шұғыласы» Жҧбан Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай ақын ӛлеңдерін
мәнерлеп оқудан байқау зағип оқырмандардың қатынасуымен ӛткізілді.
Байқаудың бірінші бӛлімі Батыс ӛңіріне терең танымал, Жҧбанды дҥниеге
келтірген киелі топырақ - Тайпақ ӛңірінде туып-ӛскен ақын жайлы сыр шерту ҥшін Жҧбан
ақынның кӛзін кӛрген жерлесі, інісіндей сырлас болған, қалың кӛпшілікке танымал
журналист Қуатов Базарғалипен кездесу ӛткізіліп, Екінші бӛлімі Жҧбан ақын ӛлеңдерін
мәнерлеп оқудан байқаумен жалғасты. Байқауға 11 ҥміткер қатысты. Байқау
қорытындысы бойынша жеңімпаздар жҥлделі І-ІІІ орындар мен ынталандыру
сыйлықтары тапсырылды. Жҧбан Молдағалиев ӛлеңдерін мәнерлеп оқудың ең ҥздік
шебері»- бас жҥлде- «Гран- При» жҥлдесі кітапхананың зағип оқырманы Рая Мукашеваға
Жҧбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасынан директор
орынбасары С.Кенжебаева тапсырды.
Аудандарда ӛткізілген шараларға тоқталатын болсақ. Бӛкей орда ауданына қарасты
ОКЖ—дегі аудандық кітапхана, Тайғара, Кеной, Жамбыл, Кӛктерек ауылдық
кітапханалары кәсіптік лицей және мектеп оқушылары арасында «Мен-қазақпын»
поэмасын мәнерлеп оқудан сайыс ӛткізсе. Орда, Саралжын, Мҧратсай, Искра, Бисен
ауылдық кітапханалары «Қазақ ӛлеңінің жырдариясы», «Ақын мәртебесі - ел мерейі»
,«Жҥректе жарқын бейнесі» тақырыптарында кітап кӛрмелерін ҧйымдастыры , «Ӛлмес
ӛмір-ӛшпес жыр» тақырыптық кеш, «Тҧлғалы ақын» әңгіме, «Жҧбан оқулары
кітапханада» апталық, «Жыр шҧғыласы» поэзия кеші, «Жҧбан жыры тербетеді» сайыс
кештерін ӛткізіп, «Қазақ ӛлеңінің жырдариясы» папка, картотека жинақтап , әдебиеттеріне
шолу ӛткізді.
Бӛрлі ауданындағы барлық кітапханаларда акция бойынша кітап кӛрмелері
жасақталды. «Ӛргелең ӛмір ӛшпес ӛнеге» атты кітап кӛрмесі Жарсуат, Пугачев ауылдық
кітапханаларда жасақталса, «Қазақ елі - Жҧбанды оқимыз» Аралтал ауылдық
кітапханасында, «Халық поэзиясының алыбы» Қызылтал ауылдық кітапханасында
ҧйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Бӛрлі жерінің жергілікті
ақындарымен Ж.Молдағалиевтың мерей тойына арналған еске алу кеші 14- мамыр
айында аудандық кітапханада оздырылды. Іс-шараға №4 мектептің 9-11 сынып
оқушылары қатысып, Ақдәулетова Жанар, Хамитова Айгерім, Сейітова Фарида, Габдулов
Әділ, Амангелді Айдар «Мен қазақпын» поэмасыннан ҥзінді оқыды. «Жҥректе жарқын
бейнесі» атты поэзия кеші ӛткізілді. Қалалық №3 мектеп оқушылары ақынның туған
жерге арналған ӛлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Жарсуат ауылдық кітапханасында
«Айбынды азамат ақын» атты ауызша журнал «Кітап қҧмар» (5-6 сынып) клуб
мҥшелерінің қатысуымен ӛткізілді. Кеште Ж Молдағалиевтың ӛмірбаянымен,
шығармашылығымен таныстырылып, ӛлеңдері мәнерлеп оқылды Димитрово ауылдық
кітапханасында «Жҧбан жайықтағы қазақтың рухын кӛтерді» атты зерделі әңгіме
жасӛспірімдер арасында оздырылды. Қызылтал ауылдық кітапханасы жанындағы «Жыр
жазамын жҥрегіммен» атты әдеби клубының мҥшелері және Қызылтал орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімідері арасында оқу марафоны ӛткізілді. Оқу
марафонында «Мен қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқыған оқушылар бағалы
сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жҥйесінде қыркҥйек айынының
15-і мен 25- аралығында «Жыр толғауы- Жҧбан» атты онкҥндік ӛткізілді. Онкҥндіктің
алғашқы кҥні аудандық кітапханада «Жыр арқауы-Жҧбан» атты кӛрмеге шолу жҥргізілді.
Кітапханаға келген оқырмандарды кӛрмемен таныстырып, ондағы қойылған мәліметтер
мен деректерге шолу ҧйымдастырылды. Аудандық кітапхананың оқу залында аудандық
«Жҧбан оқулары» байқауы ӛткізілді. Байқаудың мақсаты - Ақжайықтың аса кӛрнекті
ақиық ақыны Ж.Молдағалиев шығармашылығын оқырмандар арасына кеңінен
насихаттау, ақын шығармалары негізінде ӛскелең жас ҧрпақты адамгершілік рухында
тәрбиелеу, отанға, туған жерге деген сҥйіспеншілігін арттыру. Байқауға қатысушы
ҥміткерлердің орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың Жҧбан шығармаларын
кеңінен меңгеруіне жол ашу. Байқауға 10 ҥміткер қатысты.
Аудандық кітапханада «Жҧбан және желтоқсан» атты оқырмандар конференциясы
ӛткізілді.
Конференцияны
мақсаты
оқырмандар
арасында
Ж.Молдағалиев
шығармашылығын кеңінен насихаттау, желтоқсан оқиғасындағы ақынның бейнесін
баяндау.
Конференцияның ашылу салтанатында Қ.И.Сәтпаев атындағы орта мектептің 7 «а»
сынып оқушылары ақынның ӛлеңдерін нақышына келтіріп орындады.
Кітапханашылармен қатар баяндамада сӛз алған аудандық ішкі саясат бӛлімінің бас
маманы, тарихшы Т.Қиясов кӛптеген мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, Жҧбан
ақынның желтоқсан оқиғасындағы сӛйлеген сӛздерін баяндап, оқырмандарға кӛптеген
мағлҧматтар берді. Конференция барысында ақынның ӛмірі туралы деректі фильм
кӛрсетіліп, «Жыр арқауы-Жҧбан» атты кітап кӛрмесіне шолу жҥргізілді. Жарыссӛзге
тҥскен оқырмандар қауымы ақынның ӛлеңдерін оқып, ӛздерінің кӛзқарастарын білдірді.
Сондай-ақ «Бір ел-бір кітап» акциясы мен Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығы тҧспа- тҧс
келуіне орай кітапханашылардың кәсіби– іскерлік қабілеттерін дамытуға арналған
кітапханашылардың аудандық «Ҥздік Жҧбантанушы» байқауы ӛткізілді. Байқаудың
мақсаты- ақын шығармашылығына тереңірек ҥңілу, кәсіби-іскерлік қабілетті шыңдау
болды.
Байқауға аудандағы 27 кітапханадан 21 кітапханашы қатысты. Байқау барысында
кітапханашылар ақынның 1 ӛлеңін жатқа айтып, блиц-сҧрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналып ӛткізілген ісшаралардың
бағдарламаларын қорғау, яғни әрбір кітапханашы ӛзінің іскерлік шеберлігін кӛрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Ҥздік Жҧбантанушы» атағын, І орынды
Қ.Бақтыгереева /ақтау ауылдық кітапханасының кітапханашысы/ ІІ орынды М.Жҧмашева
/Шежін/, ІІІ орынды Б.Есбол /аудандық кітапхананың абонемен бӛлімінің кітапханашысы/
иеленді. Сонымен қатар «Мен қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқығаны ҥшін Н.Балагулова
/Талдыбҧлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы/, блиц сҧрақтарға жақсы жауап
беріп,ӛзінің біліктілігін кӛрсеткені ҥшін А.Каналиева / Белугин ауылдық кітапханасының
кітапханашысы/, ӛзінің мол тәжірибесін ортаға салғаны ҥшін А.Зайнуллиналар /Оян
ауылының кітапханашысы/ кӛзге тҥсіп, марапатталды. Осы онкҥндік аясында барлық
кітапханаларда Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналған папкалар жинақталып,
газет-журналдар беттеріне мақалалар жазылды. «Бір ел-бір кітап» акциясын насихаттау
ауылдық кітапханаларда ӛз жалғасын тапты.
Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жҥйесіне қарасты кітапханаларда
«Жыр алыбы Жҧбан» кӛлемді кӛрмелер жасақталып, шолулар жасалды. Тау ауылдық
кітапханасында «Жҧбан ақын – мәңгі тҧлға», Ақоба ауылдық кітапханасында «Жыр
арқауы - Жҧбан», Қамысты ауылдық кітапханасында «Ақынға қарап елін таны», Борсы
ауылдық кітапханасында «Жҧбан жыры болашаққа барады, намыс отын жҥректерде
жандырып» т.б шаралар ӛтті
Аудандық балалар кітапханасының ҧйымдастыруымен «Балдәурен» демалыс лагерінде
«Мен –қазақпын,желдей еркін, тҥздей кең таңдай азат!» атты поэзиялық кеш оздырылды.
Кештің мақсаты: Жҧбан Молдағалиевтің ӛмірі мен тағылымдарын тану, ақын бейнесі
арқылы ҧлтжандылыққа,елін, жерін, туған отбасын сҥюге тәрбиелеу. Кеш барысында
ақынның ӛміріне,шығармашылығына тоқталып, ақын қаламынан «Нҧрлы жол»,»Қиял
қанаты», «Қызыл галстук», «Мен- қазақпын»,«Айттым сәлем», «Жесір тағдыры»,
«Байқоңыр баспалдақтары» т.б ӛлеңдерін оқырмандар оқыды.
Акция аясында жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің шығармашылығын насихаттау
мақсатында Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жҥйесінде әр тҥрлі
шаралар ӛтті.
Аудандық кітапханада Ресейдің Озинки муниципалды ауданы мәдениет ӛкілдерінің
қатысуымен «Жҧбанның ӛшпес дарыны» атты әдеби-сазды кеш ӛткізілді.. Шараның
негізгі мақсаты: Жҧбан шығармашылығының достастық тҧстарын кӛрсету еді.
Шараның басында Жҧбан Молдағалиев бейнесіндегі оқырман ақынның атынан
ӛмірбаяны жӛнінде монолог оқыды. В.Савельевтің «Ақынды еске алу» ӛлеңін кітапхана
оқырманы Е.Кужумов оқыған кезде кӛрермендер еріксіз кӛздеріне жас алды.
Жҥргізушілер балалар және жасӛспірімдермен жҧмыс әдіскері А.Бердалиева мен
қызмет кӛрсету бӛлімінің меңгерушісі Л.Б.Ишкулова ақынның жарты ғасыр бойғы
шығармашылық жолына қысқаша тоқтала отырып, оның орыс, украин, татар тағы да
басқа халықтарға деген достық, бауырластық сезімін кӛрсететін ӛлеңдерінің мәнін аша
тҥсті. Кеш барысында АМҤ-нің қызметкері Ғизатов Аслан домбрамен кҥй ойнап, кҥй
сазымен ПОМ-нің 10- сынып оқушылары Қабиева Дина, Мендалиев Рустам, Фролов
Алексей, Бондаренко Катялар ақынның «Мен қазақпын», «Жыр туралы жыр», «Жесір
тағдыры» поэмаларынан ҥзінділермен қатар, «Есенинді оқығанда» ӛлеңдерін нақышына
келтіріп, мәнерлеп оқыды. Ақынның кӛптеген ӛлеңдеріне ән жазылған. АМҤ-нің
директоры М.И.Жолбаевтың орындауындағы «Еділ-Жайық» әні, АК-ның вокалды
тобының орындауындағы «Ана» әні мерекені әрлей тҥсті. Шараны «Мен қазақпын»
поэмасын сахналап және осы поэма негізінде жазылған Е.Қҧдайбергеновтің рэп сазына
Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ оқушылары Ғ.Мамбеталиев пен Б.Сансызбаев брэк
биімен қорытындылауы ақын шығармаларының ӛміршеңдігін кӛрсетеді.
Шарадан соң сӛз алған Реседен келген қонағымыз С.А. Баланеско ӛтіп отырған
шараның ҧнағандығын, жалпы «Бір ел – бір кітап» акциясының ҧйымдастырылуы ӛте
оңды іс екендігіне тоқтала келе, ӛз елінде де осындай акция тҥрін ҧйымдастыру керектігі
туралы ойымен бӛлісті. Сондай-ақ ол орайы келген шараларды бірлесіп ӛткізуге ой
тастады.
Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жҥйесіне қарасты аудандық
кітапханада № 19 кәсіптік мектеп және мектеппен бірлесіп «Қыран жырдың қанаты» атты
сайыс ӛткізілді. Сайысқа 10 жасӛспірім ҥміткер қатысып, 1 шарт «Мен - қазақпын»
ӛлеңін жатқа айтып, 2 шарт « Мен Жҧбанды жырлаймын» ақынға арналған ӛлеңдерді
мәнерлеп оқу, 3 шарт «Жыр додасы» - ақын ӛлеңдерінің бастапқы шумағы оқылғанда әрі
қарай жалғастырып жатқа айту сындарынан ӛтіп, «Мәнерлеп оқу шебері», «Ҥздік
оқырман» атты номинациялармен марапатталды. Қҧспанкӛл ауылдық кітапханасында
«Мен Жҧбанды оқимын» атты әдеби кеш ӛткізілді. Кешке 19 балалар қатысты.
Балалардың туған жерге, елге деген сҥйіспеншілігін нығайтуда ақынның туған жерге
жазылған дастандары мен очерктері оқылды.
Сондай-ақ барлық кітапханада «Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» поэзия кҥндері ӛтті.
Шара барысында оқырмандарға ақынның ӛмірі мен шығармалары туралы мағлҧмат
беріліп, оның ерлік туралы, отанға деген сҥйіспеншілік, туған жер мен елге деген
сағынышқа толы ӛлеңдері, лирикалық жырлары туралы баяндалды.
Шыңғырлау ОКЖ кітапханаларында Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл
толуына орай және «Мен-қазақпын» поэмасын насихаттау мақсатында Жіңішке ауылдық
кітапханасында «Жҧбанды оқып, танып біл», аудандық орталық кітапханасында
«Жасампаз заманның дауылпаз жыршысы», аудандық балалар кітапханасында «Қазақ
ӛлеңінің жырдариясы», Қайыңды ауылдық кітапханасында «Ақиқатын айтқан айбарлы
ақын», Ақсуат селолық кітапханасында «Асқақ рухтың иесі», Лубен ауылдық
кітапханасында «Жайықтың ӛшпес жарқын жҧлдызы» атты кітап кӛрмелері
ҧйымдастырылып, шолу ӛткізілді. Ақсуат ауылдық кітапханасында ӛткізілген «Я казах!
Могуч в своих степях...», «Жҧбан ақын ерлігімен жыр кісі» атты әңгімеде ақын, кӛрнекті
қоғам қайраткері Жҧбан Молдағалиевтің қазақ әдебиетіндегі мәртебесі әрқашан да биік
екендігі және ақынның келер ҧрпаққа ӛшпес бай кӛркем мҧра қалдырғандығы туралы
айтылды. Шараның мақсаты: ақынның ӛмірі мен шығармашылығымен таныстыру, асқақ
рухты шығармаларын насихаттай отырып отансҥйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Белогор селолық кітапханасында ӛткізілген «Отан деп соққан жҥрегі» атты әдеби кеште
Ж.Молдағалиев қазақ әдебиетіне ӛзіндік ҥн, нақыш әкелгендігі және «Мен-қазақпын»
поэмасы қазақ халқының тағдырын тҧтас танытуға қҧрылған қҧнды туынды екендігі
айтылды. Кеште ақынның ӛлеңдерімен қатар, оған арналған ӛлеңдер оқылды. Сондай-ақ
акция қатысты шаралар Жаңақала,Қаратӛбе, Казталовка аудандарында да ӛтті.
Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасӛспірімдер кітапханасының ―Бір ел-
бір –кітап‖ акциясы шеңберінде , ақын Жҧбан Молдағалиевтің шығармашылығы жайында
―Жасдәурен балалар кешенінің тәрбиеленушілерімен кітапхана қабырғасында және
Облыстық отбасы ҥлгісіндегі балалар аулында оздырылды. Шаралар ақынның сӛзіне
жазылған жасӛспірімдердің сҥйікті рэп-әншісі Ерболат Қҧдайбергеновтың ―Мен
қазақпын‖ атты рухты музыкалық әнімен ашылды. Шара Балалардың қҧқықтарын
қорғау департаментімен бірлесе ҧйымдастырылды. .
Бір ҧлттың атынан әнҧранға пара-пар поэма жазған,ең алдымен ақындығымен,
азаматтығымен,қайсарлағымен талайды тәнті еткен біздің ӛлкеміздің мақтанышы жерлес
ақынымыз Ж.Молдағалиевтің шығармаларын насихаттауға арналған іс-шаралар одан әрі
қыркҥйек айында жалғасатын болады..
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана 21 қыркҥйек кҥні Батыс қҧраманың
5515 бӛлімшесі сарбаздарымен «Бір ел-бір кітап акциясы, ҚР халықтары тілдері мерекесі
және ақын, қайраткер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ж.Молдағалиевтың
туғанына 90 жыл толуына орай еске алу шаралар аясында «Қазақ тілі мен сен ҥшін
мақтанам» тақырыбында шара ӛткізді.
Шарада сӛз алған Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана директорының орынбасары
Сара Кӛшәліқызы кітап оқудың мәртебесін кӛтеру мақсатында жыл сайын республика
кӛлемінде «Бір ел-бір кітап» акциясы ҧйымдастырылып келе жатқандығын айта келіп,
алғашқы ҥш жылда Абайдың «Қара сӛздері», М. Әуезовтың «Қилы заманы», М.
Жҧмабаевтың лирикалық жырлары насихатталса, биыл қазақтың ақиық ақыны, жерлесіміз
Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы насихатталып жатқандығына тоқталды
Шараға ақынның замандастарының бірі, запастағы офицер, кӛп жылдар Алматы
қаласында тҧрған, Қазақстанның ағарту ісінің үздігі Социал Пұсырманов қатысып,
Жҧбан Молдағалиевтың шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Сарбаздар «Қан басқан қағаз», «Қазақ тілі» ӛлеңдері мен «Мен-қазақпын» поэмасынан
ҥзінді оқыды. Шараны Батыс қҧраманың идеологиялық қызметкері Ш.Меңдіғалиев
қортындылады. Облыстық кітапхананың ҧйымдастыруымен 23 қырқҥйек кҥні Орал
газ,мҧнай және салалық технологиялар колледжінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында
ақын Жҧбан Молдағалиевтың «Мен-қазақпын» поэмасын оқуға байланысты кеш
ҧйымдастырылды. Кеште «Мен-қазақпын» поэмасы оқылып, ақын сӛзіне жазылған
композиторлардың әндерін колледж студенттері қатысты
Қазақстан журналистер Одағының мҥшесі,байырғы журналист Базарғали Қуатов
ақынның ӛмірі, шығармашылығы, кездескен сәттері туралы ойларын студенттерге айтты.
2010 жылдың 24 қырқҥйек кҥні Акция аясындағы шара қаладағы Қазақ-тҥрік
лицейінде жалғасты. Кешті лицей директорының орынбасары Кенжалиева Ботакӛз
Сағындыққызы қҧттықтау сӛз сӛйлеп алғысын білдірді .Поэзия кешінде Гарифуллин
Алишер «Ана туралы баллада»,Зайтлесов Аслан «Хатшыға хат», Сансызбаев Жандос
«Жағаңда тҧрмын Жайығым», Қабылсихов Ерлан «Білем білген бір қазақты» ӛлеңдерін
және басқа да лицей оқушылары «Мен-қазақпын» поэмасынан ҥзінділерді жатқа оқыды.
28 қыркҥйек кҥні №34 қазақ гимназиясының акт залында Ж.Молдағалиев атындағы
облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп мектептің кітапхана қызметкерлері
ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай және «Бір ел-бір кітап» акциясы
аясында кеш оздырылды. Бҧл кеште ақынның «Сенемін адамға», «Тҥсімде кӛрдім
анажан», «Тайпақ деген жерім бар», «Мен қазақпын» атты ӛлеңдерімен мен поэмалары
оқылды.
Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мҧғалімі Бердіғалиева Раухан Жылқыбайқызы
ақынның ӛмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға таныстырып ӛтті.Ақын
А.Бақтыгерееваның «Ерлікті кӛзбен кӛрген кҥн»атты ӛлеңін 7-сынып оқушылары
Қҧлманов Ҧлағат пен Қҧрмашев Арман оқыды. Бҧл кеште облыстық кітапхана
қызметкерлерінің кҥшімен ақынға арналған кітап кӛрмесі мен слайд ҧйымдастырылды.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада 1 қазан кҥні ӛткізілген
республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясын қортындылау және Алаштың ақыны Жҧбан
Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына байланысты еске алу шаралары аясында ақын
ескерткішіне гҥл шоқтарын қоюмен басталған мерекелік шараларға қатысушылар
кітапханадағы «Жыры - інжу, рухы - биік Жҥбан ақын» атты кітап кӛрмесін аралап,
сондағы рухани жәдігерлермен танысты.
«Жҧбан залының» ашылуын тамашалады. Залдың лентасын ақынның жары София
Мәлікқызы мен қала әкімі Самиғолла Хамзаҧлы қиды. «Ақын мәртебесі-ел мерейі» атты
ғылыми-тәжірибелік конференция жҧмысына ақынның жары София Мәлікқызы балалары
Қуандық-Сағадат, және Азамат-Айгҥл облыс әкімінің орынбасары Серік Кенжебекҧлы
Сҥлеймен, Қазақстан Республикасы кітапханалар ассоциациясының тӛрайымы, тарих
ғылымының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева, Астана қаласындағы Қазақстан
Республикасы Ҧлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері, ақын, Қазақстан
Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бӛлімшесінің тӛрайымы Ақҧштап
Бақтыгереева, М.Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
ғалымдары Серікқали Ғабдешҧлы Шарабасов, Азамат Ыбырайҧлы Мамыров, Рита
Бекжанқызы Сҧлтанғалиева, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университетінің ғалымдары Тлекжан Хасенҧлы Рысқалиев, Абат Сатыбалдыҧлы
Қыдыршаев, Жҧбан ағамыздың замандастары республикалық дәрежедегі зейнеткер, Ҧлы
Отан соғысының ардагері, облыс әкімінің кеңесшісі Бисен Жҧмағалиев, ӛлкетанушы,
Жҧбан Молдағалиев туралы жақында жарыққа шыққан «Жҧбан: Мен-қазақпын, биікпін,
ерікті ҧлмын» кітабының авторы Жайсаң Ақбай және басқада ел ағалары, облыс, қала
мекемелерінің басшылары, ақын-жазушылар, бҧқаралық ақпарат қҧралдарының ӛкілдері,
аудандық мәдениет бӛлімінің меңгерушілері, аудандық кітапхана директорлары, жоғары
және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қала орталығындағы
кітапхана қызметкерлері қатысты «Ақын мәртебесі-ел мерейі» тақырыбындағы
конференцияны облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов ашты.
Сонан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Сҥлеймен қҥттықтау с-з сӛйлеп, жерлес
ақын мерейтойының Ақ Жайықтың рухани-мәдени ӛміріндегі айрықша маңызын атап
ӛтті. М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры Серікқали Шарабасов «Адамзаттың
Жҧбаны - ҧлттық рухтың жыршысы» атты баяндамасында ақын ӛлеңдеріне терең талдау
жасады. Ғалым-оқытушымен бірге сол жоғары оқу орнының студенттері де ақын
ӛлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ал Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессоры,
философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев ақын ӛлеңдерінің пәлсапалық
астарына кӛңіл аударды. Жерлес ақың Қазақстан Жазушылар одағы облыстық
бӛлімшесінің тӛрайымы Ақҧштап Бақтыгерееваның «Жҧбан жырларындағы әйел-ана
бейнесі» атты баяндамасы қағазға шҧқшиып оқымағандықтаң баяндамадан гӛрі жҥрек
тебіренісіне кӛбірек ҧқсады.
- Жҧбан ағамыз, - деді ол шын мағынасындағы ҧлтшыл еді. Ӛле-ӛлгенше сонысы
айнымай кетті. Соңынан қалған біз әлі кҥнге дейін ҧлтшыл бола алмай келеміз. «Ҧлтшыл»
деген сӛзден қорқамыз ба, қалай ӛзі ?! Оның сонау жылдары « Мен-қазақпын!» деп
айдай әлемге жар салуының ӛзі тӛтен ерлік. | Меніңше, оның есімі «Xалық Қаһарманына»
әбден лайық. Бҧл - енді келешек ҧрпақтыі еншісіне тиер іс. Жҧбан атындағы ауыд
мектеп тек Ақ Жайық ӛңірінде емес, Астана мен Алматыда да жарқырап тҧруы тиіс.
«Оқитын ел-озық ел» тақырыбында баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Ҧлттық
академиялық кітапханасының ғылыми –талдау Орталығының жетекшісі Маржан
Валиулина баяндама жасап, «Бір ел-бір кітап» акциясының маңыздылығына, Жҧбан
ағамыздың «Мен-қазақпын» поэмасын ел болып оқуға таңдалуының мәніне тереңірек
тоқталды.
Конференцияда сондай-ақ ӛзге де баяндамалар тыңдалды Бҧдан басқа жиын барысында
ақынның ӛмірі мен шығармашылығына қатысты тҥрлі суреттерден слайд кӛрсетілді.
Конференция жҧмысы «Жҧбантану-ӛркениеттің шыңы» тақырыбындағы секциялық
отырыспен жалғасты. Секцияда кітап оқу проблемасы мен жҧбан шығармашылығының
зерттелуі туралы ҚР Ҧлттық академиялық кітапхана қызметкерлері Б.Қарақыз,
М.Валиулина, ҚР кітапханалар қауымдастығының тӛрайымы Р.А.Бердіғалиева,
М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ-нің магистрант-оқытушысы А.Ахметҧлы, Жҧбанның
замандасы С.Пҧсырманов, Ақжайық, Шыңғырлау аудандық кітапханаларының
директорлары Р.Мусағалиева мен Г.Қуанаевалар ӛз пікірлерін білдірді. Конференция
жҧмысының қортындысы бойынша арнайы шешім қабылданды. Конференцияны және
«Бір ел-бір кітап» акциясын ҧйымдастырудағы белсенділіктері ҧшін бір топ облыс
кітапханашылары ҚР Ҧлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханалар
қауымдастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, Жҧбан шығармаларын оқырмандар арасында насихаттауда облыс
кітапханашылар арасында «Ел жадынан ӛшпейді – Жҧбан ақын» атты әдістемелік
қҧралдар байқауы ҧйымдастырылған болатын. Бҧл байқаудың мақсаты Жҧбан
шығармаларын насихаттау, тҥрлі кӛпшілік шаралардың жаңа бағыттағы жобасын енгізу,
кітапханашылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау.
Конференцияның секциялық отырысында бҧл байқаудың қортындысы жарияланып,
жҥлделі орындармен марапатталды. Атап айтсақ, Бас жҥлде Ақжайық ауданына, І орын –
Сырым ауданына, ІІ орын – Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық кітапханасына, ІІІ
орын –Зеленов ауданының Зеленый ауылдық кітапханасына берілді. Қалған қатысқан
аудандар алғыс хаттармен марапатталды. Бҧл байқаудың ерекшелігі ауылдық
кітапханалардың кітапханашылары да қатысып, ӛздерінің жҧмыстарын тапсырды. Облыс
бойынша 62 жҧмыс тапсырылып, сарапқа салынды. Алдағы уақытта тапсырылған
жҧмыстардың ішінен ең таңдаулыларын алып, Жҧбан туралы іс-шаралардың жобаларын
кӛмекші қҧрал ретінде басып шығару жоспарлануда.
Ақынның шығармашылығын және «Бір ел-біп кітап» акциясы аясында «Мен-
қазақпын» поэмасын насихаттау бағытындағы шаралар Жҧбан Молдағалиевтің туған кҥні
қарсаңындағы дәстҥрлі «Жҧбан оқулары» байқауымен аяқталды.
Киелі Ақжайық топырағынан нәр алып, қияға қанат қаққан, поэзия әлемінің биік
шыңдарын бағындырған, ӛр дауысты, айбынды ақын, аяулы жерлесіміз Жҧбан
Молдағалиевтің ҧрпағына қалдырған мол мҧрасын оқырмандар арасында кеңінен
насихаттау мақсатында 2001 жылдан бастап, ақынның кітапханаға есімі берілгелі бері,
жыл сайын ақынның туған кҥніне орай дәстҥрлі ―Жҧбан оқулары‖ байқауы Жҧбан
Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың ҧйымдастыруымен ӛткізіліп келеді.
«Жҧбан оқулары» биыл 10-шы рет ӛткізіліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |