Жалюзи – жаңа слайд толық кӛрiнгенше бiртiндеп ашылады. Терезеге
орнататын жалюзилер сияқты горизонталь және вертикаль түрлерi болады. Бiр
жарнаманы екiншiсiмен динамикалық түрде ауыстыруға арналған жарнамалық
слайдтарда қолдануға ӛте тиiмдi.
Тiктӛртбүрыш – слайдтың дәл центрiндегi нүктеге дейiн кiшiрейедi
немесе слайд ӛлшемiмен бiрдей болғанға дейiн үлкейедi.
Дойбылар (Шашки) – кiшкене квадратшалар слайдты тұтас алады да,
жан-жаққа немесе тӛмен қарай үлкейедi.
Ағын (Наплыв) – жаңа слайд жоғарыдан, тӛменнен, кез келген жақтан
немесе кез келген бұрыштан пайда болады да, бiрте-бiрте алдыңғы слайдты
жауып қалады.
Жарып шығу (Прорезание) – кӛшу әрекетi тез болатыны соншалық,
басқа ауысулардағыдай ӛту әрекетi байқалмай қалады.
Еру (Растворение) – жаңа слайдты құрайтын кiшкене нүктелер бiрте-
бiрте үлкейiп алдыңғы слайдты жауып кетедi.
Қара түс арқылы гүлдену (Выцветание через черное) – бiртiндеп
жоғалу және пайда болу әрекетi жүзеге асады. Жаңа слайд қара фоннан пайда
болады.
Кездейсоқ жолақтар (Случайные полосы) – қалың және жiңiшке
(вертикаль немесе горизонталь) сызықтар пайда болады да, бiртiндеп жаңа
слайдқа айналады.
Панорама – слайдтың бетiндегi вертикаль немесе горизонталь
орналасқан перде сияқты кӛрiнедi.
Бұрыштар (Уголки) – жаңа слайд алдынғы слайдты диагональ бойынша
тiстi қиықпен жаба отырып пайда болады.
Ашылу (Открывание) – жаңа слайд бiрден тұтас экранды алып тұратын
енгiзуден бұның айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегiз бағыттың кез
келгенiнде бiртiндеп ашылады.
Пайда болу (Появление) – бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд
баяу пайда болады.
Кездейсоқ ауысу (Случайный переход) – жеке слайдтардың арасындағы
ауысулар әртүрлi және әрбiр жаңа слайдта кездейсоқ түрде ӛзгередi.
Ауысу жоқ (Нет перехода) – келесi слайдқа ӛту кезiнде ешқандай
эффект болмайды.
Слайдтарға осы ауысулардың бiрiн қолдану үшiн слайдтарды сұрыптау
режимiне кӛшу керек. Кез келген слайдты белгiлеген соң, оның жанама
менюiнен, яғни тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылған менюден
Слайд ауысуы (Переход слайда) командасын орындаймыз. Осы кезде Слайд
ауысуы сұхбаттық терезесi ашылады.
Слайд жасауда құрамдас мәтiн анимациясының варианттарын таңдау
үшiн Слайдты көрсету
Құрамдас анимация (Показ слайда
Встроенная
85
анимация) командасын орындағанда шығатын тiзiмнен қажеттi эффектiнiң
бiрiн таңдаймыз. Слайдтарды сұрыптау режимiнде осы тағайындалған
эффектiлердi тек алдын ала қарай аламыз. Ал эффектiнi толық кӛру үшiн
Слайдты көрсету (Показ слайда) режимiне кӛшемiз. Осы мезетте тышқанның
сол жақ батырмасын шерткен сайын мәтiн элементтерi таңдалған эффектiмен
пайда болады. Слайдтты кӛрсету режимiнен аяқталмай тұрып шығу үшiн ESC
батырмасын шертемiз.
2.Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация
материалдарын баспаға шығару.
Microsoft PowerPoint программасында әртүрлi анимациялық эффектiлер
және мультимедиалық мүмкiндiктердi қолдана отырып, презентацияны
жандандыруға болады. Мәтiн элементтерiнiң ӛзiне жеке әрiптер, сӛз, абзац
түрiнде әртүрлi эффектiмен пайда болатындай етiп жасау мүмкiндiгi бар. Тек
мәтiн элементтерi емес графикалық объектiлер, диаграммаларға да
анимациялық эффектiлер қосуға болады.
Слайд элементтерiне анимациялық эффектiлер қосу үшiн, Слайдты
көрсету
Анимация қосу (Показ слайда
Настройка анимации) командасын
орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу (Настройка анимации) сүхбат терезесi
ашылады (7-сурет). Бұл сұхбаттық терезеде слайдтың әрбiр элементiне
анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердiң пайда болу уақыты
мен ретiн ауыстыру және анимациядан кейiн түсiн ӛзгерту немесе басқа эффект
беру әрекеттерiн орындай аламыз. Сұхбаттық терезенiң Уақыт (Время)
астарлы бетiне кӛшемiз де, Анимациясы жоқ объектiлер (Объекты без
анимации) тобындағы қажеттi элементтi белгiлеп, Қосу (Включить)
батырмасын шертемiз. Слайдтың барлық элементтерiне анимация қосу үшiн,
олардың әрқайсысын CTRL пернесiн басып тұрып белгiлеймiз немесе жеке-
жеке жоғарыда айтылған әрекеттi қайталаймыз.
7-сурет. Слайдты көрсету– Анимация қосу (Показ слайда – Настройка
анимации) командасы
86
Осы әрекет орындалғаннан кейiн, анимация қосу әрекетi таңдалған
элементтердiң тiзiмi Анимациялар ретi (Порядок анимации) ӛрiсiнде кӛрiнедi.
Бұл ӛрiстiң оң жағындағы батырма слайд элементтерiнiң пайда болу ретiн
ӛзгерту мүмкiндiгiн бередi. Ретiн ӛзгертуге қажеттi элементтi тышқанды шерту
арқылы белгiлеп аламыз да, жоғарғы жағындағы батырманы шертсек, оның
пайда болуын бiр саты тездетедi және керiсiнше. Яғни егер екiншi тұрған
элементтi белгiлеп, жоғарғы жағындағы батырманы шертетiн болсақ, слайдтты
кӛрсету кезiнде алдымен екiншi элемент одан кейiн бiрiншi элемент пайда
болады. Бұл ӛрiстiң оң жағында слайдтың үлгiсi орналасқан, Көру (Просмотр)
батырмасын шерту арқылы эффектiлердi қадағалап отыра аламыз. Уақыт
(Время) астарлы бетiнде элементтердiң пайда болу уақытын кӛрсету мүмкiндiгi
бар. Анимациялар ретi (Порядок анимации) ӛрiсiнде қажеттi элементтi таңдап
алып, тышқанның шертуiмен немесе автоматты түрде неше уақыттан кейiн
пайда болуы керектiгiн белгiлей аламыз.
Эффектiлер iшкi бетiнде Анимациялар ретi (Порядок анимации) ӛрiсiнде
қажеттi элементтi белгiлеп, эффектiнi, дыбысты және мәтiн элементтерiнiң
пайда болуын және анимациядан кейiнгi түсi мен эффектiсiн таңдай аламыз.
Егер, слайдтқа диаграмма енгiзiлген болса, келесi Диаграммалардағы
эффектiлер (Эффекты в диаграммах) iшкi бетiне кӛшiп, Диаграмма
элементтерiн шығару (Вывод элементов диаграммы) тiзiмiнен анимация
тәсiлiнiң бiрiн таңдаймыз. Бұл тiзiмнiң құрамы слайдтағы диаграмма типiне
байланысты болады. Одан кейiн Эффектiнi және дыбысты таңдаңыз
(Выберите эффект и звук) тобынан қажеттi параметрлердi тағайындаймыз.
Уақыт iшкi бетiнде қажеттi уақыт аралығын белгiлеймiз.
Диаграмманың жеке элементтерi үшiн, жоғарыдан, тӛменнен, т.б. ―ұшу‖
эффектiлерiн қолдана алмаймыз, сондықтан, Барлығы бiрге (Все вместе) ӛрiсiн
таңдаймыз.
Microsoft PowerPoint программасында дайындалған презентацияны
кӛрсету кезiнде музыкалық, дыбыстық эффектiлердi және бейнеклиптердi
қолдану мүмкiндiгi бар. Бiрқатар дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының
дыбысы, қол шапалақтау т.с.с) Анимациялар эффектiлер (Эффекты анимации)
саймандар тақтасынан iске қосылады. Бұдан басқа коллекцияда кӛптеген
музыкалар мен бейнеклиптер бар. Осы коллекцияны қолдану үшiн, Енгiзу –
Кино және дыбыстар (Вставка – Кино и звуки) меню командасының қажеттi
iшкi командасының бiрiн орындаймыз.
Iшкi командалары: Коллекциядағы кино (Кино из коллекции), Файлға
сақталған кино (Кино из файла), Коллекциядағы дыбыс (Звук из коллекции),
Файлға сақталған дыбыс (Звук из файла), Компакт дискiдегi жазба (Запись из
компакт диска), Дыбыс жазу (Записать звук). Коллекциядағы кино немесе
Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сүхбат
терезесiнiң, сәйкес Бейне (Видео) немесе Дыбыс (Звук) iшкi беттерi ашылады.
Қажеттi бейнеклип немесе дыбыс шарт белгiсiн ерекшелеп Енгiзу (Вставить)
батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгiзе аламыз.
Қажеттi ӛрiстердi белгiлеп Параметрлер батырмасын шертемiз.
Қосымша параметрлер (Дополнительные параметры) сұхбаттық терезесi
87
ашылады. Бұл сұхбаттық терезеде музыканы үздiксiз ойнату, аяқталған соң
басынан бастап қою мүмкiндiгi бар. Үздiксiз тыңдау (Непрырывное
воспроизведение), Аяқталған соң басынан бастап қою (После окончания
установить на начало) тиiстi ӛрiстiң қанат белгiсiн кӛрсетiп қоямыз.
Дыбыс, музыка және бейнеклиптер PowerPoint программасында объект
түрiнде енгiзiледi. Дыбыс немесе бейнеклиптердi әмбебап ойнауыштың
(универсальный проигрыватель) объектiсi ретiнде тыңдау үшiн Енгiзу – Объект
(Вставка – Объект) командасын орындаймыз да, Мультимедиа клипi (Клип
мультимедиа) қатарында тышқанды шертемiз. Бұл кезде дыбысты немесе
бейнеклиптi тыңдау Windows жүйесiмен бiрге орнатылған әмбебап ойнауыш
кӛмегiмен жүзеге асады. Әмбебап ойнауыш мультимедиа файлдарын және
компакт-дискiлер мен бейнедискiлер сияқты құрылғылардан тыңдау
мүмкiндiгiн бередi.
Microsoft PowerPoint программасының әрбiр слайдты кӛрсетуге қанша
уақыт кеткенiн қадағалап, есептеу мүмкiндiгi бар. Слайдтарды кӛрсетуге қанша
уақыт кеткенiн қадағалау арқылы алдын ала презентацияға дайындалуға
болады.
Презентациядағы материалдарды баяндауға кеткен уақытты қадағалау
үшiн, слайдтарды сұрыптау режимiне кӛшемiз. Слайдтарды сұрыптау
тақтасындағы Уақытты қадағалау (Настройка времени) батырмасында
тышқанды шертемiз немесе Слайдтты көрсету (Показ слайда) режимiнен
басқа режимнiң кез келгенiнде Слайдтты көрсету – Уақытты қадағалау
(Показ слайда – Настройка времени) командасын орындаймыз. Осы кезде
экранда бiрiншi слайд оң жақ тӛменгi шетiндегi секундомермен бiрге пайда
болады. Презентацияны баяндауды бастай беруге болады. Келесi слайдқа ауысу
үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Қайталау (Повторить)
батырмасын шерту арқылы барлығын басынан бастауға болады.
Бетке ескертпелер жазу (Режим страниц заметок) режимiнде әрбiр
слайдқа белгiлi бiр ескертпелер жазуға болады. Осы режимге кӛшкен соң,
слайдтың тӛменгi жағында ескертпе жазуға арналған бӛлiгi кӛрiнедi. Ӛзiмiзге
қажеттi мәлiметтердi терiп енгiземiз. Бұл ескертпелер аудиторияға кӛрiнбейдi.
Презентацияны кӛрсету алдында, осы ескертпелердi қарап алу немесе оларды
қағазға басып алу арқылы ұмытылған мәлiметтердi еске түсiрiп алуға болады.
Презентация дайын болған соң оны ұйымдастыру тәсiлдерiн таңдау
қажет. Сондай-ақ, презентация үшiн компьютер мониторы, диапроектор немесе
слайдтық
кодоскоптың
қайсысы
пайдаланылатынын,
тыңдаушыларға
презентацияның қағазға түсiрiлген кӛшiрмесен тарату мәселесiн шешу қажет.
Осы мәселелер шешiлген соң, PowerPoint программасы ұйымдастыру
тәсiлдерiне қарай презентацияны шығару әрекеттерiн реттейдi.
Егер презентация саны шектеулi қызметкерлерге арналған кезектi
хабарлама болса, бiр компьютер жеткiлiктi. Ал презентация үлкен аудиторияға
ӛткiзiлетiн болса, бiрнеше компьютерлердi пайдалануға тура келедi. Мұндай
жағдайда дұрысы үлкен экранды проектор қолдану.
88
PowerPoint программасы жасырын слайдтар құру мүмкiндiгiн бередi. Бұл
слайдтар презентацияның кӛрсетуге арналмаған бiр бӛлiгi болады. Бiрақ қажет
десек кез келген уақытта кӛрсетуге болады.
Слайдтарды жасыру үшiн:
1. Слайдтарды сұрыптау режимiне кӛшемiз.
2. Жасыруға қажеттi слайдта тышқанды шерту арқылы, оны белгiлеймiз:
Слайдтарды сұрыптаушы (Сортировщик слайдов) тақтасындағы
Слайдтарды жасыру (Скрыть слайд) батырмасында тышқанды шертемiз. Бұл
кезде слайд мүлде жоқ болып кетпейдi, оның нӛмiрi жiктелiнедi де, үстi
сызылады (8-сурет).
8-сурет. Слайдтарды жасыру (Скрыть слайд).
Слайдты жасыру батырмасы тек слайдтарды сұрыптау режимiнде ғана
екпiндi, ал слайд режимiнде жұмыс жасап отырып оны жасыру қажет болса,
Сервис
Слайдтарды
жасыру
(Сервис
Скрыть
слайд)
командасын
орындаймыз.
Жасырылған слайдтарды ашудың екi тәсiлi бар:
1)Жасырылған слайдтың алдындағы слайдта тышқанның оң батырмасын
шертiп Ауысу
Жасырын слайд (Переход
Скрытый слайд) командасын
орындаймыз;
2)Жасырылған слайдтың алдындағысымен жұмыс жасап отырғанда H
немесе h әрпiн енгiземiз.
Презентация кезiнде белгiлi бiр ақпараттарды кӛрсету кезiнде оған
аудитория назарын аударту үшiн:
1. Слайдты кӛрсету кезiнде тышқанның оң жақ батырмасын шертемiз.
2. Жанама мәзірден Қалам (Перо) командасын орындаймыз. Осы мезетте
тышқанның кӛрсеткiшi қаламға ұқсас болады немесе CTRL+ P қос пернесiн
басу арқылы да орындауға болады.
3. Тышқанның батырмасын басулы күйiнде ұстап тұрып, слайдтың
белгiлi бiр элементтерiн ерекшелеп белгiлей отырып қоршауға немесе кез
келген суреттер салуға болады.
89
4. Осы салынған суреттердi немесе қоршауды ӛшiру үшiн Е пернесiн
басамыз. Бұл перне басылмаған күнде де, осы символдар келесi слайдқа ӛту
кезiнде ӛз-ӛзiнен ӛшiрiлiп қалады.
5. Курсорды бастапқы қалпына келтiру үшiн CTRL+ А қос пернесiн
басамыз.
Тақтада маңызды нәрсенi бормен белгiлеп кӛрсету сияқты, слайдта да
ерекшелеп кӛрсетуге болады. Бұл белгiлер келесi слайдқа ӛту кӛшу кезiнде
ӛшiрiлiп қалады.
Презентацияларды баспаға шығармас бұрын, шығарылатын қағаздың
параметрлерiн
тағайындау
қажет.
Файл
Парақ
параметрлерi
(Файл
Параметры страниц) командасын орындаймыз да, ашылған парақтың
макетi (Макет страницы) сұхбат терезесiнде тиiстi параметрлердi, яғни
қағаздың ӛлшемiн, мәліметтердің қағаз бетінде орналасу тәртібін (ориентация)
енгiземiз, яғни ақпараттың парақта кiтап немесе альбом түрінде басылуын
айтамыз.
Парақ параметрлерiн тағайындаған соң Файл
Баспаға шығару
(Файл
Печать) командасын орындаймыз. Баспаға шығару параметрлерiн
тағайындау мүмкiндiгiн беретiн сұхбаттық терезе ашылады.
Осы сұхбаттық терезенiң жоғарғы жағында компьютерге қосылған
принтердiң аты жазылып тұрғанына кӛзiмiздi жеткiземiз. Терезенiң элементтерi
мынадай бӛлiктерден құралған:
Баспаға шығару - әрбiр слайдты жеке параққа шығарасыз ба? Әлде бiр
бетке екi, үш немесе алты слайд шығару арқылы қағазды үнемдейсiз бе?
Беттердi ескертпелерiмен бiрге баспаға шығарасыз ба? Тiзiмнен қажеттiсiн
таңдап аламыз.
Көшiрме саны (Число копий) – қажеттi кӛшiрме санын кӛрсетемiз.
Кӛшiрмелер бойынша реттеу (Разобрать по копиям) белгiсiн қажет болса
кӛрсетiп қоямыз.
Баспаға шығару аралығы (Диапазон печати) презентацияны тұтас немесе
таңдап алынған слайдтарды ғана баспаға шығаруға болады.
Жасырын слайдтарды баспаға шығару (Печать скрытых слайдов) –
жасырын слайдтарды да баспаға шығару қажет болса осы ӛрiстiң белгiсiн
кӛрсетiп қоямыз.
Ақ-қара түстi (Черно-белый) – слайдтағы әртүрлi түстер сұр түстi
дақтарға айналдырылады.
Бет бойынша масштабтандыру (Масшабировать по листу) – егер
жасалған слайд қағаз бетiне сыймай тұрса немесе оның бiр бӛлiгiн ғана алып
тұрса, осы ӛрiстегi белгiнi кӛрсетiп қоямыз. Бұл кезде PowerPoint программасы
беттi максималды түрде толтыруды қамтамасыз етедi.
Слайдтарды жиектеу (Обрамление слайдов) – қағазға басылатын
слайдтар жiңiшке сызықтармен қоршалып шығады.
Жеке элементтердi, мысалы жасырын слайдтарды қағазға басып алған
соң, осы сұхбаттық терезеге қайтадан оралып, беттерге жазылған
90
ескертпелердi, слайд құрылымын, презентация слайдтарының ӛзiн де қағазға
шығарып ала аламыз (9-сурет).
9-сурет. Презентацияларды баспаға шығару.
Бақылау сұрақтары:
1.
MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтерін
атаңыз.
2.
MS Power Point құжатының кеңейтілімі қандай?
3.
Иллюстрациялармен жұмыс істеу тәсілдері қандай?
4.
Анимация деп нені айтады?
5.
Презентация құру қандай кезеңдерден тұрады?
6.
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңдерін атаңыз.
7.
Автомазмұн шеберімен презентация қалай даярланады?
8.
Слайдқа қандай объектілерді орналастыруға болады?
9.
Бос слайд деп нені айтады?
10.
Power Point-та диаграмма қалай тұрғызылады?
91
№9 ДӘРІС
Тақырыбы: Деректер қорын басқару жүйесі.
1. Деректор қорының негізгі түсініктері.
2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу
негіздері.
3. Кестелер және оларды құру.
1. Деректор қорының негізгі түсініктері.
Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі.
Оның ең кӛп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-
берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да
сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.
Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың
келесі типтері бар:
1)иерархиялық;
2) тораптық;
3) реляциялық.
Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір
элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда
элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда
берілгендерді іздеп табу саты бойынша тӛмен бағытта жүргізіледі. Мысалы:
Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар
жиыны.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы ӛзара байланыс түрлері
қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта
бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы:
сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең кӛп
тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі
пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды ӛрістер (поля) деп, ал
жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар
болмайды. Ӛрістің негізгі ерекшелігі – бір ӛріс элементтері бір типті етіп
құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан
негізгі айырмашылығы.
Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін кӛптеген
арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б.
Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп
атайды.
Кӛптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда
берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады.
Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған
ыңғайлы. Кестедегі әрбір ӛріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке
мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір
92
кестедегі әрбір жазбаның ӛзіндік жеке мәнін бере алатын ӛріс не ӛрістер
жиынтығы болуы тиіс. Мұндай ӛріс не ӛрістер жиынтығын негізгі кілт деп
атайды.
2. Microsort Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу
негіздері.
MS Access-ті стандартты іске қосу командасы: Пуск
Программы
MS
Access. MS Access программасы жүктелгеннен соң экранда 1-суретте
кӛрсетілген сұхбаттық терезе шығады.
1-сурет. Программаны жүктеу кезінде көрінетін терезе.
Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды
ұсынады: Жаңа ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан бар
ДҚ-рын ашу.
ДҚ-рын жаңадан құру қажет болса, тышқан нұсқағышымен Жаңа ДҚ-
рын құру жағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-
ның атын және оның орналасу бумасын кӛрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе
шығады (2-сурет)
2-сурет. Жаңа ДҚ құру терезесі.
Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл
типі кӛрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ
терезесі кӛрінеді (3-сурет).
93
3-сурет . БҚ терезесі.
Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп,
макрос, модуль және беттер.
Кесте – жазбалар мен ӛрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі,
Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының
анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар
кӛмегімен берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, ӛзгертеді, біріктіреді,
яғни ӛңдейді.
Қалып (форма) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы
түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және
кӛрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен
кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір
операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста
жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |