Қҧрметті конференцияға қатысушылар!
«Бір ел-бір кітап» акциясының мақсаты – қазақ әдебиетінің жауһар шығармаларын
насихаттау, қаламгер мен оқырманды, оқырман мен кітапханашының арасын жақындату,
жастарды ҧлттық тәрбиеге балу жалпы халықты оқуға тарту икені бәрімізге мәлім.
Оқу – адамзатты рухани азудан қҧтқарып, мәдени қҧлдыраудан алып шығатын
жалғыз жол.
Оқу акциясы –қоғамдағы кітаптын қызметін кӛрсететін барометрі.
Олай болса, ортақтаса оқуда озат болайық «Оқитын ел – озық ел» екенін уақыт ӛзі
дәлелдеп отыр.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
ЖҦБАН ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИІРІМДЕР
Т. Х. Рысқалиев
философия ғылымының докторы,
Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік аграрлық-техникалық
университетінің профессоры
«Ӛлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп ҧлы Абай айтқандай адам баласының –
қаласа да, қаламаса да – философияға соқпайтын жайы жоқ. Ӛзі жӛнінде, ӛзінің
басқалармен қарым-қатынасы жӛнінде, ӛзінің дҥниедегі орны жӛнінде ойланбайтын адам
болмайды.
Философия – тек мамандардың кәсібі деп ойлау қате. Ондай философияның қҧны
да болмас еді. Кәсіби, ғылыми философия бар. Оған адам арнаулы дайындықпен барады.
Сонымен бірге кӛпшілікке бағытталған қарапайым философия да бар. Бҧл арада
«қарапайым» деген сӛз әсте де тайыздықты аңғартпайды.
Философияның қатып-семіп қалған анықтамасы жоқ. Ол - сан қырлы, кҥрделі
дҥние.
Философиялық тҥсінікті, пайымдауды кез келген ақынның, жазушының
туындыларынан табуға болады. Ал ақын бҧған қоса нағыз адам болса, тҧлға болса,
ҧлтымен, халқымен, елімен талай тар жол тайғақ кешуді бастан ӛткізсе, ол, сӛз жоқ,
философияға соқпай ӛте алмайды. Сондай біртуар ақын, Ницше айтқандай, асқан тҧлға
(сверхчеловек) – бҥгін біз мерейтойын атап ӛтіп отырған Жҧбан Молдағалиев.
Жҧбағаңның творчествосы, ақындығы, елжандылығы, ҧлтжандылығы, азаматтық
ерлігі туралы газеттерде академик Серік Қарабаев, бәріміз де білетін, қадірлейтін жерлес
ақындарымыз Қайрат Жҧмағалиев және Ақҧштап қарындасымыз тебіреніп жазды. Жайсаң
ағайдың мақаласын бҥгін оқып отырмыз.
«Жҧбан ақын жӛнінде бір сӛз айтсаңыз» деп маған ҧсыныс жасағасын, мен бҧл
кісінің философиялық пайымдаулары туралы пікірімді білдірмек болдым.
Кеңес заманындағы кӛрнекті орыс философы Михаил Бахтин мынадай тҧжырым
жасаған еді: «Нағыз философтар, әрине, Германияда. Ресейде тек ойшылдар болған» деп.
Шынында да, Канттай, Гегельдей, Фейербахтай, Маркстей философтар Ресейде де, біздің
Қазақстанда да болған жоқ, мҥмкін, болмас та. Олар қайталанбас тҧлғалар болатын. Бірақ
Ресейде де, Қазақстанда да Пушкин, Гоголь, Достоевский, Толстой сияқты болмаса Абай,
Шәкәрім сияқты ойшылдар болды. Ойшылдық та – философия. Философия – ойлау ӛнері.
Оның ой мен сол ойды білдіретін сӛзден басқа қҧралы жоқ.
Жҧбан Молдағалиевті мен осы ойшылдар қатарына жатқызар едім.
Жҧбағаңның ойшыл философтардан бір айырмашылығы, бірегейлігі – оның ӛз
ойын іспен, қимылмен ҧштастыра білетіндігі.
Философия сӛзге де, іс-әрекетке де ерекше мән береді. Жҧбағаңның философиясын
шартты тҥрде іс-қимыл философиясы деп анықтауға болады. Жаңағы айтқан Михаил
Бахтиннің «Философия поступка» деген белгілі шығармасы бар. Онда ол философияның
ежелгі ҥнділер, қытайлар, гректер заманынан бергі мҧраты философиялық ойды, идеяны
адамдар санасына сіңіру, іске асыру, іске басшылыққа айналдыру деп атап кӛрсеткен еді.
Жҧбан ақын ӛз шығармаларында патриотизм идеясын, ҧлттық идеяны,
ҧлтжандылық идеясын жырға қосып қана қоймай, ӛзінің іс-қимылымен қазақ солдаты,
қазақ ақыны және тәлімгер-ҧстаз ретінде іске асыра білді. Қайталап айтам, бҧл жӛнінде
Қайрат ақын «Ҥш ерлік» деген мақаласында оқсатып жазды.
Іс-қимыл әдетте ӛзін ӛзі білетін, ӛзіндік ҧстанымы, кӛзқарасы бар тҧлғаға тән
қарекет. Бір кезде неміс реформаторы, протестанизм қозғалысының кӛсемі Мартин Лютер
айтып еді: «На том стою, не могу иначе» деп. Бҧл – жалаң фанатизм емес, ӛмірлік
ҧстанымын қорғау. Тҧлғалар басқаша қимыл жасай алмайды. Қысылтаяң, жеме-жемге
келген сәтте олар ӛз тҥсінігіне сай әрекет жасайды. Олардан осындай қимылды кҥтуге
болады.
Соғыс кезінде жазылған ӛлеңдерінен біз ақынның отаншылдық, патриоттық
позициясымен бірге ӛзін қазақ халқының ӛкілі ретіндегі жауапкершілік сезімін де анық
аңғарамыз. От пен оқтың арасында жҥрген қазақ солдаты аман қалумен бірге халқының
атына кір келтірмеуді де естен шығармаған сияқты.
1943 жылы жазылған «Қазақ» деген ӛлеңінде ақын майдан шебінде жолыққан қазақ
солдатынан «Кімсің?» - деп, орысша сҧрап, оның «қазақ» деп берген жауабына:
Қайдағы, дедім – қазақсың?
(Қай жерден келдің дегенім)
Естілді сҧрақ мазақша
Ҧқпады жігіт не мені
Сонда әлгі ӛжет жігіт:
-
Кескініңе қарасам,
Жӛн білгендей адамсың.
Қазақты әлі білмейтін
Қайдан шыққан надансың?
деп сҧраққа ызғарлы сҧрақпен жауап береді. Содан соң:
«Қайдағы қазақ» дегенге
Ызамын, қайран қаламын.
Білмейтін бар ма ел-елде
Ер халқын байтақ даланың, - деп қазақ солдаты ақынның сӛзімен
халқының бҧрынғы ӛткен замандағы және осы қырғын соғыстағы ерлігін паш етеді. Ӛлең
соңында ақын ӛз атынан:
Болды-ау деп уақыт аз-ақ тым,
Ӛкініп кейін аттандым.
Мен де бірі қазақтың
Болғаныма мақтандым, - дейді.
«Менің халқыма» деген ӛлеңінде де осы сарын қайталанады:
Ел болдың, еріктісің, кҥшің ӛктем,
Кҥзің – жаз гҥл-жазира, қысың – кӛктем.
«Қазақтың ҧлымын» деп Европада
Мен сені кӛкірегіме қысып ӛткем.
Соғыста жеңіп шығу ҥшін адамға да, елге де рух керек, жеңіске деген сенім болуы
керек.
Соғыс кезіндегі қиын-қыстау шақтарда да, айталық, жау еліміздің кӛп жерін басып
алып, Ленинградты, Сталинградты қоршауға алған кезде де Жҧбағаң сияқты совет
жауынгерлері елді – Жҧбағаңша айтсақ – адамзатты – фашизмнен азат ететініне, соғыста
жеңіп шығатынына кәміл сенді. Осы сенім, ерік, жігер жауынгерімізге сҥйеніш болды,
қиын кезде демеп жҥрді.
1942 жылы жазылған «Біз жеңеміз» деген ӛлеңінде ақын былай дейді:
Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тҧрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жҥрміз атын алып?
«Отан жері» деп тҧрғаны Украина, Белоруссия, орыс жері, «туысқандар» деп
тҧрғаны сол елдердің халықтары.
Жеңеміз! Жеңіс – совет адамы аты,
Біздерміз азат етер адамзатты
Сенемін партияма, ӛр халқыма,
Қандай кҥш бҧл дҥниеде одан артты?!
Тәуелсіздік алған бҥгінгі кҥнде де біздерге, қазақтарға, қазақстандықтарға
алдымызда тҧрған асқақ міндеттерді ойдағыдай шешу ҥшін сондай рух, сенім керек.
Соғыс кезінде жазылған «Туған елге» деген ӛлеңінде де Жҧбағаң елге жеңіспен
оралатынына ешбір кҥмәнданбайды.
Ойымнан сірә, қалмайсың,
Жҥрсем де майдан тӛрінде.
Жҥректің отын жалғайсың
Жеңістен соңғы ӛмірге.
Туады сол кҥн біздерге,
Дҧшпанды жеңіп келеміз
Кҥлімдеп қарап жҥзіне
Бауырыңа еркін енеміз.
Қандай қиын, қысылтаяң шақтарда да сарыуайымға салыну, торығу дегенді
білмейді.
Соғыс туралы жазғанда Жҧбағаң оның жан тҥршіктірер зардабын кӛп сӛз етпейді.
Қырғын болса да бҧл да – жҧмыс, бҧл да – міндет. Осы міндетті ойдағыдай атқару –
жауынгердің ойлайтыны осы.
Есіңде ме, майданда ерен егес,
Кӛксейтіні солдаттың ерлік емес.
Ақтау ҥшін парызын салады атой,
Тҧрса да алда ажал боп нелер белес.
«Жолдасымның жауабы»
«Батыр туралы баллада» (1944) деген ӛлеңінде жҥрегіне оқ тиіп қҧлаған
жауынгердің қайтадан тҥрегеліп:
-Жоқ, жоқ! Ажал қателестің,
Әлі бойда қайратым бар!
Әлі де мен соғысамын,
Қайратым бар, айбатым бар! – деп тӛс қалтасынан оқ тесіп ӛткен
партбилетін суырып алып, екінші қолымен қанды кӛйлегін ту қылып кӛтеріп, «Алға!» деп
жауға қарсы ҧмтылғанын жазады:
Бір қолында қанды кӛйлек,
Бір қолында партбилеті.
Екеуін де кӛтерді ол
Жалау етіп қҧдіретті.
Қан-қан кӛйлек, қызыл билет
Қанды айқаста берді жігер.
Жауған оқты оқпен басып,
Тағы ҧмтылды жауынгерлер.
Жҧбағаңның философиялық кӛзқарасын экзистенциалдық философия деп те
қарастыруға болады. «Экзистенция» деген латын сӛзі «тіршілік» деген мағынаны
білдіреді. Бірақ бҧл ҧғым философияда кҥнделікті жайбарақат тіршілікті, кҥнкӛрісті
бейнелемейді. Экзистенция деген – таңдау, тығырыққа тірелу, жеме-жем, «болу ма,
болмау ма» деп бір шешімге бекіну. Батыс философиясы мҧндай сәтті «шекаралық
жағдай» деп атайды.
Кімнің кім екені, қандай адам екені осындай жағдайда білінеді. Біздің ойымызша,
осындай экзистенциалдық жағдайға Жҧбан ақын әлденеше рет тап болған және бәрінен де
адамшылығына, азаматтығына, қазақтығына кір келтірмей, Жҧбан болып, ақын болып,
тҧлға болып ӛткен.
Әркім ӛзін ойласын ірімін деп,
Қоя білсін зор мақсат, ірі міндет.
Кішірейе қаламыз кейде жӛнсіз,
Мҥлейімсіп «мен кӛптің бірімін» деп.
Кӛптің бірі болайық жауға шапсақ,
Кӛптің бірі болайық тауға шықсақ.
Кӛптің бірі болмайық шегіністе,
Жалғыз-ақ бол ауыздан «сауға» шықса-ақ
Кӛптің бірі болайық шаттанғанда,
Кӛптің бірі болмайық бақ танғанда.
Кӛптің бірі болайық мақталғанда,
Кӛптің бірі болмайық датталғанда.
Соғыста ӛзінен ӛзі әр кҥн, әр сәт сын сағаты болды. Одан кейін де ақынға талай
талай Жҧбан болып қалуына тура келді. Соның бірі – атақты «Мен - қазақпын» поэмасын
жазған кезі.
Кеңес заманында Қазақ ССРі болды. Ӛз ҧлтын жасырып, басқа ҧлттың ӛкілі болып
(әдетте орыс болып) жазылатын еврейлерге қарағанда қазақтар ешқашанда ӛздерінің қазақ
екенін жасырған жоқ. Мен Киев университетінде оқыдым. Менің қазақ екенімді бірге
оқыған жолдастарым білді. «Қазақ» деп, ішінде бҥкпесі жоқ «ақ» деп, «аңқылдақ» деп,
ҧлтшыл емес, кӛпшіл деп сыйлады, қҧрметтеді. Студент достарыммен бірге Украина
жерін аралағанда, олардың әкелері «қазақтар соғыста аянып қалған жоқ, жақсы соғысты»
деп ризашылық білдіріп жатты.
Біздер сияқты жекелеген адамдар ӛзін қазақпын деп таныстырса, мҧнда тҧрған
ештеңе жоқ. Ал қазақ ҧлтын дәріптеу, қазақ ҧлтын әлемге таныту – Кеңес заманында
қосталмағаны рас. Одақ кӛлемінде жаңа тарихи қауымдастық – совет халқы қҧрылып
жатыр деген идеологиялық дақпырт тарап жатқанда «Мен – қазақпын» деп жар салу ерсі
болып кӛрінуі ғажап емес-ті. Сол кезде «совет адамы», «совет халқы», «совет паспорты»
деп айту әдет болды. Тап осы кезде Жҧбан ағаның шығармасы жарық кӛрді. Сол кезде
кӛбімізге коммунизмнің кӛкжиегі кӛрініп қалған сияқты еді. Сондықтан: «қазақ болып,
бӛлектеніп, қайда барасың?» деген сҧрақ ауызда тҧрар еді. Жҧбағаң осы қадамының
идеологиялық тҧрғыдан астамшылық екенін білмей қалған жоқ.
Ақын, әрине, «қазақпын» дегенде ҧлттардың бірлігін жоққа шығаруды ойлаған
жоқ. Ол – шын мәнісіндегі кеңес адамы, нағыз коммунист болатын және мҧнысын мақтан
ететін.
«Ақынымын советтің» деп мақтанам,
Партияға, халыққа арқа тағам», -
деп жазды ақын сол кездерде.
Тҧрады олар аузымда ҧран болып,
Жасайды олар жанымда жыр-ән болып.
Маған ӛзге тағдырдың керегі жоқ,
Жҥрсем болды ӛлеңде Жҧбан болып.
Бірақта сол кезде де Жҧбан ақын ӛз ҧлтын мақтаныш етудің ешқандай ерсілігі жоқ
екенін де еске салуды жӛн деп білді.
Ақын поэмасының негізгі идеясы – мҧнда қазақтың қандай халық екенін, қалай
«мың ӛліп, мың тірілгенін», ӛз жерін сыртқы жаулардан қалай қорғап қалғанын, Ресейдің
қҧрамына амалсыздан бодан болып кіргенін, Қазан тӛңкерісінен кейін басқа ҧлттармен
бірге теңдік алғанын, Одақ қҧрамында соғыста да, бейбіт еңбекте де аянып қалмағанын
жырға қосу еді. Жҧбан аға бҧл поэмасында қазақ халқы, қазақ тарихы, қазақ тілі, қазақ
мәдениеті бар екенін, болашақта да қазақтың қазақ болып қалатынын паш етті.
Ақынның «Қазақ тілі» деген ӛлеңінің бір шумағын ғана келтірейін:
Білмесін – білсін тҥсімнен,
Ҧқпасын – ҧқсын тҥрімнен.
Танысын дҥние ісімнен,
Танысын туған тілімнен.
«Мен – қазақпын» поэмасымен ақын қазақ тарихын жаңаша жазып шықты
деуімізге болады. Қадір Мырза Әлі айтқандай, кеңес кезіндегі «жҧп-жҧқа» қазақ
тарихының оқулығынан оқырмандар қазақтар туралы не білетін еді?
Бҧл арада Жҧбан аға «Қазақ солдатын» жазған Ғабит Мҥсіреповтың, ғҧмыр бойы
Момышҧлы болып, қазақ ҧлы болып қалған батыр ағасы Баукеңнің жолын жалғастырды.
Сол кездегі орыстардың, ҥстем идеология ӛкілдерінің басқа ҧлт ӛкілдеріне
немқҧрайды қарауының кӛрнісі ретінде ӛзім куә болған мына жәйтты айта кеткім келеді.
Олжас Сулейменов ӛткен ғасырдың 70 – жылдары «Игорь жасағы туралы сӛзді»
(Слово о полку Игореве») ӛзінше тәржімалап, ондағы кӛптеген тюркизмдерді, орыс
тіліне енген тҥрік сӛздерін тауып, ӛз ойын жария еткен-ді. Кӛптеген орыс тарихшылары,
зиялылары (ішінде академик Дмитрий Сергеевич Лихачев та бар), бірауыздан Олжастың
«Аз и Я» деген кітабын сынап іске алғысыз еткен. «Қайдағы бір қазақ геологы, ақыны
қасиетті жазуымызды бҧрмалап тҥсіндірді» деп айыптаған болатын. Қонаевтың
қамқорлығы болмаса, Олжас сол кезде шығармашылықпен бҧратала қоштасатын еді.
1988 жылы орыстар христиан дінін қабылдауының, крещениенің 1000 жылдығын
атап жатқанда, МГУ-дің ҥлкен мәжіліс залында халықаралық конференция болды. Жер-
жерден ғалымдар келді. Мен сол кезде МГУ-де мамандықты жетілдіру курсында оқып
жатқан едім. Негізгі баяндаманы Олжасқа қарсы кампанияны ҧйымдастырған академик
Б.А. Рыбаков жасады. Біздер, қазақтар, оған жазбаша сҧрақ қойдық: «Олжас
Сулейменовтың «Аз и Я» деген кітабы туралы пікіріңіз ӛзгерген жоқ па?» деп. Академик
қағазды әрең оқып, сҧрақты тҥсінбегендей біраз тҧрды. Ақырында: «Не говорите мне
этого имени» деп, қалшылдап, қағазды залға қарай лақтырып жіберді. Міне, орыс
зиялыларының басқа ҧлт ӛкілінің пікіріне деген реакциясы осындай болды.
Философия – тарихшыл кӛзқарас. Философия тарихтан не іздейді? Тағылымды,
қисынды, жӛн-жосықты, сабақтарды.
Жҧбан аға ӛз шығармаларында жиі-жиі тарихқа жҥгінеді, бҥгінгіге тарих
тҧрғысынан кӛз тастайды. Жоғарыда айтқанымыздай, ӛз ойларын тарих таразысына салып
екшейді.
Әдебиетте, философияда тәубеге келу «исповедь» деген жанр бар. Жазушылар,
ойшылдар ағынан жарылып, бастан кешкенін басқаларға сабақ болсын деп баяндап
жатады. Жҧбан ағаның кӛптеген туындылары осы бағытта жазылған; «Анкетама
қосымша», «Ӛмір жайлы ӛлеңдер», «Сырласу», «Жағаңда тҧрмын, Жайығым», «Хатшыға
хат», «Қарыз деп қабылдаймын», «Жеке шумақтар» деген ӛлеңдері және «Мен-
қазақпын», «Туған жер» деген поэмалары.
Жҧбан аға ӛлеңдерінде авторлық позиция, «Мен» бар, тҧлға бар, субъект бар. Ақын
ӛзі жӛнінде, сҥйген жары, балалары, достары жӛнінде ойланып толғанады, ӛзіне ӛзі есеп
береді, ӛзін ӛзі жазғырады, ӛзіне ӛзі риза болады. Туған жер, Тайпақ, Орал, Жайық
жӛнінде ыстық сезімнен туған жҥрекжарды сӛзін айтады.
«С-ға» деген, әрине, София жеңгемізге арнаған ӛлеңдеріндегі мына сӛздерді осы
отырған халайықтың кӛпшілігі айта алар еді:
Дҥниеде ӛзің екен деген мықтым.
Ықпасам махаббаттан неден ықтым?
Не ғалым, не қайраткер болмасаң да,
Әйелдің даналығын сенен ҧқтым.
Тек, ӛкініштісі, біз Жҧбағаңдай сҧлу етіп, тебірентіп айта алмаймыз ғой.
Жас кҥндер жалын жылдар тез ӛтеді,
Ескеріп естелікті сӛз етеді.
Дҥниеде ӛле-ӛлгенше екеу болып,
Сыйласып сҥйіскенге не жетеді,
Сҥйген қандай
Сҥйікті болған қандай!
Асыл кілтін
Бақыттың қолға алғандай.
Әдебиетте ғана емес, философияда да, жоғарыда айтқан экзистенциалдық
философияда кӛңіл, кӛңіл кҥйі, кӛңіл кеңдігі, кӛңіл тарлығы туралы жиі айтылады. Кӛңіл
– адам жҧмбағының бір кілті. Кӛңіл деген табиғаты нәзік, ғажайып, тылсым дҥние. Қазақ
тауып айтқан: «Кӛңіл жетсе, бәрі жетеді» - деп. Қоғамның хәл-ахуалын адамдардың кӛңіл
кҥйімен ӛлшеуге болады.
Поэзияның ҥйреншікті қызметі – адамның кӛңіл кҥйін жеткізу.
Жҧбан аға ӛлеңдерінде кӛңілшектік басым:
Жас кӛңіл, қыран қҧстай қияндайсың,
Самғайсың, қызығасың, қиялдайсың!
Білмейсің жарлылықты, жалғыздықты,
Дҥниені жамандыққа қоя алмайсың.
Жас кӛңіл арбайсың ба, алдайсың ба?
Әуре боп азға айналып қалмайсың ба?
Жер мен кӛк жаралғандай бір сен ҥшін,
Сапырып сыбағаңды алмайсың ба?
Жҧбағаңның «Кӛңіл» (1971) деген ӛлеңін тҧтас келтірсек те артық болмас еді.
Мҧнда кӛңіл философиясы поэзия тілінде сайрап тҧр.
О, шіркін ғажапсың-ау, кӛңіл деген!
Жартас жоқ толқыныңа кӛмілмеген.
Қҧлдырап қҧламаған қҧзың да жоқ,
Қыран боп шырқамаған кӛзің де кем.
Теңіздей тебіреніп тынышымайсың,
Қуансаң – кӛлеңкесіз кҥнсің, айсың.
Қамықсаң – қамаудағы қара кҥшік,
Кеудені тырналайсын, қыңсылайсың.
Тарылсаң – дарияның лайысың,
Шабылсаң – балбҧлақтай шынайысың.
Табиғи мҧның бәрі адам ҥшін,
Баянды болғайсың тек қҧдай ҥшін.
Бір уақыт қайырымдысың, тез кҥйрексің,
Ал кейде қытымырсың, безбҥйрексің.
Алайда билей берме адамды сен,
Адамның ӛзі сені тезге ҥйретсін,
Қобалжы, шалқы кӛңіл, жаңғыр ӛнік!
Ӛзіңсіз жҥрек бір тас, жан бір ӛлік.
Кҥлімде қабағымда таң нҧры боп,
Жаудыра жанарымда жаңбыр болып.
Кеңес заманындағы ақындардың кӛпшілігінде патетикалық сарын, жалаң
ҧраншылдық, науқаншылдық жиі-жиі бой беретін еді. Жҧбан аға жырларында, бір
қызығы, бҧл жағы да ӛзгешелеу болып кӛрінеді. Ақын ӛлеңдерінде, керісінше, шынайы
кӛңіл кҥйінің сыры басым болып жатады. Бҧл да ақын туындыларының ерекшелігі,
шыншылдығы, табиғылығы, ӛзіндігі. Ӛткен ғасырдың 40-50 жылдары ӛздерінің кӛңіл
кҥйін тілге тиек еткен лирик ақындар - Анна Ахматова, Марина Цветаева, Борис
Пастернактар билік тарапынан қуғындалып жапа шекті. Дер кезінде оқырмандарына
сӛздері жетпеді. Сол сарында жазылған Жҧбағаңның кӛптеген ӛлеңдері уақытында жарық
кӛріп насихатталғаны бізді таңдандырады.
Жҧбағаң шығармаларынан философиялық мәні зор кӛптеген жәйттерді келтіруге
болар еді. Бірақ онсыз да мен кӛп уақытты алып қойған сияқтымын. Осымен доғарып,
сіздерге рахметімді білдіргім келеді.
ЖҦБАН ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ-АНА ОБРАЗЫ
Достарыңызбен бөлісу: |