау  батырмасын  шерткенде  ашылған  тiзiмнен  Құю  тәсiлдерi 
(Способы  заливки)  командасын  орындаймыз.  Осы  мезетте  Құю  (Заливка) 
сұхбаттық терезесi ашылады. 
Грандиенттi  iшкi  бетiнде  кез-келген  түстiң  бiрiн  және  оған  сәйкес 
штрихтеу  типi  мен  вариантын  таңдап,  қажеттi  эффектiнi  дайындамыз.  ОК 
батырмасын,  одан  қолдану  немесе  бәрiне  Қолдану  немесе  Бәрiне  қолдану 
батырмасының шертемiз. 
Текстура және Өрнек (Узор) iшкi беттерiнде слайдтағы фонның түрлерiн 
әртүрлi  етiп  ӛзгерту  мүмкiндiктерi  бар.  Ал  фонға  сурет  қосу  қажет  болса, 
Сурет  (Рисунок)  iшкi  бетiнде  тиiстi  форматта  сурет  жазылған  файлдың 
сақталған орнын кӛрсету қажет. 
Жеке  слайдтарды  безендiру  үшiн,  алдымен  безендiрiлетiн  бiр  немесе 
бiрнеше  слайдты  кӛрсету  қажет.  Ол  үшiн  слайдтарды  сұрыптау  режимiне 
кӛшемiз.  Қажеттi  слайдтта  тышқанды  шертемiз.  Егер  бiр  мезгiлде  бiрнеше 
слайдты безендiру үшiн тышқанды шерту кезiнде Shift пернесiн басулы күйiнде 
үстап түрамыз. Белгiленген слайдтар қалың жақтаумен қоршалады. Слайдтарды 
белгiлеген соң, тиiстi безендiру әрекеттерiн орындаймыз. 
Презентацияны  құрайтын  слайдтардың  барлығы  бiр  жүйеге  келтiрiлуi 
және  анық  бiр  материалды  тiзбектi  түрде  бейнелеу  мәселесiн  шешуi  қажет. 
Презентация  арқылы  берiлетiн  ақпарат  аудиторияда  мағыналы  қабылдануы 
үшiн,  слайдтар  бiрiнен  кейiн  бiрi  толықтырып  отыруы  керек.  PowerPoint 
программасында  презентация  слайдының  бiрiнен  келесiсiне  ӛтудiң  бiрнеше 

 
84 
тәсiлдерi  қарастырылған.  Слайд  фондарын  таңдау  сияқты,  презентацияның 
тақырыбына  байланысты  слайдтан  слайдқа  ӛту  түрiн  де  таңдауға  болады. 
Слайдтардың  бiрiнен  келесiсiне  ауысудың  әрқайсысы  бiрнеше  варианттан 
тұратын оннан аса түрi бар: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет