Аягөз ауданына



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата21.03.2017
өлшемі13,25 Mb.
#10091
1   2   3   4

Заңды 

және 

жеке 

тұлғаларға  

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны 

мен  түрлері:

1.Міндетті 

мемлекеттік 

тіркеуге 

жатпайтын  (оның  ішінде,  екінші  деңгейлі 

банктер арқылы) жылжымалы мүлік кепілін 

тіркеу/  өзгерістер  енгізу/  тоқтату  бойынша 

дайын  құжатты  соңынан  бере  отырып, 

құжаттар топтамасын қалыптастыру. Заңды 

тұлға үшін 3200 тенге, жеке тұлға үшін 2500 

тенге.

2.Жылжымайтын 



мүлік 

объектісіне 

құқық  белгілейтін  құжаттың  телнұсқасын 

беру  бойынша  дайын  құжатты  соңынан 

Жақсы жаңалық

Айғыз жалпы білім беретін КММ-

нің «Айгөлек» шағын орталығында 

кішкентай 

бүлдіршіндеріміз 

тәрбие  алуда.  Жуырда  тәрбиеші 

С.Таупенова  ата-аналармен  ой 

бөлісу  мақсатында  «Бақыт  деген 

не?»  тақырыбында  сыр-сұхбат 

өткізді.  Ауылымыздың  ардақты 

атасы  Қ.Лежанов  ата,  А.Сәкенов, 

ақ жаулықты аналар А.Баяхметова, 

К. 

Маспауева, 



Н.Баяхметова, 

Ү.Маухиева  және  жас  ата-аналар 

Н.Аязбекова, 

С.Рахимбаева, 

А.Еңсебаева,  сонымен  қатар, 

мектеп  әкімшілігінен  Г.Омарова, 

кәсіподақ  ұйымының  төрайымы 

Ш.Шаяхметова, 

бастауыш 

пән 


бірлестігінің 

жетекшісі 

О.Жеңісқызы қатысты. 

С.Беріктайқызы  ата-аналарды 

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, 

баянды  бақыт  тіледі.  2-сынып 

оқушысы 

Мухиева 


Шолпан 

М.Мақатаевтың  «Бақыт  деген» 

өлеңін  нақышына  келтіре  оқыды. 

С.Беріктайқызы  «Бақыт»  деген 

ұғым  жайлы  ойын  ортаға  сала 

отырып,  ата-аналармен  қызықты, 

тартымды  етіп  өткізді.  Ата-

аналарды  екі  топқа  бөліп  «Бақыт 

формуласын»,  яғни  тоқсан  сөздің 

тобықтай түйінін түйді. 

Сыр-сұхбат өте әсерлі өтті. Ата-

аналар  тарапынан  Ақбидай  апай 

сөз  сөйледі.  О.Жеңісқызы  жүрек 

жарды тілегін айтып, ұжымға алғыс 

білдірді. 

 

 



Ә.Серғазина, 

 

тарих пәнінің мұғалімі.



«Бақыт 

деген не?»

бере  отырып,  құжаттар  топтамасын 

қалыптастыру.    Заңды  тұлға  үшін  3800 

тенге, жеке тұлға үшін 2600 тенге.

3.ЕДБ 


арқылы 

міндеттемелердің 

орындалмауы  туралы  хабарламаларды   

тіркеу  бойынша  дайын  құжатты  соңынан 

бере  отырып,  құжаттар  топтамасын 

қалыптастыру. Заңды тұлға үшін 1500 тенге, 

жеке тұлға үшін тегін.

4.  Жылжымайтын  мүлік  объектісін 

тіркеу  және  кепілдікке  қою  шартын  тіркеу 

құжаттарын соңынан бере отырып, құжаттар 

топтамасын  қалыптастыру.  Заңды  тұлға 

үшін күрделі болған жағдайда 5900, орташа 

болған  жағдайда  4700  тенге,  жеке  тұлға 

үшін  күрделі  болған  жағдайда  4900  тенге, 

орташа болған жағдайда 3900 тенге.

5.  Кепілдікке  қоюды    тіркеу/өзгерту/

жою  бойынша  дайын  құжаттарын  соңынан 

бере  отырып,  құжаттар  топтамасын 

қалыптастыру. Заңды тұлға үшін 2100 тенге, 

жеке тұлға үшін 1500 тенге.

Толығырақ  ақпаратты  Аягөз  аймақтық 

ХҚКО ғимаратына келіп   немесе      5-24-

32;    5-35-04;  87028632864;  87751763601 

телефондары 

арқылы 

алуларыңызға 



болады.

К.Т. Ахметжанова,

ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК 

филиалының Аягөз бөлімі инспекторы.

Қаламызға бәйтерек орнатылған, 

Абайдың мүсіні бар ол бір тұлғаң. 

Мүсінінде Қозы Көрпеш-Баян сұлу, 

Махаббаттары баршаға аян болған. 

Аягөз тоғыз жолдың торабында, 

Тамсанады келген әрбір қонағы. 

Көркейіп келе жатыр шаһарамыз,

Аягөз - алтын бесігім



Мұның бәрі заманымыздың талабы. 

Көркейтіліп жақсарсыншы қаламыз

Жаңарғаннан тамаша әсер аламыз. 

Түндегі жарқыраған шамдарынан, 

Көтеріліп көңіл, оттай лаулап жанамыз.

Төлеуғали Кенжебаев.

Нұрбол  Жолдаспекұлы  заман  талабына  сәйкес  жұмыс 

жүргізетін  білікті  басшы.  Ол  облыстық  ауылшаруашылығы 

басқармасының  орынбасары,  Семей  қаласы  әкімінің 

орынбасары кезінде өнімді қызмет жасап, халықтың қошеметіне 

бөленіп, басшылықтың көзіне ілікті.  Аягөз ауданын бір жарым 

жыл  басқарған  уақытта  да  алдағы  уақытты  болжай  алатын 

білікті  экономист  ретінде  өңірге  инвестиция  тартуды  қолға 

алды.  Ауданның  ауылшаруашылық  әлеуетін  терең  түсіне 

отырып  мал  шаруашылығын,  оның  ішінде  ұсақ  мал  басын, 

өнім көлемін арттыруда біріккен араб әмірліктерінің «Emirates 

Future»  компаниясымен  жасалған  келісімдер,  Қытай  халық 

республикасының  Дөрбілжің  ауданы  бизнес  және  басшылық 

құрамымен  туризм  мен  тұрғын  үй  құрлысы,  сауда  саттық 

мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстар іске асқан жағдайда 

оның  пайдасы  тек  аягөздіктерге  емес  көршілес  аудандармен 

облыс экономикасына да қозғаушы күш болатыны сөзсіз.   Енді 

міне, маңыздылығы үлкен, ғылым мен техниканың жетістіктері 

бар,  болашағы  зор    Курчатов  қаласына    басшы  болып  бара 

жатыр. Онда ауқымды жоба АЭС салу жоспарлануда. Бұл жұмыс 

барысына  көршілес  Ресей  мемлекетімен  тығыз  байланыс 

орнатылатын  болады.  Облыс  әкімі  Даниал  Кенжетайұлы 

Нұрбол  Жолдаспекұлының    экономикалық  білім  біліктігін 

саралай отырып, сондай-ақ үлкен министірліктермен бірге шет 

елмен  жұмыс  тәжірибесін  ескеріп,  Курчатов  қаласы  әкімдігіне 

Н.Нұрғалиевтың кандитурасын лайық деп тапты.  Байқай білген 

адамға бұл зор міндет, үлкен сенім.  Нұрбол Жолдаспекұлы осы 

жұмысты да жақсы жүргізуіне тілектеспін. 

Қос  әкімнің  де  алдағы  қызметтеріне  сәттілік  тілеп,  облыс 

әкімінің орынбасары Д.Мусин ізгі ниетін білдірді. 

Мұнан  соң  сөз  алған  аудандық  ақсақалдар  алқасының 

төрағасы Ә.Сәрсембаев, еңбек ардагері А.Тілеужанов, ауданның 

Құрметті  азаматы  З.Сүлейменова  жаңадан  тағайындалған 

аудан  әкімі  Б.Байахметовтың  алдағы  қызметіне  сәттілік  пен 

табыс тілеп, көпшілікті береке-бірлікте, ұйымшылдықта жұмыс 

істеуге шақырды. 

Жиында  сөз  алған  Аягөз  ауданының  әкімі  Бақытжан 

Байахметов: 

--Аягөз  өзім  туып-өскен,  қызмет  істеген  жерім.  Облыстағы 

ең ірі, іргелі аудан. Облыс әкімінің сенімімен қызметке кіріскелі 

тұрмын.  Енді  Сіздермен  бірлесіп  жұмыс  істеймін  деген 

ойдамын.  Ауданның  дамуы  жолында  осы  отырған  активпен 

жұмыс  атқарып,  туған  жерімнің  гүлденуіне  бар  күш  жігерімді 

саламын, -деді. 

Ауданның бұрынғы әкімі Нұрбол Жолдаспекұлы Нұрғалиев 

қызметте  болған  кезде  қолдау  көрсеткен    әріптестеріне, 

аудандық  әкімшілік  аппаратына,  қала,  кент,  ауылдық  округ 

әкімдеріне,  мекеме  бөлім  басшыларына,  ақсақалдар  мен 

ардагерлерге,  «Құрметті  азаматтарға»,  спортшыларға  үлкен 

алғысын  білдірді.  Жұмыс  барысында  ақыл-кеңестерін  берген 

ақсақалдар ұжымына рахмет айтты.

Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімінің  орынбасары  Д.Мусин 

халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартудың 

жолдарын қарастыру керектігін айтып, ауданда шағын және орта 

бизнесті дамытуды тапсырып, жол мен ауыз  су мәселелерінің 

шешілуі  керектігін  айтып,  ол  үшін  табыс  көздерін  қарастыру 

керектігіне  облыстық  мемлекеттік  мүмкіндіктерді,  салалық 

бағдарламаларды  толық пайдалану керектігін атап өтті. 

 

***


Актив  жиынынан  соң  Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімінің 

орынбасары  Д.Мусин,  аудан  әкімі  Б.Байахметов,  ауданның 

бұрынғы  басшысы  Н.Нұрғалиев  бастаған  топ  бойынша  Ұлы 

Отан соғысының ардагерлері Салих Сабильянов пен Әбілкәрім 

Темірханов  ақсақалдардың  үйлеріне  арнайы  ат  басын  бұрып, 

қарияларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, хал-жағдайларын 

сұрап,  мерекелік  сый-сияпаттарын  көрсетті.  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Ұлы 

Отан  соғысы  ардагерлерін  Жаңа  жыл  мерекесімен  құттықтау 

қағазын  тапсырды.  Облыс  әкімінің  арнайы  тапсырмасымен 

келіп    отырғанын  Даниал  Кенжетайұлының  ыстық  ықыласын 

жеткізді.  

Ардагерлер болса облыс әкімінің орынбасары Д.Мусин мен  

аудан  басшылары  арнайы  келіп,  жағдайларын  сұрап,  сый-

құрмет  көрсеткендеріне,  Елбасының  мерекелік  құттықтауына 

шексіз риза болып, алғыстарын айтып, баталарын берді. 

Осыдан  соң  облыс  әкімінің  орынбасары  Д.Мусин  аудан 

басшыларымен  бірге  ет  комбинатын  салуға  бекітілген  жер 

учаскесін барып көрді. 

Өз тілшіміз.

Аудан әкімі тағайындалды



(Жалғасы, басы 1-бетте).

Аудан басшысы құттықтады

Аудан  әкімі  Б.Байахметов  бастаған  топ  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагерлері  Оразбеков  Жұмағали,  Жұмаділов  Асқар,  Акимжанов 

Гимаш, Мақажанов Васили ақсақалдардың үйлеріне арнайы барып 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  Ұлы  Отан  соғысы 

ардагерлеріне арнаған атаулы құттықтау қағазы мен жаңа жылдық 

сый  –сияпатын  білдірді.  Аудан  әкімінің  алғашқы  жұмыс  күнінде 

ардагерді  арнайы  құттықтап  барғанына  разы  болған  ардагерлер 

Бақытжан Кәкенқажыұлының барлық бастамаларына сәттілік тілеп, 

кішіпейілдігіне разы болып, алғыстарын айтып баталарын берді. 

Аудан  басшысы  да  өз  кезегінде  қазыналы  қарттарымыз,  аңыз 

ақсақалдарымыздың    хал  жағдайларын  сұрап,  мәселелерімен 

танысып,      Ұлы  Жеңістің  жетпіс  жылдық  салтанатты  шеруінде 

қатарымыз сиремей жетіп, ары қарай да жүз жасап ортамызда жүре 

берулеріне тілектестік білдірді. 

Қала  әкімінің құттықтауы 

Аягөз қаласының әкімі Р. Қасымжанов та Ұлы Отан соғысының 

ардагерлері Әбілханов Ыдырыс ақсақал мен Просковья Наливконың  

шаңырағына  бас  сұғып,    Елбасының  құттықтауларын  жеткізіп, 

сыйлықтарын  табыс  етті.  Аудан  әкімінің  атынан  ардагерлердің 

деніне саулық, отбасыларына бақыт тілеп, ізгі ниетін білдірді.  



Халықаралық 

бизнес-рейтингтің 

ұйымдастыру  комитеті  «Стоматолог» 

ЖШС-і 


«2014 

жылдың 


Сала 

көшбасшысы»  (Лидер  отрасли—2014) 

деп  танып,  Алтын  медаль  мен  ұлттық 

сертификат тапсырды. 

«Стоматолог» 

ЖШС-нің 


білікті 

дәрігері 

Л.Рахматуллина 

«Жыл 


маманы» атанды. 

22-наурызда  Алматы  қаласынан 

балалар  мен  жасөспірімдер  арасында 

Киокушинкай  каратэдан  Ашық  Азия 

чемпионаты  өтті.  35  кг  салмақта  №5 

мектептің  оқушысы Досан Мұсабаев—

I-орынды  жеңіп  алып,  Азия  чемпионы 

атанды. 


Лицейдің оқушысы Шыңғыс Серіков 

(25  кг  салмақта)  қола  медаль  иегері 

болды. 

Сәуірде 


Қазақстан 

Республикасының 

еңбек 

сіңірген 



мәдениет  қайраткері,  белгілі  әнші, 

жерлесіміз 

Толқын 

Забирова 



шығармашылық  сапармен  келіп,  өзі 

оқыған  №1  орта  мектептегі  кабинеттің 

ашылу салтанатына қатысты. 

Ауған  соғысының  ардагері  «Қызыл 

Жұлдыз»  орденінің  иегері  Қайрат 

Оспанов  атындағы  турнир  Мамырсу 

ауылдық округінде өтті. 

Ұлы 


Жеңістің 

69 


жылдығы 

құрметіне  аудан  әкімі  Н.Нұрғалиев  18 

соғыс  ардагерлеріне  стационарлық 

медициналық белгі беру құралын сыйға 

тартты. 

Сәуірдің  28-де  Аягөз  қаласының 

спорт  мектебінде  қазақ  күресінен 

80  кг—абсолюттік  салмақ  дәрежесі 

бойынша  тұңғыш  рет  «Аягөз  барысы» 

өткізілді.  20  палуанның  арасынан 

I-орынды  Мәдениет  Жанатаев  жеңіп 

алып «Аягөз Барысы» атанды. 

Мамыр 

айында 


«Парасат» 

орденінің иегері, халық ақыны Әселхан 

Қалыбекова  ақындар  елі—Аягөзге 

табан тіреп, №6 орта мектепте кездесу 

өткізді. 

Биыл  ауданның  10860  оқушысы 

жазғы демалыспен қамтылды. 

Ауданға  заманауи  технологиялық 

құрал-жабдықтармен  жабдықталған  2 

жылжымалы  ветеринарлық  зертхана 

берілді. Оны Аягөзге жұмыс сапарымен 

келген  облыс  әкімінің  орынбасары 

Н.Шерубаев тапсырды. 

«Туған  жерге—тағзым»  акциясы 

аясында  жерлесіміз  О.Құлсейітовтың  

ұрпақтары 

«Геологтар» 

мөлтек 


ауданында  балалар  ойын  алаңын 

салып берді. 

Аягөз  аудандық  «Алға»  («Вперед») 

газетінде ширек ғасыр редактор болған 

Рысхан  Дүйсенғазин  ұрпақтары  Аягөз 

қаласына  2000  түп  шырша,  1500  түп 

қайың көшеттерін тарту етті. 

Тарбағатай  ауылдық  округіндегі 

«Әжелер»  ансамблінің  құрылғанына 

-10 жыл. 

Республикалық  «Самға,  жұлдыз» 

балалар 


мен 

жасөспірімдер 

ән 

байқауына  Аягөз  ауданынан  №5 



орта  мектеп  оқушысы  Айдос  Ахметов 

қатысып, I-орынды жеңіп алды. 

Аудандық  мәслихатқа  20  жыл 

толуына  орай  салтанатты  сессия 

19-маусымда өтті. 

Аягөз 


қаласында 

кәсіпкерлікті 

қолдау орталығы ашылды. 

Аягөзде  салмағы  6  кг.500  грамм 

сәби дүниеге келді. Сәбидің ата-анасын 

аудан әкімі Н.Нұрғалиев құттықтады. 

Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкінің 

Аягөз орталығына –1 жыл толды. 

Көрнекті 

ақын, 


Қазақстан 

Республикасы 

Мемлекеттік 

сыйлығының 

лауреаты 

Ұлықбек 


Есдәулеттің  кеші  Аягөз  аудандық 

мәденеит сарайында өтті. 

Аягөз  қаласында  120  орындық 

«Айым» балабақшасы ашылды.



Жылдың 

айшықты 

мезеттері

4

№ 1 (10401) бейсенбі 1 қаңтар 2015 жыл.



26-желтоқсан  күні  аудандық  жастар  орталығының  ұйымдастыруымен  қаланың  бір  топ 

белсенді  жастары  мен  тимуршылар  командасының  мүшелері  қалада  тұратын  Ұлы  Отан 

соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, қарт майдангерлерге аудандық жастар орталығының 

құттықтауы  мен  Жаңа  жылдық  сыйлықтарын  тапсырды.  Қарияларға  мерекелік  көңіл-күй 

сыйлады. 

Жастар  сол  күні  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері  Л.Полонникова,  Ә.Темірханов, 

С.Сабильянов, Ы.Әділханов, Г.Акимжанов, Ж.Оразбеков, А.Жұмаділов, В.Иванюженконың 

үйлерінде болды. Ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауыр жұмыстары болса 

қай уақытта да қолғабыстарын тигізетіндіктерін білдірді. 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса жастар орталығының өздеріне көрсеткен сый-

құрметтеріне риза болып, рахмет айтып, алғыстарын айтты. Елімізге тыныштық, жастарға 

бақытты болашақ тіледі. 

 

 

Өз тілшіміз.



Жастар соғыс ардагерлерін 

жаңа жылмен құттықтады



Қара көк он жеті ақын менің 

түбім,

Берейін сөз келгенде сөйлеп 

бүгін.

Ақтайлақ, Дулат пенен Әріп, 

Түбек, 

Көтерген тайлағында нардың 

жүгін.  

(Ғ.Шөкімұлы).

Әдетте, 


талант 

бастауы 


талап  десек,  талаптың  өніп-өсер 

топырағы  жасаған  ортасы  емес 

пе?  Ғаббас  өскен  орта  ерекше, 

жыр  құмар  қауымның  мекені.  Ол 

Ақтанберді  мен  Ақтайлақтың, 

Абайдың  өлеңдерін  жас-кәрісі 

жатқа айтатын ауылда өскендіктен, 

мектеп  табалдырығын  аттамай 

жатып,  ақын  өлеңдерін  жатқа 

айтатын  болған.  Сондай-ақ  бұл 

өңір  қазақ  әдебиетінің  тарихында 

белгілі  болған  Жанақ,  Түбек, 

Ақтайлақ,  Сабырбай,  Әріп  сынды 

жыр  майталмандарының  мекені. 

Бейнелеп айтсақ, Ғаббас белгілі он 

жеті ақынның бір немересі. 

Ғаббас 

Шөкімұлы 



Жарма 

ауданының  24-ауылында  1919 

жылы  дүниеге  келген.  Отызыншы 

жылдардың  алмағайып  кезеңінде 

қазақтар 

жан-жаққа 

тарыдай 

шашылғанда  бала  Ғаббас  та 

1933  жылдан  әкесі  Шөкіммен 

бірге  (Серікмұхамед)  Улан-Удэ 

қаласында  тұрып,  1936  жылдан 

бастап  сол  қаладағы  жаңадан 

салынған 

«Паровоз-вагон» 

заводында газорезчик болып еңбек 

етті. 


1941-1945 

жылдарда 

сол 

заводтың  қару  жасайтын  цехында 



жұмыс істеді. 1946 жылдан бастап 

аман-есен  елге  қайтып  оралып, 

туған жерде еңбек ете бастайды. 

Аягөз  бен  Жарма  бекеттерінің 

арасында  орналасқан  теміржол 

бойында  әр  түрлі  жұмыс  істейді. 

1958  жылы  Аягөз  қаласына  көшіп 

келіп,  темір  жол  жұмысшылар 

жабдықтау 

жүйесінде 

вагон-

лавкада  сатушы  болып  істейді. 



Осы  жұмысты  1983  жылға  дейін 

2015 жылы – аудан баспасөзінің қара шаңырағы – аудандық 

газеттің  шыға  бастағанына  85  жыл  толады.  Газеттің 

ұзақ  жылдар  бойы  белсенді  штаттан  тыс  тілшісі  болған,  

Ақын  Ғаббас  Шөкімұлының  туғанына  95  жыл  толды.  Газет 

мерекесіне  арналған  осындай  мақалаларды  жариялай 

бастаймыз.

Қара көк он жеті ақын менің түбім...

атқарып,  құрметті  демалысқа 

шықты.  Жұмыс  барысында  үздік 

еңбегі  үшін  сый-құрметке  бөленіп, 

медальдармен 

марапатталып, 

«Еңбек 

екпіндісі» 



атағын 

алды.  Семей  облыстық  халық 

депутаттары Кеңесінің 1982 жылғы 

шешімімен 

«Еңбек 

ардагері» 



медалімен марапатталды. 

Тапқыр да өткір сөз жастайынан 

жүрегіне  ұялап,  арманына  қанат 

бітірген  Ғаббас  алғашқы  өлеңін 

ауыз  екі  айтыстан  бастайды. 

Өлең  өнеріне  шыққан  алғашқы 

сапарынының 

куәсі 


ретінде 

бірінші  айтысын  келтірейік.  Ақын 

Әріп  Тәңірбергеновтың  баласы 

Ақматай бала Ғаббастың талабын 

байқап, сынамаққа бірер ауыз өлең 

арнайды. Сонда ол жауабында: 



Әріптен туған атың 

туырлықтай, 

Көзі жоқ суалыпсың құр 

құдықтай. 

Қор болып есіл атақ кеткен 

екен, 

Шал бопсың үшкір тұмсық 

жұдырықтай. 

Алтайдың ақиығы қыранынан

Тұрымтай туады екен 

бұлдырықтай, -

депті. Жүйелі сөзге мойынұсынып, 

оны  Ақматай  да  кінәламаған.  «Ел 

құлағы  елу»  деген,  осы  өлең  сол 

кездегі жүлделі жүйрік ақын Төлеу 

Көбдіковтың  құлағына  шалынады. 

Жақсы  сөзі  селт  еткізген  жас 

ақынды  сынау  үшін  Төлеу  де 

Ғаббасқа  өлең  арнайды.  Содан 

үзінді келтірсек: 



Талабы таудай дейді Ғаббас 

бала,

Жабылмас жақсы сөзге бекер 

жала. 

Тәкетай, бір өлеңін алып келші, 

Көрейін сынға салып, келсе 

шама. 

Атамнан қалған бұлақ көзі бар 

ма? 

Алтын ба айтқан сөзі, жезі бар 

ма? 

Байқайын, қалай аяқ тастайды 

екен, 

Бір ауыз біз туралы сөзі бар 

ма? 

Ғаббас:

Ассалаумағалейкум, Төлеу 

жиен, 

Жастанып жатырмысың 

мұраны иен. 

Алтындай асыл сөзің ел 

тыңдаған, 

Ақ жібек сақалыңа басымды 

ием.

Атаға тартпасам да сөзге 

мығым, 

Бар шығар артық айтсам 

балалығым. 

Жиеннен қорқып қазақ мал 

бақты ма? 

Жиен ғой ала-бөтен қара 

шығын. 

Төлеу  ақын  Ғаббас  өлеңін 

оқи  отырып,  қатты  риза  болған. 

Жастайынан 

суырып 

салып, 


тапқырлық  көрсете  білген  ақын 

Семей  облысындағы  ақындар 

айтысының бірнеше рет жеңімпазы 

да,  жүлдегері  де  болды.  Ауданда 

жыл  сайын  болып  тұратын 

шопандар 

тойында, 

облыста 


ауданаралық 

айтыстарда 

ол 

жетістіктерді  көркем  жеткізетін 



ақын  еді.  Қазақ  ауыз  әдебиетінен 

көрнекі 


орын 

алып 


келген 

айтыстың  жаңарып,  жаңғыруына 

өз  заманында  Ғаббас  Шөкімұлы 

елеулі еңбек сіңірген. Айтыс туралы 

ақынның өзі былай жырлайды:

 

 



Адамның зор бақыты денге 

саулық, 

Көңілді көтеретін ойын-сауық. 

Балуан, әнші-күйші, ақын 

болар, 

Мен оны үлкен талант деп 

санаймын. 

Айтыссам жалықпадым неше 

тәулік, 

Қастерлі халқымыздың 

дәстүрі ғой. 

Тұрады күні бүгін көңілім ауып

Жүлдеге әлденеше болдым ие. 

Шындықтың бір мысқалын 

баспай аулық. 

Азаматтық,  саяси-әлеуметтік, 

лирикалық 

өлеңдер 


ақын 

шығармашылығынан  кең  орын 

алған. Ұлы Отан соғысына арналған 

«Өшпес  ерлік»,  «Қанды  шайқас» 

поэмаларында  ел  басынан  өткен 

ауыр  кезеңді,  теңдессіз  ерлікті 

суреткерлікпен  жеткізеді.  Келесі 

келелі  тақырып—арнау  өлеңдері. 

Орыс  классиктері—А.С.Пушкинге, 

М.Ю.Лермонтовқа, 

сондай-ақ 

ұлы  Абайға  ақындық  тебіреніспен 

жүрек алғысын арнайды. Абайдың 

125 жылдығына ақын: 



Деуші еді жиырма бес екі 

келмес, 

Байқасақ жаратылыс олай 

емес. 

Абайға «жиырма бес» бес 

айналды, 

Абайдай жаралған жан мәңгі 

өлмес—

деп толғанды. 

Ақын  тарихи  тақырыптарға  да 

ден  қойған.  «Ботақара  батыр», 

«Ақсақ  құлан»,  «Тентек  қыз», 

«Ақсақ  киік»  секілді  поэмалар 

жазып, 

көптеген 



толғаулар, 

балладаларды  өмірге  келтірді. 

Еңбектерінің  көпшілігі  кезінде 

республикалық, 

облыстық, 

аудандық  баспасөз бетінде жарық 

көрді.  Белгілі  жазушы  Әзілхан 

Нұршайықовтың 

қолдауымен 

«Қазақ 


әдебиетінде» 

жарық 


көрген  «Үш  мерген»,  «Мақтаншақ 

арыстан»,  «Шопанның  баласы» 

балладалары 

оқырмандардың 

жылы  лебізіне  ие  болған.  Кейінгі 

кездердегі  «Ата  мекен»,  «Қазақ 

әйелі»,  «Бүгінгі  Қазақстаным», 

«Сарыарқа», 

«Шыңғысым», 

«Еңірекей—жердің  құты»  сияқты 

ел мен жер тақырыбына арналған 

өлеңдері дүйім жұртқа таныс. 

Ғаббас 

Шөкімұлы 



Аягөз 

аудандық «Алға» газетінің штаттан 

тыс  тілшісі  ретінде  сан  алуан 

тақырыпқа  өз  ойларын  білдіріп, 

мақалалар  беріп,  өлеңдер  жазып, 

тығыз байланыста болды. Өмірінің 

соңғы  күндеріне  дейін  елімізде 

болып  жатқан  сияси-әлеуметтік 

шараларға үн қосып, 

Байрон да дей алмаймын мен 

Бальзакпын, 

Кәдімгі қаба тымақ бір 

қазақпын. 

Халқымның ақынымын 

қарапайым, 

Өз үнім, өз тіліммен 

танылмақпын, -

деп  қазақ  тілін  дәріптеп,  жырлап 

өткен ақын. 

Ақынның 


Республикалық 

баспадан шыққан бірнеше жинағы 

бар: «Ленин деп халық жырлаған», 

«Шұғыла», 

«Дала 

дауысы», 



кейіннен  2002  жылы  шыққан 

«Дала  самалы»  кітабы,  оны  ұлы 

Бауыржан  әкесінің  еңбектерін 

жинап,  жеке  кітап  етіп  бастырып 

шығарды. 

2007  жылы  Аягөз  қаласында 

қазақтың  төл  өнері—айтысты 

дәріптеуші, 

жергілікті 

ақын, 


еңбек  ардагері  Ғ.Шөкімұлының 

болашақ  ұрпақтың  есінде  сақтау 

мақсатында 

ақынның 


атына 

көше  берілді.  Артына  өшпейтін 

із  қалдырған,  өлең-жырларын, 

айтыстарын  мұра  еткен  Ғаббас 

Шөкімұлының  дүниеден  өткеніне 

30 жыл болса да ақынның жарқын 

бейнесі  жерлестерінің  жүрегінде 

сақталуда. 

«Өзіңді 

өзің 


сыйласаң—

жат  жанынан  түңіледі»  деген 

даналық  сөз  бар  халқымызда. 

Өткенімізді 

ұмытпай, 

кеше 


көзіміз  көріп,  талантына  тәнті 

болған  дарын  иелерінің  есімін 

бүгінгі  жастарымыздың  зердесіне 

жеткізу—азаматтық 

парызымыз 

болмақ. 


ұстаз-зейнеткер 

Алтын Құдайбергенқызы,         

Серікқайша Сағындыққызы,

Қазақстан Журналистер 

Одағының мүшесі.

Т.Есімжанов  атындағы  мектептің  тәрбие  ісінің  меңгерушісі  С.Қ.Шоманованың 

ұйымдастыруымен “ХХІ ғасыр көшбасшысы” атты танымдық-зияткерлік сайысы өтті.

7  -  сыныптан    Е.Қуанышбекқызы,  8  -  сыныптан  С.Кенесқали,  М.Разбек,  9  - 

сыныптан Е.Көккөзов пен Е.Сағымбаева білім сайысына қатысты.

Сайыс қорытындысында жоғарғы ұпай жинаған 8 - сынып оқушысы С.Кеңесқали 

өзінің жан-жақты дайындығын көрсетіп “ХХІ ғасыр көшбасшысы” атанды.

Мектеп директоры Б.Д.Дармурзин оқушыларға “Алғыс хат” тапсырды.



Қ.Таукенова,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. 



Танымдық сайыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет